Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 898 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 мамырда № 4197 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 27.02.2023 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" "Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 27.02.2023 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Петропавл қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орын осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 27.02.2023 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 27.02.2023 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, Солтүстік Қазақстан облыстық және Петропавл қалалық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуіне үй-жай беруге және үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 239 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3627 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 ақпандағы № 7 (585) "Қызылжар Нұры" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оны бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М. Тасмағанбетов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Петропавл қалалық
сайлау комиссиясының
төрағасы
Е. Мамыкин
      24 мамыр 2017 жыл

  Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 898 қаулысына 1 – қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы əкімдігінің 24.02.2020 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; 27.02.2023 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Елді мекеннің атауы

Орналасқан орны

1

Петропавл қаласы

Интернациональная және Театральная көшелерінің қиылысы, "Черемушки" базарына іргелес аумақ, кіреберіске қарама-қарсы

2

Петропавл қаласы

Григорий Потанин атындағы көшесі, автобустың соңғы аялдамасының сол жағында

3

Петропавл қаласы

Былғары зауыты кенті, Рыжов-Кожевенная көшелерінің қиылысы, автобустың соңғы аялдамасының оң жағында, Кожевенная көшесі, 18

4

Петропавл қаласы

"Nokian Tyre" шина орталығы ғимаратының сол жағында, Пушкин көшесі, 103

5

Петропавл қаласы

Жеңіс саябағының аумағына кіреберістің сол жағында, Набережная және Я. Гашек көшелерінің қиылысы

6

Петропавл қаласы

2-ші Заречная көшесі, "МАКС" дүкенінің автобус аялдамасының сол жағында, Заречный кенті

7

Петропавл қаласы

Я. Гашек көшесіндегі "Аль-Фараби гимназиясы" автобус аялдамасының оң жағында

8

Петропавл қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі "Северный" тұрмыстық үйінің кіреберісіне қарама-қарсы

9

Петропавл қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі "Сәлем" базарына кіреберістің сол жағында

10

Петропавл қаласы

Набережная көшесіндегі "Magnum" дүкеніне кіреберістің сол жағында

11

Петропавл қаласы

"Ани" дүкенінің сол жағында, Набережная көшесі, 33

12

Петропавл қаласы

Ніл Болатбаев атындағы көшесі, "Түркістан" мейрамханасына кіреберістің сол жағында

13

Петропавл қаласы

"Семейный" дүкеніне кіреберістің сол жағында, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 339 "Б"

14

Петропавл қаласы

Хименко және Ш. Уәлиханов атындағы көшелердің қиылысы, "Сулпак" дүкеніне кіреберістің оң жағында

15

Петропавл қаласы

"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясы" автобус аялдамасының сол жағында, Жәлел Қизатов атындағы көшесі

16

Петропавл қаласы

Борки кентіндегі автобустың соңғы аялдамасының оң жағында, Зеленая көшесі

17

Петропавл қаласы

Солнечная және Дачная көшелерінің қиылысы, "Кокетка" дүкеніне кіреберістің оң жағында, Солнечный шағын ауданы

18

Петропавл қаласы

"Magnum" гипермаркетіне іргелес аумақтағы аялдаманың оң жағында, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 252

19

Петропавл қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев және Ғ. Мүсірепов көшелерінің қиылысы, "Караван" сауда үйіне кіреберістің оң жағында

20

Петропавл қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев және Абай көшелерінің қиылысындағы "Сокол" супермаркеті жағынан

21

Петропавл қаласы

Жамбыл атындағы көшесі, 231, "СК Нефтепродукт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің автомобильге жанармай құю станциясына кіреберістің оң жағында

22

Петропавл қаласы

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының Сәбит Мұқанов атындағы мемлекеттік қазақ сазды-драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының автобус аялдамасының сол жағында, Жамбыл атындағы көшесі

23

Петропавл қаласы

"Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Снежинка" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының кіреберісінің сол жағында, Батыр Баян көшесі

24

Петропавл қаласы

"Стеклянный" дүкеніне кіреберістің сол жағында, Украинская көшесі, 203

25

Петропавл қаласы

"Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "№ 27 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумағына кіреберістің сол жағында, Панфилов атындағы көшесі

26

Петропавл қаласы

Украинская көшесіндегі "Родина" кинотеатры аялдамасының оң жағында

27

Петропавл қаласы

ПугачҰв көшесіндегі "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "№ 31 негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бас кіреберістің сол жағында

28

Петропавл қаласы

Панфилов көшесі бағытында Караванная көшесі, 100 үйдің сол жағында

29

Петропавл қаласы

В.Б. Кошуков атындағы көшесі, "Пирамида" сауда үйіне іргелес аумақтың сол жағында

30

Петропавл қаласы

Юрий Медведев көшесі және Қаныш Сәтпаев атындағы көшелердің қиылысы, "Авто империя" дүкеніне қарама-қарсы

31

Петропавл қаласы

Абай көшесіндегі "Дәріхана" автобус аялдамасының сол жағында

32

Петропавл қаласы

Астана көшесіндегі "№ 2 қалалық аурухана" автобус аялдамасының сол жағында

33

Петропавл қаласы

Заводская көшесіндегі "КСО базары" аялдамасының сол жағында

34

Петропавл қаласы

Мұхтар Әуезов атындағы және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағына орталық кіреберістің оң жағында

35

Петропавл қаласы

Н. Островский көшесі, "Шелковый путь" базары автобус аялдамасының сол жағында

36

Петропавл қаласы

Жамбыл Жабаев атындағы көшесі, "Тайга" базары автобус аялдамасының оң жағында

37

Петропавл қаласы

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ кіреберісінің сол жағында, Абай және Мұхтар Әуезов атындағы көшелердің қиылысы

38

Петропавл қаласы

Интернациональная және Астана көшелерінің қиылысы, "Колос" қонақ үйінің кіреберісіне қарама-қарсы

39

Петропавл қаласы

М. Жұмабаев көшесі, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына кіреберістің оң жағында, № 6 корпус

40

Петропавл қаласы

Кәрім Сүтішев және М. Жұмабаев көшелерінің қиылысы, "Dostyq mall" СОО іргелес аумақ

41

Петропавл қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысы, "ЦУМ" сауда үйінің оң жағында

42

Петропавл қаласы

Жамбыл Жабаев көшесіндегі "Қазақстан Конституциясы" автобус аялдамасының сол жағында

43

Петропавл қаласы

Пушкин көшесіндегі "Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Облыстық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны" автобус аялдамасының сол жағында

44

Петропавл қаласы

"Бензострой" автобус аялдамасының оң жағында, Ухабов көшесі, 5

45

Петропавл қаласы

"Назарбаев зияткерлік мектебі" автобус аялдамасының сол жағында, Береке шағын ауданы, Досмұхамбетов көшесі, 17 "В"

46

Петропавл қаласы

"Жаңа құрылыс" автобустың соңғы аялдамасының оң жағында, Береке шағын ауданы, Қ. Байболов көшесі, 18

47

Петропавл қаласы

"Мебельвиль" сауда үйінің кіреберісіне қарама-қарсы, автобус аялдамасының артында, Жамбыл атындағы көшесі

48

Петропавл қаласы

"Винокуров атындағы спорт сарайы" автобус аялдамасының сол жағында, Жас Өркен шағын ауданы, Жамбыл атындағы көшесі, 84

49

Петропавл қаласы

"Волна" дүкеніне кіреберістің сол жағында, Жамбыл Жабаев атындағы көшесі

  Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 898 қаулысына 2 - қосымша

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы бойынша барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 27.02.2023 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады