Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуіне үй жайлар беруге және үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 898 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 235 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 наурызда № 6073 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28–бабы 4, 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуіне үй жайлар беруге және үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 898 қаулысына (2017 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4197 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Петропавл қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қаласының әкімі Б. Жумабеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Петропавл қалалық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      __________________ Е. Мамыкин

      "___"____________2020 жыл

  Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысына 1 – қосымша
  Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 898 қаулысына 1 – қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

Елді мекеннің атауы

Орналасқан орны

1

Петропавл қаласы

Абай және Мұхтар Әуезов атындағы көшелердің қиылысы

2

Петропавл қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев және Абай көшелерінің қиылысы, "Сокол" сауда кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

3

Петропавл қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 252, "Семейный" гипермаркеті ауданы

4

Петропавл қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысы, "ЦУМ" сауда үйінің ауданы

5

Петропавл қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев және Ғ. Мүсірепов көшелерінің қиылысы, "Караван" сауда үйінің ауданы

6

Петропавл қаласы

Пушкин көшесі, 103, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ауданы

7

Петропавл қаласы

Интернациональная және М. Жұмабаев көшелерінің қиылысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, № 6 корпус

8

Петропавл қаласы

Интернациональная және Астана көшелерінің қиылысы, "Колос" қонақ үйінің ауданы

9

Петропавл қаласы

Интернациональная және Театральная көшелерінің қиылысы, "Черемушки" базарының ауданы

10

Петропавл қаласы

Жамбыл атындағы көше, "Волна" дүкені аялдамасының ауданы

11

Петропавл қаласы

Жамбыл атындағы көше, 231, "СК Нефтепродукт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі автомобильге жанармай құю станциясының ауданы

12

Петропавл қаласы

Жамбыл атындағы көше, "Солтүстік Қазақстан облысы Сәбит Мұқанов атындағы мемлекеттік қазақ сазды-драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауданы

13

Петропавл қаласы

Парковая және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысы

14

Петропавл қаласы

Жамбыл атындағы көше, "Тайга" базары ауданы

15

Петропавл қаласы

Ухабов көшесі, 5, Бензострой аялдамасы

16

Петропавл қаласы

Нель Болатбаев атындағы көше, Түркістан мейрамханасының ауданы

17

Петропавл қаласы

Украинская көшесі, 203, "Стеклянный" дүкенінің ауданы

18

Петропавл қаласы

Хименко және Ш. Уәлиханов атындағы көшелердің қиылысы, "Сулпак" дүкенінің ауданы

19

Петропавл қаласы

Солнечный шағын ауданы, Солнечная және Дачная көшелерінің қиылысы, "Кокетка" дүкенінің ауданы

20

Петропавл қаласы

Борки кенті, Зеленая көшесі, соңғы аялдама

21

Петропавл қаласы

В.Б. Кошуков атындағы көше, "Пирамида" сауда үйінің ауданы

22

Петропавл қаласы

Мұхтар Әуезов атындағы және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына орталық кіреберіс

23

Петропавл қаласы

Заречный кенті, 2-ші Заречная көшесі, "МАКС" дүкені

24

Петропавл қаласы

Пушкин көшесі, Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "3 қалалық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны аялдамасы

25

Петропавл қаласы

Ш. Уәлиханов атындағы көше, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аялдамасы

26

Петропавл қаласы

Кәрім Сүтішев көшесі "Рахмет" сауда орталығына қарсы аялдама

27

Петропавл қаласы

Батыр Баян көшесі, "Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Снежинка" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ауданы

28

Петропавл қаласы

Н. Островский көшесі, "Шелковый путь" базары аялдамасы

29

Петропавл қаласы

Панфилов атындағы көше, "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "№ 1 жалпы білім беретін мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауданы

30

Петропавл қаласы

Жамбыл атындағы және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысындағы аялдама

31

Петропавл қаласы

Жамбыл атындағы көше, "Мебельвиль" сауда үйінің ауданы

32

Петропавл қаласы

Пушкин көшесіндегі аялдама, Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Облыстық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ауданы

33

Петропавл қаласы

Жәлел Қизатов атындағы көше, "Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының әскери институты" республикалық мемлекеттік мекемесінің ауданы

34

Петропавл қаласы

Кәрім Сүтішев және М. Жұмабаев көшелерінің қиылысы

35

Петропавл қаласы

Григорий Потанин атындағы көше, соңғы аялдама

36

Петропавл қаласы

Набережная көшесі, 33, "Ани" дүкенінің ауданы

37

Петропавл қаласы

Абай көшесі, "Орталық дәріхана" аялдамасы

38

Петропавл қаласы

Максим Горький және Кәрім Сүтішев көшелерінің қиылысы

39

Петропавл қаласы

Юрий Медведев және Қаныш Сәтбаев атындағы көшелердің қиылысы

  Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысына 2 - қосымша
  Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 898 қаулысына 2 - қосымша

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы бойынша барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар

Елді мекеннің атауы

Үй-жайдың орналасқан жері

1

Петропавл қаласы

"Петропавл қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәжіліс залы, Қ. Сәтбаев көшесі, 37

2

Петропавл қаласы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының "Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 25

3

Петропавл қаласы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мәжіліс залы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 262


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады