Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 182 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 тамызда № 4291 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабы 3-тармағына, 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы З. Мәкенов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Жамбыл ауданы әкiмдiгiнiң
  2017 жылдың 3 тамызындағы
  № 182 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 19 қаулысы (2015 жылдың 27 ақпанында № 9 "Ауыл арайы" және "Сельская новь" аудандық газеттерiнде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 9 ақпанда № 3100 болып тіркелген);

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 42 қаулысы (2015 жылдың 13 наурызында № 12 "Ауыл арайы" және "Сельская новь" аудандық газеттерiнде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 27 ақпанда № 3122 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады