Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында ауылдық округтері және Тайынша қаласы әкімдерінің орнына барлық үміткерлерге таңдаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайды ұсыну және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 277 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 қыркүйекте № 4302 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 401 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 04.12.2017 № 401 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабы 4, 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Тайынша аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында ауылдық округтері және Тайынша қаласы әкімдерінің орнына барлық үміткерлер үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында ауылдық округтері және Тайынша қаласы әкімдерінің орнына барлық үміткерлерге таңдаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жай ұсынылсын.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округтері әкімдерінің орнына үміткерлерге таңдаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайды ұсыну және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 460 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 3447 Мемлекеттік тізілімінде тіркелген, 2015 жылғы 13 қарашадағы №46 "Тайынша таңы" және 2015 жылғы 13 қарашадағы №46 "Тайыншинские вести" газеттерінде жарияланған).

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Иманслям
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысының
Тайынша аудандық сайлау
комиссиясының төрайымы
2017 жылғы 04 тамыз
С. Жәкенова

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 04 тамыздағы №277 қаулысына 1- қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында ауылдық округтері және Тайынша қаласы әкімдерінің орнына барлық үміткерлер үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар


р/с

Елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1.

Тайынша қаласы

1) "Достық" орталық алаңдағы ақпараттық стенд;
2) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдындағы ақпараттық стенд.

 
  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы 04 тамыздағы №277 қаулысына 2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында ауылдық округтері және Тайынша қаласы әкімдерінің орнына барлық үміткерлерге таңдаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізінде берілетін үй-жай


р/с

Елді мекен атауы

Таңдаушылармен кездесуі үшін үй-жай

1.

Тайынша қаласы

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады