Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2018 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 20 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 желтоқсанда № 4425 болып тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 16 ақпанындағы Заңының 16 - бабына және "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданының әкiмі ШЕШТІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданының аумағында 2018 жылдың қаңтарынан наурызына дейін, тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді, медициналық куәләндыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары А. Жауароваға жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Оспанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
қорғаныс министрлігінің
"Солтүстіқ Қазақстан облысы
Уәлиханов атындағы ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2017 жылғы 05 желтоқсан
Б. Есенеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады