Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 120 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 16 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 ақпанда № 3782 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 25.12.2019 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 120 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3215 болып тіркелген, 2015 жылы 6 маусымда "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) мемлекеттік тілдегі мәтінде қаулының тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы";

      мемлекеттік тілдегі мәтінде қаулының 2-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.";

      мемлекеттік тілдегі мәтінде қаулының 4-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығының қолданысқа енгізілуінен бұрын емес.";

      2) 2-қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      мемлекеттік тілдегі мәтінде тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті";

      мемлекеттік тілдегі мәтінде 1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Атырау қаласы және аудандарда ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкiлеттi органдармен көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.";

      мемлекеттік тілдегі мәтінде 4-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10805 болып тіркелген) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш болып табылады.";

      мемлекеттік тілдегі мәтінде 8-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "8. "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.";

      мемлекеттік тілдегі мәтінде Регламенттің 1-қосымшасының оң жақ жоғарғы бұрышы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша";

      Регламенттің 2-қосымшасында:

      мемлекеттік тілдегі мәтінде оң жақ жоғарғы бұрышы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша";

      мемлекеттік тілдегі мәтінде тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.И. Нәутиевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады