Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы Атырау ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 132 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 сәуірде № 3832 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, Атырау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атырау қаласы, Атырау ауылдық округі, Атырау ауылындағы:
      № 2 көшеге "Қисмет Мәсәлімовтің" есімі берілсін.
      2. Атырау қаласы, Атырау ауылдық округі, Атырау-1 ауылындағы:
      1) № 5 көшеге "Фазыл Дахиевтің" есімі;
      2) № 7 көшеге "Жәлел Иманғалиевтің" есімі;
      3) № 8 көшеге "Нәби Әбілғазиевтің" есімі;
      4) № 9 көшеге "Тарих Құмаровтың" есімі;
      5) № 10 көшеге "Айбек Салиннің" есімі берілсін.
      3. Атырау қаласы, Атырау ауылдық округі, Жаңаталап ауылындағы:
      № 1 көшеге "Сағынғали Садықовтың" есімі берілсін.
      4. Атырау қаласы, Атырау ауылдық округі, Жаңаталап-1 ауылындағы:
      № 1 көшеге "Хасан Өтегеновтің" есімі берілсін.
      5. Атырау қаласы, Атырау ауылдық округі, Құрманғазы ауылындағы:
      № 1 көшеге "Ізім Хамитовтың" есімі берілсін.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау ауылдық округі әкімінің орынбасары Д. Әбішеваға жүктелсін.
      7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Атырау ауылдық округінің әкімі Ә. Құмаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады