Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 5 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 ақпанда № 3783 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, 37 бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 3 қарашадағы қорытындысы негізінде, Махамбет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Махамбет ауылының атаусыз көшесіне келесі атау берілсін:
      "Шұғыла" мөлтек ауданындағы:
      оңтүстік-батысында Қазыбек би, Төле би, Мұхтар Әуезов, Нұрғиса Тілендиев көшелеріне перпендикуляр орналасқан бірінші көшесіне - Сембай Бердімұратов есімі.
      2. Сарытоғай ауылының атаусыз көшесіне келесі атау берілсін:
      бірінші көшесіне - Дмитрий Стамов есімі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімінің
      уақытша міндетін атқарушы С. Хайрушев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады