Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 165 "Мақат ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қазандағы № 192 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 қарашада № 3985 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 20.03.2024 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 165 "Мақат ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3666 санымен тіркелген, 2017 жылғы 03 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      мемлекеттік тілдегі мәтінде қаулының 1-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Ұйымдардағы қызметкерлердің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде Мақат ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгіленсін".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Гумаровқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Сарсенгалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады