Отырар ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 16 қазандағы № 317 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 30 қазанда № 4245 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 27 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 04.02.2021 № 27 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2-тармағына және "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Отырар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Отырар ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Әлішке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы Р. Әліш

  Отырар ауданы әкімдігінің
16 қазандағы 2017 жылғы
№ 317 қаулысына қосымша

Отырар ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

р/с

Ауыл округінің атауы

Орналасқан орны

1

Шәуілдір ауыл округі

Шәуілдір ауылындағы Жібек жолы даңғылы мен М. Байтасов көшелерінің қиылысы ("Алмас" жанар-жағар май құю бекетінің артындағы ашық алаңқай)

2

Қоғам ауыл округі

Мыңшұқыр елді мекеніні маңындағы Ұ. Арғынбеков көшесі мен Ә. Сарбасұлы көшелерінің қиылысы

3

Шілік ауыл округі

Жаңа Шілік ауылындағы Шәуілдір-Шымкент тас жолымен Қ. Мұңайтпасов көшелерінің қиылысы

4

Көксарай ауыл округі

Көксарай ауылында орналасқан Көксарай көшесінің бойы

5

Ақтөбе ауыл округі

Ақтөбе ауылында орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов көшесінің бойы

6

Балтакөл ауыл округі

Балтакөл ауылындағы М. Көбеев көшесімен М. Ажиғабылов көшелерінің қиылысы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады