Отырар ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды және (немесе) маршруттарды айқындау туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 27 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 ақпанда № 6056 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Отырар ауданының аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар және (немесе) маршруттар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Отырар ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 16 қазандағы № 317 "Отырар ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 30 қазанда № 4245 тіркелген, 2017 жылғы 3 қарашадағы "Отырар алқабы" газетінде жарияланған және 2017 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Отырар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Әлішке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Отырар ауданының әкімі А. Жунисов

  Отырар ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 4 ақпандағы
№ 27 қаулысына қосымша

Отырар ауданының аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар және (немесе) маршруттар

р/с

Ауыл округінің атауы

Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген маршруттар

1

Ақтөбе ауыл округі

Ақтөбе ауылындағы Қ.Мұңайтпасов көшесінде орналасқан орталық аялдаманың артындағы ашық алаңқай

Ақтөбе ауылының Ә.Құрамысов, А.Құнанбаев, М.Әлімбеков, Қ.Мұңайтпасов көшелері

2

Аққұм ауыл округі

Аққұм ауылындағы Б.Абдрахманов көшесінің бойында орналасқан саябақ алдындағы ашық алаңқай

Аққұм ауылының Б.Абдрахманов, И.Байдаулетов, С.Сейфуллин көшелері

3

Балтакөл ауыл округі

Балтакөл ауылындағы М.Көбеев және М.Ажиғабылов көшелерінің қиылысындағы ашық алаңқай

Балтакөл ауылының М.Әжіғабылов, Т.Сүлейменов, Тәукебай, Е.Қалмырзаев, Т.Әбуова, Құрбан ата және Ә.Сандыбаев көшелері

4

Көксарай ауыл округі

Көксарай ауылындағы Көксарай көшесінің бойында орналасқан "Қосай ата" тойханасының алдындағы ашық алаңқай

Көксарай ауылының Көксарай, А.Асылбеков, М.Көшмурзаев, Қазыбек би көшелері

5

Қарақоңыр ауыл округі

Ш.Қалдаяқов ауылындағы А.Дүтпаев көшесінде орналасқан "Сапар" дүкенінің алдындағы ашық алаңқай

Ш.Қалдаяқов ауылының Әділет, Ш.Ерманов, Азаттық, А.Дүтпаев, Тәуелсіздік көшелері

6

Қарғалы ауыл округі

Отырар ауылындағы Ә.Жүсіпбаев көшесінің бойында орналасқан мешіттің алдындағы ашық алаңқай

Отырар ауылының А.Айменов, А.Бесеубаев, Т.Ибрагимов көшелері, Қарғалы ауылының Қ.Қожахметов, Л.Сүлейменов, А.Раев көшелері

7

Қоғам ауыл округі

Қоғам ауылындағы Ұ.Арғынбеков пен М.Қайназарұлы көшелерінің қиылысында орналасқан "Қазпочта" мекемесінің алдындағы ашық алаңқай

Қоғам ауылының Қ.Қайназарұлы, Қ.Нарымбетов, Болашақ, Талапты ауылының Тәуелсіздік, Атамекен, С.Жиренбаев, Мыңшұңқыр ауылының Ә.Сарбыбасұлы, Көктөбе көшелері

8

Маяқұм ауыл округі

Маяқұм ауылындағы И.Қыдырбаев көшесінде орналасқан "Әлімбек" дүкенінің батыс бетіндегі ашық алаңқай

Маяқұм ауылының Ж.Әуелбеков, С.Рахымов, С.Сейтбеков, Ө.Жәнібеков көшелері

9

Отырар ауыл округі

Арыс ауылындағы "Бидалы" мал базарының алдындағы ашық алаңқай

Арыс ауылының С.Малдыбеков, К.Момбеков, Ә.Сержанов, С.Ағыбаев, Н.Құлымбетов көшелері

10

Талапты ауыл округі

Көкмардан ауылындағы Бейбітшілік көшесінде орналасқан "Мұхтархан" дүкенінің алдындағы ашық алаңқай

Көкмардан ауылының М.Сәрсенбаев, Т.Бейсенбі, М.Қабылов, А.Дәрібаев, Р.Оспанқұлов көшелері

11

Темір ауыл округі

Темір ауылындағы М.Әлиев көшесінің № 21 ғимараттың оң жақ бетіндегі ашық алаңқай

Темір ауылының Б.Момышұлы, Ә.Қаныбеков, М.Әлиев, А.Ерсүгіров, Т.Ибрагимов, Р.Әбдірайымов көшелері және Теріскей орамы

12

Шәуілдір ауыл округі

Шәуілдір ауылындағы Жібек жолы даңғылы мен М.Байтасов көшелерінің қиылысында орналасқан "Алмас" жанар-жағар май құю бекетінің артындағы ашық алаңқай

Шәуілдір ауылының Жібек жолы даңғылы, М.Байтасов, Н.Оңдасынов көшелері

13

Шілік ауыл округі

Жаңа Шілік ауылындағы Тұрғанбай Датқа көшесі бойында орналасқан "Хадиша ана" балабақшасы алдындағы ашық алаңқай

Жаңа Шілік ауылының Қ.Мұңайтпасов, Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев, М.Әуезов, А.Иманов, Тұрғанбай Датқа, Ардагер, Ж.Жабаев, И.Құтпанұлы, С.Сейфуллин, М.Маметов және Ескі Шілік ауылының көшелері


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады