Сайлаулар өткізу кезеңіне сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 612 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 шілдеде № 5146 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 309 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 14.11.2023 № 309 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 – бабының 4 – тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағыЗаңының 31 – бабының 2 – тармағына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сайлау өткізу кезеңіне сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде осы қаулыға қосымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау Риддер қаласы әкімі аппаратының басшысы К.М. Ларионовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы Б. Құрманбаев

  Әкімдіктің
2017 жылғы "05" шілде
№ 612 қаулысына қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін берілетін үй-жайлар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 09.09.2020 № 514 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

     №

Елді мекеннің атауы

Кандидаттармен кездесулер өткізу орны

Мекенжайы

1

Риддер қаласы

"№ 9 негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Индустриальная көшесі, 15

2

Риддер қаласы

"№ 12 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Курек көшесі, 25

3

Риддер қаласы

"Риддер қаласының білім беру бөлімі" ММ "Оқушылар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Семипалатинская көшесі, 10

4

Риддер қаласы

"№ 1 мектеп – лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Киров көшесі, 104

5

Риддер қаласы

"№ 5 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Владимир Клинк көшесі, 11

6

Риддер қаласы

"№ 2 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қонаев көшесі, 27

7

Риддер қаласы

"№ 14 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Үшінші ықшамаудан, 23

8

Риддер қаласы

"№ 3 Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Төртінші ықшамаудан, 28

9

Риддер қаласы

"Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәдениет сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Тәуелсіздік даңғылы, 14

10

Риддер қаласы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Риддер аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Островский көшесі, 65

11

Үлбі кенті

"№ 17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Буровая көшесі, 3

12

Риддер қаласы

"№ 16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Толстой көшесі, 24а

13

Үлбі кенті

"Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М. Горький атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Луговая көшесі, 4

14

Лесное ауылы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат – колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Сосновая көшесі, 45а

15

Бутаково ауылы

"Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бутаково ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Целинная көшесі, 33/1

16

Поперечное ауылы

"Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Поперечное ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"

Новая көшесі, 1/1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады