"Ново-Николаевка ауылының шекарасын (шегін) белгілеу туралы" Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 378 қаулысы және Бесқарағай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 34/6-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 81 қаулысы және Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 9/5-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 сәуірде № 4990 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 - бабына, "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай, Көкпекті және Катонқарағай аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 162 қаулысына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 12/145-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2993 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Ново-Николаевка ауылының шекарасын (шегін) белгілеу туралы" Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 378 қаулысы және Бесқарағай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 34/6-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-7-99 нөмірімен тіркелген, "Бесқарағай тынысы" газетінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 98 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулының және шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қарағайлы ауылының шекарасын (шегін) белгілеу туралы";

      1-тармақтағы, көрсетілген қаулының және шешімнің 1,2 қосымшаларындағы "Ново-Николаевка" сөзі "Қарағайлы" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім және қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия Аудан
      төрағасы          А. КУРГАМБАЕВ әкімінің м.а        Е. РАХМЕТУЛЛИН
      Аудандық мәслихат
      хатшысы Қ. САДЫҚОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады