2016 жылғы 3 маусымдағы № 292 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 46 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 мамырда № 5001 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 143 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 13.05.2020 № 143 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. 2016 жылғы 3 маусымдағы № 292 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4611 нөмірімен тіркелген, 2016 жылдын 12 тамызында № 35 "Ұлан таңы" газетіне жарияланды, келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасында:

      "2-тармағының 5), 15) тармақшалары алынып тасталсын".

      2. Өзгертілген тізбе аудандық мәслихатқа келісу үшін жіберілсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлаң ауданының әкімі Д. Батырбаев

      Келісілді

      Ұлан аудандық мәслихатының
      хатшысы О. Сыдыков

      2017 жылғы "30" 03

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады