Кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе олардың қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 155 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 маусымда № 5089 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 330 қаулысы.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 13.10.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 9-бабының 9) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе олардың қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтардыәлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе олардың қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектеріболып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Сеитқановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үржар ауданының әкімінің
      міндетін атқарушы С. Садвакасов

  Үржар ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 18 мамырдағы
№ 155 қаулысына 1 қосымша

Кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе олардың қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленген мекеме-ұйымдарының тізімі

Р/с

Кәсіпорын, ұйым, мекемеатауы

Жұмысшылардыңтізімдік саны

Бекітілген квота мөлшері (%)

1

ШҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

250-ден 500-ге дейін

1%

2

ШҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Үржар ауданының ауданаралық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

250-ден 500-ге дейін

1%

3

"ШҚО Үржар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі

0-ден 50-ге дейін

1%

4

"ШҚО Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

0-ден 50-ге дейін

1%

5

"ШҚО Үржар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

50-ден 100-ге дейін

1%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады