Үржар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 шілдедегі "Үржар ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы" № 374 қаулысының күші жойылды дептану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 316 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 қарашада № 5291 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Үржар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 шілдедегі "Үржар ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы" (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2016 жылғы 10 тамызда № 4639 болып тiркелген, 2016 жылғы 29 тамыздағы № 121-122 "Уақыт тынысы/Пульс времени" аудандық газетінде жарияланған) № 374 қаулысының күші жойылды деп тану туралы.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданның кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Т. Шомановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Зайнулдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады