Батыс Қазақстан облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 52 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 наурызда № 4713 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы №19-1/446 "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 тамызда №11838 тіркелді) сәйкес және "Батыс Қазақстан облысының Шалқар көлінің және Орал қаласының шегіндегі Жайық, Шаған өзендерінің сәйкесінше 9 километр, 5 километр су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы" және "Жайық өзені мен Шаған өзенінде (71 километр) су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы" бекітілген жобалау құжаттамаларының негізінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимi белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 03.08.2019 № 200 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Орал қаласы, Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Жаңақала, Казталов, Теректі, Тасқала және Шыңғырлау аудандарының әкімдері:

      1) су қорғау аймақтары және белдеулері шегінде шаруашылық қызметті жүргізу үшін жер телімдерін бөлуді су объектілерінің ластануына, қоқыстануына және сарқылуына жол бермейтін тиісті пайдалану режимі сақталған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімімен жүргізсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 03.08.2019 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.08.2020 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін жобалық құжаттамаларды "Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне белгіленген тәртіппен тапсырсын.

      4. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.М.Дәулетжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Көлгінов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Жайық-Каспий бассейндік
инспекциясының басшысы
____________Ғ.Азидуллин
"27" 02 2017 жыл

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2017 жылғы 24 ақпандағы
№ 52 қаулысына 1-қосымша

Батыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 17.11.2022 № 233 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Су объектісі, оның учаскелері

Орналасқан жері (елді мекен)

Шекарасының ұзындығы (километр)

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Ауданы (гектар)

Ені (метр)

Ауданы (гектар)

Ені (метр)


"Батыс Қазақстан облысының Шалқар көлінің және Орал қаласының шегіндегі Жайық, Шаған өзендерінің сәйкесінше 9 километр, 5 километр су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы" жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша

1

Шалқар көлі

Теректі ауданының Сарыөмір ауылы

57

5844

500

2990

50-50


"Жайық өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы" жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша

2

Жайық өзені

мемлекеттік шекарадан Атырау облысының шекарасына дейін

872,74

36819,997

500-2000

6154,3767

35-55


Шаған өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша

3

Шаған өзені

мемлекеттік шекарадан өзеннің сағасына дейін

91,05

8502,53

500-600

1202,51

35-100


Деркөл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша

4

Деркөл өзені

Тасқала ауданы Вавилин ауылынан өзеннің сағасына дейін

206,131

18526,77

500-550

2303,76

35


Үлкен Өзен өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша

5

Үлкен Өзен өзені

мемлекеттік шекарадан өзеннің сағасына дейін

273,8

30365,497

500-600

7373,6212

35-42


Айдархан су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша

6

Айдархан су қоймасы

Казталов ауданы, Үлкен Өзен өзені

22,921

3060,6036

500

1926,9386

35


Сарышығанақ су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша

7

Сарышығанақ су қоймасы

Казталов ауданы, Үлкен Өзен өзені

16,739

2875,20

500

1998,5042

35


Кіші Өзен өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша

8

Кіші Өзен өзені

мемлекеттік шекарадан өзеннің сағасына дейін

407,3

40008,02

500-600

7978,4837

35-100


Утва өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша

9

Утва өзені

Шыңғырлау және Бөрлі аудандары

312

33745,048

500

4330,8456

35-42


Желаев карьерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша

10

Желаев карьері (кадастрлық нөмірі 08-118-115-821, 08-118-115-082, 08-118-115-859, 08-118-951-030, 08-118-955-415, 08-118-952-066)

Бәйтерек ауданының Трекин ауылдық округі

Су айдынның шығыс жағалауы № 1 - 1,002; Су айдынның батыс жағалауы № 2 – 0,432

36,75

300

11,99

35


Қарашығанақ кен орнындағы су нысандарынның су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша

11

Березовка өзені

Бөрлі ауданының Жарсуат, Пугачев, Успенов ауылдық округтары

21,7

1493,0591

500

164,5591

35

12

Куншубай жырасы

Бөрлі ауданының Жарсуат, Пугачев ауылдық округтары

13,9

793,8597

500

82,1446

35

13

Калминкова жырасы

Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округі

9,64

488,0690

500

50,0934

35

14

Безымянная жырасы

Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округі

4,6

165,3114

500

31,8349

35


Барбастау өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша

15

Барбастау өзені

Теректі ауданы

113

11003,93

500

955,11

35-40


Елек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша

16

Елек өзені

Шыңғырлау және Бөрлі аудандары

203,429

7865,46

500

656,06

35-40


Киров су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша

17

Киров су қоймасы

Ақжайық ауданы және Бәйтерек ауданы

37,111

1461,77

500

116,11

35


Көшім өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша

18

Көшім өзені

Бәйтерек, Ақжайық, Жаңақала аудандары

415

30682,67

500

2324,0

35-40


Солянка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша

19

Солянка өзені

Теректі және Ақжайық аудандары

56,5

7662,80

500

724,76

35-38


Ядовитое көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша

20

Ядовитое көлі

Орал қаласы мен Теректі ауданы

9,156

331,61

500

70,24

35

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2017 жылғы 24 ақпандағы
№52 қаулысына 2-қосымша

Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимi

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 10.08.2020 № 188 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Су қорғау аймақтарының шегінде:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

      2. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайлар салмай ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады