Батыс Қазақстан облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 291 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 желтоқсанда № 4972 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі №216 "Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 18 тамызда №15509 тіркелген) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" (Ә.Р.Аманбаева) мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ.А.Оспанқұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А.Көлгінов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А.Мұхамедиұлы___________
2017 жылғы "30" қараша

  2017 жылғы 29 қарашадағы № 291
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен бекітілген

Батыс Қазақстан облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі

Топтар атауы

Олимпиадалық емес спорт түрінің атауы

Жазғы олимпиадалық спорт түрінің атауы

Қысқы олимпиадалық спорт түрінің атауы

Паралимпиадалық спорт түрінің атауы

Ұлттық спорт түрінің атауы

"А" тобы
Дойбы
Академиялық есу
Шорт-трек
Академиялық есу (ТҚАЗ)
Аударыспақ
Допты хоккей
Әйелдер күресі
 
Бадминтон (ТҚАЗ)
Тоғызқұмалақ
Пауэрлифтинг
Байдаркамен каноэде есу
 
Байдаркамен каноэде есу (ТҚАЗ)
 
Самбо
Бокс
 
Волейбол (ТҚАЗ)
 
Қол күресі
Волейбол
 
Голбол (көру)
 
Грек-рим күресі
 
Дзюдо (көру)
 
Дзюдо
 
Жеңіл атлетика (ТҚАЗ, көру)
 
Жеңіл атлетика
 
Жүзу (ТҚАЗ, көру)
 
Еркін күрес
 
Қол күресі (ТҚАЗ, көру)
 
Каратэ-до
 
Садақ ату
 
Спорттық гимнастика
 
Тасжолдағы және тректегі велосипед спорты
 
 
Үстел теннисі
 
Оқ ату (ТҚАЗ)
 
 
Пауэрлифтинг (ТҚАЗ)
 
 
Садақ ату (ТҚАЗ)
 
 
Арбадағы би (ТҚАЗ)
 
 
Таеквондо (ТҚАЗ)
 
 
Теннис (ТҚАЗ)
 
 
Тоғызқұмалақ (ТҚАЗ, көру)
 
 
Үстел теннисі (ТҚАЗ)
 
 
Шайбалы хоккей (ТҚАЗ)
 
 
Шаңғы спорты (ТҚАЗ, көру)
 
 
Шахмат (ТҚАЗ, көру)
 
"В" тобы
Авиамодельдік спорт
Ауыр атлетика
Шайбалы хоккей
 
Жамбы ату
Гір спорты
Бадминтон
Шаңғы спорты
 
Көкпар
Кикбоксинг
Баскетбол
 
 
Қазақ күресі
Киокушинкай кан каратэ
Жүзу
 
 
Теңге ілу
Парашюттік спорт
Көгалдағы хоккей және индорхоккей
 
 
 
Президенттік көпсайыс
Су добы
 
 
 
Спорттық акробатика
Таеквондо
 
 
 
Спорттық бағдарлау
Теннис
 
 
 
Спорттық туризм
Футбол
 
 
 
Шахмат
 
 
 
 
"С" тобы
Аралас ұрыс жекпе-жегі ММА
Қол добы
Конькимен мәнерлеп сырғанау
 
Бәйге
Грепплинг
 
 
 
Жекпе-жек
Джиу-Джитсу
 
 
 
 
Панкратион
 
 
 
 
Спорттық каратэ
 
 
 
 
Судомодельдік спорт
 
 
 
 
Сурдо грек-рим күресі
 
 
 
 
Сурдо еркін күресі
 
 
 
 
Сурдо жүзу
 
 
 
 
Сурдо футбол
 
 
 
 
Шағын футбол
 
 
 
 

      Аббревиатуралардың түсіндірмесі:
      ТҚАЗ – тірек қимылы аппараты зақымдалған
      көру – көру қабілеті төмен адамдар
      ММА – Mixed Martial Arts (Миксд Мартиал Артс)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады