Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылдық округі Қаратөбе және Шөптікөл ауылдарындағы көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 15 қарашадағы № 82 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 қарашада № 4969 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Қаратөбе және Шөптікөл ауылдарының халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қаратөбе ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылдық округі Қаратөбе ауылының "В.Ленин" көшесі - "Ұзақ күйші" көшесі деп және Шөптікөл ауылының "Откорм" көшесі - "Бірлік" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ж. Кажиахметов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды ауылдық округ әкімінің орынбасары Б.Бердіғалиевке жүктеймін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаратөбе ауылдық
округінің әкімі
Г.Каиргалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады