"Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 534 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2018 жылғы 3 қаңтардағы № 1/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 қаңтарда № 16280 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына және "Мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 қазандағы № 637 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 534 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11320 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Аэроғарыш комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      лицензия беру кезінде – 10 (он) жұмыс күні;

      лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап, екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тарту туралы жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес:

      1) лицензияны бергені үшін – 186 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);

      2) лицензияны қайта ресімдегені үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы АЕК мөлшеріне қарай лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.

      Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейлі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкімет" төлем шлюзінің көмегімен (бұдан әрі - ЭҮТШ) портал арқылы жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерден басқа, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:

      1) лицензия алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымды бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 және 5-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымды бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы, ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе жолданады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.";

      1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Аэроғарыш комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері ғарыш объектісінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлікті беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап, екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - ғарыш объектісінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік), не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тарту туралы жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін тіркеу алымы төленеді, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін - 14 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК), республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы АЕК мөлшеріне қарай құрайды.

      Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуге алымды төлеу екінші деңгейлі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкімет" төлем шлюзінің көмегімен (бұдан әрі - ЭҮТШ) портал арқылы жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерден басқа, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге куәлікті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық нұсқасы;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын электрондық құжат.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, көрсетілетін қызметті алушының дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы, тіркеу алымын ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) төлеу туралы, ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе жолданады.".

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Е.М. Шаймағамбетов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялауға Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің міндетін атқарушы
М. Нұрғожин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ___________________ Д. Абаев

      2018 жылғы 11 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________Т. Сүлейменов

      2018 жылғы " " ___________


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      ___________С. Жұманғарин

      2018 жылғы " " ___________



  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2018 жылғы 3 қаңтардағы
№ 1/НҚ бұйрығына
1-қосымша
"Ғарыш кеңістігін пайдалану
саласындағы қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
нысан

Лицензияны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші ____________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы)

      _________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияны беруiңiздi сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ___________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта _________ Тел/Факс _________ Банк шоты _____________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы __________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ___ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Жеке тұлға ______________ _____________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2018 жылғы 3 қаңтардағы
№ 1/НҚ бұйрығына
2-қосымша
"Ғарыш кеңістігін пайдалану
саласындағы қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
нысан

Лицензияны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші _______________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы)

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның БСН болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН)

      Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияны беруiңiздi сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы_______________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта _______ Тел/Факс _________ Банк шоты _______________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы __________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ___ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Басшы ______________ _________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)


      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2018 жылғы 3 қаңтардағы
№ 1/НҚ бұйрығына
3-қосымша
"Ғарыш кеңістігін пайдалану
саласындағы қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
нысан

Мәліметтер нысаны

      1. Жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) үшін:

      1. Лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімінің және тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы туралы ақпарат:

      1) мамандығы және біліктілігі _______________________________________;

      2) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі туралы дипломның нөмірі және берілген күні _________________________________;

      шетелдік ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау бойынша мәлімет__________________________________;

      3) білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні _______________;

      4) жұмыс орны ___________________________________________________;

      5) кезеңі, атқаратын лауазымдары ___________________________________;

      6) жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмірі мен күні және/немесе еңбек шартының нөмірі және күні ____________;

      7) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген күні және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ оқу курсының тақырыбы (болған жағдайда) ________________________________________________________________;

      2. Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы туралы ақпарат:

      1) техникалық-өндірістік базаны сатып алу-сату немесе сыйға тарту немесе мүліктік жалға алу (жалдау) немесе ақысыз пайдалану немесе сенімгерлік басқару немесе тапсыру туралы шарттың нөмірі__________________________;

      2) техникалық-өндірістік базаның немесе үй-жайдың орналасқан жері ________________________________________________________________;

      3) шарт жасасқан күн ______________________________________________;

      4) шарт кіммен жасалды ___________________________________________;

      5) арнайы зертханалық немесе стендтік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы паспортының нөмірі және күні ___________________;

      6) паспорт берген орган ___________________________________________;

      7) жабдықтың тағайындалуы _______________________________________;

      8) сертификаттың нөмірі, күні, берген орган, салыстырып тексеру (калибрлеу) туралы сертификаттың қолданыс мерзімі (болған жағдайда) ______________;

      3. Бекітілген техникалық жобаның болуы туралы ақпарат:

      1) техникалық жобаның атауы ______________________________________;

      2) жобаның негізгі мақсатының қысқаша мазмұны ______________________;

      3) технологиялық процестің сипаттамасы _____________________________;

      4) өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ ______________;

      5) техникалық жобаны кім бекіткен ___________________________________;

      6) техникалық жобаның бекітілген күні ________________________________.

      2. Заңды тұлғалар үшін:

      1. Ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы туралы ақпарат:

      1) мамандығы және біліктілігі _______________________________________;

      2) жоғары білімі туралы дипломның нөмірі және берілген күні ____________;

      3) жоғары білімі туралы диплом берген оқу мекемесінің атауы _____________;

      4) жұмыс орны ___________________________________________________;

      5) лауазымы _____________________________________________________;

      6) ұйымның орналасқан жері _______________________________________;

      7) жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмірі мен күні және/немесе еңбек шартының нөмірі және күні

      ________________________________________________________________;

      8) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген күні және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ оқу курсының тақырыбы (болған жағдайда) ________________________________________________________________.

      2. Штатта тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың кемінде 10% болуы туралы ақпарат:

      1) штаттық кесте бойынша мамандардың жалпы саны (бірлік) ____________;

      2) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандар саны __________________________________________________;

      3) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), олардың мамандықтары және біліктілігі ___________________________________________________;

      4) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның жұмыс орны ___________________________________________;

      5) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның лауазымы _____________________________________________;

      6) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмірі және күні және/немесе еңбек шартының нөмірі мен күні ________________________________________________________________;

      7) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген күні және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның оқу курсының тақырыбы (болған жағдайда) _______________________________________________________.

      3. Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы туралы ақпарат:

      1) техникалық-өндірістік базаны сатып алу-сату немесе сыйға тарту немесе мүліктік жалға алу (жалдау) немесе ақысыз пайдалану немесе сенімгерлік басқару немесе тапсыру туралы шарттың нөмірі _______________________;

      2) техникалық-өндірістік базаның немесе үй-жайдың орналасқан жері ________________________________________________________________;

      3) шарт жасасқан күн ______________________________________________;

      4) шарт кіммен жасалды ___________________________________________;

      5) арнайы зертханалық немесе стендтік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы паспортының нөмірі және күні ___________________;

      6) паспорт берген орган ______________________________________________;

      7) жабдықтың тағайындалуы ________________________________________;

      8) сертификаттың нөмірі, күні, берген орган, салыстырып тексеру (калибрлеу) туралы сертификаттың қолданыс мерзімі (болған жағдайда)

      ________________________________________________________________.

      4. Бекітілген техникалық жобаның болуы туралы ақпарат:

      1) техникалық жобаның атауы ________________________________________;

      2) жобаның негізгі мақсатының қысқаша мазмұны _______________________;

      3) технологиялық процестің сипаттамасы _____________________________;

      4) өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ ______________;

      5) техникалық жобаны кім бекіткен __________________________________;

      6) техникалық жобаның бекітілген күні ________________________________.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2018 жылғы 3 қаңтардағы
№ 1/НҚ бұйрығына
4-қосымша
"Ғарыш кеңістігін пайдалану
саласындағы қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша
нысан

Лицензияны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші _______________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға 20___ жылғы " " ___________

      № ____________, _______________ берілген,

      (лицензияның нөмірі, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)

      лицензияны мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі _______

      2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______

      3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі _______

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта _______ Тел/Факс _________ Банк шоты _______________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)       Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ______________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

       Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Жеке тұлға ____________ _______________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2018 жылғы 3 қаңтардағы
№ 1/НҚ бұйрығына
5-қосымша
"Ғарыш кеңістігін пайдалану
саласындағы қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5-қосымша
нысан

Лицензияны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші _______________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы)

      __________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның БСН болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН)

      Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға 20___ жылғы " " ___________

      № ____________, _______________ берілген,

      (лицензияның нөмірі, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)

      лицензияны мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет): бірігу ____ қайта құру ____ қосылу ____ бөліп шығару ____ бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы_____________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, БСН, заңды тұлғаның БСН болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН)

      Электрондық пошта _______ Тел/Факс _________ Банк шоты _____________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы _________________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Басшы ______________ __________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

Если Вы обнаружили на странице ошибку, выделите мышью слово или фразу и нажмите сочетание клавиш Ctrl+Enter

 

поиск по странице

Введите строку для поиска

Совет: в браузере есть встроенный поиск по странице, он работает быстрее. Вызывается чаще всего клавишами ctrl-F.