Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 54 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қаңтарда № 16285 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер тұлғаларды аттестаттаудан өткiзу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер тұлға тағылымдамадан өткеннен кейін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы:

      1) тұрғылықты жері бойынша Комиссияға аттестаттауға жіберу туралы сұрау салу;

      2) оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын денсаулық сақтау ұйымдарымен берілген диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы үміткердің тұрғылықты жерi бойынша нарколог және психиатрдың анықтамаларының электрондық көшірмесі;

      3) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттың электронды көшірмесін жібереді.

      Аттестаттауға жіберу туралы сұрау салуда мынадай:

      диплом туралы;

      жоғарғы оқу орнының атауы;

      мамандықтың шифрі;

      дипломның нөмірі;

      дипломның берілген күні немесе "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін растайтын құжат туралы:

      сериясы және нөмірі;

      негіздеме: күні және нөмірі;

      тіркеу нөмірі және күні;

      тағылымдамадан өткені туралы қорытынды туралы;

      тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні;

      облысы;

      тағылымдама жетекшісі;

      тағылымдаманың басталу күні;

      тағылымдаманың аяқталу күні туралы мәліметтер қамтылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не тиiсiнше ресiмделмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші олардың түскен күнінен бастап, екi жұмыс күнiнен кешiктiрмейтін мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелмен бас тартады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Аумақтық әдiлет органы құжаттарды Комиссияның қарауына жiбередi. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша Комиссия аттестаттауға жiберу не жiберуден бас тарту туралы шешiм шығарады.

      Егер үмiткер Заңда белгiленген талаптарға сәйкес келмесе, аттестаттауға жiберуден бас тартылады.

      Аумақтық әдiлет органдары аттестаттауға жiберуден бас тарту туралы шешiмдi өтiнiш келiп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей үмiткерге жiбередi.

      Аттестаттауға жiберуден бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Аумақтық әдiлет органы аттестаттауға жiберiлген үмiткерді аттестаттаудың өтетiн орны, күнi, уақыты туралы оны өткiзгенге дейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей электрондық нысанда портал арқылы хабардар етеді.

      Аттестаттауға жiберiлген үмiткерлердiң тiзiмдерi оны өткiзгенге дейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей аумақтық әдiлет органының интернет-ресурстарында орналастырылады.

      Аттестаттау қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет өткiзiледi.

      Комиссия отырысына келген кезде үмiткердiң өзiнде оның жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиiс.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Комиссия тестiлеу және/немесе емтихан сұрақтарына жауаптардың нәтижелерi бойынша 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғалардың аттестаттаудан өткені туралы не осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғалардың аттестаттаудан өтпегені туралы дәлелдi шешiм шығарады. Аттестаттау нәтижелерi үмiткер аттестаттаудан өткен күнi, ол аяқталғаннан кейiн жария етiледi.

      Комиссияның шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.

      Комиссияның аттестаттаудан өту туралы шешiмi Заңның 8-2-бабы 9-тармағына сәйкес, оның шығарылған сәтiнен бастап үш жыл бойы жарамды болып табылады.

      Аттестаттаудан өтпеген үмiткер қайта аттестаттауға бiр жылдан соң жiберiледi.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Дәлелдi себептер (денсаулық жағдайы бойынша, iссапарда болу себебiнен, еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан қатысудың мүмкiн еместiгi) бойынша аттестаттауға келмеген үмiткер осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тәртiппен Комиссияның келесi отырысына шақырылады.

      Үмiткер қайта келмеген жағдайда, оның өтiнiшi қаралмайды.";

      1 және 2-қосымша осы Бұйрыққа 3 және 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2) "Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығына (2015 жылғы 11 маусымда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11096 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттiк қызметті аумақтық әдiлет органдары (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкiметтің" веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

      аттестаттауға жіберуден бас тарту немесе аттестаттауға жіберу туралы шешім шығарылған жағдайда - күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей;

      аттестаттау өткізген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;

      аттестаттау не аттестаттамау туралы комиссия шешім шығарған кезде – аттестаттау жүргізілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей.

      Көрсетілетін қызметті беруші қызметті алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

      Аттестаттаудан өткізу қажеттілігіне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет жүзеге асырылады.

      Аттестаттауға жіберілген көрсетiлетiн қызметтi алушы аттестаттаудың орны, күні, уақыты туралы оны өткізетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей электрондық нысанда портал арқылы хабардар етіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберілген үміткерлердің тізімін оны өткізгенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық әділет органдарының интернет ресурстарына орналастырады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi: 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғалардың аттестаттаудан өткені туралы шешім не көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғалардың аттестаттаудан өтпегені туралы шешім не осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша аттестаттауға жіберуден дәлелді бас тарту.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесi:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түске үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн;

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерi, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін:

      1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

      2) оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын денсаулық сақтау ұйымдарымен берілген диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы үміткердің тұрғылықты жерi бойынша нарколог және психиатрдың анықтамаларының электрондық көшірмесі;

      Аттестаттауға жіберу туралы сұрау салуда мынадай:

      диплом туралы;

      жоғарғы оқу орнының атауы;

      мамандықтың шифрі;

      дипломның нөмірі;

      дипломның берілген күні не "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін растайтын құжат туралы:

      сериясы және нөмірі;

      негіздеме: күні және нөмірі;

      тіркеу нөмірі және күні;

      тағылымдамадан өткені туралы қорытынды туралы;

      тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні;

      облысы;

      тағылымдама жетекшісі;

      тағылымдаманың басталу күні;

      тағылымдаманың аяқталу күні туралы мәліметтер қамтылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғандығы туралы мінбе статус, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алудың мерзімі мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәләндыратын құжаты туралы, лицензиясы туралы, көрсетiлетiн қызметтi алушының қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы туралы мәліметтердің бар екендігі не ондай мәліметтердің жоқтығы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, алады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

      Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайға не Министрліктің мекенжайына беріледі: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй, "Министрлiктер үйi" ғимараты, 13-кiреберiс, 022 кабинет, байланыс нөмірлері 74-07-84, 55-88-11.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымда көрсетiлетiн қызметтi алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) пошталық мекен-жайы көрсетіледі.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

      Портал арқылы жүгіну кезінде шағымдану реті туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы шағымды жіберу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді (жеткізілу, тіркелу, орындалу туралы белгі, қарастыру жөніндегі немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) өңдеу кезінде жаңартылатын өтініштер туралы ақпараты қолжетімді болады.

      Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

      Мемлекеттiк қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиіс.

      Арызды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта бойынша "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.";

      1 және 2-қосымша осы Бұйрыққа 5 және 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкiметтің" веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

      лицензия беру кезiнде – 15 (он бес) жұмыс күнi;

      лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде – 3 (үш) жұмыс күнi;

      лицензияның телнұсқасын беру кезiнде – 2 (екi) жұмыс күнi;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi – адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.

      Мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталына жіберіледі және "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылып сақталады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін ұсыну нысаны: электрондық.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесi:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түске үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн;

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерi, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

      1) мынадай мәліметтер қамтылған, көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      жеке сәйкестендіру нөмірі;

      диплом туралы;

      жоғары оқу орнының атауы;

      мамандық шифры;

      диплом нөмірі;

      дипломның берілген күні не "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат туралы мәліметтер:

      сериясы және нөмірі;

      негіздеме: күні және нөмірі;

      тіркеу нөмірі және күні;

      тағылымдамадан өткені туралы қорытынды туралы;

      тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні;

      облысы;

      тағылымдама жетекшісі;

      тағылымдаманың басталу күні;

      тағылымдаманың аяқталу күні.

      Тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар үшін:

      комиссияның аттестаттау жайлы шешімі туралы:

      қала;

      өткізілген күні;

      қарау мәртебесі туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдар үшін:

      судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру туралы;

      өткізілген күні;

      қарау мәртебесі;

      облыстық немесе оған теңестірілген соттың пленарлық отырысының оң пікірі бар сотта тағылымдамадан өту туралы:

      облыстық немесе оған теңестірілген соттың пленарлық отырысы болған күні;

      облысы;

      тағылымдаманың басталған күні;

      тағылымдаманың аяқталған күні туралы мәліметтер көрсетіледі;

      "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық Заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар үшін:

      Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы туралы мәліметтер:

      Жарлықтың нөмірі;

      судья лауазымына тағайындау туралы Жарлықтың қабылданған күні;

      Жарлықтың нөмірі;

      судья лауазымынан босату туралы Жарлықтың қабылданған күні;

      босату негізі туралы мәліметтер көрсетіледі;

      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

      3) оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын денсаулық сақтау ұйымдарымен берілген диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы үміткердің тұрғылықты жерi бойынша нарколог және психиатрдың анықтамаларының электрондық көшірмесі;

      4) ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес, прокуратура немесе тергеу органдарындағы жұмыс өтiлiн растайтын, атқаратын қызметiнен босатылу себептерi қамтылған құжаттың электрондық көшiрмесі – теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеушi лауазымында кемiнде он жыл жұмыс өтiлi болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдар үшін талап етіледі.

      Лицензияны қайта ресiмдеу көрсетiлетiн қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде) өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.

      Көрсетiлетiн қызметтi алушы қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлiгiн ауыстырған сәтінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.

      Лицензияны қайта ресiмдеу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушылар:

      1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салуды;

      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесiн;

      3) тегінің, атының және әкесінің атының (ол болған жағдайда) ауысуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін (егер тегінің, атының және әкесінің атының ауысуы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылға дейін жүргізілген болса) ұсынады.

      Лицензия жоғалған, бүлiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушы лицензияның телнұсқасын алу үшiн (егер осыған дейінгі берілген лицензия қағаз нысанында ресімделген болса) көрсетiлетiн қызметтi берушiге портал арқылы мынадай құжаттарды:

      1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салуды;

      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесiн ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты туралы, лицензиясы туралы, көрсетілетін қызметті алушының қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы туралы мәліметтердің бар екендігін не ондай мәліметтердің жоқтығы туралы ақпаратты, көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғандығы туралы мінбе статус, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алудың мерзімі мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

      Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетiлген мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй, "Министрлiктер үйi" ғимараты, 13-кiреберiс, 022 кабинет, байланыс нөмірлері 74-07-84, 55-88-11.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымда көрсетiлетiн қызметтi алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) пошталық мекен-жайы көрсетіледі.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

      Портал арқылы жүгіну кезінде шағымдану реті туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы шағымды жіберу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді (жеткізілу, тіркелу, орындалу туралы белгі, қарастыру жөніндегі немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) өңдеу кезінде жаңартылатын өтініштер туралы ақпараты қолжетімді болады.

      Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

      Мемлекеттiк қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиіс.

      Арызды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта бойынша "электрондық үкіметтің" веб-портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.".

      3) "Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің мемлкеттік тізілімінде № 11095 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттiк қызметті аумақтық әдiлет органдары (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкiметтің" веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

      аттестаттауға жіберуден бас тарту не аттестаттауға жіберу туралы шешім шығарылған жағдайда – күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей;

      аттестаттау өткізген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;

      аттестаттау не аттестаттамау туралы комиссия шешім шығарған кезде – аттестаттау жүргізілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

      Аттестаттаудан өткізу қажеттілігіне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет жүзеге асырылады.

      Аттестаттауға жіберілген көрсетiлетiн қызметтi алушы аттестаттаудың орны, күні, уақыты туралы оны өткізетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей электрондық нысанда портал арқылы хабардар етіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберілген үміткерлердің тізімін оны өткізгенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық әділет органдарының интернет ресурстарына енгізеді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi: 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім немесе 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өтпегені туралы шешім не осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша аттестаттауға жіберуден дәлелді бас тарту.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық" (Тізілімге сәйкес);

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесi:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түске үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн;

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерi, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы:

      1) электрондық нысанда сұрау салу;

      2) оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын денсаулық сақтау ұйымдарымен берілген диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы үміткердің тұрғылықты жерi бойынша нарколог және психиатрдың анықтамаларының электрондық көшірмесі;

      3) ҚР Еңбек Кодексінің заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін жібереді.

      Аттестаттауға жіберу туралы сұрау салуда мынадай:

      диплом туралы:

      жоғарғы оқу орнының атауы;

      мамандықтың шифрі;

      дипломның нөмірі;

      дипломның берілген күні не "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін растайтын құжат туралы:

      сериясы және нөмірі;

      негіздеме: күні және нөмірі;

      тіркеу нөмірі және күні;

      тағылымдамадан өткені туралы қорытынды туралы;

      тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні;

      облысы;

      тағылымдама жетекшісі;

      тағылымдаманың басталу күні;

      тағылымдаманың аяқталу күні туралы мәліметтер қамтылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғандығы туралы мінбе статус, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алудың мерзімі мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәләндыратын құжаты туралы, лицензиясы туралы, көрсетiлетiн қызметтi алушының қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы туралы мәліметтердің бар екендігі не ондай мәліметтердің жоқтығы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, алады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

      Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша не Министрліктің мекенжайына беріледі: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй, "Министрлiктер үйi" ғимараты, 13-кiреберiс, 022 кабинет, байланыс нөмірлері 74-07-84, 55-88-11.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымда көрсетiлетiн қызметтi алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) пошталық мекен-жайы көрсетіледі.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

      Портал арқылы жүгіну кезінде шағымдану реті туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы шағымды жіберу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді (жеткізілу, тіркелу, орындалу туралы белгі, қарастыру жөніндегі немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) өңдеу кезінде жаңартылатын өтініштер туралы ақпараты қолжетімді болады.

      Мемлекеттiк көрсетiлетін қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиіс.

      Арызды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы не қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.".

      1 және 2-қосымша осы Бұйрыққа 7 және 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Нотариаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкiметтің" веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету мерзiмi:

      лицензия беру кезiнде – 15 (он бес) жұмыс күнi;

      лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде – 3 (үш) жұмыс күнi;

      лицензияның телнұсқасын беру кезiнде – 2 (екi) жұмыс күнi;

      Көрсетілетін қызметті беруші қызметті алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесi – нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталындағы "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) жолданады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін ұсыну нысаны: электрондық.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесi:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түске үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн;

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерi, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

      1) мынадай мәліметтер қамтылған, көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      жеке сәйкестендіру нөмірі;

      диплом туралы мәліметтер;

      жоғары оқу орнының атауы;

      мамандық шифрі;

      диплом нөмірі;

      дипломның берілген күні немесе "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін растайтын құжат туралы:

      сериясы және нөмірі;

      негіздеме: күні және нөмірі;

      тіркеу нөмірі және күні;

      тағылымдамадан өткені туралы қорытынды туралы;

      тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні;

      облысы;

      тағылымдама жетекшісі;

      тағылымдаманың басталу күні;

      тағылымдаманың аяқталу күні.

      Тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар үшін:

      комиссияның аттестаттау туралы шешімі:

      қала;

      өткізілген күні;

      қарау мәртебесі.

      Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдар үшін:

      судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру:

      өткізілген күні;

      қарау мәртебесі;

      тұрақты судьялар үшін:

      Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (бұдан әрі - Жарлық) туралы мәліметтер;

      Жарлықтың нөмірі;

      судья лауазымына тағайындау туралы жарлықтың қабылданған күні;

      тұрақты судья болып жұмыс істеген тұлғалар үшін:

      Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы туралы мәліметтер;

      Жарлықтың нөмірі;

      судья лауазымына тағайындау туралы жарлықтың қабылданған күні;

      Жарлықтың нөмірі;

      судья лауазымынан босату туралы жарлықтың қабылданған күні;

      босату негізі.

      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

      3) оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын денсаулық сақтау ұйымдарымен берілген диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы үміткердің тұрғылықты жерi бойынша нарколог және психиатрдың анықтамаларының электрондық көшірмесі;

      4) ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

      Лицензияны қайта ресiмдеу көрсетiлетiн қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде) өзгерген кезде жүзеге асырылады.

      Қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке куәлiгiн ауыстырған сәтінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.

      Лицензияны қайта ресiмдеу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушылар көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

      1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

      3) тегінің, атының және әкесінің атының (ол болған жағдайда) ауысуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (егер тегінің, атының және әкесінің атының ауысуы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылға дейін жүргізілген болса).

      Лицензия жоғалған, бүлiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушы лицензияның телнұсқасын алу үшiн (егер осыған дейінгі берілген лицензия қағаз нысанында ресімделген болса) көрсетiлетiн қызметтi берушiге портал арқылы:

      1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салуды;

      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесiн.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, лицензиясы туралы, көрсетілетін қызметті алушының қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы туралы мәліметтердің болуы не жоқтығы туралы ақпаратты, көрсетілген қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғандығы туралы статус, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу мерзімі мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелерi бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

      Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй, "Министрлiктер үйi" ғимараты, 13-кiреберiс, 022 кабинет, байланыс нөмірлері 74-07-84, 55-88-11.

      Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымда жеке көрсетiлетiн қызметтi алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) пошталық мекен-жайы көрсетіледі.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

      Портал арқылы жүгіну кезінде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы шағымды жіберу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді (жеткізілу, тіркелу, орындалу туралы белгі, қарастыру жөніндегі немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) өңдеу кезінде жаңартылатын өтініштер туралы ақпаратты алуға қолжетімді.

      Мемлекеттiк көрсетiлетін қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

      Арызды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап қызмет алушыға поштамен "электрондық үкіметтің" веб-портал арқылы немесе қызмет көрсетушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.".

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Арыз қабылдау, тіркеу және нотариустардың мөрін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы ққ. әділет департаменттері (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      1) қызмет берушімен;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

      1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемелкеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын мемлекеттік корпорацияға жеткізілуін қаматамасыз етеді.

      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушыға күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут, Мемлекеттік корпорацияда - 15 минут;

      3) көрсетілген қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін шекті уақыты – 15 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түске үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн. Мемлекеттiк қызмет кезек тәртiбiнде, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз көрсетiледi;

      2) Мемлекеттік корпорация - дүйсенбiден бастап сенбіні қоса алғанда, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес түске үзiлiссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

      Қабылдау "электрондық" кезек тәртібінде, көрсетілген қызметті алушының есептік тіркеу орны бойынша жеделдетiлген қызмет көрсетусiз көрсетіледі, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электронды кезектен орын алу мүмкін.

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгiнген жағдайда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

      Көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны айқындау үшін қажет етіледі);

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшадағы нысанға сәйкес өтініш;

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны айқындау үшін қажет етіледі);

      2) осы мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшадағы нысанға сәйкес өтініш;

      Көрсетілетін қызметті алушыға нотариус мөрін алу үшін қажетті құжаттарды тапсырған кезде күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып, талон беріледі.

      Құжаттарды мемлекеттік корпорация арқылы қабылдау кезінде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (не нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi) тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация бір айдың ішінде нәтижелердің сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге оны әрі қарай сақтауға береді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.";

      мынадай мазмұндағы 9-1 тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Көрсетілген қызметті алушымен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізімге сәйкес, толық емес құжаттар топтамасы ұсынылған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшадағы нысанға сәйкес қолхат береді."

      1 және 2-қосымша осы Бұйрыққа 9 және 10-қосымшаға сәйкес толықтырылсын.

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелерi бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

      Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мына мекенжай бойынша не Министрліктің мекенжайына беріледі: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй, "Министрлiктер үйi" ғимараты, 13-кiреберiс, 022 кабинет, байланыс нөмірлері 74-07-84, 55-88-11.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымда көрсетiлетiн қызметтi алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) пошталық мекен-жайы көрсетіледі.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

      Портал арқылы жүгіну кезінде шағымдану реті туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы шағымды жіберу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді (жеткізілу, тіркелу, орындалу туралы белгі, қарастыру жөніндегі немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) өңдеу кезінде жаңартылатын өтініштер туралы ақпараты қолжетімді болады.

      Мемлекеттiк көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиіс.

      Арызды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қызметті алушыға пошта бойынша "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсы: www.gov4c.kz.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.";

      4) Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 05.05.2018 № 517 (13.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5) Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 25.06.2018 № 623 (13.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 05.05.2018 № 517 (13.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.06.2018 № 623 (13.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.09.2018 № 1439 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ____________ Д. Абаев

      2018 жылғы 22 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 12 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
10 қаңтардағы № 54
бұйрығына 1 қосымша
  Тағылымдамадан өткен және
адвокаттық қызметпен
айналысуға үмiткер адамдарды
аттестаттаудан өткiзу
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 24.09.2018 № 1439 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
10 қаңтардағы № 54
бұйрығына 2 қосымша
  Тағылымдамадан өткен және
адвокаттық қызметпен
айналысуға үмiткер адамдарды
аттестаттаудан өткiзу
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өтпегені туралы шешім

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 24.09.2018 № 1439 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
10 қаңтардағы № 54
бұйрығына 3 қосымша
  Тағылымдамадан өткен және
адвокаттық қызметпен
айналысуға үмiткер адамдарды
аттестаттаудан өткiзу
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім

      ____________ қаласы                         20__ жылғы "___" ____________

      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелерi бойынша

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      тестiлеу бойынша ___________________________ балл

      емтихан билетi бойынша ______________ балл жинады.

      Мына құрамдағы Комиссия:

      Төраға

      Мүшелерi

      ________________________________________ аттестатталсын деп шештi.

            (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      Комиссия төрағасы

      Комиссия хатшысы

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
10 қаңтардағы № 54
бұйрығына 4 қосымша
  Тағылымдамадан өткен және
адвокаттық қызметпен
айналысуға үмiткер адамдарды
аттестаттаудан өткiзу
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өтпегені туралы шешім

      _____________ қаласы                              20__ жылғы "___" _________

      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелерi бойынша

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      тестiлеу бойынша ____________________________ балл

      емтихан билетi бойынша _______________ балл жинады.

      Мына құрамдағы Комиссия:

      Төраға

      Мүшелерi

      шешiм шығарды:

      ________________________________ аттестаттаудан өтпедi деп саналсын.

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      Комиссия төрағасы

      Комиссия хатшысы

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
10 қаңтардағы № 54
бұйрығына 5 қосымша
  "Адвокаттық қызметпен
айналысуға аттестаттаудан
өткiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына 1-қосымша
  Нысан

Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім

      _____________ қаласы                              20__ жылғы "___" _________

      Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау нәтижелерi бойынша

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      тестiлеу бойынша ____________________________ балл

      емтихан билетi бойынша _______________ балл жинады.

      Мына құрамдағы Комиссия:

      Төраға

      Мүшелерi

      ___________________________ аттестатталсын деп шештi.

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      Комиссия төрағасы

      Комиссия хатшысы

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
10 қаңтардағы № 54
бұйрығына 6 қосымша
  "Адвокаттық қызметпен
айналысуға аттестаттаудан
өткiзу" мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет
стандартына 2-қосымша
  Нысан

Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өпегені туралы шешім

      _____________ қаласы                              20__ жылғы "___" _________

      Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау нәтижелерi бойынша

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      тестiлеу бойынша ____________________________ балл

      емтихан билетi бойынша _______________ балл жинады.

      Мына құрамдағы Комиссия:

      Төраға

      Мүшелерi

      шешім шығарды:

      ________________________ аттестаттаудан өтпеді деп саналсын.

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      Комиссия төрағасы

      Комиссия хатшысы     

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
10 қаңтардағы № 54
бұйрығына 7 қосымша
  "Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына
аттестаттаудан өткiзу"
мемлекеттік көрсетілетін стандартына 1-қосымша
  Нысан

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім

      _____________ қаласы                              20__ жылғы "___" _________

      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелерi бойынша

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      тестiлеу бойынша ____________________________ балл

      емтихан билетi бойынша _______________ балл жинады.

      Мына құрамдағы Комиссия:

      Төраға

      Мүшелерi

      ___________________________ аттестатталсын деп шештi.

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      Комиссия төрағасы

      Комиссия хатшысы

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
10 қаңтардағы № 54
бұйрығына 8 қосымша
  "Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына
аттестаттаудан өткiзу"
мемлекеттік көрсетілетін
стандартына 2-қосымша
  Нысан

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өтпегені туралы шешім

      _____________ қаласы                              20__ жылғы "___" _________

      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелерi бойынша

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      тестiлеу бойынша ____________________________ балл

      емтихан билетi бойынша _______________ балл жинады.

      Мына құрамдағы Комиссия:

      Төраға

      Мүшелерi

      шешiм шығарды:

      ___________________________ аттестаттаудан өтпедi деп саналсын.

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      Комиссия төрағасы

      Комиссия хатшысы

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
10 қаңтардағы № 54
бұйрығына 9 қосымша
  "Нотариустардың мөрлерiн
тiркеу және беру" мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет
стандартына 1-қосымша
  Нысан
  Қайда_______________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің толық атауы)
Кімнен _____________________
(жеке тұлғаның тегi, аты,
әкесiнiң аты (бар болған кезде),
жеке сәйкестендiру нөмiрi)
Мекенжайы__________________
(пошталық индексi, облысы,
қаласы, ауданы, елдi мекені,
көше атауы, үй/ғимараттың
нөмiрi)

Мөр беру үшін арыз

      Нотариалдық қызметтің басталуына байланысты нотариустың мөрін беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерден алынатын, Заңмен қорғалатын құпияларды қолдануға келісемін.

      Мемлекеттік қызметті алушы

      ________________________________________________________________________________

      (аты, жөні, тегі (бар болған жағдайда))

      _____________________________

      (ЭЦҚ)

      "___" _________ 20__ года.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
10 қаңтардағы № 54
бұйрығына 10 қосымша
  "Нотариустардың мөрлерiн
тiркеу және беру" мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет
стандартына 2-қосымша
  Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 20 бабының 2 тармағын басшылыққа ала отырып, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартындағы тізімге сәйкес құжаттар топтамасын толық тапсырмаған себебінен, Сізге Мемлекеттік корпорация (мекенжайы) "Нотариустардың мөрлерiн тiркеу және беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметті көрсетуден бас тартады:

      Тіркелмеген құжаттар атауы:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      Осы қолхат 2 данада, әр тарапқа біреуден жасалған.

      _______________________________ ________________________

      А.Ж.Т. (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің)

      (қолы)

      Орындаушы А.Ж.Т._____________

      Телефон__________

      Алдым: А.Ж.Т. / мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы

      "___" _________ 20__ ж.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
10 қаңтардағы № 54
бұйрығына 11 қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 05.05.2018 № 517 (13.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
10 қаңтардағы № 54
бұйрығына 12 қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 05.05.2018 № 517 (13.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады