Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтердің нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 165 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 наурызда № 16487 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 555-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтердің нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электрондық және қағаз түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрінің м.а.

      ___________________ Е. Қожағапанов

      2018 жылғы 15 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 165 бұйрығымен бекітілген
  Нысан

Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер Есепті кезең 20 ___жылғы _______ тоқсан

Лицензияны алған заңды тұлғалардың атауы және дара кәсіпкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Салық төлеушінің орналасқан жерінің мекенжайы

БСН /ЖСН

Лицензияның берілген күні және нөмірі

Лицензияланатын қызмет түрі

Төлемақының жылдық мөлшерлемесі
(АЕК)

Төлемақының жылдық сомасы (7-б. х АЕК)

Лицензияны пайдалану кезеңі тоқсанда (ай саны)

Ағымдағы тоқсанда бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы (8-б./12 х 9-б.), теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












ЖИЫНЫ:









      _______________________________________________________________       ______________

      (Лицензияларды беру бойынша тиісті әрекеттерді жүзеге асыратын уәкілетті       (қолы)

      мемлекеттік орган басшысының (ол болған кезде) не оны алмастыратын

      тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      _______________________________________________________________ ______________ (Ақпараттарды жасауға жауапты жұмыскердің тегі, аты, әкесінің                   (қолы)

      аты (ол болған кезде)

      МО                               Жасалған күні 20___ ж. "___" ____________

      Ескертпе: "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

      Аббревиатураны ашып жазу:

      БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      АЕК- республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш.

  "Жекелеген қызмет түрлерімен
айналысуға арналған
лицензияларды пайдаланғаны
үшін төлемақы төлеушілер және
салық салу объектілері туралы
мәліметтер" нысанына қосымша

"Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. Нысан "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 555-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Нысанды ақпараттарды жасауға жауапты лауазымды тұлға толтырады және тоқсан сайын аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмейтін мерзімде ұсынады.

      3. Нысанға бірінші басшы не оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ ақпараттарды жасауға жауапты лауазымды тұлға қол қояды және мөрмен бекітіледі.

      4. "№" деген 1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі. Одан кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс.

      5. "Лицензияны алған заңды тұлғалардың атауы және дара кәсіпкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)" деген 2-бағанда лицензияны алған заңды тұлғалардың атауы және дара кәсіпкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.

      6. "Салық төлеушінің орналасқан жерінің мекенжайы" деген 3-бағанда салық төлеушінің облысы, ауданы, қаласы, кенті, ауылы, көшенің атауы (даңғыл, тұйық көше, шағын аудан), үй, кеңсе нөмірі көрсетіледі.

      7. "БСН/ЖСН" деген 4-бағанда 2-бағанда көрсетілген заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе 2-бағанда көрсетілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      8. "Лицензияның берілген күні және нөмірі" деген 5-бағанда "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен лицензияларды беру бойынша тиісті әрекеттерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органы берген лицензияның нөмірі және күні көрсетіледі.

      9. "Лицензияланатын қызмет түрі" деген 6-бағанда лицензиялардың түрі көрсетіледі.

      10. "Төлемақының жылдық мөлшерлемесі (АЕК)" деген 7-бағанда республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен шыға отырып төлемақының жылдық мөлшерлемесі көрсетіледі.

      11. "Төлемақының жылдық сомасы" (7-б х АЕК) деген 8-бағанда республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен шыға отырып төлемақының жылдық сомасы көрсетіледі.

      12. "Лицензияны пайдалану кезеңі тоқсанда (ай саны)" деген 9-бағанда лицензияны пайдаланған айдың саны көрсетіледі.

      13. "Ағымдағы тоқсанда бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы (8-б./12 х 9-б.), теңге" деген 10-бағанда ағымдағы тоқсанда бюджетке енгізілуге жататын есепке жазылған сома теңгеде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады