"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 269 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 наурызда № 16489 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде (бұдан әрі – Ереже):

      6-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша тиісті қаржы жылы ішінде іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша төлемдерді жүзеге асыру мерзіміне сәйкес келуі және аванстық төлемдерді төлеудің болжамды мерзімін ескеруі тиіс.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары осы Ереженің 7-10-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жиынтықтау жолымен қалыптастырылады.

      Бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісін қаржыландыру жоспарларының жылдық сомасы кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген, мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімімен бекітілген сомаларына сәйкес келеді.

      Міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының жылдық сомалары:

      бюджеттік бағдарламалар деңгейінде – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттің бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыс сомасына;

      бюджеттік кіші бағдарламалар деңгейінде – бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаның бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша шығыс сомасына сәйкес келеді.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсі қаржыландырудың жиынтық жоспарларымен бекiтiлген айлар бойынша бөлiнген мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландырудың жылдық сомасын алғаннан кейiн екі жұмыс күнi iшiнде бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн қаржыландыру жоспарларын және мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын бекiтедi. Жеке қаржыландыру жоспарларын бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсі ведомстволық бағынысты барлық мемлекеттік мекемелер бойынша бір мезгілде:

      республикалық бюджет бойынша өзiнiң орналасқан орны бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жеке қаржыландыру жоспарын жасау үшін жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған осы Ережеге 3 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша электрондық түрлерін;

      барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар бойынша, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелер бойынша өзiнiң орналасқан орны бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данадағы тiзiлiммен бiрге осы Ережеге 2 және 5-қосымшаларға сәйкес қағаз және магнит тасығыштарында;

      жергiлiктi бюджет бойынша – бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті органға қағаз және магнит тасығыштарда ұсынады;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері бойынша – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдері аппараттарына.

      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарларын орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндайлар болмаған жағдайда - бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң басшысы бекiтедi.

      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға, орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға) болмаған жағдайда, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарларын бұйрыққа сәйкес олардың мiндеттерiн атқаратын тұлғалар бекiтедi.

      Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкім аппараты бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша бекiтiлген қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарлары жалпы сомасының ҚР ББС-ның әрбiр бюджеттiк бағдарламасы бойынша және айлар бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуiн тексерудi жүргiзедi және осы Ережеге 15, 17 және 19-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының электронды үлгілерімен осы Ережеге 23-қосымшаға сәйкес бекітілген жоспардың электронды үлгісі және осы Ережеге 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган басшысының және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның жиынтық жоспарларды жасау үшін жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қол қойылған осы Ережеге 3 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жеке қаржыландыру жоспарлары беріледі.

      Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкім аппараты түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, жергiлiктi бюджет бойынша мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының мемлекеттiк мекемелердiң барлық қаржыландырудың жеке жоспарлары шығыстарының жиынтық сомасына сәйкес келуiн, сондай-ақ олардың аумақтық қазынашылық органына уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етедi.

      Аумақтық қазынашылық бөлімшелері республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң орналасқан жері бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша ҚР ББС кодтарына, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарының жалпы сомасының түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, ҚР ББС әрбiр бағдарламасы бойынша, айлар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуiн тексерудi жүргiзедi және Қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiне (бұдан әрi - ҚБАЖ) енгiзедi (жүктейді).

      Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкім аппараттарымен барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша ҚР ББС кодтарына қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарының жалпы сомасы түсiмдерiнiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, ҚР ББС әрбiр бағдарламасы бойынша, айлар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкестігін, төмен тұрған бюджеттердің жиынтық қаржыландыру жоспарларының жоғары тұрған бюджеттің жиынтық қаржыландыру жоспарларына, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жиынтық қаржыландыру жоспарларының төмен тұрған бюджеттерге немесе мемлекеттік органдардың функцияларын берген жағдайда төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша республикалық бюджеттің жиынтық жоспарларына сәйкестігін тексерудi жүргiзедi және ҚБАЖ-ға енгiзедi (жүктейдi).

      Орындауға қабылдаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің жауапты орындаушылары жергілікті бюджет бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      Аумақтық қазынашылық бөлімшелері белгіленген талаптарды орындамаған кезде жеке қаржыландыру жоспарлары "Қазынашылық-клиент" АЖ (бұдан әрі – "Қазынашылық-клиент" АЖ) бойынша қабылданбайды, барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелер бойынша - осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасап, себептерін көрсете отырып, түзету үшін қайтарылады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Бюджет кодексінің 74 және 75-баптарының 3-тармақтарында белгіленген жағдайларда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын Ереженің 2-27-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттер болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде жасайды.";

      31, 32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу, қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, берілетін нысаналы трансферттер және кредиттер бойынша жоғары бюджеттің қаржыландыру жоспарларына, атқарушы құжаттарды орындау, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу, сондай-ақ мемлекеттік борышқа қызмет көрсету және өтеу жөніндегі бюджеттік бағдарламаларға және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына, шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктеріне қатысты жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жағдайларын қоспағанда, айына бір реттен асырмай, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында – ағымдағы айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей екі реттен асырмай жол беріледі.

      32. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемдерiн қозғамайтын шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерiне және бюджеттiк бағдарламалардың кiшi бағдарламаларына қатысты мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына, қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстерді дербес енгiзедi.

      Қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу үшiн әкiмшi осы Ереженiң 34 және 36-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша 3 данада анықтама қалыптастырады.

      Жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу үшін барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелер осы Ереженің 33 және 35-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша анықтамалар қалыптастырады.

      Анықтамалардағы өзгерiстер сомасы үтiрден кейiн бiр белгiден аспайтын бөлшек қалдығы бар сандармен мың теңгемен көрсетiледi.

      33. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттiк мекемелердiң өтiнiмдерi негiзiнде төлемдер мен мiндеттемелер бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiн қаржыландыру жоспарларын өзгертуге анықтама және мемлекеттiк мекемелердi қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама (бұдан әрi – қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама) қалыптастырады. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы қалыптастырғанға және мемлекеттiк мекеменiң өтiнiмiн қарағанға дейiн өзi орналасқан жерi бойынша аумақтық қазынашылық органына тиiстi шығыстарды оқшаулауды жүзеге асыру қажеттiлiгi туралы хатпен өтiнiш жасайды. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу жөніндегі рәсiмдер аяқталғанға дейiн жоспарлы тағайындауларды өзгерту жоспарланған бағдарламалар, кiшi бағдарламалар, ерекшелiктер бойынша мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерiн тiркеудi және оның төлемдерiн жүргiзудi тоқтата тұрады.

      Аумақтық қазынашылық бөлімшелері осы Ережеге 41-қосымшаға сәйкес 4-20 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" нысанын барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелерге береді.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша операцияларды тоқтата тұрған кезде өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемелерге қаржыландырудың жеке жоспарына жоспарланған өзгерістер енгізу туралы хабарлайды. Бұл ретте мемлекеттік мекемелер шығыстардың бюджеттік сыныптамасының өзгертілетін кодтары бойынша операцияларды қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу рәсімі аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

      Мемлекеттік мекеменің өтінімі мыналар ескеріле отырып қалыптастырылады:

      ерекшелік сомаларын ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше аударуға тыйым салынады;

      жоспарлы тағайындаулар мен жасалған кассалық шығыстардың сомалары арасындағы сәйкестікті сақтауды;

      төлемдер бойынша жоспарлардың сомасы жылдың басынан басталған кезеңде сол қаржы жылының кезеңіне міндеттемелер бойынша жоспарлардың сомасынан аспаған кезде міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары арасындағы арақатынастың сақталуы;

      қабылданған, бірақ ақы төленбеген міндеттемелерді;

      инкассолық өкімдердің болуын;

      шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша жоспарлы соманы қабылданған міндеттемелерді шегере отырып, жоспарлы тағайындалулардың сомасына азайту жасалады;

      жоспарлы соманы бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiктерi бойынша ұлғайту (азайту) қаржыландыру жоспарында көзделген бюджеттiк бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша айдың қорытынды сомасы шегiнде басқа ерекшелiктер бойынша жоспарлы соманы азайту (ұлғайту) есебiнен, бюджеттiк бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жылдық сома шегiнде жүзеге асырылады;

      бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік кіші бағдарламалар арасындағы қаражатты қайта бөлу бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық сомалар шегінде жүргізіледі;

      Республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген қаулысы бюджеттік даму бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының жылдық көлемі шеңберінде үкіметтік сыртқы қарыздар және грант қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік даму бағдарламаларының бюджеттік кіші бағдарламалары арасында бюджет қаражатын қайта бөлу үшін негіз болып табылады.

      Мемлекеттік мекеменің өтініміне басшы немесе өзі өкілеттік берген тұлға, оларды жасауға міндетті мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал соңғысы болмаған кезде – тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген тұлғалар қол қояды және өзгерістерге есептемелер мен бірге олардың негіздемесі ағымдағы айдың 10 күнінен кешіктірілмей тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне беріледі.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Осы Ережеде көзделген талаптар сақталған кезде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы бекiтедi.

      Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелерге 3 данада бекiтедi, олардың бiреуiн мемлекеттiк мекемеге, екiншiсiн өзiнiң орналасқан жері бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженiң 21-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 2 данадағы тiзiлiммен бiрге жiбередi және үшiншiсiн өзiнде қалдырады.

      Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы 2 данада бекiтедi, оның біреуін мемлекеттік мекемеге жібереді. Өзiнiң орналасқан орны бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 22-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізіліммен бірге осы Ережеге 34 және 36-қосымшаларға сәйкес жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың электрондық нұсқасын жібереді.

      Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы 3 данада бекiтедi, олардың бiреуiн мемлекеттiк мекемеге жiбередi, екiншiсiн өзiнде қалдырады. Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 22-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізіліммен бірге осы Ережеге 34 және 36-қосымшаларға сәйкес жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың электрондық нұсқасын жібереді, оларға бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жеке қаржыландыру жоспарын жасауға жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қойылады.

      Жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтамаларды бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженің 34 және 36-қосымшаларына сәйкес "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша, ал барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелерге қағаз жүзінде мынадай тәртiппен бередi:

      қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгiзiлетiн өзгерiстерге қатысты жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама бекiтiлген күннен бастап екі жұмыс күнiнен кешiктiрілмей берiледi;

      қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгiзiлетiн өзгерiстерге қатысты емес жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтамалар ағымдағы айдың жиырмасыншы күнiнен кешiктiрілмей айына кемiнде бiр рет, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында – ағымдағы айдың жиырмасыншы күнiнен кешiктiрілмей айына екі реттен асырмай берiледi.

      Аумақтық қазынашылық бөлімшесі жеке қаржыландыру жоспарларына қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгізілетін өзгерістерге қатысы жоқ өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды ҚБАЖ-ға жүктегеннен кейін "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне, сондай-ақ соңғысының бюджеттік мониторинг жүргізуі үшін тиісті жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ҚБАЖ-ға аталған анықтамаларды жүктегенін растағаны туралы хабарлама жіберіледі.

      Түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзуге арналған анықтамаларды орындауға қабылдау кезiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушылары анықтамалар кодтарының ҚР ББС кодтарына сәйкестiгiн, төмен тұрған бюджеттердің қаржыландыру жоспарларының республикалық бюджеттен немесе республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша жоғары тұрған бюджеттің қаржыландыру жоспарларына сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады.";

      40-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға байланысты жоспарларды, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеуді, форс-мажорлық мән-жайларды, сот талқылауларын, аванс төлемінің мөлшерін азайтуды, бағам айырмасының, баға өзгеруі мен заттай тұтыну көлемі есебінен пайда болған жете пайдаланылмаған қаражат қалдықтарын, бос қызмет орындарының бар болуы, ақысыз демалыстар беру және уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша төлемдер есебінен қалыптасқан ағымдағы шығындар бойынша үнемдеуді, өткізілген мемлекеттік сатып алу нәтижесінен үнемдеу, сондай-ақ жоспарланғанға қарағанда бюджет қаражатын алушылардың іс жүзіндегі санын азайтумен, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгертумен, сапарға шығу немесе іс-шараларды өткізу мерзімдерінің ауысуына байланысты іссапарлар кестесінің өзгеруімен байланысты жоспарларды қоспағанда, міндеттемелер мен төлемдер бойынша ағымдағы айдың жоспарларын өзгертуге арналған өтінімді алдағы айларға ауыстыра отырып ұсынуға жол берілмейді.";

      50 және 51-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті орган жергiлiктi бюджет бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманың бiр данасын оларды бекiтілгеннен кейiн 2 жұмыс күнi iшiнде бір мезгілде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне берген кезде – осы Ереженің 26, 38 және 40-қосымшаларына сәйкес түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына жергілікті бюджет бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың электрондық үлгілерін, осы Ереженің 22-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркейді және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган басшысының және жиынтық жоспарларды жасау үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қойылады.

      Бюджет нақтыланған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 26, 38 және 40-қосымшаларына сәйкес жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың электронды үлгілері және 42-қосымшасына сәйкес нақтыланған жоспардың осы Ереженің 22-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген электронды үлгісі ұсынылады.

      51. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін атқару жөніндегі жергілікті атқарушы орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға электрондық дерекқор түрінде есептіден кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмейтін мерзімде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша кірістер түсімдерінің нақтыланған жиынтық жоспарын ұсынады. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган салық, және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органға жергілікті бюджеттердің кірістері түсімдерінің нақтыланған жоспарын жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 56-1 тармағымен толықтырылсын:

      "56-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізген бюджеттік мониторинг негізінде бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылы ішінде тоқсанның нәтижесі бойынша, есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанның бірінші айының 25-і күніне кешіктірмей Бюджет кодексінің 111-бабының 2-тармағы 3-2) тармақшасында көзделген жағдайларда Республикалық бюджет комисссиясында міндетті түрде қарай отырып, бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бюджетті түзету жолымен қаражатты республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары арасында ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің он пайызынан аспайтын көлемде қайта бөлу жүзеге асырылады.

      Бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік мониторинг қорытындылары негізінде ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражатының игерілмеуі және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалуы туралы мемлекеттік аудитпен қаржылық бақылау органдарының тұжырымы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынысына сәйкес белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының тізілімін, оларды ағымдағы қаржы жылында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арасында қайта бөлу жөніндегі ұсыныспен енгізеді.

      Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджетті түзету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасы дайындалады.

      Қабылданған нормативтік құқықтық актінің және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженің 2-тарауының 4-параграфында айқындалған тәртіппен төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Бюджет кодексінің 104-бабының 4-тармағының 4) және 7)-тармақшаларында көзделген шығыстарды қаржы жылының басындағы қаражат қалдықтарының есебінен қаржыландыру үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ағымдағы жылдың 20 қаңтарына қарай мынадай құжаттарды дайындауды жүзеге асырады:

      1) бюджет қаражатының қалдықтары туралы ақпарат;

      2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде өткен қаржы жылында іс-шаралардың толық орындалмау себептерін көрсете отырып, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы ақпарат, бюджеттік даму бағдарламалары бойынша іске асырылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын инвестициялық жобалар бөлінісінде қабылданған, бірақ ақысы төленбеген міндеттемелер сомасы; дайындалу және жеткізу мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтер мен басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар; сыртқы қарыздар, гранттар және бюджеттік кредиттер қаражаты есебінен іске асырылатын бюджеттік даму бағдарламаларын қоспағанда, көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтер;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде тартылған қаражаттың пайдалынылмағаны туралы ақпарат.";

      60, 61 және 61-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін қарыздардың, гранттардың, нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бiр бюджеттiк бағдарламаның (кіші бағдарламаның) шеңберiнде республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу пайда болған жағдайда республикалық б юджеттік бағдарламалардың әкімшілері белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу жолымен Республикалық бюджет комиссиясының қарауынсыз, республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар арасында үнемдеу сомасын ауыстыруды жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін қарыздардың, гранттардың, нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бiр бюджеттiк бағдарламаның (кіші бағдарламаның) шеңберiнде жергілікті бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу пайда болған жағдайда жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз тиісті бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу жолымен үнемдеу сомасын жергілікті бюджеттiк инвестициялық жобалар арасында, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен келісім бойынша жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын және бір облыс шеңберінде жергілікті инвестициялық жобалар арасына ауыстыруды жүзеге асырады.

      Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдар қаулыларының жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне енгізеді.

      Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттерінің есебінен іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша үнемдеу пайда болған жағдайда бюджеттік инвестициялық жобалар арасында соманы ауыстыру осы Ереженің 300-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша пайда болған үнемдеу сомасын, қаражатты бюджеттік даму кіші бағдарламасын іске асыруда көзделмеген жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларға және бюджеттік инвестициялық жобалардың құнын қымбаттатумен байланысты шығыстарға қайта бөлуді қоспағанда, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шешімімен, бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу жолымен, тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз, бір бюджеттік бағдарлама ішінде бюджеттік даму кіші бағдарламасына қайта бөледі.

      Қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, мемлекеттік мекемелер қаражатты бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) ішінде қайта бөледі.

      61. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін қарыздардың, гранттардың, нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына жүргізілген бюджеттік мониторингтің негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шешімімен бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу жолымен ағымдағы қаржы жылына арнап бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) ішінде бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана арасында қаражатты қайта бөледі.

      Ұсынылған өзгерістер осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, республикалық бюджет бағдарламасының әкімшісі белгіленген тәртіппен республикалық бюджетті түзету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасын әзірлейді.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін қарыздардың, гранттардың, нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына жүргізілген бюджеттік мониторингтің негізінде тиісті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шешімімен бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу жолымен ағымдағы қаржы жылына арнап бекітілген (нақтыланған) облыстық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) ішінде бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында қаражатты қайта бөледі.

      Облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарын және нысаналы даму трансфеттерінің жергілікті инвестициялық жобалардың тізілімін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын 10 жұмыс күн ішінде қарайды және берілген өзгерістер аталған Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулы жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіпте тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне енгізеді.

      Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүргізілген бюджеттік мониторингтің негізінде бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша қаражатты нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарламаның ішінде бекітілген (нақтыланған) бюджетте көзделген жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен келісу бойынша оң шешім болған жағдайда, тікелей және түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштерін сақтап қалу шартымен қайта бөледі.

      Жоба бойынша жоспарлы соманы азайтуға мынадай:

      1) мемлекеттік сатып алу конкурстарының қорытындылары бойынша үнемдеу болса;

      2) жұмыстарды жүргізу кестесінен қалуға әкеліп соққан міндеттемелерді қабылдамау немесе уақтылы қабылдамау (көрсетілетін қызметтерді берушінің шарт жасамауы немесе уақтылы жасамауы);

      3) көрсетілетін қызметтерді берушіні жауапқа тарта отырып, белгілі бір уақыт ішінде (бір айдан астам) қызмет көрсетуді берушінің шарттық міндеттемелерді орындамау жағдайлары болғанда жол беріледі.

      Жоба бойынша жоспарлы соманы ұлғайтуға көрсетілетін қызметтерді берушіде қосымша міндеттемелерді қабылдау туралы кепілхат болған жағдайда рұқсат беріледі.

      Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныстарды жергілікті инвестициялық жобалар бойынша нысаналы даму трансферттері бойынша ұсыныстарын тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын 10 жұмыс күн ішінде қарайды және берілген өзгертулер аталған Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне түзету енгізу туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулы жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіппен сәйкес жергілікті атқарушы органның әкімдігіне енгізеді.

      Нысаналы даму трансферттерi бойынша сомаларды ауыстыру осы Ереженің 299-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      61-1. Бюджеттің атқарылуы барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаражатты жоспарланған түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері сақталған жағдайда бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық шығындар көлемін өзгертусіз бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен:

      тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз, ағымдағы бір бюджеттік бағдарламаның бюджеттік бағдарламасы немесе ағымдағы бір бюджеттік кіші бағдарламасы шегіндегі іс-шаралар арасында дербес;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан қарыздар, гранттар, нысаналы трансферттер қаражаттары есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттерді қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шегінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарламалар арасында тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан қарыздар, гранттар, нысаналы трансферттер және жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер қаражаттары есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бір бюджеттік даму бағдарламасы немесе бюджеттік бағдарламаның бір кіші даму бағдарламасы шегінде бюджеттік инвестициялық жобалар арасында бюджет комиссиясының қарауынсыз;

      мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан қарыздар, гранттар, нысаналы трансферттер және жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер қаражаттары есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шегінде дамудың бюджеттік кіші бағдарламалары арасында бюджет комиссиясының қарауынсыз қайта бөлуге құқылы.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, өз бастамашылығымен бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізген кезде, тиісінше бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға хабарлама ретінде үш жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламаларға бекітілген өзгерістерді жібереді.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (бұдан әрi – ҚБШ) мына:

      1) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi есептеумен және республикалық және жергiлiктi бюджеттерден шығыстарды жүргiзумен;

      2) мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақшаны есептеуімен және олардың есебiнен шығыстарды жүргiзумен;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсiмдердi есептеумен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шотына аударумен;

      4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында белгіленген нормативтер бойынша бөлінген түсімдерді есептеумен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үшін ашылған шоттарға аударумен;

      5) және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемелер алатын оларға арналған филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетiн ақшаны жұмсауымен;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар белгілі бір жағдайлар басталған кезде олардың қайтарымдылығы не тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны есепке алумен;

      7) бюджеттiк ақшаны есептеумен және оларды ерекше шығыстарды жүргiзуге пайдаланумен;

      8) қаржылық ұйымдардың, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының жарғылық капиталдарын ұлғайтуды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға көзделген не мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты ақшаны есепке алумен және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең аз мөлшерде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыру кезінде пайдаланылуымен;

      9) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерді есепке алумен және аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағыттаған шығыстарды жүргізумен байланысты операцияларды есептеуге арналған;

      10) және Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттарға немесе байланысты гранттар туралы шарттарға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан (бұдан әрі - сыртқы қарыздардың немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау шоты) қайтадан ұлттық валютаға айырбасталатын үкіметтік сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың ақшасын жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға арналған;

      11) және қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігерлерге және қосалқы мердігерлерге аударылатын ақшаны пайдаланумен (бұдан әрі – мемлекеттік сатып алу шоттары);

      12) және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына берілетін трансферттерді жұмсаумен;

      13) Жәбірленушілерге өтемақы қорына (Қор шотына) жіберілетін ақша түсімдерін есепке жатқызумен және Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген өтемақылардың төлемін жүргізумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған.";

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден шығыстарды жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жеті мәнді кодтар беріледі. Мұнда бірінші 3 белгі ҚР ББС-қа сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кодын білдіреді, келесі төрт белгі әр мемлекеттік мекеме үшін жеке болып табылады.";

      74-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге кодтар беру үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеменің коды ашылғаннан кейін ұсынылатын осы Ереженің 98-тармағының 3), 4), 5)-тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы Ереженің 4-тарауының 5-параграфында көзделген құжаттар жинағын қалыптастыруға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 43-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінім жібереді.";

      80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90 және 91-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ-сын ашу үшін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ережеге 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінім береді.

      Ақылы қызметтер ҚБШ-сын ашу үшін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтер қолма-қол ақшасын бақылау шотын ашуға өтінім береді.

      81. Қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, ақылы қызметтер ҚБШ-сын ашу үшін жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік мекемелер аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінім береді.

      Ақылы қызметтер ҚБШ-сын ашуға арналған өтінім мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаларының түсімдері мен шығыстарының жоспары негізінде жасалады.

      82. Қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінім мынаны:

      ҚБШ ашылатын мемлекеттік мекеменің атауы мен кодын;

      ашу талап етілетін ҚБШ-ның атауын;

      мемлекеттік мекеме қаржыландырылатын бюджет түрін;

      мемлекеттік мекеменің орналасқан жерінің кодын;

      баптың, тармақтың, тармақшаның нөмірлерін көрсете отырып, бюджет қаражатынан басқа өзге де қаржыландыру көздеріне жол беретін заңнамалық актінің атауы мен күнін (сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ-сы үшін – Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарттың немесе байланысты грант туралы шарттың нөмірі мен күнін) қамтуы тиіс.

      83. Мемлекеттік мекеме қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, ақылы қызметтер, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ-сын ашуға өтінімді ұсыну негізділігін қамтамасыз етеді.

      84. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекемеден алынған қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінімнің негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ережеге 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінім жібереді.

      Өтінім белгіленген нысанға сәйкес болмаған не мыналар:

      1) ашылатын қолма-қол ақшаны бақылау шотының түрі;

      2) мемлекеттік мекеменің атауы мен коды;

      3) бюджет түрі;

      4) қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашу үшін негіз болмаған немесе дұрыс көрсетілмеген жағдайда қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінім мемлекеттік мекемеге орындаусыз қайтарылады.

      85. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемеден қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінімді алғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қолма-қол ақшаны бақылау шоты ашылғаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуды жүзеге асырады немесе мемлекеттік мекемеге өзгеше негізделген жауап жібереді.

      Қолма-қол ақшаны бақылау шоты ашылғаны туралы хабарламада мыналар:

      мемлекеттік мекеменің атауы және коды;

      қолма-қол ақшаны бақылау шотының атауы және нөмірі көрсетіледі.

      86. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:

      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге - ақылы қызметтер ҚБШ-лары бойынша: аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен ақылы қызметтер ҚБШ-ларын ашуға өтінімдер түскеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге - аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінім түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей – қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және шоттарын ашуды жүзеге асырады.

      87. Қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, ақылы қызмет, жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ-лары осы Ереженің 4-тарауының 8-параграфында көзделген жағдайларда ашылады және олар жабылғанға дейін әрекет етеді. Сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ-лары қарыздың немесе байланысты гранттың қолданылу мерзіміне ашылады.

      88. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ҚБШ және шоттарын ашқаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган "Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы ҚБШ мен шоттардың ашылғаны туралы хабарламаны электронды таратуды жүзеге асырады.

      89. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шетел валютасындағы шоттарын, сыртқы қарыздарының немесе байланысты гранттарының арнайы шоттарына шот ашу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ережеге 46-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті шотты ашуға өтінім береді.

      Мемлекеттік мекеменің өтінімі мынаны қамтуы тиiс:

      шот ашылатын мемлекеттік мекеменің атауы мен коды;

      орналасқан жерінің коды;

      шоттың атауы;

      валюта түрi (Ұлттық Банк олар бойынша айырбастау және қайта айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын валюталар түрлерінің тізбесіне сәйкес);

      қаржыландыру көзі (республикалық немесе жергілікті бюджеттің қаражаты, бірлесіп қаржыландыру қаражаты немесе қаржыландырудың өзге көзі);

      шығыстар бағыттарының мақсаты;

      шот ашу үшін негіздеме.

      90. Мемлекеттік мекеменің шетел валютасында шот ашуға өтінім беруіне:

      1) халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы заңнамасына сәйкес жасалған халықаралық шарттар;

      2) Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастықты, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру немесе шетел валютасында операциялар жүргізу көзделген нормативтік құқықтық актілері;

      3) мемлекеттік мекеменің халықаралық ынтымақтастықты, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру немесе шетел валютасында операциялар жүргізу көзделген ережесі немесе жарғысы.

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен жасалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу туралы шарт;

      5) мемлекеттік мекемелерде оларға сәйкес шетел валютасында міндеттемелер туындаған халықаралық, шетелдік соттардың шешімдері негіз болып табылады.

      Мемлекеттік мекеменің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты ашуға арналған өтінім беруіне шарттарында осындай шот ашу көзделген Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарт немесе байланысты грант туралы шарт негіз болып табылады.

      Мемлекеттік мекеме шетел валютасында шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты ашуға арналған өтінім берудің негізділігін қамтамасыз етеді.

      91. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік мекемеден шетел валютасында шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты ашуға арналған өтінімді алғаннан кейін шот ашылғаны туралы хабарлама жібере отырып, тиісті шотты ашуды жүзеге асырады не мемлекеттік мекемеге басқа негізделген жауап жібереді.

      Шоттың ашылғаны туралы хабарламада:

      шотты ашуға арналған өтінімнің нөмірі мен күніне сілтеме;

      мемлекеттік мекеменің атауы мен коды;

      шоттың атауы мен нөмірі, валюты түрі;

      мемлекеттік мекеме қаржыландырылатын бюджет түрі;

      шығыстар бағыттарының мақсаты;

      шотың қолданыс мерзімі көрсетіледі.

      Шетел валютасындағы шот ағымдағы қаржы жылының соңына дейін ашылады және қолданылады. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылған шот қарыздың немесе байланысты гранттың қолданылу мерзіміне ашылады. Сотқа дейінгі тергеуді жүргізетін орган алып қойған шетел валютасын есепке жатқызуға арналған шетел валютасындағы шот осы Ереженің 4-тарауы 8-параграфында көзделген жағдайларда ашылады және шот жабылғанға дейін қолданылады.";

      94-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мекеменің атауы өзгергеннен кейін бұрын берілген қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, ақылы қызметтер, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау ҚБШ, шетел валютасындағы шот, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шот өзгеріссіз қалдырылады.";

      96-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетел валютасында ашылған шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды тіркеу осы Ережеге 50-қосымшаға сәйкес 8-08 "Шетел валютасындағы шоттардың тізбесі" нысаны бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесінің есебінде көрсетіледі.";

      98-тармақтың бірінші бөлігінің 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қолма-қол ақшаны бақылау шоттары туралы есеп, 8-08 "Шетел валютасындағы шоттардың тізбесі" нысаны бойынша есеп.";

      109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "109. Аумақтық қазынашылық органдарының мемлекеттік мекемелердің кодтарын, ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың ҚБШ, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргізуі тиісті бюджеттердің, ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың ҚБШ, шетел валютасындағы шоттардан, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарынан, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарынан төлемдер жүргізуді және ақша аударуды, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген есептерді қалыптастыру мен ұсынуды қамтиды.

      Бiр мемлекеттiк мекеменiң кодынан екiншi мемлекеттiк мекеменiң кодына ақша аударуға жол берiлмейдi.

      Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шетел валютасындағы шоттарда ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейiн жетi жұмыс күнi iшiнде қайырымдылық көмек түрiнде түскен шетел валютасының бар болуына, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылының соңғы жұмыс күні 0900НП "Анықтауға дейiнгi шетел валютасындағы сомалар" шотына түскен сомалардың бар болуына рұқсат етiледi.

      Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарында, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарында пайдаланылмаған ақша қалдықтарының болуына жол беріледі.

      Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шетел валютасындағы шоттарда сотқа дейінгі тергеуді жүргізу органы алған шетел валютасын есептеуге арналған, сондай-ақ бағдарламалық сыртқы қарыз қаражатын есептеуге арналған шоттарда пайдаланылмаған ақша қалдықтарының болуына жол беріледі.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы ағымдағы жылы жарғылық капиталды қалыптастыруға (толықтыруға) бөлінген және есепті кезеңнің соңында пайдаланылмай қалған қаражат қалдықтары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ағымдағы жылы пайдаланылмай қалған қаражаты болып табылады және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуына жатады.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, ағымдағы шоттарындағы олардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы (бюджет қаражатын үнемдеу) арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындысы бойынша қаражаттан қалыптасқан пайдаланылмаған қалдықтар:

      Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы пайдаланылмаған қаражатты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына сәйкес бюджеттік инвестициялардың ағымдағы қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізе отырып және (немесе) жаңа қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу арқылы жаңа және (немесе) ағымдағы жобаны (жобаларды) іске асыруға бағыттау;

      егер үнемдеу сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген

      айлық есептік көрсеткіштің 50 000 еселенген мөлшерінен аспаса, үнемдеу қаражатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің басқару органының (құрылтайшысының) шешімі бойынша жобаның қаржылық-экономикалық негіздемені түзетпей-ақ даму мақсаттарына (жаңғыртуға, активтер сатып алуға) пайдалану арқылы қолданылуы мүмкін.";

      117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "117. Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi күнтізбелік бір жыл ішінде бір рет есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын тексерудi жүргiзедi және 12 ай iшiнде оларда ақша қозғалысы мен қалдықтары болмаған кезде мемлекеттік мекемелерге/ квазимемлекеттік сектор субъектілеріне осы ҚБШ жабу жөнiнде шаралар қабылдау қажеттiлiгi туралы хабарлайды.

      Мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі тиісті ҚБШ-ның немесе шоттың қолданылуы қажеттігі туралы хатты хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынған жағдайда бұл ҚБШ немесе шот жабылмайды.

      Мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесі хатының негізінде кейіннен мемлекеттік мекеменің/ квазимемлекеттік сектор субъектісінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жабылуы жөнінде хабарлама бере отырып, өзі жабады.";

      119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "119. Мемлекеттік мекеменің коды осы Ережеге 60-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі бойынша, квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоты 61-қосымшаға сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінің өтінім бойынша, ал ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты, шетел валютасындағы шоттар, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттары, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттар осы Ережеге 62-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекеменің өтініші бойынша:

      1) мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі таратылған немесе қайта ұйымдастырылған;

      2) мемлекеттiк мекемелердiң билiгiнде қалатын олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен ақшаны мемлекеттiк мекеменiң пайдалану құқығы айқындалатын заңнамалық актінің күші жойылған;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнен тиiстi ҚБШ мен шотты ашу үшiн негiз болып табылатын қаржыландыру көзiн алып тастаған;

      4) тиiстi ҚБШ мен шотының болу құқығын беретiн заңнамалық негiздеменi жойған;

      5) ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттары бойынша операциялар күнтізбелік жыл iшiнде болмаған;

      6) қарыз туралы шартта көрсетілген қарызды жабатын күн басталған немесе оның негізінде сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шот ашылған байланысты грант туралы шарттың қолданылу мерзімі өткен жағдайларда жабылады.

      Жабылатын ҚБШ және/немесе шоттарда қалдық болған кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынған мемлекеттік мекемелерге берілетін кодтардың қолданысын тоқтатуға өтінім (квазимемлекеттік сектор субъектілері ұсынған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кодтарының қолданысын тоқтатуға және шоттарын жабуға өтінім) қайтаруға жатады.";

      121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "121. Ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ, шетел валютасындағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шотты жабу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық органына осы Ережеге 62-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді. Аумақтық қазынашылық органы осы Ережеге 62-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша тиісті ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ, шетел валютасындағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты жабу туралы жазбаша өтінішін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

      Мемлекеттік мекемелердің шоттарын және ҚБШ жапқаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган "Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы ҚБШ және шоттардың жабылуы туралы хабарламаны электрондық таратуды жүзеге асырады.

      Мемлекеттік мекеме қайта ұйымдастырылған және елтаңбалы мөрді жою және қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк мекеменің қаржылық құжаттарына қол қоюға құқығы бар адамдар болмауы себебі бойынша осы Ережеге 62-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беру мүмкіндігі болмаған жағдайда өтінімді құқық мирасқоры, ол таратылған жағдайда – бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi, ал бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi таратылған жағдайда – тарату комиссиясы ұсынады.";

      124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "124. Мемлекеттік мекеме қайта ұйымдастырылған және елтаңбалық мөр жойылған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің қаржы құжаттарына қол қою құқығы бар адамдардың болмауы себепті осы жабылатын ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотындағы, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоттарына ашылатын шоттағы ақшаның қалдығын Ереженің 123-тармағында көзделген жұмсау бағыттары бойынша аудару үшін төлеуге арналған шотты беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, құқықтық мирасқор қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекемеге қызмет көрсеткен аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жабылатын ақылы қызметтер, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотындағы, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоттарына ашылатын шоттағы ақша қалдығын Ереженің 123-тармағында көзделген жұмсау бағыттары бойынша аудару туралы қолдаухат жібереді. Құқықтық мирасқордың ҚБШ-на ақша қалдығын аударған жағдайда қолдаухатқа құқықтық мирасқорлығын растайтын құжаттар қосымша қоса беріледі.

      Құқықтық мирасқордың қолдаухаты қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің деректемелерін: мемлекеттік мекеменің атауын, БСН, кодын, ҚБШ нөмірін, сондай-ақ ҚБШ аударуға жататын ақша қалдығының сомасын және аудару үшін барлық қажетті деректемелерді қамтуы тиіс. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі қолдаухатты алған күннен кейінгі күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде осы Ереженің 123-тармағында көзделген жұмсау бағыттары бойынша қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотындағы, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоттарына ашылатын шоттағы ақша қалдығын аударуды жүзеге асырады.";

      126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "126. Екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік мекемелерге ағымдағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың және байланысты гранттың арнайы шотына шоттар, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотын ашу тәртібі банктік заңнамада белгіленеді.";

      141-тармақта:

      4)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) кейіннен тиісті ҚБШ-ларға есепке жатқыза отырып, түсімдер сомасын республикалық, жергілікті бюджеттер мен Ұлттық қордың, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуді жүзеге асырады;";

      6)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ҚР ҰБ ашылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің шоттарына сомаларды аударуды жүзеге асырады.";

      143-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстық бюджеттер мен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) арасындағы түсімдерді бөлу облыс мәслихатының шешімімен белгіленген облыстық бюджеттер мен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің бюджеттері арасындағы түсімдерді бөлу нормативтері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады (бөлудің II сатысы).";

      "Ұлттық валютадағы түсімдер бойынша бюджеттің атқарылуы" 5-тарауы мынадай мазмұндағы 1-1-параграфымен толықтырылсын:

      1-1-параграф. Жәбірленушілерге өтемақы қорының шотына түскен түсімдер мен олардың жұмсалуы

      144-1. Жәбірленушілерге өтемақы қоры (бұдан әрі – Қор) Бюджет кодексінің 52-2-тармағында белгіленген түсімдер есебінен қалыптасады.

      Қорға түсімдер бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті органда ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шотына есептеледі.

      144-2. Қордың шотынан түсімдер мен жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша операциялар ҚР ББС және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.

      144-3. Қордың қаражатын пайдалану тек "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген мақсаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Қордың қаражатын пайдаланумен байланысты төлемдер жүргізу Заңның 5-бабына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімі негізінде жүзеге асырылады.

      Қордан өтемақы төлеу Заңның 13-бабына сәйкес 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап алушылардың банктік шотына жүргізіледі.

      144-4. Қордың қаражат қалдығы Бюджет кодексінің 104-бабы 3-1-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды.";

      145-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "145. ҚР ББС бюджетке түсетiн түсiмдер сыныптамасының кодтары бойынша түсiмдердiң артық (қате) төленген сомасын бюджетке қайтаруды және (немесе) есептеудi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      Түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтару және (немесе) есепке жатқызу мемлекеттік кірістер органдарының төлем тапсырмалары негізінде жүзеге асырылады.

      Түсiмдердiң бюджеттiк сыныптамасының кодтары арасында, мемлекеттік кірістер органдары арасында артық төленген немесе қате түскен сомаларды төлеушiлерге бюджеттен қайтару (бұдан әрi – қайтару және (немесе) есептеу) үшiн мемлекеттік кірістер органы "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысында (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелді) (бұдан әрі – № 208 қаулы) белгiленген нысан бойынша мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам және мемлекеттік кірістер органының уәкілетті қызметкері ЭЦҚ қойған төлем тапсырмасының электрондық түрін ұсынады.

      Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот ақпараттық жүйесінен интеграциялық шина арқылы ҚБАЖ АЖ-ға қайтаруға және есепке жатқызуға төлем тапсырмаларын беру кезінде мемлекеттік кірістер бойынша орталық уәкілетті орган ЭЦҚ-мен куәландырылған төлем тапсырмаларының электрондық тізілімін жолдайды.

      Ақшаны алушылар анықтамалығында бюджетке артық (қате) төленген соманы қайтаруға деректемелер болмаған немесе өзгерген жағдайда мемлекеттік кірістер органы "Қазынашылық-клиент" АЖ-да осы Ереженің 64-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақша алушыны енгізуге арналған осы Ереженің 65-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақша алушы деректемелерінің өзгерістерін енгізуге өтінімнің электрондық түрін қалыптастырады.

      Ақша алушыны енгізуге және ақша алушының деректемелерін өзгертуді енгізуге өтінімді ресімдеудің шынайылығын және дұрыстығын мемлекеттік кірістер органы қамтамасыз етеді.

      Аумақтық қазынашылық бөлімшесі жұмыс күні ішінде сағат 16.00-ге дейін "Қазынашылық-клиент" АЖ мемлекеттік кірістер органдарынан келіп түскен төлем тапсырмаларын қабылдауды жүзеге асырады. Сағат 16.00-ден кейін түскен құжаттар орындалады немесе келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей орындаусыз қайтарылады.";

      150-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "150. Мемлекеттік кірістер органы бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органнан ол әкімшілік ететін түсімдер сомасын қайтаруға және (немесе) есептеуге қорытынды алған кезде 5 жұмыс күні ішінде төлем тапсырмасын жасайды және аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне ұсынады ("Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша).";

      151-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "151. "Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы беру кезінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі қайтаруды және (немесе) есептеуді жүзеге асырғаннан кейін мемлекеттік кірістер органына құжаттың орындалғаны туралы хабарлама жіберіледі. Орындалған төлем тапсырмасы аумақтық қазынашылық бөлімшесінде "Қазынашылық-клиент" АЖ-да электрондық құжатта сақталады.";

      159-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы талап орындалмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі жалақы және басқа да ақша төлемдерін, оның ішінде техникалық персоналдың жалақысын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы төлеуді, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен жалақыдан ұсталатын басқа да сомаларды, ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуді, банк қызметтеріне ақы төлеуді қоспағанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген бюджеттік алулардың сомасын толық аударғанға дейін тиісті жергілікті бюджет бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы талап орындалмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі жалақы және басқа да ақша төлемдерін, оның ішінде техникалық персоналдың жалақысын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы төлеуді, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен жалақыдан ұсталатын басқа да сомаларды, ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуді, банк қызметтеріне ақы төлеуді қоспағанда, түсiмдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген нысаналы трансферттердің сомасын толық аударғанға дейiн тиiстi жергiлiктi бюджет бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.";

      161-тармақтың үшінші бөлігінің 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзімі бір қаржы жылынан астам қызмет көрсетумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда мемлекеттік тапсырмаларды іске асыруға, мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтер көрсетуге, жұмыстарды ұсынуға;";

      162-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мекеменің шығыстарды жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі мыналардың:

      1) тауарларды сатып алған, жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайларда орындалған жұмыстардың шот-фактурасының, электрондық шот-фактурасының, хабарлама шотының, шотының, актiсiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да құжаттың;

      2) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы мен басқа да ақшалай төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар төлеу, бюджетке жүргізілетін есептеулер, жеке тұлғаларға стипендиялар және төлемақылар бойынша бастапқы құжаттардың;

      3) төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер аударған кезде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің төлеуге берілетін шотының;

      4) инкассолық өкімнің;

      5) осы тізбеге енбеген ерекше шығыстар мен басқа да шығыс түрлері бойынша төлемдер жүргізген кезде төлеуге берілетін шоттың негізінде қабылданған болып есептеледі.";

      164-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "164. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекемелер азаматтық-құқықтық мәмілелерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленгеннен аспайтын мерзімге жасасады.

      Мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттың шеңберіндегі немесе байланысқан гранттар бойынша шарттарды (бұдан әрі қарыз/грант туралы шарт шеңберіндегі шарт) қарыз/грант туралы шарт шеңберіндегі азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелермен: қарыз немесе байланысты грант қаражаты есебінен – қарыз немесе байланысты грант қаражатының қолжетімділік мерзімінен аспайтын мерзімге;

      республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражаты есебінен – қарыз қаражатының қолжетімділік мерзімі аяқталатын қаржы жылы аяқталғанға дейінгі мерзімге жасасады.";

      172-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "172. Дайындаудың технологиялық мерзімі бір жылдан асатын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде күрделі энергетикалық жабдықты сатып алуды, мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке қаражат төлеуді, қазақстандық астықты экспортқа тасымалдау жөніндегі қызметтерге төлемдерді, науқастарды шетелде емдеуге арналған төлемдерді, ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметіне төлемдерді қоспағанда, құрылыспен, не ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды реконструкциялаумен, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа объектілерді күрделі жөндеумен, сондай-ақ ағымдағы шығындар бойынша шарттарда мемлекеттік мекеменің қабылданған тауарлардың, (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) әрбір сомасынан бұрын төлеген авансты тепе-тең ұстау туралы шарты болуы қажет.";

      бесінші бөлік алып тасталсын;

      183-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "183. Мемлекетік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісінің, осы нарықта олардың үлесі өткен қаржы жылының желтоқсанында ұсынылған төлеуге берілетін құжаттар бойынша ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт бойынша ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанында көрсетілген қызметтер (коммуналдық қызметтер, қоқысты шығару қызметтері, байланыс қызметтері) төлеуіне жол беріледі.";

      185-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "185. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарттарға қосымша келісімдер мынадай:

      бюджетті нақтылаған, түзеткен;

      мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзімде тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу көлемінен аспайтын көлемде "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген тізбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттіліктегі тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысы конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейінгі және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге ұзартылған жағдайда, тапсырыс берушінiң үздіксіз қызметiн қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларына сәйкес әлеуеттік өнім берушіні таңдауға негіз болып табылған сапасы мен басқа да талаптары өзгермеген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартқа өзгеріс енгізу;

      тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алынатын белгілі бір нарықта үлестері жүз пайызға тең басым (монополия) жағдайға ие субъектілермен не оның қызметінің негізгі мәні бойынша мемлекеттік монополия субъектісімен шарттың сомасы өзгерген;

      шарттың жалпы сомасын өзгертпей, қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асып кететін шарттың жоспарлы кезеңінің екінші және үшінші жылдарға базалық шығыстары өзгерген жағдайда ағымдағы қаржы жылына арналған сомасы өзгерген;

      ББС-ке өзгерістер енгізген;

      тараптардың деректемелері өзгерген;

      жасасқан шарттық талаптарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіпте шартты бұзған;

      өткен жылы орындалмаған және бюджет қаражатының қалдықтары және/немесе осы Ереженiң көрсетiлген шығыстар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферттiң аударылмаған сомасы есебiнен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзiмi ұзартылған жағдайларда жасалады. Көрсетiлген шарттардың қолданылу мерзiмiн ұзарту тиiстi бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша жүргiзiледi, ол оң қорытынды берген кезде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиісінше Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмдiгiне тиiстi қаулылардың жобаларын енгiзеді;

      шарт бойынша міндеттемелерді орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) қолдану, егер шартта осы талап көзделген болса, бұл ретте тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстап қалу, мемлекеттік мекеме ақша алушымен мемлекеттік мекеменің тиісті бюджет кірісіне тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасын аударуы туралы немесе мемлекеттік мекеменің ақша алушыға коммуналдық төлемдерді уақытылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасын аударуы туралы қосымша келісім жасасу жолымен жүзеге асырылады. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстап қалу сол шарт жасалған ерекшелік бойынша жүргізіледі;

      мемлекеттік тапсырмаларды іске асырумен, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда мерзімі бір қаржы жылынан асатын жұмыстарды, қызметтерді көрсетумен байланысты жасалған шартқа өзгеріс енгізілген жағдайда жасалады.";

      187-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "187. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу мемлекеттік мекеменің шартын немесе тіркелген шартқа қосымша келісімді тіркеу үшін жасалатын және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылатын ("Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық үлгісі қалыптастырылады және жіберіледі) азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім негізінде жүзеге асырылады.

      Кейінге қалдыру шарты бар жобалар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне олар бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шарттарды тіркеуге және төлемдерді жүргізуге рұқсат беретін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі бар хабарлама-хаттың көшірмесін бергеннен кейін жүзеге асырылады.

      Егер кейінге қалдыру шарты бар жобалардың жалпы сомасы тиісті сараптамалардан кейін жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген сомадан асып кеткен жағдайда, азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу ағымдағы қаржы жылына көзделген сома шегінде жүзеге асырылады.

      Шартты сот шешімі бойынша бұзған жағдайда, мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне заңды күшіне енген, соттың мөр бедерімен куәландырылған сот шешімінің көшірмесін не "Сот кабинеті" АЖ арқылы электронды форматта алынған мемлекеттік мекеменің басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін қоса бере отырып, аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тиісті хатты қағаз жеткізгіште не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы ұсынады.

      Шартты басқа негіздер бойынша бұзған не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе жасалған шарттарда көзделген жағдайларда шартты орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда, мемлекеттік мекеме хатпен бірге шарттың бұзылғанын растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, қағаз жеткізгіште не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы (хатта нөмірі, күні, сомасы және шартты тіркеу туралы хабарлама сомасының қалдығы, немесе егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамасында не тараптардың келісімінде көзделмеген болса, бір айдан кеш емес мерзімде жасалған шарттың орындалуынан біржақты бас тарту туралы хабарлама-хаттың көшірмесін ұсынады. Бұл ретте хабарлама-хатта шарт бойынша екінші тараптың хабарламаны алғаны туралы белгі (мөртабан не тиісті қол) не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де растаманы қамтуы тиіс.

      Шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы) ұсталған жағдайда, мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін қағаз жеткізгіште 2 өтінім (бір өтінімді тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімақыны) есептен шығарған шарт сомасына, екіншісін – ұсталған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімақының) сомасына) ұсынады. Бұл ретте мемлекеттік мекеменің өтінімдерді беруі негізгі шарт бойынша "түпкілікті" мәртебесі бар төлемді жүргізгенге дейін жүзеге асырылады.

      Осы Ереженің 65-тармағында көзделген жоспарлы тағайындаулар мен кассалық шығыстарды көшірген жағдайда тапсырыстарды (хабарландыруларды) жабу (жою) тиісті нормативтік құқықтық актінің, сондай-ақ шартты тіркеу туралы хабарламаның нөмірі, күні, сомасы және қалдық сомасы көрсетіле отырып, мемлекеттік мекеме хатының негізінде жасалады.

      Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімнің шынайылығы және ресімделу дұрыстығын мемлекеттік мекеме қамтамасыз етеді.

      Шарт сомасы кассалық сомаға дейін азайған жағдайда жасалған қосымша келісім мемлекеттік мекеменің хатымен бірге (хатта міндетті түрде шарттың тіркелуі туралы хабарламаның нөмірін, күнін, сомасы мен қалдық сомасын көрсету міндетті) электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы ұсынылады.";

      188-тармақта:

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шартты тіркеу үшін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді мемлекеттік мекеме жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы, жобалау-іздестіру жұмыстарын әзірлеу жөніндегі қызмет және олардың мемлекеттік сараптамасы шарттың құнына енгізілген шартты қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту туралы бұйрықта көрсетілген, жобалау-сметалық құжаттаманың қолданылу мерзiмi шегінде жобалау-сметалық құжаттама бойынша, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының көшірмесін міндетті түрде қоса бере отырып қағаз жеткізгіште ұсынады.";

      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Электрондық мемлекеттік сатып алу" АИАЖ арқылы түскен азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге міндеттемелерді тіркеу туралы хабарламаның нөмірі мен күні, шарттың талаптарын өзгерту себептері, сондай-ақ өзгерген жағдайда шарттың сомасы көрсетілетін қосымша келісімді тіркеу кезінде мемлекеттік мекеменің жобалау-сметалық құжаттама мен түсіндірме жазба бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын қоспағанда, осы тармақта көрсетілген құжаттардың түпнұсқасынан сканерленген түрлерін тіркеу талап етілмейді.";

      189-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "189. ҚБАЖ-да ақша алушы болмай қалған жағдайда, азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге осы Ереженің 188-тармағында көзделген құжаттардан басқа, "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қағаз тасығышта немесе электрондық түрде осы Ережеге 64 және 73-қосымшаларға сәйкес (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген үлгілерін тіркей отырып) мемлекеттік мекеме ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамалығына енгізуге арналған өтінімді мынадай құжаттарды:

      1) заңды тұлға үшін:

      заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің/анықтаманың (электрондық үкімет порталынан) көшірмесі/резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігінің көшірмесін;

      қолданыстағы банк заңнамасына сәйкес банк шотының болуы және нөмірлері туралы анықтаманы;

      2) жеке тұлға үшін:

      жеке басын куәландыратын құжаттың/шетелдіктің ықтиярхат құжатының немесе дара кәсіпкер ретінде ісін бастау туралы хабарлама/"Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растау, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде қызмет етуге құқық беретін уәкілетті органмен берілген лицензия немесе "Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растау;

      нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болуы туралы банктің анықтамасын;

      3) делдал банк үшін (делдал банк арқылы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге төлемдерді ұлттық валютада жүргізу кезінде):

      делдал банктің деректемелерін ресми растайтын құжатты;

      4) ақшаны шетел валютасында алушы үшін:

      бенефициардың, бенефициар банктің, делдал банктің деректемелерін ресми растайтын құжатты (бар болса) жеке тұлғалар үшін қосымша жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      ақша алушының толық деректемелерін көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің растау хатын қоса бере отырып ұсынады.";

      197-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "197. Аумақтық қазынашылық орган барлық жұмыс күні ішінде "Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы мемлекеттік мекемелерден түскен өтінімдерді қабылдауды жүзеге асырады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде түскен өтінім келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады не орындамай қайтарылады.";

      199-тармақта:

      13)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) егер жаңа объектілерді және қолда бар объектілерді реконструкциялау, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға, сондай-ақ дайындаудың технологиялық мерзімі бір жылдан асатын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде күрделі энергетикалық жабдықты сатып алуды қоспағанда, ағымдағы шығындар бойынша, астықтың мемлекеттік ресурстарын басқару бойынша агентке қаражат төлеу, қазақстандық астықты экспортқа тасымалдау бойынша қызметтерді төлеу, шетелде ауруларды емдеуді төлеу, ауылда ұйымдармен бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметін көрсетуге байланысты қабылданған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір сомасынан бұрын төленген авансты тепе-тең ұстау туралы шарттың болуы;";

      18)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын шартта бюджеттік кіші бағдарлама мен заңнамада белгіленген мөлшерде жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыру сомасының міндетті көрсетілуі;";

      19)-тармақшаға орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      201 және 202-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "201. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі өтінімді мыналарға:

      белгіленген нысанға сәйкестігіне;

      өтінім деректемелерінің шарт деректемелеріне сәйкестігіне;

      мемлекеттік мекеме атауының және кодының оның Мемлекеттік мекемелер анықтамалығында көзделген атауына және кодына сәйкестігіне;

      ақша алушы деректемелерінің Ақша алушылар анықтамалығында көзделген деректемелерге сәйкестігіне;

      өтінімдегі қойылған қолдардың және мөр бедерінің қойылған қолдардың және мөр бедері үлгілері бар қағаз жеткізгіштегі құжатқа сәйкестігіне. "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрі ұсынылған кезде ЭЦҚ түпнұсқалығына тексеріледі;

      осы Ереженің 188 және 190-тармақтарында көзделген құжаттардың бар болуына;

      жазылған соманың санмен берілген сомаға сәйкестігіне;

      шартты бірнеше бюджеттік бағдарлама бойынша немесе бюджет шығыстарының әрбір БСК бойынша бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде жасасқан жағдайда, барлық өтінімдердің бір уақытта берілуіне;

      өтінімнің қолданылу мерзімінде берілуін;

      түсіндірме жазбасы негізінде "Қазынашылық-клиент" АЖ өтінімді қарау нысанында "Өтінім түрі" жолағын толтыру болуын тексеруді жүзеге асырады.

      202. Өтiнiм дұрыс рәсімделмеген және оған қоса берiлген құжаттарға не шарт осы Ереженің 164–171-тармақтарында, 172-тармағының бірінші, үшінші, төртінші, бесінші бөліктерінде, 173-185, 194, 198, 199, 201-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi өтiнiм мен оған қоса берiлген құжаттарды мынадай жағдайларда:

      1) қабылдау кезеңiнде сәйкессiздiк байқалса, мемлекеттiк мекеменiң азаматтық-құқықтық мәмiлесiн тiркеуге өтiнiм тiзiлiмiне қайтару туралы соғылған белгiмен хат ресiмдемей;

      2) қабылдағаннан кейiн тексеру барысында сәйкессiздiк байқалса, оларды аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне берген күннен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi басшысының қойылған қолымен жазбаша түрде қайтарады, бұл ретте өтiнiмнiң екiншi данасы хаттың екiншi данасымен қалады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша өтінімнің электрондық түрі оған тіркелген құжаттарға не осы Ереженің 164–185, 194, 198, 199, 201-тармақтарында белгіленген шарт талаптарына сәйкес келмеген кезде, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасап, қабылдамау себептерін көрсете отырып, өтінімді қабылдамайды.";

      205 және 206-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "205. Шартты (қосымша келісімді) қағаз жеткізгіште тіркеу кезінде 82-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама екі данада қалыптастырылады.

      206. Мыналар:

      тіркелген шарттың сомасы;

      шарттың қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асып кететін ағымдағы қаржы жылына арналған тіркелген шарттың сомасы;

      бюджеттік бағдарламаның, кіші бағдарламаның коды мен атауы, ерекшеліктері;

      тараптардың деректемелері;

      бұрын ҚБАЖ-да қалыптастырылған хабарлама жабылатын және 82-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңа Хабарлама қалыптастырылатын қосымша келісім тіркелген жағдайда өзгертіледі.

      ҚБАЖ-да, оның негізінде қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асып кететін бұрын тіркелген шарттың ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасы тіркелетін өтінімді бекіткен кезде 82-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарлама ағымдағы қаржы жылының сомасына қалыптастырылады.";

      208-тармақтың мынадай редакцияда жазылсын:

      "208. Хабарламаның 82-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір данасы шарттың (қосымша келісімнің) көшірмесімен бірге аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады, екінші данасы шарттың (қосымша келісімнің) әр беті мөртабандалған түпнұсқасымен бірге мемлекеттік мекемеге беріледі.";

      209 және 210-тармақтар алынып тасталсын;

      211-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "211. "Түпкілікті" мәртебесі бар төлеуге берілетін қағаз жеткізгіштегі шотты жүргізгеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесі осы Ережеге 83-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны (бұдан әрі – 83-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама) 2 данада қалыптастырады. 83-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарламаға аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы қол қояды және құжатты қайта өңдеу күнін қоя отырып, өзінің мөртабанымен куәландырады. 83-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаның бір данасы орындалған және тіркелген міндеттемелердің есебін жүргізу үшін мемлекеттік мекемеге, екінші данасы – мемлекеттік мекеменің қабылданған міндеттемелерін жабу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде мемлекеттік мекеме 83-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны дербес қалыптастырады.";

      212-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "212. Бюджет қаражатының жұмсалуына мониторингтi және мемлекеттiк мекеменiң қабылданған мiндеттемелерi бойынша егжей-тегжейлi ақпарат алуды қамтамасыз ету үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi осы Ережеге 84-қосымшаға сәйкес 4-09 "Мерзiмдi мiндеттемелер бөлшектерi" нысанындағы есебiн және мемлекеттiк мекеменiң сұратуы бойынша берiлетiн осы Ережеге 85-қосымшаға сәйкес 4-12 "Орындалмаған мiндеттемелердiң бөлшектерi" нысанындағы есебiн, сондай-ақ осы Ережеге 40-қосымшаға сәйкес 4-20 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" нысанындағы есептi ай сайын және мемлекеттік мекеменің және/немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің сұратуы бойынша айдың 1 және 16 күніндегі жағдай бойынша ведомстволық бағынысты мекемелер бөлінісінде/жиынтығында қалыптастырады.";

      213-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Республикалық бюджеттің ҚБШ-да ақша жеткiлiксiз болған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi бiрiншi кезекте бюджет шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдер жүргiзедi (жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді, оның ішінде техникалық персоналдың жалақысын, жалақыдан барлық ұстауларды, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген ақшалай өтемақыны, алименттерді, міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды, жәрдемақыларды, стипендияларды төлеу, банктік қызмет ақысын төлеу, ҚР Үкіметінің борыштық міндеттемелерін өтеу және қызмет көрсету жөніндегі төлемдер, зейнетақы, жәрдемақы және басқа әлеуметтік аударымдар, бюджет субвенциялары, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, отын (ғимараттарды жылыту бөлігінде), тамақтануды ұйымдастыру және тамақ өнімдерін сатып алу бойынша қызметтерді сатып алуға, атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындауға, іссапар және қызметтік сапарларға шығыстар), қалған төлемдер төлем шоттарының түсу кезектiлiгi тәртiбiмен жүргiзiледi. Жергілікті бюджеттердің ҚБШ-да ақша жеткiлiксiз болған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi бiрiншi кезекте жергілікті атқарушы органның шешімімен айқындалған бюджеттер шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдер жүргiзіледi, қалған төлемдер төлем шоттарының түсу кезектiлiгi тәртiбiмен жүргiзiледi. Бұл ретте, ақша болмаған жағдайда немесе қағаз жеткізгіште не "Қазынашылық-Клиент" АЖ арқылы электронды түрде түсіп, ҚБАЖ жүйесіне енгізілген төлем шотын орындауға ақша жеткіліксіз болған жағдайда, төлем шоты келесі күні мемлекеттік мекемеге қайтару себебін негіздей отырып, орындаусыз қайтарылады.";

      214-тармақтың мынадай редакцияда жазылсын:

      "214. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекемелерден түскен төлеуге берілетін шоттарды жұмыс күнінің ішінде қабылдауды жүзеге асырады.

      Төлеуге берілетін шот келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады не орындаусыз қайтарылады.

      Бұл ретте банк кассасынан чек бойынша қолма-қол ақшаны алуға арналған құжаттар жергiлiктi уақыт бойынша сағат 13.00-ге дейiн қабылданады.";

      215-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аванстық төлемнің сомаларын қоспағанда, республикалық немесе коммуналдық меншікте тұрған мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу үшін төлемдер жүргізген кезде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шот-фактуралардың немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың немесе мемлекеттік мекемеге мемлекеттік кәсіпорын ұсынған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің көшірмесін ұсынады (көрсетілетін қызметтерді, тауарлар мен жұмыстарды беруші резидент емес болып табылған жағдайда растаушы құжаттарда сомманы шетел валютасында, бірақ төлеуге берілетін шоттың төлемнiң мақсатында опреацияны жасау кезінде валютаның теңгедегі құнын міндетті түрде көрсетумен рұқсат беріледі). Бұл ретте көрсетілген құжаттардың әрбір парағы мемлекеттік мекеме мөрінің түпнұсқасымен куәландырылады және орталық атқарушы органның бірінші басшысы орынбасарының (ол уәкілеттік берген тұлғаның) немесе мемлекеттік мекеме басшысының (ол уәкілеттік берген тұлғаның) қолымен дәйектеледі.";

      220-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "220. Аумақтық қазынашылық бөлiмшенiң жауапты орындаушысы осы Ережеде көзделген жағдайларда оларға қоса берiлген төлеуге берiлетін шоттар және қағаз жеткізгіштегі құжаттармен бiрге төлеуге берiлетін шоттармен тiзiлiмiнiң екi данасын қабылдайды, олардың жинақтылығын, осы Ереженің 6-тарауының 8-13-параграфтарында белгiлен-ген талаптарға сәйкестiгiн тексередi. Төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiне қоса берiлген төлеуге берiлетiн шоттар мен құжаттардың саны төлеуге берiлетін шоттар тiзiлiмiнде көрсетiлген санына және осы Ереженің 6-тарауының 8-13-параграфтарында белгiленген талаптарға сәйкес келген кезде тiзiлiмнiң 2 данасына және тiзiлiмге қоса берiлген төлеуге берілетін шоттар тізіліміне қолын, күнiн және мөртабан бедерiн қояды. Төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнiң қол қойылған және мөртаңба қойылған данасы мемлекеттiк мекемеге қайтарылады, төлеуге берiлген шоттарға және құжаттарға қоса берiлген төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнiң екiншi данасы одан әрi орындау үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.

      Мемлекеттік мекемеге "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсетілген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы төлеуге берілетін шоттың электрондық түрінің және оған жапсырылған сканерленген құжаттардың түрінің осы Ереженің 6-тарауының 8-13-параграфтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және төлеуге берілетін шоттың электрондық түрін бекітеді.

      Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) шарт жасаспай не жасасқан шарттың аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiнде тiркелуiн талап етпейтiн БСК шығыстары бойынша шарт жасай отырып сатып алған жағдайда, ақша алушы ҚБАЖ-да болмаған кезде, мемлекеттiк мекеме ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамалығына енгiзуге арналған өтiнiмдi қағаз тасығышта немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде осы Ережеге 64-қосымшаға сәйкес (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген үлгілерін тіркей отырып) ақша алушының мынадай құжаттарын (жекешелендіру объектілерін сату бойынша аукцион қатысушыларына кепілдік жарналарды қайтару жағдайларынан басқа):

      1) заңды тұлға үшін:

      заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәліктің/анықтаманың (электрондық үкімет порталынан) көшiрмесiн/салық төлеуші ретінде резидент еместі тіркеу туралы тіркеу куәлігінің көшірмесін;

      қолданыстағы банк заңнамасына сәйкес банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтаманы;

      2) жеке тұлға үшін:

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін/шетелдіктің тұру ықтиярхатын немесе дара кәсіпкер ретінде ісін бастау туралы хабарлама/"Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растау, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде қызмет етуге құқық беретін уәкілетті органмен берілген лицензия немесе "Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растау;

      қолданыстағы банк заңнамасына сәйкес банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтаманы;

      3) делдал банк үшін (делдал банк арқылы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге төлемдерді ұлттық валютада жүргізу кезінде):

      делдал банктің деректемелерін ресми растайтын құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.

      Мемлекеттік сатып алу қатысушыларына кепілдікті ақшалай жарнаны қайтаруға және "Қазынашылық-клиент" АЖ-де тыйым салынған және тәркіленген мүлікті сату, жер учаскелерін жалға беру құқығын сату жөніндегі кепілдікті жарнаны қайтаруға арналған өтінімді ресімдеу кезінде жоғарыда көрсетілген құжаттар қоса берілмейді, аукцион қатысушысынан соманың түсу фактісін растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі қоса беріледі.

      Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) шарт жасаспай не ол бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде жасалған шартты тiркеу талап етiлмейтiн БСК шығыстары бойынша шарт жасаса отырып, сатып алған жағдайда, ҚБАЖ-да ақша алушының деректемелерi өзгерген (болмаған) кезде, мемлекеттiк мекеме нөмiрi көрсетiлген банк шотының болуы туралы банктiң анықтамасын қоса бере отырып, осы Ереженiң 65-қосымшасына сәйкес осы тармақтың 1), 2), 3)-тармақшаларында көрсетілген, олар бойынша өзгерістер енгізілген деректемелерді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген түрлерін тіркей отырып), ақша алушының деректемелерiне өзгерiстер енгiзуге өтiнiмді қағаз жеткізгіште немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде бередi.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде ұсынылатын төлеуге берілетін шотты ашу кезінде мемлекеттік мекемеде Ақша алушы болмаған жағдайда мемлекеттік мекеме ҚБАЖ-дан ақша алушылар анықтамалығында ақша алушының бар болуын тексеруді жүзеге асырады, ҚБАЖ-дан Ақша алушылар анықтамалығында қажетті ақша алушы бар болған кезде мемлекеттік мекеме осы Ережеге 65-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім қалыптастырады.

      Өтінімді толтырған кезде осы Ережеге 64 және 65-қосымшаларға сәйкес жеке тұлға үшін "Ақша алушының атауы" жолында жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (немесе) жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес атауы бар болса көрсетіледі.

      Ақша алушыны енгізуге және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінімнің дәйекті, дұрыс ресімделуін және жасалуын мемлекеттік мекеме қамтамасыз етеді.

      Электрондық үкімет порталынан растау құжаттарының қолданылу мерзімі он күнтізбелік күннен аспайды.";

      222-тармақта:

      төртінші бөлігінде:

      4)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      4) ұсынылған МТ102 форматтағы электрондық хабарлама деректері төлеуге берілетін шоттың мынадай – деректеріне сәйкес болмаған:

      атауларының толық және қысқартылып көрсетілуіне байланысты алшақтықтарды қоспағанда, мемлекеттік мекеменің атауы мен ақша алушының атауы;

      төлеуге берілетін шоттың сомасы мен МТ102 хабарламасының жалпы сомасы;

      төлемнің мақсатында көрсетілген шығыстардың бағыты;

      төлеуге берілетін шоттағы төлеу кезеңі мен МТ102 хабарламасындағы "РЕRІOD" түйін сөзінде көрсетілген кезең (зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары үшін );

      21)-тармақша алынып тасталсын;

      224-тармақта:

      бірінші бөлігінде:

      9)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) "Ақшаны алушы" бөлiмiнде:

      "Атауы" ашық жолағында – заңды тұлға үшін мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікке/анықтамаға сәйкес келетiн ақшаны алушының атауы және жеке тұлға үшін тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (немесе) бар болса жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес атауы дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы хабарламаға/"Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растауға, жеке сот орындаушысы ретінде қызметін атқару құқығына уәкілетті орган берген лицензияға немесе "Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растауға сәйкес атауы көрсетіледі; аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң, мемлекеттiк мекеменiң, ақша алушының және оған қызмет көрсететiн банктiң жұмысын қиындатпайтын ақша алушының және оған қызмет көрсететiн банктiң ұйымдық-құқықтық нысанының және ақша алушының атауын қысқартуға жол берiледi;";

      13)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) "ЖСК" ашық жолағында банктен ақша алушының банктiк шотының нөмiрi көрсетiледi;";

      16)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) "Төлемнiң мақсаты" ашық жолағында: төлемнiң мақсаты, құжаттың атауы, нөмiрi мен күнi (тауарларды жеткізу туралы шот-фактуралар немесе орындалған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң актiсi немесе осының негiзiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа құжат) көрсетіледі. Бұл ретте растайтын құжаттардың күні төлеуге берілетін шотты қалыптастыру күнінен кеш болмауға тиіс. Және қосымша:

      тiркелген шарттар (қосымша келiсiмдер) жөнiндегi төлеуге берiлетiн шоттар бойынша – хабарламаның нөмiрi мен күнi;

      сот актілерін орындау бойынша ақшаны қайтару/аудару бойынша төлемге берілетін шоттар бойынша ҚБШ ақшаны уақытша орналастыру – ақшаны алу үшін түскен сомаларды растайтын факті, сот шешімінің не сот актілерінің негізінде берілген атқарушылық парақтың, сот бұйрығының нөмірі мен күні;

      төлем жүзеге асырылатын кезең (зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару кезінде көрсетiледi);

      осы аударымдар жүзеге асырылатын салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу кезiнде мемлекеттiк мекеменiң заңды тұлға болып табылатын құрылымдық бөлiмшелерiнiң атауы мен БСН-i;

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде резидент еместердің шотына ұлттық валютада төлемдер жүргізген кезде – ақшаны соңғы алушы – резидент еместің атауы және деректемелері;";

      19), 20) және 21)-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) қағаз тасығыштағы төлем шотының "М.О." ашық жолағында мемлекеттiк мекеменiң елтаңбалы мөрiнiң бедерi қойылады, елтаңбалы мөрдi қойған кезде ("Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi" ММ қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түстi мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескiн дәл және анық болуы тиiс;

      20) қағаз тасығыштағы төлем шотының "Басшының тегi, аты-жөнi, қолы" ашық жолағында - құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бiрiншi қол қою құқығы бар мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасының, ал мұндай болмаған жағдайда – қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының қойылған жеке қолы және қолының таратып жазылуы (атының және (немесе) әкесінің атының басқы әрiптерi) көрсетiледi;

      21) қағаз тасығыштағы төлем шотының "Бас бухгалтердiң тегi, аты-жөнi, қолы" ашық жолағында – құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес екiншi қол қою құқығы бар мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасының, ал ондайлар болмаған жағдайда – қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының жеке қолы және қолының таратып жазылуы (атының бас әрпі және тегі) көрсетiледi.";

      "Шығыстар бойынша бюджеттің атқарылуы" 6-тарауының 9-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-параграф. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа ақшалай төлемақыларды, жеке тұлғаларға стипендияларды және басқа да төлемақыларды төлеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру, міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару тәртібі";

      234-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "234. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы және басқа да ақшалай төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар мен басқа да төлемдерді олардың ағымдағы шоттарына немесе салымдар, мiндеттi зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша банкте ашылған жинақ ақша шоттарына аудару жөнiндегi төлемдердi жүргiзу үшiн төлеуге қағаз жеткізгіште берiлетiн шоттармен бiрге мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ҚБЕО белгiлеген хабарламалар пiшiмінде ақшаны алушылардың тізімін ұсынады. "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрге төлем шоттарын беру кезінде ҚБЕО белгiлеген хабарламалардың электрондық пішімінде ақша алушылардың тізімі қоса тіркеледі және мемлекеттік мекеме бухгалтерінің және/немесе басшысының ЭЦҚ қойылады.";

      237-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "237-1. Орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының жойылатын (таратылатын) құрылымдық (аумақтық) бөлімшелерінің жоспарлы тағайындауларын көшірген жағдайда, жоспарлы тағайындауларды қабылдап алған республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшілеріне немесе мемлекеттік мекемеге жоғарыда көрсетілген бөлімшелердің қызметкерлеріне еңбекақыны, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аударуға, банктік көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеуге рұқсат етіледі.";

      240-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "240. Аванстық (алдын ала) төлемді жүргізу үшін мемлекеттік мекеме төлеуге берілетін шоттардың тізілімін (аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне төлеуге берілетін шоттарды қағаз жеткізгіште берген жағдайда) және төлеуге берілетін шоттарды береді.

      Аванстық (алдын ала) төлем сомасын өтеу ағымдағы қаржы жылында мемлекеттік мекеме жасаған азаматтық-құқықтық мәміле шарттарында көзделген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізу көлемдерімен және оларды жеткізу құжаттарымен қаржы жылының ішінде расталады.

      Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) келесі ақы төлеу тауарларды беруге (жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге) арналған шартта анықталған және ағымдағы қаржы жылының соңына дейін алдын ала ақы төлеу сомасын алынған жеткізулер (жұмыстар, қызметтер) көлемімен растауды қамтамасыз ету үшін келесі ақы төлеудің мөлшерін белгілейтін тәртіпке сәйкес жүргізіледі.";

      245-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "245. Төлемдер жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға төлемдерді қоспағанда, , аумақтық қазынашылық бөлімшесімен Келісім – "Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы электрондық түрде жасалған жағдайда, осы Ереженің 243, 244, 244-1-тармақтарында санамаланған құжаттарды растайтын қағаз жеткізгіштегі қосымшасыз төлеуге берілетін шотты, сондай-ақ осы Ереженің 98-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса қаржыландыру қаражатын немесе байланысқан гранттарды жұмсаған кезде үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысқан гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражатын алуға өтiнiмді ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 245-1-тармағымен толықтырылсын:

      "245-1. Экономикалық шығыстар сыныптамасының 02 "Сыйақылар төлемі", 03 "Ағымдағы трансферттер", 05 "Бюджеттік кредиттер", 07 "Қарыздарды өтеу" сыныптары, 440 "Нысаналы даму трансферттері", 450 "Шет елге күрделі трансферттер", 620 "Елден тыс қаржылық активтерді сатып алу" кіші сыныптары бойынша және 611 "Заңды тұлғалардың құнды қағаздарды сатып алу үлесіне қатысу" ерекшелігі бойынша төлемді мемлекеттік мекемелер төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырады.";

      "Шығыстар бойынша бюджеттің атқарылуы" 6-тарауының 12 параграфы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-параграф. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ақша аудару тәртібі және инвестициялық жобаларды іске асыруға оларды пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік тапсырманы орындауға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ақша аудару, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсету";

      248-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "248. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаражатты квазимемлекеттік сектор субъектілеріне аударуы қаржылық-экономикалық негіздемеге немесе техника-экономикалық негіздемеге (жобалау-сметалық құжаттамаға) сәйкес төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттың өзге де түрінің негізінде, оларда ағымдағы қаржы жылына көрсетілген сома шегінде жүзеге асырылады.

      Жарғылық капиталында мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталын арттыруға және заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеу үшiн олардың еншiлес ұйымдарының жарғылық капиталын арттыруға ақша аудару, бағалы қағаздар нарығын реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органның тиiстi куәлiгiмен расталатын жарияланған акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттiк тiркегеннен кейiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсі тиісті қаржы жылына көзделген сома шегінде қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкес жүзеге асырады.

      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсінiң заңды тұлғалардың жарияланған акцияларына ақы төлеуге берiлетiн шотты аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiне жарияланған акциялардың (бағалы қағаздардың) шығарылымын мемлекеттiк тiркеусiз ұсынуға жол берiлмейдi. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi заңды тұлғалардың жарияланған акцияларына ақы төлеуге берiлетiн шоттың негiздiлiгi мен заңдылығын қамтамасыз етедi.

      Жарияланған акцияларға (бағалы қағаздарға) ақы төлеу шотына ақша аударылғаннан кейiн заңды тұлға бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамада белгiленген мерзiмде мемлекеттiк меншiкке иелiк ету жөнiндегi уәкiлеттi органның шотына төленген акцияларды есептеудi қамтамасыз етедi.

      Бюджеттiк инвестицияларды ұлттық холдингтердің және ұлттық басқарушы холдингiнiң жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы арқылы жүзеге асырылған кезде, көрсетiлген заңды тұлғалардың акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығы жоқ бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне сәйкес ұлттық холдингтердiң және ұлттық басқарушы холдингi акцияларының эмисиясын төлей алады.

      Жарғылық капиталында мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және кейінге қалдыру шарты бар жобаларды іске асыру шеңберінде заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеуге олардың еншілес ұйымдарының жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аудару бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, олар бойынша акцияларды немесе заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу үлестерін төлеу жөніндегі міндеттемелерді қабылдауға және төлемдер жүргізуге рұқсат етілетін бюджеттік инвестициялардың тізбесі бар хабарлама-хаттың көшірмесін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Республикалық бюджеттен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде әлеуметтік қызметтер төлеміне әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферт аударуды төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының сомасы шегінде бюджеттік бағдарлама әкімшісі жүзеге асырады.";

      269-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "269. Ағымдағы қаржы жылы ішінде зейнетақылық, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар, жалақы, алименттер, стипендиялар бойынша өткен жылдардың төлемдерін қайтару мемлекеттік мекеменің хаты мен оған қоса берілген свифт-файлдың негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі ақшаны жөнелтушіге одан әрі аударуы үшін 902-шотқа есептеледі.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ағымдағы қаржы жылының соңында зейнетақылық, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар, жалақы, алименттер, стипендиялар, жәрдемақылар, іссапар және қызметтік сапарлар бойынша төлемдерді қайтару өткен жылдардың төлемдерін қайтару мемлекеттік мекеменің хаты мен оған қоса берілген свифт-файлдың негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі ақшаны жөнелтушіге одан әрі аударуы үшін 902-шотқа есептеледі.";

      278-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "278. Инкассолық өкiм соттардың заңды күшiне енген шешiмдерiне, ұйғарымдарына, қаулыларына, бұйрықтарына сәйкес берiлген, сондай-ақ пайда болған салық берешегiн, мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары немесе әлеуметтiк аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектi, кеден органдары алдындағы берешектi өтеуге байланысты атқарушылық құжаттарды мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің мәжбүрлi түрде орындауына негiз болып табылатын құжатты бiлдiредi. Инкассолық өкiм мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі төлемiнiң негiздiлiгiн растайтын құжат болып табылады.";

      283-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "283. Инкассолық өкімді, мемлекеттік кірістер органдарының өкімін, сот актілерін, анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулыларын, прокурор санкция берген атқарушылық іс жүргізу органдарының қаулыларын, атқарушылық іс жүргізу органдарының қаулыларын, нақты ақша сомасына тыйым салу туралы сот санкция берген атқарушылық іс жүргізу органдарының қаулыларын, басқа міндеттемелерді орындауға тыйым салатын атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау туралы қаулыларды алғаннан кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы:

      1) мемлекеттік мекемеге инкассолық өкімді тіркеген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей инкассолық өкімді қою және мына:

      мемлекеттік мекемелердің қызметін ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша;

      міндеттемелерді тіркеу және мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтер ҚБШ бойынша төлем жүргізу жөнінде;

      мемлекеттік мекемелердің қайырымдылық көмектің және жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ бойынша төлем жүргізу жөнінде;

      осы Ережеге 278-тармақта көзделген жағдайларда инкассолық өкімнің бірінші данасы мен атқарушы құжаттың көшірмесі қоса беріле отырып, операцияларды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама (бұдан әрі – хабарлама хат) жібереді. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінде инкассолық өкімнің екінші данасы, оны атқарушы құжаттар негізінде қойған жағдайда – инкассолық өкімнің көшірмесімен бірге атқарушы құжаттың түпнұсқасы (көшірмесі) қалады;

      2) сол күні мыналар бойынша:

      жалақы және басқа да ақша, оның ішінде техникалық персоналдың төлемдері;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы;

      салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      міндетті зейнетақы жарналары;

      жалақы мен басқа да ақшалай төлемдерден ұстаулар;

      әлеуметтік аударымдар;

      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар;

      банк қызметтеріне ақы төлеу бойынша төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын шығыстардың ҚБШ-ны қоспағанда, қызметтерін қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) пайдаланылмаған қалдықтары бойынша операцияларды тоқтата тұру жүзеге асырылады.";

      289-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ағымдағы қаржы жылының міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына инкассалық өкімді орындау және төлемге берілген шоттарды рәсімдеу үшін жеткілікті сомаға өзгерістер енгізілгеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы мемлекеттік мекемелердің операцияларды қайтадан жаңартуды жүзеге асырады.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Операцияларды қайта жаңарту аумақтық қазынашылық бөлімшесінің мемлекеттік мекемелердің құжаттарын қабылдауды және орындауды қайта жаңартуды көздейді.";

      296-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "296. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне сот актiлерi, анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары, белгiлi бiр ақша сомасына тыйым салуды қолдану туралы прокурор санкциялаған атқару өндiрiсi органдарының қаулылары, сот санкциялаған атқару өндiрiсi органдарының қаулылары, атқару құжатын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау туралы қаулылары түскен кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы:

      1) мемлекеттiк мекеменiң кодына:

      мемлекеттiк мекеменiң қызметiн ұстау жүзеге асырылатын бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша, мыналар:

      жалақы және басқа да ақша төлемдері, оның iшiнде техникалық персонал бойынша;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ақшалай өтемақы;

      салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;

      мiндеттi зейнетақы жарналары;

      жалақы мен басқа да ақшалай төлемдерден ұстаулар;

      әлеуметтiк аударымдар;

      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар;

      банк қызметтерiне ақы төлеу бойынша төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын шығыстар БСК-сiн қоспаған жағдайда;

      2) ақылы қызметтер ҚБШ-ына немесе қайырымдылық көмектің ҚБШ-ына, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-ына атқарушы құжаттың сомасына инкассалық өкiм қойылған жағдайда;

      3) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына инкассалық өкім атқарушылық құжат сомасында қойылған жағдайда шығыс операцияларын жүргізуді тоқтатады.

      Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне қызметкерлерге жалақы және басқа да ақшалай төлемдерді, бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдерді қоспағанда, басқа міндеттемелерді іске асыруға тыйым салатын атқару құжатын орындау бойынша шара қолдану туралы қаулы келіп түскенде, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінің атқарушы орындаушысы қызметкерлерге жалақы және басқа да ақшалай төлемдерді, бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ Қазақстаннның жоғарғы оқу орындары алушылары болып табылатын мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жүргендерге степендиялық қамтамасыз етуге ақшалай қаражатты және халыққа зейнетақыны, жәрдемақыны аударуды қоспағанда, мемлекеттік мекеменің қызметін ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) жауып тастайды.

      Мемлекеттік мекемеде мемлекеттiк мекеменiң қызметiн ұстау бойынша бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) болмаған жағдайда, осы тармақтың 1)-тармақшасында берілген шығыстарды қоспағанда, ол арқылы қаулыда көрсетілген мемлекеттік мекемені ұстау жүзеге асырылатын, ол бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісі не мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) оқшаулауға жатады. Оқшаулау тиісті орган Ереженің осы тармағының бірінші абзацында көрсетілген сот актілерін, қаулыларды кері қайтарғанға дейін жүзеге асырылады.";

      297-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "297. Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік кірістер органдарының бірінші басшының қолы қойылған, елтаңбалық мөрімен расталған шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органының өкімі қағаз тасығышта не электронды құжат айналымы жүйесі арқылы келіп түскен кезде, қазынашылықтың жауапты орындаушысы салық және кеден заңнамасында көзделген шығыстарды қоспағанда, ҚБШ өкімінде көрсетілуі бойынша мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің барлық төлемдері мен аудармаларын жүргізуді тоқтатады.

      Қазынашылық органдарына ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшының қолы қойылған, елтаңбалық мөрімен расталған шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өкімі қағаз тасығышта не электронды құжат айналымы жүйесі арқылы келіп түскен кезде, қазынашылықтың жауапты орындаушысы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында және осы Ереженің 296 тармағының 1)-тармақшасында көзделген шығыстарды қоспағанда, өкімінде көрсетілуі бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтар мен шоттар бойынша мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің барлық төлемдері мен аудармаларын жүргізуді тоқтатады.";

      299-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "299. Қазақстан Республикасының Үкіметі және облыстың жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен трансферттерді қоса алғанда, төмен тұрған бюджеттерге трансферттерді белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде бюджеттік бағдарлама әкімшісі төмен тұрған бюджеттердің кірісіне аударады.

      Нысаналы даму трансферттері жоғарғы тұрған бюджеттен төменгі тұрған бюджеттерге белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде аударылады. Жергілікті бюджеттік инвестицияларды іске асыру үшін нысаналы даму трансферттері бюджеттік бағдарламаларда объектілер бойынша бөліне отырып, төмен тұрған бюджеттерге бір сомамен бөлінеді.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаулылары қабылданғаннан кейін екі апта мерзімде іске асырылуына тиісті жергілікті бюджеттерде қаражаты көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар туралы жиынтық ақпаратты ағымдағы жылға және жоспарлы кезеңге арналған жылдық сомаларды объектілер бөлігінде көрсете отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жібереді.

      Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде жергілікті атқарушы органдарға жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларды енгізу өңірлік және жаһандық сипаттағы әлеуметтік, табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алуға немесе оларды жоюға, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізуге байланысты жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларды енгізу жағдайларын қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шегінде жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерінің есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың сомасын бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнын арттырумен байланысты шығыстарға, сондай-ақ жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қайта бөлуге жол берілмейді.

      Бюджеттік субвенциялар жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрғандарға республикалық бюджет туралы заңмен және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген сомалар шегінде беріледі. Аударуды жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің түсімдерін және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде айдың бірінші он күндігі ішінде жүзеге асырылады.

      Трансферттерді аударуды жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлем мақсатын көрсету үшін 02 "Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер" сыныбының 4-санатының ҚР ББС-нің түсімдер кодтарын қолдана және дамуға арналған нысаналы ағымдағы трансферттерді және нысаналы трансферттерді әрбір аудару бойынша төлеуге берілетін шоттар көшірмесін тиісті төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның қаперіне жеткізе отырып, төлеуге берілетін шот негізінде жүргізеді.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қарыздары, гранттары, нысаналы трансферттері есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, ағымдағы қаржы жылында бiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) шеңберiнде және бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, бір ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің шегінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу пайда болған жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараттарына осы тармақтың төртiншi бөлiгiн қоспағанда, аталған соманы бюджеттің жоспарлы кезеңінде көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағыттауға, сондай-ақ:

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті бюджет комиссиясының қарауысыз бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу арқылы республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен келiсiм бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының;

      ауданның, (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауынсыз бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу арқылы облыстың жергiлiктi атқарушы органымен келiсiм бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының;

      ауданның, (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарауымен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органымен келiсiм бойынша аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының соманы ағымдағы қаржы жылында жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалар арасында ауыстыруды жүзеге асыруына рұқсат берiледi.

      Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері жергілікті атқарушы органдар ұсынған бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде бір жыл ішінде қалыптасқан үнемді қайта бөлу нәтижесінде өзгерген жылдық сомалары бар инвестициялық жобалар тізбесі келісілгеннен кейін 5 күндік мерзімде оны тиісті бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға жібереді.";

      304-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "304. Жергілікті атқарушы органдардың өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша жалпы сипаттаға трансферттердің көлемдері туралы заңмен (облыстық мәслихаттың шешімімен) тиісті қаржы жылының соңына төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомасынан белгіленген соманың артық сомасын қайтару Бюджет кодексі 45-бабының 4-2-тармағына сәйкес тиісті бюджеттің түзету және тиісті жоғары тұрған бюджеттің кірісіне бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына түсімдер сыныптамасының кодына аудару жолымен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірмей жүргізіледі.";

      "Шығыстар бойынша бюджеттің атқарылуы" 6-тарауының 18-параграфы "Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді әзірлеу тәртібі" алып тасталсын;

      319-тармақтың мынадай редакцияда жазылсын:

      "319. Төлеуге берілетін шотта және (немесе) шетел валютасын айырбастауға арналған қағаз жеткізгіштегі өтінімде қандай да бір қажетті деректемелер болмаған, қолдар және (немесе) мөр бедері қолдардың және (немесе) мөр бедерлері бар құжатқа сәйкес келмеген, шот сомасы шетел валютасын айырбастауға арналған өтінім сомасына сәйкес келмеген кезде, валюта түрлері бойынша ҚР ҰБ белгілеген лимиттен асатын шетел валютасын резервтеу болмаған кезде, рұқсат етілген шығындардың бағытталуына төлем мақсаты сәйкес келмеген төлеуге берілетін шот және шетел валютасын айырбастауға арналған өтінім орындалмастан мемлекеттiк мекемеге қайтару себептерi көрсетiле отырып, қайтарылады.

      Электрондық түрдегі төлеуге берiлетiн шотта және (немесе) шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмде қателер бар болған, оларда қандай да бiр қажеттi деректемелер болмаған, ЭЦҚ қате болған, валюта түрлері бойынша ҚР ҰБ белгілеген лимиттен асатын шетел валютасын резервтеу болмаған кезде, рұқсат етілген шығындардың бағытталуына төлем мақсаты сәйкес келмеген төлеуге берiлетiн шоттан және шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмді қабылдамау себептерi көрсетiле отырып, "Қазынашылық-клиент" АЖ-да орындалмастан қайтарылады.";

      326-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетел валютасында ақша алушы ҚБАЖ-да болмаған кезде, мемлекеттiк мекеме шетел валютасындағы ақшаны алушыны енгізуге өтiнiмдi қағаз жеткізгіште немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде осы Ережеге 73-қосымшаға сәйкес (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылған сканерленген үлгісін тіркей отырып) ақша алушының мынадай құжаттарын:

      бенефициардың, бенефициар банктің, делдал банктің (бар болса) деректемелерін ресми растайтын құжаттар жеке тұлға үшін қосымша тұлғаны растау туралы құжаттың көшірмесі;

      ақша алушының толық деректемелерін көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің растау хатын қоса бере отырып ұсынады.";

      342-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "342. Аумақтық қазынашылық бөлімше және/немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шетел валютасында түскен сома аударылған, электрондық төлем құжаттарында деректемелердің толық немесе дұрыс көрсетілмеуі нәтижесінде төлемнің мақсатын анықтауға болмайтын 0900НП "Анықтауға дейінгі шетел валютасындағы сомалар", 090004 "Шетел валютасындағы мемлекет меншігіне (тәркіленген) түсімдер" ерекшелік кодына келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде мемлекеттік кірістер органын және/немесе мемлекеттік мекемені (шетел валютасындағы түсімдерді алушылардың төлем құжаттарында – мемлекеттік мекеме көрсетілген жағдайда) шетел валютасындағы түсімдер туралы хабардар етеді.";

      343-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "343. Мемлекеттік кірістер органы төлемдердің деректемелерін анықтау бойынша жұмысты жүргізеді және хабарламаны алғаннан кейін жеті күн ішінде төлемнің жұмсалымы мен деректемелері туралы мәліметтерді қазынашылық бөлімшесіне және/немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға береді. Құрамында барлық қажетті деректемелер бар берілген мәліметтер негізінде, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және/немесе аумақтық қазынашылық бөлімшелері шетел валютасын айырбастау операциясын жүргізеді. Мемлекеттік кірістер органы деректемелердің уақтылы ұсынылуын және растығын қамтамасыз етеді.";

      344-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "344. Мемлекеттік мекеме төлем деректемелерін анықтау жөнінде жұмыс жүргізеді және хабар берілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде төлем мақсаты және деректемелер туралы мәліметтерді аумақтық қазынашылық бөлімшесіне береді. Құрамында барлық қажетті деректемелер бар берілген мәліметтер негізінде , қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері тиісті бюджет кірісіне шетел валютасын айырбастау бойынша операциясын жүргізеді немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі шетел валютасындағы түсімдер сомасын аумақтық бөлімшесінің 0900НП "Шетел валютасында анықтағанға дейінгі сома" ерекшелігі кодынан есептен шығару мемлекеттік мекеменің шотына шетелдік валютасында түсімдер сомасын есептеу жөніндегі операцияны жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға электрондық түрде хат жібереді.";

      351-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "351. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсету бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде ашылған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына түсімдердің толық және уақтылы есептелуімен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған іс-шараларды іске асыру мақсатында төлемдер мен ақша аударымдарын уақтылы жүзеге асырылуымен және оларды инвестициялық, не мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты жобаларды іске асыруға пайдаланумен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді есепке жатқызу және жұмсауға байланысты операцияларды есепке алу қамтамасыз етіледі.";

      353-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "353. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттары қаржы ұйымдарының, Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорының жарғылық капиталдарын ұлғайту жағдайларын қоспағанда, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға көзделген ақшаны есептеумен және оларды инвестициялық, не мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты жобаларды іске асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ең аз мөлшерінде қалыптастыру кезінде пайдалануға байланысты операцияларды есепке алуға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді есепке жатқызуға және жұмсауға арналған.";

      367-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Төлем тағайындау:" деген ашық жолақта төлемнің жұмсалымы, атауы, құжаттың нөмірі мен күні (шот-фактура немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген негізінде тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, төлем кезеңі жүзеге асырылатын басқа да құжат) және қосымша: төлем жүргізілетін мерзім (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар төлемдері) көрсетіледі. Бұл ретте төлем тапсырмасының күні растаушы құжаттың күнінен кейін қалыптастырылады.";

      370 және 371-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "370. Квазимемлекеттiк сектор субъектiсi:

      1) төлем тапсырмаларын ұсынудың заңдылығы мен негiздiлiгiн;

      2) төлем тапсырмаларында көрсетiлген деректемелердiң дұрыстығын;

      3) ақша алушының пайдасына төлемдердi жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттемелердiң уақтылы және толық орындалуын;

      4) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне төлемнiң негiздiлiгiн растайтын құжаттарды және мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның оң экономикалық қорытындысының көшірмесін қоса бере отырып, қаржы-экономикалық негіздемені ұсынуды, ал "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсетілетін болса – квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң басшысы мен квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң бас бухгалтері ЭЦҚ қойған сканерленген түрінің қоса тіркелуін;

      5) "Қазынашылық-клиент" АЖ-ны пайдалану кезінде заңды тұлғаның құжаттар жинағындағы деректерге квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң басшысы мен квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң бас бухгалтерінің ЭЦҚ-ларының дұрыстығын қамтамасыз етедi және олар үшін Бюджет кодексі 97-бабының 6-1-тармағына сәйкес жауапты болады.

      371. Төлемдер мен аударымдарды жүргiзу үшiн квазимемлекеттiк сектор субъектiсi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне мыналарды қағаз тасығышта немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде:

      1) жарғылық капиталын ұлғайту/қалыптастыру кезiнде – бағалы қағаздар нарығын қадағалау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның куәлiгiн не квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аударылған жағдайда басқару органдарының тиiстi шешiмiн;

      2) ағымдағы қаржы жылының сомасынан 30 пайызға дейінгі мөлшердегі аванстық төлемді қоспағанда, инвестициялық жобаны іске асыру кезінде – шот-фактураның немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің көшірмелерін.

      Инвестициялық жобаны Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым жүзеге асырған жағдайда, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне көрсетілген ұйымның уәкілетті адамы қол қойған жазбаша өтінім беріледі.

      Шығыстарды және/немесе тартылған, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан қарыз қаражатын бұдан бұрын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бөлінген қаражат есебінен өтеген жағдайда, квазимемлекеттік сектор субъектісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының көшірмесін және қарыз қаражатын тартқан жағдайда – кредиттік шарттың көшірмесін қосымша ұсынады.

      "Нұрлы жол" бағдарламасы шеңберінде бөлінген жобалардың тізбесі, сондай-ақ ғарыш қызметі саласындағы жобалар бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған соманың 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.

      3) мемлекеттік тапсырманы орындау кезінде аванстық төлемді қоспағанда, шот-фактураның немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжат түрінің көшірмелерін ұсынады.

      Мемлекеттік тапсырма орындалған және мемлекеттік тапсырманың мақсаттарына қол жеткізілген жағдайда мемлекеттік тапсырманы орындау үшін жауапты квазимемлекеттік сектор субъектісі жасасқан шарттың талаптарына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісінің келісімі бойынша мемлекеттік тапсырмаға тапсырыс беруші және орындаушы қол қойған, көрсетілген қызметтер актісінің негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіндегі өз шотынан қаражат қалдықтарын, осы қаражатты екінші деңгейдегі банктердегі депозиттік шоттарда орналастыруды қоспағанда, екінші деңгейдегі банктегі есеп шотына аударады.

      4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аумақтық казынашылық бөлімшесіне төлем тапсырмасын ұсынады ("Қазынашылық-клиент" АЖ қалыптастырады).

      Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлем тапсырмаларын ұсынудың заңдылығы мен негiздiлiгiн, төлем тапсырмаларында көрсетiлген деректемелердiң дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына сәйкес бюджеттік инвестициялардың ағымдағы қаржы-экономикалық негіздемесін түзетуді және (немесе) жаңасын әзірлеуді жүргізе отырып, жаңа және (немесе) ағымдағы жобаны (жобаларды) іске асыруға қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында пайдаланылмаған қалдықтарды бағыттау кезінде – тиісінше түзетілген ағымдағы және (немесе) жаңа қаржы-экономикалық негіздеменің көшірмесін қосымша;

      6) квазимемлекеттік сектор субъектісінің басқару органының (құрылтайшысының) шешімі бойынша үнемдеу қаражатын даму (жаңғырту, активтерді сатып алу) мақсаттарына үнемдеу сомасын пайдаланған кезде егер үнемдеу сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінен аспаса, жобаның қаржы-экономикалық негіздемесін түзетуді жүргізусіз – басқару органдарының тиісті шешімінің көшірмесін қосымша береді.";

      373-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "373. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнен төлем тапсырмаларды қағаз жеткізгіште және "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде қабылдауды жүзеге асырады.

      Қағаз жеткізгіште квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнен төлем тапсырмаларын қабылдау белгіленген қызмет көрсету кестесіне сәйкес жергілікті уақытпен сағат 16.00-ге дейін жүзеге асырылады.";

      "373. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнен төлем тапсырмаларды қағаз жеткізгіште және "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде қабылдауды жүзеге асырады.

      Қағаз жеткізгіште квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнен төлем тапсырмаларын қабылдау белгіленген қызмет көрсету кестесіне сәйкес жергілікті уақытпен сағат 16.00-ге дейін жүзеге асырылады.";

      374-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасы және "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде түскен төлем тапсырмасы квазимемлекеттік сектор субъектісіне:

      квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті шоттарында ақша қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған;

      қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасын банктік заңнамада белгіленген нысанға сәйкес келмейтін нысанда берілген;

      түзетулермен, оның ішінде қолмен түзетулермен ұсынылған;

      осы Ережеде көзделген растау құжаттарын қосымшаларсыз ұсынған немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысының немесе онымен уәкілеттік берілген адамның қолымен және квазимемлекеттік сектор субъектісінің мөр бедерімен куәландырылмаған қосымшамен (сканерленген түрі қоса тіркелмеген немесе қоса тіркелген сканерленген түріне квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң басшысы мен бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылмаған);

      талап етілетін жолақтарда қолдар және/немесе мөр бедері болмаған;

      қолдар және/немесе мөр белгісі қолдар және мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес келмеген;

      түпнұсқалығын тексеру кезінде ЭЦҚ болмауы не дұрыс болмауы айқындалған;

      құжаттың барлық даналарында талап етілген жолақтарда мөр бедері анық (айқын) қойылмаған;

      цифрмен жазылған сома жазумен жазылған сомаға сәйкес келмеген;

      төлем тапсырмасында көрсетілген, бағдарламалық тексеруге жататын деректемелер ҚБАЖ-ға енгізілген деректемелерге сәйкес келмеген;

      төлем тапсырмасы деректемелері (ЖСК, БСК, ақша алушының банкінің атауын қоспағанда) төлем тапсырмасына қоса берілген (осы Ережемен белгіленген жағдайларда құжаттар қоса берілген кезде) растау құжаттарының деректемелеріне сәйкес келмеген;

      төлем тапсырмасының бірінші данасының деректемелері төлем тапсырмасының екінші данасының деректемелеріне сәйкес келмеген;

      төлем тапсырмасының қолданылу мерзімінен асқан мерзімде ұсынылған;

      ҚБЕО белгіленген хабарламалар форматындағы магниттік (электрондық) тасығышта қателер анықталған;

      төлем тапсырмасында көрсетілген жұмсалымы қаржылық-экономикалық негіздемеде көрсетілген жоспарланған іс-шараларға сәйкес келмеген жағдайларда орындалмай қайтарылады;

      растау құжатына сілтеменің болмауы;

      төлем тапсырмасындағы соманың растау құжатындағы сомадан асып түсуі;

      төлем тапсырмасы нөмірінің қосарлануы;

      төлем тапсырмасындағы төлем жұмсалымының файлмен (шығын түрі, төлем мерзімі және "PERIOD" міндетті ашық жолағының сәйкес келмеуі) сәйкес келмеуі;

      төлем тапсырмасында Қазақстан Республикасының банктік заңнамасын бұза отырып, төлем тапсырмасында міндетті ашық жолақтардың толтырылуы;

      төлем жұмсалымында қатенің болуы (жыл, ай, төлем кезеңі дұрыс көрсетілмеген және/немесе төлем кезеңі көрсетілмеген);

      төлемнің жұмсалымы бюджет түсiмдерi сыныптамасының кодына (төлемдерді бюджетке аудару кезінде) сәйкес келмеген жағдайларда орындалмай қайтарылады.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы Ережеде көзделген растау құжаттарын қосымшаларсыз немесе квазимемлекеттік сектор субъектісі басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолтаңбасымен және квазимемлекеттік сектор субъектісінің мөртабанымен расталмаған қосымшамен ұсынған (сканерленген түрі қоса тіркелмеген немесе қоса тіркелген сканерленген түріне квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң басшысы мен бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылмаған);";

      "7-1-тарау. Құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеу (Астана қаласында, Ақмола және Қарағанды облыстарында "пилоттық" жоба шеңберінде)" мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1-тарау. Құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық қолдау

      1-параграф. Негізгі ұғымдар

      378-1. Осы тарауда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      қазынашылық қолдау – құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуына ағымдағы бақылауды жүзеге асыру, қолма-қол ақшаны бақылау шоттары арқылы төлемдер жүргізудің барлық кезеңдерінде бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруға қатысушылар – бас мердігер мен қосалқы мердігердің салықтарды және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлеуінің толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет;

      қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігер (мердігер) – заңды тұлға, тапсырыс берушімен қазынашылық қолдау кезінде құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шарт бойынша тарапы болып әрекет етуші (бұдан әрі – қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігер);

      қазынашылық қолдау кезіндегі инжинирингтік компания – Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аккредиттелген, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметтерді (техникалық қадағалау, жобаны басқару) жүзеге асыратын компания;

      қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігер – құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық қолдау шеңберінде бас мердігермен бірге қосалқы мердігерліктің шарты бойынша жекелеген кешендерді немесе жұмыс түрін орындайтын ұйым;

      қазынашылық қолдау кезіндегі тапсырыс беруші – мемлекеттік мекеме, қазынашылық қолдау шеңберіндегі құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы;

      мемлекеттік сатып алу шоты – бас мердігерлерге және қосалқы мердігерлерге қазынашылық қолдау шеңберінде аударылған қаражатты есептен шығару және есепке алумен байланысты қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі - МСА шоты);

      төлем сертификаты – осы Ереженің 115-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, қазынашылық қолдау шеңберінде төлемдер жүргізген кезде төлемді орындау үшін негізгі болатын кейінен аумақтық қазынашылық органдарына ұсыну үшін инжинирингтік компаниямен қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердiгерге берілген құжат.

      2-параграф. Қазынашылық қолдау

      378-2. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы өткеннен кейін:

      қазынашылық қолдау кезіндегі тапсырыс беруші, бас мердігер анықталған күннен бастап келесі жұмыс күннен кешіктірмей, аумақтық қазынашылық органдарына құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алу туралы жазбаша түрде хабарлайды;

      қазынашылық қолдау кезіндегі тапсырыс беруші, бас мердігері анықталған күннен бастап келесі жұмыс күннен кешіктірмей, оны аумақтық қазынашылық органдарында шот ашу туралы жазбаша түрде хабарлайды;

      қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігер, қазынашылық қолдау кезіндегі тапсырыс берушіден хабарлама алғаннан кейін, келесі жұмыс күннен кешіктірмей, аумақтық қазынашылық органдарына осы Ереженің 4-тарауының 5-параграфында қарастырылған құжаттар жинағын қалыптастыруға қажетті құжаттарды, осы тармақтың үшінші абзацында көрсетілген хабарламаның көшірмесін қоса тіркеп, осы Ереженің 115-қосымшасына сәйкес нысанда кодтарды беру және шоттарын ашуға арналған өтінімді береді және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлердің салық заңнамасына сәйкес ұсынған тізімін мемлекеттік кірістер органдарына талдау жүргізу үшін жолдайды.

      378-3. Мемлекеттік кірістер органдары, бір жұмыс күннен аспайтын мерзімде талдау жасалған қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлер тізімі бойынша қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерге тәуекелдердің бары немесе жоқтығы туралы ақпаратты жолдайды.

      378-4. Қандай да бір қосалқы мердігерлер бойынша тәуекелдердің бар болуы туралы ақпаратты алған жағдайда, сондай-ақ объект құрылысы кезеңінде қосалқы мердігерлер тізімін толықтырған жағдайда, қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігер осы тізімге өзгерістер (толықтырулар) енгізеді.

      Мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелдердің бар болуына кейінгі талдау осы Ереженің 378-2-тармағының үшінші абзацы мен 378-3, 378-4-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

      Мемлекеттік кірістер органдары жүргізген тәуекелдердің бар болуына талдаудың нәтижелерін алғанған кейін қазынашылық қолдау кезінде бас мердігер үш жұмыс күнінің ішінде аумақтық қазынашылық органына қосалқы мердігерлердің тізбесін жібереді.

      Қазынашылық сүйемелдеу тиісті қаржы жылына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес сметалық құны екі миллиард теңгеден асатын жаңадан салынған құрылыс объектілеріне қатысты қолданылады.

      378-5. Аумақтық қазынашылық органдары төлемдерді жүргізген кезде қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігермен инжинирингтік компанияның төлем сертификатына, ал қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігермен – ЭШФ-ға сәйкес бақылауды жүзеге асырады.

      378-6. Аумақтық қазынашылық органдарымен жүргізілген төлемдер туралы мәліметтер тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы мониторинг жүргізу үшін мемлекеттік кірістер органдарына беріледі.

      378-7. Қазынашылық қолдау аумақтық қазынашылық органдарында ашылған МСА шоттарына ақшаның толық және уақтылы есептелуімен және растайтын құжаттар (төлем сертификаты және/немесе ЭШФ) негізінде төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуімен қамтамасыз етіледі.

      378-8. МСА шоттары бойынша қазынашылық қолдау кассалық негiзде жүзеге асырылады, түсiмдердi есепке алу және есептен шығару жөнiндегi операциялар ақшасыз есеп айырысу тәртібімен жүзеге асырылады.

      378-9. Қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлер кодтар беру және шоттар ашу үшін аумақтық қазынашылық органдарға осы Ережеде көрсетілген дерекнаманы қалыптастыру үшін қажетті құжаттар қосымшасымен бірге осы Ережеге 115-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шоттарын ашу мен кодтар беруге арналған өтінімді ұсынады.

      Аумақтық қазынашылық органы қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлерге және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлерге кодтар беру және шоттар ашуға арналған өтінімді алған күннен бастап, келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлерге және қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлерге осы Ереженің 115-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кодтар беруге және шоттарын ашуға арналған өтінімді жібереді.

      Қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлер және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлер кодтарды беруге және МСА шоттарын ашуға өтінімде көрсетілген деректемелердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      378-10. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органымен кодтарды аумақтық қазынашылық органдарынан осы Ереженің 115-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлерге және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлерге кодтар беруге өтінімдерді алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей береді, ал МСА шоттарын ашу қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлерге және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлерге код берілгеннен кейінгі жұмыс күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.

      378-11. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органы қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлерге және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлерге кодтар берілген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей берілген кодтар туралы аумақтық қазынашылық органдарына электрондық түрдегі хатпен хабарлайды.

      Аумақтық қазынашылық органдары бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органнан кодтар беру туралы хатты алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей берілген кодтар және ашылған МСА шоттары туралы қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлерге және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлерге жазбаша хабарлайды.

      378-12. Қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлерге және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлерге берілген кодтардың тіркелуі ҚБАЖ қалыптастырылған тиісті анықтамалықта көрсетіледі.

      378-13. Қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлерге және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлерге ашылған МСА шоттарын тіркеу аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ішкі есебінде, осы Ереженің 49-қосымшаға сәйкес 5-19 нысаны бойынша көрсетіледі.

      378-14. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган оларды ашқан күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлерге және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлерге кодтар мен МСА шоттары ашылғаны туралы тиісті мемлекеттік кірістер органдарына жазбаша хабарлайды.

      378-15. Қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлердің немесе қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлердің атауы өзгерген жағдайда қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлер немесе қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлер аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәліктің/анықтаманың көшірмесін қоса бере отырып, осы Ережеге 116-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атауын өзгертуге арналған өтінімді береді.

      378-16. Қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлердің және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлердің ашылған МСА шоттары бойынша дерекнама қалыптастыру осы Ереженің 4-тарауының 5-параграфының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      378-17. МСА бақылау шоттарын жүргізу тәртібі осы Ереженің 4-тарауының 6-параграфының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      378-18. МСА шоттарын жабу тәртібі осы Ереженің 4-тарауының 8-параграфының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      378-19. Қазынашылық қолдауға жататын объектілердің құрылысымен байланысты жасасқан шарт (қосымша келісімдер) аумақтық қазынашылық органында қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерге ашылған шоттың деректемелерін көрсете отырып қағаз тасығышта және "Қазынашылық-клиент" АЖ қалыптастырылған Өтінімге қоса беріледі.

      378-20. Аумақтық қазынашылық органдары қағаз тасығышта немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде қазынашылық қолдау кезіндегі тапсырыс берушімен қазынашылық қолдауға жататын тіркеуге берілген шартты (қосымша келісімді) осы Ереженің 6-тарауының 5-параграфында көрсетілген талаптарына сәйкестігіне және қосымша:

      шартта көрсетілген ақшаны аумақтық қазынашылық органдарында ашылған МСА шоттарына аудару туралы талаптың болуына;

      ЭШФ АЖ арқылы шот-фактураларды жазып беру талаптарының болуына тексерісті жүзеге асырады.

      378-21. Қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлердің және қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлердің төлемдері және (немесе) ақша аударымдары МСА шоттарында қалған ақша қалдықтарының шегінде қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігерлер және қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігерлермен Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасын қалыптастыру жолымен жүргізіледі.

      Төлем тапсырмасын қалыптастыру үшін негіз:

      қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлер үшін – инжинирингтік компанияның төлем сертификаты, ЭШФ;

      қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлер үшін – ЭШФ;

      қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлер мен қосалқы мердігерлер үшін өз қаражаты есебінен жүргізілген ағымдағы шығындарды өтеу кезінде - инжинирингтік компанияның төлем сертификаты болып табылады.

      Бас мердігермен үстеме шығындар Қазақстан Республикасы сәулет, қала құрылысы заңнамасына сәйкес төлем тапсырмасы негізінде жүргізіледі.

      Қазынашылық қолдау кезінде бас мердігерлер және қазынашылық қолдау кезінде қосалқы мердігерлер төлем тапсырмасын қазынашылықтың аумақтық органдарына осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Қазынашылықта ашылған шоттардан бас мердігердің немесе қосалқы мердігердің өз қаражаты есебінен жүргізілген ағымдағы шығындарды өтеу кезінде екінші деңгейдегі банктерде бас мердігердің немесе қосалқы мердігердің шоттарына төлем өтеуге жататын жүргізілген шығындарды көрсете отырып, төлем сертификаты негізінде жүргізіледі.

      378-22. Қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлер және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлер үшін төлем тапсырмасын толтыру бойынша талаптар осы Ереженің 7-тарауының 4-параграфымен реттеледі.

      Бұл ретте, төлем тапсырмасын толтыру кезінде қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігер және қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі қосалқы мердігермен "Төлем тағайындау" деген ашық жолақта растайтын құжаттардың деректері көрсетіледі.

      378-23. Аумақтық қазынашылық органдары төлем тапсырмаларын тексеру кезінде:

      растайтын құжаттардың деректерілерінің сәйкестігіне;

      Қазақстан Республикасының банктік заңнамасымен олардың толтыруы мен ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарына сәйкес келуіне ағымдағы бақылауды жүзеге асырады.

      Аумақтық қазынашылық органдары осы тармақтың, осы Ереженің 7-тарауының 4-параграфымен қарастырылған жағдайларда, сондай-ақ осы Ереженің 378-20, 378-21–тармақтарының талаптарын сақтамаған кезде қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлердің немесе қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлердің төлем тапсырмаларын орындаусыз кері қайтарады.

      378-24. МСА шоттарына осы бюджеттік инвестициалық жобаны іске асыру кезінде қойылған инкассолық өкімдерді орындау осы Ереженің 6-тарауының 16-параграфының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      378-25. МСА шоттындағы ақша қалдығы, объектіні пайдалануға енгізілгеннен кейін, қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлердің және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлердің екінші деңгейдегі банктерінде ашылған шотына олардың төлем тапсырмалары негізінде аударылады.

      378-26. Аумақтық қазынашылық органдары МСА шоттарынан ақша қалдығы қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлердің және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлердің екінші деңгейдегі банктерінде ашылған шотына аударылғаны туралы мемлекеттік кірістер органдарына хабарлайды.";

      444-тармақ алынып тасталсын;

      445-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "445. Қайырымдылық көмек шоты бойынша операцияларды жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшеге қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатты береді.";

      454-тармақ алынып тасталсын;

      455-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "455. Ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ-сы бойынша операциялар жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қойылған қол және мөр бедерінің үлгілері бар құжатты береді.";

      472-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құжат жергілікті атқарушы органның елтаңбалы мөрінің үлгісін, аумақтық сайлау комиссиясын сайлау туралы тиісті мәслихат шешімінің (жоғары тұрған сайлау комиссиясының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін – оны мәслихат сайлағанға дейін шығып кеткеннің орнына аумақтық сайлау комиссиясының төрағасын тағайындау туралы шешімінің) нөмірі мен күнін көрсете отырып ресімделуге тиіс. Сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыруға арналған шоттан және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыруға арналған шоттан қаражатты жұмсауға аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының өкілеттілігі сайлауларды, республикалық референдумды, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды дайындау және өткізу мерзіміне, қайта дауыс беру не қайта сайлау мерзіміне және олар аяқталғаннан кейін алпыс күнтізбелік күнге дейін, бірақ ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанынан кешіктірмей (егер сайлау қазанның соңғы жексенбісінде өткізілген жағдайда) белгіленеді.";

      530-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "530. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің (бұдан әрі - МЖӘ), оның ішінде концессия мәселелері бойынша құжаттаманың сараптамасы мен бағалауды қаржыландыру деп, мыналарды:

      1) МЖӘ жобасына бизнес-жомпарға сараптама жүргізуді қаржыландыру;

      2) республикалық БИЖ ТЭН-нің экономикалық сараптамасын, оның ішінде оларды түзету кезінде;

      3) МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобаның, конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың, ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың, конкурстық құжаттамасының сараптамасын, оның iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген кезде;

      4) концессионердi таңдау жөніндегі конкурсты өткiзу кезiнде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтiнiмдер сараптамасын;

      5) мемлекет кепілгерлігін алуға концессионер ұсыныстарының сараптамасын;

      6) мемлекеттiк кепiлдiктердi ұсыну үшiн инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын;

      7) республикалық бюджет қаражаты есебiнен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы іске асыру жоспарланып отырған бюджеттiк инвестициялардың экономикалық сараптамасын, оның ішінде оларды түзету кезінде;

      8) МЖӘ жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың iске асырылуын бағалауды;

      9) БИЖ-дің іске асырылуын бағалауды;

      10) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды;

      11) ТЭН-ді әзірлеуді және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыруын талап ететін БИЖ-ді бюджеттік кредиттеу сараптамасын түсiну қажет.";

      541, 542, 543, 544 және 545-тармақтар алынып тасталсын;

      546-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "546. Өтемақыны төлеу МЖӘ объектісі, оның ішінде концессия объектісі, пайдалануға енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады. Бір МЖӘ жобасының шенберінде бірнеше объектілердің, не концессия объектісінің құрылысы/реконструкциясы болған жағдайда өтемақы төлеуді әрбір объектіні пайдалануға беру шамасына қарай тепе-тең жүзеге асырылады.";

      549 және 550-тармақтар алынып тасталсын;

      "Сайлауларды, республикалық референдумды қаржыландыру" 10-тарауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сайлауларды, республикалық референдумды қаржыландыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша операциялық шығындары өтемақысының тәртібі" 10-тарауы";

      "Сайлауларды, республикалық референдумды қаржыландыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша операциялық шығындары өтемақысының тәртібі" 10-тарауы мынадай редакциядағы 7-1-параграфпен толықтырылсын:

      "7-1-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша операциялық шығындары өтемақысының тәртібі

      564-1. МЖӘ жобасы бойынша операциялық шығындардың өтемақысы МЖӘ шартына сәйкес МЖӘ объектісін пайдалануға байланысты жекеше әріптестің шығыстарын өтеуге бағытталған, бюджет қаражаты есебінен төленетін ақшалай төлемдер болып табылады.

      564-2. Операциялық шығындарының өтемақысын төлеу МЖӘ шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес, сондай-ақ және төлем шоты негізінде жүргізіледі.

      564-3. Операциялық шығындары өтемақысының төлемін мемлекеттік әріптес Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалар шегінде жүргізеді.

      564-4. Операциялық шығындарының өтемақысын төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

      564-5. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде МЖӘ шартының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік әріптес қалыптастырады.

      564-6. Жекеше әріптестің республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен пайдалану шығындарының өтемақысына арналған өтінімдерін қанағаттандыру мемлекеттік әріптес бекіткен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.";

      568-тармақ алынып тасталсын;

      578 және 579-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "578. МЖӘ объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы – МЖӘ объектісінің пайдаланылу және сапалық сипаттамаларын, сондай-ақ МЖӘ объектісінің жеке техникалық-экономикалық өлшемдерін негізге ала отырып, көрсетілген объектінің тұтынушыларға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін МЖӘ шартына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ақшалай төлем.

      Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы:

      1) концессионердің инвестициялық шығындарының өтемақысынан;

      2) концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысынан;

      3) мемлекет меншігіндегі концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақыдан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессионер меншігіндегі концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысынан тұрады.

      579. Концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақы төлеу "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 7-9)-тармақшасына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органымен бекітілген критерийлері бойынша әлеуметтік маңызы бар санатқа жататын концессиялық жобаларға қатысты қолданылуы мүмкін";

      580-тармақ алынып тасталсын;

      582 және 582-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "582. Концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақы төлеу осы Ереженің 10-тарауының 6 (инвестициялық шығындар өтемақысы), 7 (концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысы), 8 (концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы) және 10 (концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын төлеу) параграфтарында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      582-1. МЖӘ жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар бойынша қолжетімділігі үшін төлемақы МЖӘ шартында, оның ішінде концессия шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес және төлеуге берілетін шоттың негізінде жүргізіледі.";

      585-тармақ алынып тасталсын;

      617- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "617. Қарыз алушы қайтыс болған не оны қаза болған деп жариялаған жағдайда, мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттер бойынша талаптарды тоқтатуды Бюджет кодексінің 196-бабының 2-тармағына сәйкес, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шешімі бойынша сенім білдірілген өкілдің (агенттің) деректері негізінде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 617-1-тармағымен толықтырылсын:

      "617-1. Сенім білдірілген өкіл (агент) 617-тармаққа сәйкес қарыз алушы қайтыс болған не оны қаза болған деп жариялаған жағдайда, мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттер бойынша талаптарды тоқтатқан кезде бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган мен өкіл (агент) арасында қарыз бойынша салыстыру актісі жасалады. Салыстыру акт негізінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органмен қарыз алушы қайтыс болған не оны қаза болған деп жариялаған жағдайда, мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттер бойынша қарызды есептен шығару жүргізіледі. Есептен шығару қорытындысы бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган, әкімші және өкіл (агент) арасында агенттік келісімге қосымша келісім жасалады.";

      622- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "622. Қарыз алушыда бюджеттік кредит бойынша берешек (мерзімі өткен берешек) қалыптасқан және кредиттік шарттың ережелерінде анықталған мерзім ішінде оны өтемеген кезде кредит беруші әрбір мерзімі өткен күн үшін қайтаруға жататын соманың оннан бір бүтін пайызы мөлшерінде өсімақы есептейді.";

      627-тармақтың 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бюджеттік кредит, кредит бойынша сыйақы және өзге де төлемдер бойынша берешекті (мерзімі өткен берешекті) капиталдандыру (жиынтықтау) арқылы жүзеге асырылады.";

      630-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша берешегінің (мерзімі өткен берешегінің) жоқ екендігі туралы құжат;";

      632 және 633-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "632. Қарыз алушы банктің кредиттік қабілетінің негізгі өлшемдері:

      бұрын республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің ақшасы есебінен алынған кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;

      салықтық берешектің болмауы;

      конкурсты өткізу күнінің алдындағы соңғы 3 айдың ішінде банк заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтерді сақтауы;

      меншік капиталы бюджеттік кредит сомасынан кемінде 2 есе аспауы тиіс;

      бюджеттік кредиттерді уақтылы қайтару бойынша қамтамасыз етудің болуы; қажет болған кезде филиалдық желінің және/немесе корреспонденттік желінің болуы болып табылады.

      633. Жергілікті атқарушы органдардың кредиттік қабілетінің негізгі өлшемі бұрын алынған кредиттер бойынша берешектің (мерзімі өткен берешегінің) болмауы болып табылады.";

      641-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "641. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері:

      бюджеттік кредиттер алуға қойылатын негізгі талаптарды қоса бере отырып, үміткерлердің тиісті талаптарды сақтауы туралы ақпаратты алу мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға;

      республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен бұрын алынған бюджеттік кредиттер бойынша үміткерлердің берешегінің (мерзімі өткен берешегінің) бар-жоғы туралы ақпарат алу мақсатында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және/немесе жергілікті атқарушы органдарға сұрау салулар жібереді.";

      643-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "643. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және/немесе жергілікті атқарушы органдар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің сұрау салуларына сәйкес 5 күннің ішінде бұрын республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен алынған бюджеттік кредиттер бойынша үміткерлердің берешегінің (мерзімі өткен берешегінің) бар-жоғы туралы ақпарат жібереді.";

      "Бюджеттік кредиттеу тәртібі" 11-тарауының 6-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-параграф. Жергілікті атқарушы органнан бюджеттік кредит бойынша берешегінің (мерзімі өткен берешегінің) сомасын және/немесе мақсатқа сай пайдаланылмаған бюджеттік кредит сомасын өндіріп алу жөніндегі рәсімдер";

      655, 656, 657, 658, 659 және 660-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "655. Жергілікті атқарушы органның мақсатқа сай пайдаланбаған бюджеттік кредит бойынша берешегінің (мерзімі өткен берешегінің) сомасын және/немесе бюджеттік кредит сомасын өндіріп алу жөніндегі іс-шараларды бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.

      656. Бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының соңына қарай тиісті жергілікті органның Әкіміне өтеу мерзімін көрсете отырып, мақсатқа сай пайдаланылмаған бюджеттік кредит бойынша берешекті (мерзімі өткен берешекті) өтеу және/немесе бюджеттік кредит сомасын қайтару қажеттігі туралы ескерту жібереді.

      657. Жергілікті атқарушы орган ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша бюджеттік кредит бойынша берешек (мерзімі өткен берешек) сомасын қайтармаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган қазынашылықтың тиісті аумақтық бөлімшелеріне тиісті жергілікті атқарушы орган Әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және бюджеттік бағдарлама бойынша төлемдерді жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама жібереді.

      658. Бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органнан нұсқау алғаннан кейін келесі жұмыс күні аумақтық қазынашылық бөлімшесі мыналар:

      1) тиісті жергілікті атқарушы орган Әкімі аппаратының қызметкерлеріне төленетін жалақы және басқа да ақшалай төлемдер;

      2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      3) іссапар шығыстары;

      4) міндетті зейнетақы жарналары;

      5) ерікті зейнетақы жарналары;

      6) әлеуметтік аударымдар;

      7) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар;

      8) банктің көрсеткен қызметіне ақы төлеу жөніндегі операцияларды қоспағанда, тиісті жергілікті атқарушы органның Әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүзеге асырады.

      659. Егер тиісті жергілікті атқарушы орган әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша операцияларды жүзеге асыруды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі тиісті уәкілетті орган бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен жергілікті бюджетке түзету жүргізбесе және аумақтық қазынашылық органдарына берешектің барлық сомасын өтеу бойынша төлеуге берілетін шоттарын ұсынбаса, бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган, мыналарды:

      1) тиісті жергілікті атқарушы орган әкімі аппаратының қызметкерлеріне айлық жалақы және басқа да ақшалай төлемдер;

      2) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары;

      3) ерікті зейнетақы жарналары;

      4) әлеуметтік аударымдар;

      5) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар;

      6) банктің көрсеткен қызметіне ақы төлеу жөніндегі операцияларды қоспағанда, тиісті жергілікті атқарушы орган әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша барлық операцияларды (азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдерді жүргізуді) тоқтата тұруды жүзеге асырады.

      660. Тиісті жергілікті атқарушы орган Әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша операцияларды жаңарту берешектің (мерзімі өткен берешектің) барлық сомасын өтеу жөніндегі төлеуге шоттар ұсынылғаннан кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесі басшысының бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жазбаша өтінімі бойынша жүргізіледі.";

      "Бюджеттік кредиттеу тәртібі" 11-тарауының 7-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-параграф. Бюджеттік кредит бойынша берешекті (мерзімі өткен берешекті), оның ішінде мерзімінен бұрын өндіріп алу есебінен өндіріп алынған және (немесе) өтеу есебіне берілген мүлікті сату және (немесе) мемлекеттік меншікке айналдыру, сондай-ақ бюджеттік кредитті өтеу бойынша кредит берушінің талаптарын тоқтату тәртібі.";

      661-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "661. Бюджеттік кредит бойынша берешекті (мерзімі өткен берешекті) өтеу есебіне өндіріп алынған мүлік сенім білдірілген өкілдер (агенттер) және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган арқылы сатылуға жатады.";

      662 және 663-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "662. Кейбір жағдайларда берешекті (мерзімі өткен берешекті) өтеу есебіне және (немесе) бюджеттік кредитті өтеу есебіне, оның ішінде мерзімінен бұрын берілетін өндіріп алынған мүлік Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік меншікке айналдыруға жатады.

      663. Мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган растайтын құжаттардың негізінде сенім білдірілген өкілмен (агентпен) және/немесе сот орындаушысымен, конкурстық басқарушымен, бюджеттік кредиттер бойынша берешекті (мерзімі өткен берешекті) өтеу есебіне мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдауды ұйғаратын қарыз алушымен келісім жасасады.";

      665-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "665. Бюджеттік кредит бойынша берешекті (мерзімі өткен берешекті) өтеу есебіне мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру кезінде немесе мерзімінен бұрын өтеу кезінде кредит беруші талаптарының мөлшері мүлік құнының сомасына азайтылады. Бюджеттік кредиттер бойынша берешекті (мерзімі өткен берешекті) өтеу есебіне мемлекеттік меншікке айналдырылатын мүлікті бағалау тиісті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      667-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "667. Олар бойынша талаптар кредит берушінің талап-арызы қанағаттанудан немесе ішінара қанағаттанудан бас тартылғаны туралы заң күшіне енген сот шешімдері негізінде таратылған қарыз алушылардың берешегі (мерзімі өткен берешегі), сондай-ақ берешек (мерзімі өткен берешек) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредит берушінің есептен шығаруына жатады.";

      668-тармақтың он бесінші абзацы алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 670-1-тармақпен толықтырылсын:

      "670-1. ҚР Үкіметінің жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қарыз алуына жол берілмейді.";

      671-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "671. Ішкі нарықта мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі қаулысымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      Несие капиталының сыртқы нарығында орналастырумен байланысты мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, сыртқы капитал нарығында мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қарыздың сәйкес келуі туралы заңды қорытынды ресімдейді.";

      681, 682, 683 және 684-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "681. Қол қойылған қарыз шарттары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда тіркеуге жатады.

      Қарыз шартын ратификациялау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қарыздың сәйкес келуі туралы заңды қорытынды ресімдейді.

      682. Сыртқы үкіметтік қарыздар бойынша алынған қаражат республикалық бюджетте көрсетіледі және Қазақстан Республикасының жоспарлы жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңына сәйкес оның атқарылу ретіне қарай пайдаланылады.

      683. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндетті түрде ұсынған, және кредит берушілерден алынған ақпараттар негізінде сыртқы қарыздардың қаражатын мониторинг алуды жүзеге асырады.

      684. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң мiндеттi тәртіпте ұсынған және қарыз берушiлерден алынған ақпараттары негiзiнде үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобалар қаражатының игерілуіне мониторинг жасауды жүзеге асырады.

      Мемлекеттік сыртқы қарыздар мен республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну Бюджет кодексінің 203-бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      686-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "686. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан қарыз алушы ретiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган:

      1) сыртқы қарыздар қаражаттарын пайдалану мониторингін жүзеге асырады;

      2) бюджеттік бағдарлама әкімшісінің сұрауы негізінде қарыз шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша, оның ішінде қарыздар санаттары бойынша қаражатты қайта бөлу, қарыз қаражатына қол жеткізу және қарыз қаражатын жою мерзімдерін ұзарту бөлігінде ұсыныстарды қарайды.";

      702-тармақ алынып тасталын;

      720-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "720. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық жобалардың тізбесін бекіткеннен кейін және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және әділет органымен келісілген қарыз шартының жобасы бар болған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыз алушылармен және сенім білдірілген агентпен мемлекеттік кепілдіктер беру туралы келісім жасасады.";

      722-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "722. Инвестициялық жобаның сараптамасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы мыналарды:

      мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарыздың қаржылық шарттарын;

      мемлекеттік кепілдіктерді алғаны туралы өтініш білдіргенге дейін үш жылдан кем емес кезеңде қарыз алушының қаржылық жай-күйін және заңды мәртебесін;

      қарыз алушы беретін мемлекеттік кепілдіктер бойынша қамтамасыз етуді;

      қаржылық және өзге де тәуекелдерді;

      мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер тұлғаларға қойылатын Бюджет кодексінің талаптарына қарыз алушының сәйкестігін бағалауды қамтиды.";

      730-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "730. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Бюджет кодексінің 218-бабына сәйкес қарыз берушімен және әділет органымен келісім бойынша мемлекеттік кепілдіктің мазмұны мен нысанын анықтайды.";

      733-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "733. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы кезекті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен қолма-қол ақшаның тапшылығын жабуға республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз алу және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінің тапшылығын қаржыландыруға ішкі нарықта айналысы үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару түрінде, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы түрінде жүзеге асырылады.";

      807-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұнда жазылсын:

      "Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Бюджет кодексінің 220-бабына сәйкес өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстар республикалық бюджет туралы заңда көзделген мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың есебін жүргізеді.";

      833-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "833. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған шоттан сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың қаражатын алуға арналған өтінімде бірінші топтың қолын алу және бірлесіп қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаражат алуға арналған өтініммен бірге бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мыналарды:

      осы Ереженің 136-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сыртқы қарыз шотынан қаражат алуға арналған өтінім бойынша төлемнің мақсатын, не сыртқы қарыз/байланысты грант шотынан қаражатты немесе қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтінімдер тізілімін көрсете отырып, ілеспе хатты;

      бірлесіп қаржыландыру бойынша қаржылық операциялар жүргізген кезде аумақтың қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарт және келісімді тіркеу туралы хабарлама;

      қарыз алу шарты немесе байланысты грант туралы келісімнің шеңберінде жасасқан келісімшарттарға төлемдер жүргізілген жағдайда осы келісімшарттарға сәйкес төлем жүргізілетін құжаттардың (орындалған жұмыстардың сертификаттары және/немесе сол немесе өзге қызметтердің берілгені туралы инвойстар, оның ішінде келісімшарттың талаптарында бұл көзделген жағдайларда, банктік кепілдіктердің көшірмелері) көшірмелері, олар бойынша бастапқы төлемдер жүргізу кезінде, одан кейінгі кез келген өзгерістер мен толықтырулары бар көшірмелерін қоса алғанда, осы келісімшарттардың көшірмелері, сондай-ақ егер, бұл қарыз алу шарты және байланысты грант туралы келісім бойынша рәсімдермен көзделген болса, келісімшарттар жасасуға арналған шетелдік қарыз берушінің ресми мақұлдамалар көшірмелерін;

      келісім-шарт жасалмай жүргізілетін шығыстар бойынша біржолғы төлемдер жасалған жағдайда бастапқы құжаттардың көшірмесін (шот-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды, кіріс кассалық ордерлерді, түбіртектерді, қолхаттарды және өзге де құжаттарды);

      үкіметтік сыртқы қарыздарды және байланысты гранттарды бірлесіп қаржыландыру жөніндегі қаржылық операцияларды қоспағанда, қарыз шарты бойынша немесе байланысты грант туралы келісім бойынша қабылданған қаржы рәсімдеріне сәйкес шетел қарыз берушісіне немесе донорға ұсынуға қажет құжаттардың көшірмесін;

      бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның сұрау салуы бойынша есеп беретін сомалар жөнінде қосымша ақпаратты, оның ішінде келісімшарттардың, жұмыс көлемі ведомостарының, инвойстердің, сертификаттардың электрондық нұсқасын;

      тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурстық комиссияның шешімін ұсынады.";

      850-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "850. Салалық уәкілетті органдар:

      1) ТЭН дайындауды жүзеге асырады;

      2) МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың салалық сараптамасын жүргізеді;

      3) салалық сараптама нәтижелері бойынша тиісті қорытынды береді;

      4) мемлекет кепілгерлігін, инфрақұрылымдық облигациялар шығару проспектісінің жобасын, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінімі сараптамасының оң қорытындысын алуға үміткер әлеуетті жекеше әріптес немесе концессионер конкурсқа ұсынған МЖӘ жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның ТЭН және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамалардың басқа да қорытындыларын қамтитын құжаттаманы жібереді;

      5) МЖӘ шартың, оның ішінде концессия шартын жасасады.";

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді есепке алу және олардың мониторингі" 13-тарауының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және олардың мониторингі";

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және олардың мониторингі" 13-тарауының 1-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және тіркеу тәртібі";

      878, 879, 880, 881, 882, 883, 884, 885, 886, 887 және 888-тармақтары мынадай мазмұнда жазылсын:

      "878. МЖӘ шарттарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың концессияларын тіркеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.

      879. МЖӘ шарттары, оның ішінде концессиялар тиісті бюджет комиссиясының шешіміне, сондай-ақ ерекше маңызы бар жобалар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, МЖӘ әрбір жеке жобасы бойынша мәслихат шешіміне, оның ішінде концесссиялық жобаға сәйкес шартпен белгіленген сомалар мен мерзімдер шегінде тіркеуге жатады.

      880. МЖӘ шарттарын, оның ішінде концессия шарттарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне тіркеуге ұсынуды орталық мемлекеттік органдар – мемлекеттік әріптестер және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар оларды жасағаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырады.

      881 МЖӘ жобалары шарттары, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқару органдардың концессияларын тіркеу орталық уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне берілетін тіркеу өтінімі негізінде жүзеге асырылады.

      МЖӘ шарттарын, оның ішінде концессияларды тіркеу осы Ережеге 137-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

      882. МЖӘ шарттарын, оның ішінде концессияны тіркеу осы Ережеге 138- қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу журналын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      Нөмірленген және тігілген тіркеу журналы, тізілімді жүргізуге жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе оның құрылымдық бөлімшесі басшысының мөрімен және қолымен куәландырылған тіркеу журналы мынадай ақпаратты:

      1) тіркеу күнін;

      2) тіркеу нөмірін;

      3) жеке әріптес туралы мәлімет;

      4) тіркеу бойынша өтінімнің нөмірі мен күні;

      5) МЖӘ шартының, оның ішінде концессия шартының атауы мен нөмірін;

      6) жылдар бойынша бөлінген шпрт соммасын;

      7) жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің аты (бар болса) мен қолын қамтиды.

      883. Қазақстан Республикасы Үкіметінің МЖӘ шарттарын, оның ішінде концессиялық шарттарын тіркеу үшін орталық мемлекеттік органдар әрбір МЖӘ, оның ішінде концессиялық шарт бойынша:

      осы Ережеге 137-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеуге арналған өтінімді;

      МЖӘ/концессия шартын;

      республикалық бюджет комиссиясының шешімін;

      мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын (ерекше маңызы бар МЖӘ жобалары бойынша) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

      884. Жергілікті атқарушы органдардың МЖӘ, оның ішінде концессиялық шарттарды тіркеу үшін бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар әрбір МЖӘ, оның ішінде концессиялық шарты бойынша:

      осы Ережеге 137-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеуге арналған өтінімді;

      МЖӘ/концессия шартын;

      тиісті бюджет комиссиясының шешімін;

      облыс мәслихаты, республикалық маңызы бар қала және астана шешімін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсынады.

      885. МЖӘ, оның ішінде концессиялық шарттарын тіркеуді растау осы Ережеге 139-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу туралы куәлік болып табылады.

      886. Бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері тіркеуді бес жұмыс күн ішінде мәліметті Тіркеу журналына енгізу арқылы жүзеге асырады және тіркеу туралы куәлікті әзірлейді.

      887. Куәлік осы Ережеге 139-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалады.

      Куәліктің бір данасы бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшесінде қалады, басқа данасы мемлекеттік әріптеске (концедентке) немесе тиісінше бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынылады.

      888. 139-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік қағаз тасығышта бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесімен қол қойылады, жауапты орындаушының құжатты өндеу күнін көрсете отырып қойылған қолымен ресімделеді.";

      889 және 890-тармақтар алып тасталсын;

      891-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "891. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның атынан тиісінше МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді, қалыптастыру, өзгерту және орындау (өзгерту) процесін бақылау жөніндегі мемлекет қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің мониторингін білдіреді.";

      893, 894 және 895-тармақтары мынадай мазмұнда жазылсын:

      "893. МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің мониторинг объектісі:

      1) МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, МЖӘ шартына, оның ішінде концессия шартына сәйкес орындалуын жүзеге асыруды қамтамасыз етуді және бақылауды;

      2) МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің орындалу жағдайларына көрсеткіштердің ықпалын қамтиды.

      894. МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің мониторингін бюджетті атқару бойынша орталық уәкілеті орган жүзеге асырады.

      МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің мониторингін бюджетті атқару бойынша жергілікті уәкілеті орган жүзеге асырады.

      895. МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелері МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде МЖӘ жасалған шарттар немесе концессия бойынша мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді толығымен төлеген кезде орындалды деп саналады.";

      896-тармақ алынып тасталсын;

      Ережеге 44-қосымша алынып тасталсын;

      Ережеге 45, 46, 47, 49, 50, 62, 73, және 89-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;

      Осы бұйрыққа 9, 10, 11 және 12-қосымшаларға сәйкес 136, 137, 138 және 139 қосымшаларымен толықтырылсын

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының екі жүз он сегізінші, екі жүз он тоғызыншы, екі жүз жиырмасыншы, екі жүз жиырма бірінші, екі жүз жиырма екінші, екі жүз жиырма үшінші, екі жүз жиырма төртінші, екі жүз жиырма бесінші және екі жүз жиырма алтыншы абзацтарды қоспағанда, осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      _________________ Р. Дәленов

      2018 жылғы 23 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 269 бұйрығына
1-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
45-қосымша
Нысан

Бюджеттің атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ______________________________________________________________ (Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымы)

      _______ жылғы "___" _____________

      № _______ рұқсат

      _____________________________________________ бюджеттен қаржыландырылатын

      (бюджет түрі)

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік мекеменің атауы және коды)

      __________________________________________________________________________

      ______________________________________ шығыстарды бағыттау мақсатында

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________ негізде

      (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтініші, қарыз немесе байланысты

      грант туралы шарттың атауы, нөмірі және күні)

      __________________________________________________________________________

      (валюта түрі)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (шоттың)

      _______________________________________________ ашуға рұқсат етіледі.

      Рұқсат ___________ жылғы "____" _________________ дейін әрекет етеді.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық

      уәкілетті органның басшысы _______ ______________________

      (қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса)

      М.О.

      Рұқсат беруге жауапты бюджетті

      атқару жөніндегі орталық уәкілетті

      органның құрылымдық бөлімшесінің

      басшысы ______ __________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса)

      Екінші деңгейдегі банктің

      (банктік операциялардың жекелеген

      түрлерін жүзеге асыратын ұйымның)

      белгілері

      Шот № __________________

      Екінші деңгейдегі банктің

      (банктік операциялардың жекелеген

      түрлерін жүзеге асыратын ұйымның)

      жауапты орындаушысы

      ______ _______________________

      (қолы) (қолының толық жазылуы)

      М.О.

      Рұқсат ____ жылғы " __" _________ алынды.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 269 бұйрығына
2-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
46-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган

Шот ашуға арналған өтінім

Р/с

Мемлекеттiк мекеме

Бюджет түрi

Мемлекеттік мекеменің орналасқан жерінің коды

Валюта түрі

Шот ашу үшін негіздеме

Шығыстар бағыттарының мақсаттары

Қаржыландыру көзі

атауы

коды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

I. Шетел валютасындағы шот:









II. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты:









III. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шот:









      Мемлекеттік мекеменің басшысы

      ______ ________ _______________________

      М.О. (қолы) (қолының толық жазылуы)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 269 бұйрығына
3-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 47-қосымша
  Нысан

      _____________________________________________________________________

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган (бюджетті атқару

      жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық бөлімшесі)

Қолма-қол ақшасын бақылау шотын ашуға арналған өтінім

Р/с

Мемлекеттiк мекеме

Бюджет түрi

Мемлекеттік мекеменің орналасқан жерінің коды

ҚБШ атауы

Қолма-қол ақшаның бақылау шотын ашу үшiн негiздеме (тармақшасының, тармағының, бабының нөмірлері көрсетiлген заңнамалық актiнiң немесе халықаралық келісім-шарттың атауы мен күнi)

атауы

коды

1

2

3

4

5

6

7







      Мемлекеттік мекеменің

      (Бюджеттi атқару жөнiндегi

      орталық уәкiлеттi органның

      аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң)

      басшысы ________ __________________

      М.О. (қолы) (қолды таратып жазу)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 269 бұйрығына
4-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
49-қосымша
  5-19-нысан

      Есеп жүргізілді: күні - уақыты

      Х-тен №-ге дейінгі парақ

Қолма-қол ақшасын бақылау шоттарының тізбесі

      Өңір: ____________________________________________________

      Қаржыландыру көзі: ________________________________________

Р/с №

ЖСК

Мемлекеттік мекеменің/ квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды

БСН

Шоттың атауы

Ашылған күні

Қозғалыс күні

Жабылу күні

1

2

3

4

5

6

7

8

      Жауапты орындаушы ______________________

      (қолы)

      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 269 бұйрығына
5-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
50-қосымша

      8-08-нысан

      Есеп жүргізілді: ХХ.ХХ.ХХХХ ХХ:ХХ:ХХ

      Х-тен №-ге дейінгі парақ

Шетелдік валюта шоттарының тізбесі

      Өңір: ____________________________________

      Мемлекеттік мекеме коды __________________

      Валюта түрі: _____________________________

      Қаржыландыру көзі: _______________________

Бюджет түрі

Өңір

Мемлекеттік мекеме коды

Мемлекеттік мекеменің атауы

Ерекшелік коды

Ерекшеліктің атауы

Валюта түрі

Қаржыландыру көзі

Ашылған күні

Шотты ашу үшін негіздеме

Соңғы операция күні

Жабылған күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

      Жауапты орындаушы ___________________________

      (қолы)

      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 269 бұйрығына
6-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оғанкассалық қызмет
көрсету ережесіне
62-қосымша

      ____________________________________________________________________

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган/бюджетті атқару жөніндегі

      орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық бөлімшесі)

Қолма-қол ақшасын бақылау шоттарын және шоттарды жабуға арналған өтінім

Мемлекеттiк мекеменің коды

Мемлекеттiк мекеменің атауы

ҚБШ, шоттың қызмет етуін тоқтату үшін негіздеме

ҚБШ, шоттың нөмірі

ҚБШ, шоттағы қалдық

1

2

3

4

5






      Мемлекеттік мекеменің (Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның

      аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң) басшысы

      ________ ______ __________________

      М.О.      (қолы) (қолды таратып жазу)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 269 бұйрығына
7-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
73-қосымша
Нысан

      Шетел валютасында ақша алушыны енгiзуге өтiнiм

      А. Өнiм берушi (бюджет қаражатын алушы) туралы жалпы ақпарат

1. Өнiм берушiнің (бюджет қаражатын алушы) атауы


2. Өнiм берушiнің (бюджет қаражатын алушы) ССН*


3. Экономика секторы (КБЕ)


4. Ел


5. Облыс/респ. маңызы бар қала


6. Аудан/қала


7. Мекенжайы


8. Қосымша ақпарат**


      В. Өнiм берушiнiң (бюджет қаражатын алушы) банктiк шоты туралы ақпарат

1. Бас банктiң атауы


2. Банктiң БСК


3. Банк бөлiмшесiнiң атауы


4. Банк бөлiмшесiнiң БСК


5. Өнiм берушiнiң (бюджет қаражаттарын алушы) ЖСК


6. Валюта түрi


7. Қосымша ақпарат


8. Ел


9. Мекенжайы/Қала


      С. Делдал банк туралы ақпарат

1. Банктiң атауы


2. Банктiң БСК


3. ЖСК


4. Валюта түрi


5. Қосымша ақпарат


6. Ел


7. Мекенжайы/қала


      ММ басшысы _________ _________________

      М.О.             (қолы) (Т.А.Ә.)(бар болса)

      ММ бас бухгалтерi _________ __________________

      (қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса)

      Өнiм берушiнiң (бюджет қаражатын алушының)

      Күнi __ ж. "___" _______

      ҚБАЖ-да бiрегей нөмiрi берiлдi: __________

      Жауапты орындаушы: _______

      * тек Ресей Федерациясына ресей рублін аударуға;

      ** жеке тұлғаларға – тұлғаны растайтын құжат (құжаттың нөмірі мен берілген күні).

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 269 бұйрығына
8-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
89-қосымша
Нысан

      № төлем шоты

      Күнi __ ж. "___" ______________

Мемлекеттiк мекеме

Ақша алушы

ММ коды

КОды


|КБе|

Атауы


Атауы


БИН


ИИН/БИН


АҚБ


Банк


БСК


ЖСК


Қаржыландыру көзі


БСК


Бюджет түрі


ЖСК


Шығыстар БСК


Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) коды


Алушының БСК

|ТМК|

Төлемнің мәртебесі




Төлемді тағайындау

Сомасы

Сомасын таратып жазу:

      Басшының Т.А.Ә. (бар болса) ___________________

      Бас бухгалтердің Т.А.Ә. (бар болса)_______________

      ______________________________________________________________

      Үлгi (1-жай, 2-жиынтық зейнетақы, 3-жалақы мен дивидендтердi аудару,

      4-әлеуметтік аударымдар, 5 - міндетті әлеуметтік медициналық

      сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар); № хабарландырумен (ЖА) келiсу.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 269 бұйрығына
9-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
136-қосымшасы

Өтінімдер тізілімі қаражатты алуға арналған өтінімдердің сыртқы қарыздың / байланысты гранттың арнайы шотына арналған шоттарға немесе қосу қаржыландыру қаражатынан

      Табыс етілген күні: ________________________________________

      Мемлекеттік мекеменің коды: ______________________________

      Мемлекеттік мекеменің атауы: _____________________________

Р/С №

№ және күні туралы келісімнің қарыз / грант

Өтінім

Ескертпе

түрі *

нөмірі

сомасы

1

2

3

4

5

6







      уәкілетті өкілінің бюджеттік бағдарлама әкімшісінің

      ___________________ ____________

      (Т.А.Ә.) (бар болса) (қолы)

      М.П.

      * Мынадай түрлері өтінімдерді көрсетіледі:

      - арналған үкіметтік сыртқы қарыз қаражатын немесе байланысты гранттың арнайы шотынан сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың – СС;

      - қосу қаржыландыру қаражатын алуға арналған – СОФ.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 269 бұйрығына
10-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
137-қосымша

      Мемлекеттік мекеменің коды_________

      Өтінім №________

      Бюджеттің түрі __________      

МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ (КОНЦЕССИЯНЫҢ) ШАРТЫН ТІРКЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨТІНІМ

      Күні "___"____________ __ ж.

Мемлекеттік әріптестіктің атауы

Жекешелік әріптестіктің атауы

Жалпы сома, (мың.тг.)

Ұсынылған қаражат кестесі

Жыл

Сома, (мың.тг.)

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының атауы:





Құжат-негіздеме:





______________________________________
(Мемлекеттік әріптестіктің уәкілетті
тұлғаның ТАӘ) (бар болса)
______________________________________
(қолы) М.О.





  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 269 бұйрығына
11-қосымша
Бюджеттіңатқарылуыжәне
оғанкассалыққызмет
көрсетуережесіне
138-Қосымша
Нысан

      МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде концессиялық міндеттемелерін тіркеу журналы

№/№

МЖӘ шарттың №, атауы, оның ішінде концессия шарттар

Мемлекеттік әріптес немесе концедент

Жекешелік әріптес немесе концессионер

Құжат негіздеме

Облыс бойынша қабылданған шектеу (лимит) (мың тг.)) (мың.тг.)

Мемлекеттік міндеттемелердің жалпы сомасы (мың.тг.)

Ұсынылған қаражаттар кестесі

Тіркеу күні

Тірке нөмірі

Өтінімнің датасы мен №

Тіркеуге жауапты (ТАӘ (бар болса), қолы)

Құжатты тіркеуге ұсынған МО өкілі (ТАӘ (бар болса), қолы)

Жыл

Сома (мың .тг.)











































  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 269 бұйрығына
12-қосымша
Бюджеттіңатқарылуыжәне
оғанкассалыққызмет
көрсетуережесіне
139-Қосымша

МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік
концессиялық міндеттемелері шегінде МЖӘ шарттарын тіркеу туралы
КУӘЛІК

      Астана қ. 20____ж. "___"__________

      Осымен___________________________________________________________________

      (бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган)

      мемлекеттік міндеттемелерді _______________ нөмірімен тіркейді.

Жекешелік әріптес






Мемлекеттік әріптес






Шарттың жалпы соммасы


(санмен және сөзбен)






Мемлекеттік міндеттемелерді қолдану мерзімі






Тіркелінген куәлікті беру үшін негіздеме


      _____________________________________

      (Бюджетті атқару жөніндегі мемлекеттік органның

      уәкілетті тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) және қолы)

      МО

      (мөр орны)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады