Ішкі істер органдарының еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәлiметтерді ұсынудың қағидаларын, мерзімін және нысандарын, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттік органның келушi шетелдiктер туралы мәлiметтердi ұсынудың қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 наурызда № 16505 болып тіркелді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 26-бабының 2 және 5-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ішкі істер органдарының еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәлiметтерді ұсынудың қағидалары, мерзімі және нысандары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Уәкiлеттi мемлекеттік органның келушi шетелдiктер туралы мәлiметтердi ұсынудың қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ______________ К. Қасымов

      201_ жылғы "__" ________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      ______________К. Мәсімов

      201__ жылғы "__" __________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 158 бұйрығына
1-қосымша

Ішкі істер органдарының еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәлiметтерді ұсынудың қағидалары, мерзімі және нысандары

      1. Осы Ішкі істер органдарының еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәлiметтерді ұсынудың қағидалары, мерзімі және нысандары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 26-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және ішкі істер органдарының еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәлiметтерді ұсынудың тәртібін, мерзімін және нысандарын (бұдан әрі – мәлімет) айқындайды.

      2. Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беруді жүзеге асыратын ішкі істер органдары мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан (бұдан әрі – Нысан) бойынша "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне беру арқылы ұсынуды қамтамасыз етеді.

      3. Мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді беру еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар бергеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

  Ішкі істер органдарының
еңбекші көшіп келушіге
рұқсаттар берілген салық
төлеушілер туралы мәлiметтерді
ұсынудың қағидаларына және
мерзіміне қосымша
  нысан

Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәлiметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған күні

Жеке басын куәландыратын құжат

Еңбек қызметін жүзеге асыруға берілген рұқсат туралы мәліметтер

Жұмыс беруші төлейтін табыстың сомасы

Құжаттың түрі

Берілген күні

Рұқсаттың №

Рұқсаттың берілген күні

Рұқсатты қолдану кезеңі

Басталған күні

Аяқталған күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 158 бұйрығына
2-қосымша

Уәкiлеттi мемлекеттік органның келушi шетелдiктер туралы мәлiметтердi ұсынудың қағидалары

      1. Осы Уәкiлеттi мемлекеттік органның келушi шетелдiктер туралы мәлiметтердi ұсынудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 26-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және уәкiлеттi мемлекеттік органның келушi шетелдiктер туралы мәлiметтердi олардың келу мақсатын, орнын және мерзімін көрсете отырып ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Шетелдiктердің келуiн (кетуiн) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органы мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан (бұдан әрі – Нысан) бойынша "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне беру арқылы ұсынуды қамтамасыз етеді.

      3. Мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді беру шетелдіктердің келуін (кетуін) тіркегеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

  Уәкiлеттi мемлекеттік органның
келушi шетелдiктер туралы
мәлiметтердi ұсынудың
қағидаларына қосымша
  нысан

Олардың келу мақсатын, орнын және мерзімін көрсете отырып келушi шетелдiктер туралы мәлiметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған күні

Жеке басын куәландыратын құжат

Келу күні

Кету күні

Тіркеу туралы мәліметтер

Құжаттың түрі

Берілген күні

ҚР келу мақсаты

ҚР тұрғылықты мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады