Алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтердің нысанын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 273 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 наурызда № 16544 болып тіркелді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 550-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтердің нысаны бекітілсін.

      2. "Аукцион өткізушілердің аукционнан алымды төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты ұсыну нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 313 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8593 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 20 тамызда № 123 (2498) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электрондық және қағаз түріндегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделінген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

 
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 273 бұйрығымен
бекітілген
нысан

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.06.2019 № 644 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мәліметті беруші уәкілетті мәмлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы

      уәкілетті ұйымның атауы _______________________________________________

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі _________________________

Алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер

р/с №

Оларды жүзеге асыру кезінде алымдардың алуы қарастырылған, олардың мүдделерінде уәкілетті мемлекеттік органдары әрекет жасайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Бизнес сәйкестендіру нөмірі / жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде)

Заңды мекен-жайы немесе тұрғылықты мекен- жайы

Тіркеу әрекетінің түрі және (немесе) алым көзделген құжаттың немесе телнұсқасының түрі

Алым ставкасы (айлық есептiк көрсеткiш)

Бюджетке енгізуге жататын алым сомасы (теңге)

Бюджетке енгізілген алым сомасы (теңге)

Алымның бюджетке төленгенін растайтын төлем құжатының нөмірі және күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9











ЖИЫНЫ:








 

_____________________________________________________________________
(Бірінші басшының (оның міндетін атқарушы адамның) немесе уәкілетті
мемлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті
ұйымның оқшауланған бөлiмшесiнің басшысының (оның міндетін атқарушы
адамның) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____________________________________________________________________
(Мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған кезде)
Мәліметтер жасалған күні 20__ жылғы "___"__________________

__________ (қолы)
__________ (қолы)


  "Алымды төлеушілер
және салық салу объектілері
туралы мәліметтер" нысанына
қосымша

"Алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. Нысан "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексi) 550-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Нысанды мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлға толтырады.

      3. Нысанға мәліметтерді беретін уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшы (оның міндетін атқарушы адам) немесе уәкілетті мемлекеттік органның оқшауланған бөлiмшесiнің басшысы (оның міндетін атқарушы адам) және мәліметті жасауға жауапты лауазымды тұлға қол қояды және мөрмен бекітіледі.

      4. "Уәкілетті мемлекеттік органның атауы" деген жолда мәліметтерді табыс ететін уәкілетті мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.

      5. "БСН" деген жолда мәліметті табыс ететін уәкілетті мемлекеттік органның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      6. 1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі. Кейінгі мәлімет реті бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс.

      7. 2-бағанда оларды жүзеге асыру кезінде алымдардың алуы қарастырылған, олардың мүдделерінде уәкілетті мемлекеттік органдар әрекет жасайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің толық атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.

      8. 3-бағанда 2-бағанда көрсетілген заңды тұлғаның (жеке тұлғаның) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі, ол болған кезде. 2-бағанда көрсетілген тұлға Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда 3-баған толтырылуға міндетті.

      9. 4-бағанда 2-бағанда қөрсетілген заңды тұлғаның мекен-жайы немесе тұлғаның тұрғылықты мекен-жайы, облыс, қала, көше, үйдің, пәтердін нөмірі көрсетіледі.

      10. 5-бағанда Салық кодексінің 553 және 554-баптарына сәйкес тіркелу әрекетінің және (немесе) алым көзделген құжаттың немесе құжаттың телнұсқасының түрі көрсетіледі.

      11. 6-бағанда республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің мөлшерінен шыға отырып, Салық кодексінің 553 және 554-баптарына сәйкес алымдарды төлеу күнiне қолданылатын алым ставкасы көрсетіледі. Уәкілетті мемлекеттік органның ведомстволық ақпараттық жүйесінде, осындай ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы мәліметтерді қалыптастыру кезінде аталған көрсеткіш болмаған жағдайда бұл бағанды толтыру міндетті болып табылмайды.

      12. 7-бағанда бюджетке теңгеде төленуге жататын алым сомасы көрсетіледі.

      13. 8-бағанда бюджетке теңгеде төленген алымның сомасы көрсетіледі.

      14. 9-бағанда бюджетке алымның төленгенін растайтын төлем құжатының нөмірі және күні көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады