Ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне олардың айналымдарды жүзеге асыруы мақсатында орындайтын жұмыстардың және (немесе) көрсететін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 15 наурызда № 16610 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 411-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне олардың айналымдарды жүзеге асыруы мақсатында орындайтын жұмыстардың және (немесе) көрсететін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы кооперациясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      Б. Сұлтанов

      20___ жылғы "___" _______

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      Т. Сүлейменов

      20___ жылғы "___" _______

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 27 ақпандағы № 90
бұйрығымен бекітілген

Ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне олардың айналымдарды жүзеге асыруы мақсатында орындайтын жұмыстардың және (немесе) көрсететін қызметтердің тізбесі

Атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы коды

1.

Жануарларға арналған дайын азықтарды өндіру

10.9

2.

Ағаш ыдыстарды өндіру

16.24

3.

Бүрмеленген қатырма қағаз, қағаз және қатырма қағаздан қапқорап өндіру

17.21

4.

Қағаз және қатырма қағаздан басқа да бұйымдар өндіру

17.29

5.

Тыңайтқыштар және құрамында азот болатын қоспалар өндіру

20.15

6.

Пестицидтер мен басқа агрохимиялық өнімдерді өндіру

20.20

7.

Тауарларға арналған пластик ораулар өндіру

22.22

8.

Жеңіл металдардан буып-түюге арналған материалдар өндіру

25.92

9.

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

33.12

10.

Электрлі жабдықтарды жөндеу

33.14

11.

Өзге де жабдықтарды жөндеу

33.19

12.

Өнеркәсіптік техника мен жабдықты жөндеу

33.20

13.

Суды жинау, өңдеу және бөлу

36.0

14.

Кәріз жүйесі

37.0

15.

Қауіпсіз қалдықтарды жинау

38.11

16.

Қауіпті қалдықтарды жинау

38.12

17.

Қалдықтарды өңдеу және жою

38.2

18.

Топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер

39

19.

1-санаттағы стационарлық сауда объектілерін қоспағанда, тұрғын емес ғимараттардың құрылысы

41.20.2

20.

Су имараттарының құрылысы

42.91

21.

Құрылыс алаңындағы дайындық жұмыстары

43.12

22.

Электротехникалық, слесарлық және өзге де құрылыс-монтаж жұмыстары

43.2

23.

Әрлеу жұмыстары

43.3

24.

Өзге де мамандандырылған құрылыс жұмыстары

43.9

25.

Көлік құралдарына техникалық қызметтер көрсету және оларды жөндеу

45.2

26.

Ауыл шаруашылығы шикізатын, тірі мал, тоқыма шикізаты мен жартылай фабрикаттарды сату жөніндегі агенттердің қызметі

46.11

27.

Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау

49.41

28.

Жүктерді қоймаға қою және сақтау

52.10

29.

Тасымалдау кезіндегі қосалқы қызмет түрлері

52.2

30.

Ақпараттық қызметтердің жұмысы

63

31.

Техникалық сынақтар мен талдаулар

71.20

32.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама беру

73.12

33.

Ветеринарлық қызмет

75

34.

Жүк көліктерін жалға алу және жалға беру

77.12

35.

Ауылшаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жалға алу және жалға беру

77.31

36.

Азаматтық объектілердің құрылысына арналған құрылыс техникасы мен жабдықтарды жалға алу және жалға беру

77.32

37.

Басқа санаттарға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері

85.59.9

38.

Компьютерлер мен шалғай жабдықтарды жөндеу

95.11

39.

Коммуникациялық жабдықтарды жөндеу

95.12


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады