Ауыл шаруашылығы техникасын жасауда пайдаланылатын қосалқы бөлшектер тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 84 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 15 наурызда № 16611 болып тіркелді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 427-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және 428-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.06.2019 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығы техникасын жасауда пайдаланылатын қосалқы бөлшектер тізбесі бекітілсін.

      2. "Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісінде пайдаланылатын қосалқы бөлшектердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 4-6/1127 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12796 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ғылыми технологиялық және техникалық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ________________ Ж. Қасымбек

      2018 жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ________________Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 23 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      ________________Р. Дәленов

      2018 жылғы 27 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 22 ақпандағы
№ 84 бұйрығымен бекітілген

Ауыл шаруашылығы техникасын жасауда пайдаланылатын қосалқы бөлшектер тізбесі

Р/с №

Атауы

СЭҚ ТН коды

1

2

3

1.

Вулканизацияланған резеңкеден жасалған конвейер ленталары немесе жетек белдіктер немесе бельтинг

4010

2.

Қаптама, амортизаторлар, ұштықтар, тұғырықтар*

4016 93 000 5-ден

3.

8701 - 8705 тауар позицияларының моторлы көлік құралдарына арналған қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған бұйымдар*

4016 99 970 8-дан

4.

Ыстықтай орамдалған серіппелер, рессорлар

7320 10 110 0-ден,
7320 10 190 0-ден,
7320 20 200 9-дан

5.

Созылатын бұрандалы суықтай орамдалған серіппелер*

7320 20 850 8-ден

6.

Серіппелі қабықтар*

7320 90 900 8-ден

7.

Ыстық қалыптамалар*

7326 90 940 9-дан

8.

Ауыл шаруашылығы машиналарында, тракторларда, ұшу аппараттарында, электр генераторларында, компрессорларда пайдалануға жататын, поршеннің айналмалы немесе қайтарымды-үдемелі қозғалысымен ұшқындап оталатын іштен жану қозғалтқыштары

8407-ден

9.

Ауыл шаруашылығы машиналарында, локомотивтерде, тракторларда, кемелерде, электр станцияларында пайдалануға жататын, қысқанда тұтанатын поршеньді іштен жану қозғалтқыштары (дизельдер немесе жартылай дизельдер)

8408-ден

10.

Май құю станциялары мен гараждарда пайдалануға арналғандарды, сондай-ақ көлік құралдарына арналғандарды қоспағанда, шығын өлшегіштері бар немесе оларсыз сұйықтықты сорғылар; сұйықтықтарды көтергіштер*

8413-ден

11.

Бір сатылы турбокомпрессорлар

8414 80 110 0

12.

Көп сатылы өзге де турбокомпрессорлар

8414 80 190 0

13.

Жасанды тоқыма материалдарынан жасалған сүзгілер және сүзгі элементтері*

8421 31 000 9-дан,
8421 99 000-ден

14.

Шөміштер, қармауыштар және көскіштер

8431 41 000 0-ден

15.

Пішен дайындауға арналған машиналардың бөлшектері

8433 90 000 0-ден

16.

Гидробөлгіштер*

8481 20 100 9-дан

17.

Темір жол көлігінің жылжымалы және тартқыш құрамында пайдаланылатындардан басқа, өзге де шарикті мойынтіректер*

8482 10 900-ден

18.

Темір жол көлігінің жылжымалы және тартқыш құрамында пайдаланылатындардан басқа, сепараторы мен роликтері бар ішкі конус сақиналарды қоса алғанда, роликті конус мойынтіректер*

8482 20 000

19.

Темір жол көлігінің жылжымалы және тартқыш құрамында пайдаланылатындардан басқа, роликті сфералық мойынтіректер*

8482 30 000

20.

Ине тәріздес роликті мойынтіректер

8482 40 000

21.

Темір жол көлігінің жылжымалы және тартқыш құрамында пайдаланылатындардан басқа, өзге де цилиндр роликті мойынтіректер

8482 50 000

22.

Темір жол көлігінің жылжымалы және тартқыш құрамында пайдаланылатындардан басқа, қиыстырылған шарикті-роликті мойынтіректерді қоса алғанда, өзге де мойынтіректер

8482 80 000

23.

Шариктер, ине тәріздес роликтер және роликтер

8482 91

24.

Бірнеше элементтерден құрастырылған (құрамдас) иінді біліктер

8483 10 290 9-дан

25.

Айқаратопса біліктері*

8483 10 210 8-ден

26.

Трансмиссия біліктері (жұдырықшалы және иінді біліктерді қоса алғанда) мен өзге де қосиіндер

8483 10 950 0

27.

Шарикті және роликті мойынтіректер орнатылған мойынтіректер корпустары

8483 20 000 0-ден

28.

Шарикті және роликті мойынтіректерге арналған мойынтіректер корпустары

8483 30 320

29.

Біліктермен жиынтықтағы тісті берілістер мен тісті доңғалақтар; беріліс қораптары және басқа да жылдамдық вариаторлары*

8483 40-дан, 8483 90-дан

30.

Шкивтердің блоктарын қоса алғанда, тегершіктер мен шкивтер

8483 50

31.

Біліктерді қосуға арналған жалғастырғыштар мен құрылғылар (әмбебап топсаларды қоса алғанда)

8483 60

32.

Тісті доңғалақтар, тізбектік жұлдызшалар және жеке-жеке ұсынылған басқа да беріліс элементтері; азаматтық авиацияға арналған бөлшектер

8483 90-дан

33.

Қорғасынды аккумуляторлар: сұйық электролитпен жұмыс істейтін күштік; өзгелері; станционарлық*

8507 20 200 0,
8507 20 800 1-ден

34.

Ұшқыннан немесе жанғыш қоспаларды қысу арқылы тұтанатын іштен жану қозғалтқыштарын оталдыруға немесе іске қосуға арналған электр жабдығы (мысалы, магнето, оталдыру катушкалары, оталдыру шырақтары, қыздыру шырақтары, стартерлер); осындай қозғалтқыштармен бірге пайдаланылатындар үлгісіндегі генераторлар (мысалы, тұрақты және айнымалы ток генераторлары) мен ажыратқыштар

8511

35.

Электрлі жарықтандыру немесе дабыл беру жабдығы (8539 тауар позициясының бұйымдарынан басқа), велосипедтерде немесе моторлы көлік құралдарында пайдаланылатын шыны тазалағыштар, күңгірттенуге қарсы және булануға қарсы жабдықтар

8512

36.

Радиотаратуға арналған, дыбыс жазатын немесе дыбыс шығаратын аппаратурамен немесе сағатпен бір корпуста бірге немесе бөлек орналастырылған қабылдау аппаратурасы; өзгелері;
Моторлы көлік құралдарында пайдаланылатын, сыртқы қорек көзінсіз жұмыс істей алмайтын, дыбыс жазатын немесе дыбыс шығарғыш аппаратурамен бірге орналастырылған кең ауқымда тарататын радиоқабылдағыштар

8527 19 000 0,
8527 21

37.

Автосымдар*

8544 42 900 9-дан

38.

Трактор кабинасын жылытқыштар, амортизаторлар*

8708 29 900-ден

39.

Тракторға арналған трансмиссиялар*

8708 50 350-ден

40.

Аунақ осі, ролик осі, иінді ось, шынжыр табан буынының бунағы*

8708 70 990-ден

41.

Тракторға арналған радиаторлар*

8708 91 990-ден

42.

тіркемелердің және жартылай тіркемелердің бөлшектері

8716 90

43.

тіркемелердің және жартылай тіркемелердің шассиі

8716 90 100 0

44.

тіркемелердің және жартылай тіркемелердің шанағы

8716 90 300 0

45.

тіркемелердің және жартылай тіркемелердің осьтері

8716 90 500 0

46.

тіркемелердің және жартылай тіркемелердің өзге де бөлшектері

8716 90 900 0

47.

9014, 9015, 9028 және 9032 тауар позицияларының аспаптары мен аппаратурасынан басқа, сұйықтықтардың немесе газдардың шығысын, деңгейін, қысымын немесе басқа да құбылмалы сипаттамаларын өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратура (мысалы, шығын өлшегіштер, деңгей көрсеткіштері, манометрлер, жылу өлшегіштер)

9026

48.

Автоматты түрде реттеуге немесе басқаруға арналған аспаптар мен құрылғылар

9032

      Ескертпе: * - тауарлар номенклатурасы тауарлар коды арқылы да, атауы арқылы да айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады