Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 27 ақпандағы № 80 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 наурызда № 16612 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
Р. Дәленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 1 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 28 ақпандағы
№ 80 бұйрығымен
бекітілді

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Концессия объектісінің құнын, концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5604 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2009 жыл, № 7) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессия объектісінің құнын, концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындау әдістемесінің 23-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекет кепілдігінің құны мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарыз бойынша негізгі борыш сомасы және ол бойынша есептеудің 1 кезеңіне және 1 айға немесе шарт талаптарына сәйкес кезеңге есептелген концессия кезеңіне болжанатын неғұрлым жоғары пайыздық мөлшерлеме бойынша сыйақы ретінде есептеледі:

      Г = D*(1 + r/p + r/12) (4),

      мұнда:

      Г – мемлекеттік кепілдіктер құны;

      D – мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша негізгі борыш сомасы;

      r – қарыз алу туралы шарт талаптарына немесе конкурстық өтінімге сәйкес мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша концессия кезеңіне болжанатын неғұрлым жоғары сыйақының жылдық мөлшерлемесі. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде LIBOR+(қосу) 1% (шетел валютасындағы қарыздар үшін), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңының 19-бабына сәйкес белгіленген базалық мөлшерлеменің пайыздық дәлізінің жоғарғы шегі + 1% (ұлттық валютадағы қарыздар үшін) мөлшерлемесі ретінде айқындалады;

      p - күнтізбелік жылдағы мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша сыйақыны есептеу кезеңдерінің саны.".

      2. "Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10122 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптар;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Заңның 19-бабының 4-тармағына сәйкес Концессиялық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Премьер-Министдің өкімімен құрылған ерекше маңызы бар концессиялық жобалар жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) немесе қалған жобалар бойынша конкурсты ұйымдастырушы жүзеге асырады.

      Комиссияның жұмыс органы конкурстың тиісті ұйымдастырушысы болып табылады.

      Республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты ұйымдастырушы тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

      Коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессиялық объектілерге қатысты конкурсты ұйымдастырушы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы болып табылады, оның атынан әкімнің шешімі бойынша конкурсты ұйымдастырушының функциясын жүзеге асыратын жауапты мемлекеттік орган айқындалады.";

      7-тармақта:

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) конкурсты ұйымдастырушының концессия шартының жобасын келісу үшін Қағидалардың 55-57-тармақтарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберуі;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын ерекше маңызы бар әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі, өзге де концессиялық жобалар бойынша тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады;";

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) осы тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген Комиссия шешімі негізінде, тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын (ерекше маңызы бар концессиялық жоба бойынша) немесе мәслихат шешімін қабылдау қорытындысы бойынша концессия шартын келісу нәтижелерін ескере отырып, конкурс жеңімпазымен концессия шарты жасалады;";

      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-1) концессия шартын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің тіркеуі;";

      10-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) біліктілік іріктеуден өткен конкурсқа қатысушылардың концессиялық жобаның ТЭН-і немесе әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары бар конкурстық өтінімдерді ұсынуын, сондай-ақ әлеуетті концессионердің Заңның 18-1-бабына сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуін көздейді.

      Егер болжанатын концессия объектісі табиғи монополиялар саласына жататын жағдайда, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленетін инвестициялық бағдарламаны қоса беру қажет.

      Егер конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушының ТЭН-інде көзделген техникалық-технологиялық және экологиялық шешімдерді қабылдаған жағдайда, онда конкурсқа қатысушы концессиялық жобаның ТЭН бар конкурстық өтінімнің құрамында осындай шешімдердің қабылданғаны туралы қосымша кепілхат береді.

      Егер конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттамада келтірілген маркетингтік және (немесе) институционалдық және (немесе) әлеуметтік-экономикалық шешімдерді қабылдаған жағдайда, онда конкурсқа қатысушы концессиялық жобаның ТЭН бар конкурстық өтінімнің құрамында осындай шешімдердің қабылданғаны туралы қосымша кепілхат береді;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) конкурсты ұйымдастырушының концессия шартының жобасын Қағидалардың 55-57-тармақтарына сәйкес орталық немесе жергілікті жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға келісуге жолдауын көздейді;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын ерекше маңызы бар әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі, өзге де концессиялық жобалар бойынша тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Комиссияның осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген шешімі негізінде, тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысын (ерекше маңызы бар концессиялық жоба бойынша) немесе мәслихат шешімін қабылдау қорытындысы бойынша концессия шартының келісу нәтижелері ескеріле отырып, конкурс жеңімпазымен концессия шарты жасалады;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) концессия шартын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің тіркеуі;";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Конкурстық өтінім конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті концессионердің конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес концессиялық жобаны іске асыруды жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

      Үздік концессиялық өтінім деп танылған концессиялық өтінімді нақтылау келіссөздер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      Келіссөздер барысында конкурстың шарттарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      Концессия нысаны, концессия мерзімі және концессия объектісінің техникалық параметрлері конкурстың шарттары деп түсініледі.

      Конкурсқа қатысушының атауы, конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысу өтінімінің нысаны, конкурстық өтінімді қамтамасыз ету мөлшері концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамалары деп түсініледі.

      Заңның 20-бабының 4-1-тармағына сәйкес егер ұлттық валюта бағамы айтарлықтай өзгерген болса, ерекше маңызы бар жобалар бойынша конкурс талаптарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына конкурс өткізу барысында өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат етіледі.

      Конкурс талаптарына, оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарының құны және мемлекеттің төлемдері бойынша, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім келіссөздер хаттамасы негізінде жүзеге асырылады және комиссияның шешімдері Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылады.

      Конкурстың шарттарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу кезінде, сондай-ақ бастапқы параметрлері мен маңыздылығы ерекше жобалар бойынша 20-баптың 4-1-тармағына сәйкес тиісті шешімдер комиссияның хаттамалық шешімімен ресімделеді.

      Бұл ретте, конкурстық құжаттаманы қосымша келісу және сараптама жүргізу талап етілмейді.";

      19-тармақтың 3) тармақшасының он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әлеуетті концессионер конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттамада келтірілген маркетингтік және (немесе) институционалдық және (немесе) әлеуметтік-экономикалық шешімдерді қабылдаған жағдайда, тиісті бөлімнің осы шешімдері концессиялық өтінімнің құрамында ТЭН әзірлеу кезінде пайдаланылады (екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда);";

      49 және 50 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық өтінімдерді оларға сараптама жүргізу үшін жолдайды.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық өтінім түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сараптама жүргізу үшін оны концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға жолдайды.

      Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар концессиялық өтінімдерге сараптаманы олар ұсынылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінімдерді жалпы қарау мерзімі 25 (жиырма бес) жұмыс күнін құрайды.

      50. Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау бойынша қорытындыларын ескере отырып қарайды және үздік концессиялық өтінімді айқындайды, ол туралы хаттама жасайды, оған Комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

      Егер белгiленген мерзiмде конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтiнiмдер келiп түспесе не барлық ұсынылған конкурстық өтiнiмдер конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмесе, онда конкурс өтпеген болып есептеледi.

      Егер бiр конкурстық өтiнiм ғана ұсынылған жағдайда, бұл өтiнiмдi комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушымен келісім бойынша келіссөздерге банктерді, қаржы ұйымдарын, тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі үшінші тұлғаларды тарта алады.

      Келіссөздер қорытындылары конкурс ұйымдастырушының уәкілетті тұлғалары мен конкурсқа қатысушы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.

      Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша олардың нәтижелері туралы комиссияның тиісті шешімі қабылданады.

      Келiссөздер барысында конкурстың талаптарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлерi мен сипаттамаларына, "Концессиялар туралы" Заңның 20 бабының 4-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша конкурсты ұйымдастырушы концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде, үздік концессиялық өтінімді айқындау туралы хаттама көшірмелерін, концессиялық жоба мен концессия шартының талаптарын нақтылау бойынша концессиялық өтінімі үздік деп танылған Комиссия мен конкурсқа қатысушының арасындағы келіссөздер хаттамаларының көшірмелерін қоса бере отырып, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігін және (немесе) мемлекеттік кепілдікті ұсынуды көздейтін концессиялық жобалар бойынша бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесін орталық және жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын концессиялық жоба бойынша табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға келісуге жолдайды.

      Концессия шартының мазмұны Заңның 21-бабына сәйкес айқындалады.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессия шартының жобасы түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны сараптама жүргізу үшін Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға жібереді.

      Сараптама концессия шартының жобасы жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Орталық немесе жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде концессия шартының жобасын келіседі не ескертулерді жою бойынша әзірленген ұсынымдарды қоса бере отырып, конкурсты ұйымдастырушыға дәлелді ескертулер жолдайды. Жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар жүргізген сараптама нәтижелерін қоса береді.

      Концессия шарттарының жобасын келісу, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, келісу туралы немесе келіспеу себептерін көрсете отырып келіспеу туралы хат түрінде ресімделеді.

      Концессия шарттарының, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, сондай-ақ қосымша материалдарды:

      1) конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға қосымшалардың электрондық көшірмелерін ұсына отырып, бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған титулдық бланкте жеке ілеспе хатпен ұсынады;

      2) конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды;

      3) конкурсты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің басшысы әрбір параққа қол қояды.

      Конкурсты ұйымдастырушы ақпаратты толық көлемде ұсынбаған, сондай-ақ концессия шартының жобасында көзделген қосымша ақпаратты, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде ұсыну қажет болған жағдайда, Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар қажетті қосымша ақпарат ұсынуды талап ете алады.

      Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар, қажет болған жағдайда, сұрау салудың көшірмесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібере отырып, құжаттар пакеті түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушыға жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпарат ұсыну жөнінде сұрау салулар жібереді.

      Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салу түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты бір мезгілде жергілікті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға ұсынады немесе ақпарат ұсыну үшін қосымша, бірақ күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімнің қажет екендігі туралы хабардар етеді.

      Бұл ретте, сұрау салу жіберілген күннен бастап және қосымша ақпарат ұсынғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.

      Концессия шарттарының жобалары пысықталған, оның ішінде жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалардың сараптама нәтежелеріне сәйкес оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы келіссөздерді жаңарту туралы шешім қабылдайды.

      Пысықталған концессия шартының жобасы келіссөздер қорытындылары бойынша қайтадан орталық немесе жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға келісуге жіберіледі.

      Жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган сараптама жүргізу үшін қайтадан пысықталған шарттың жобасын Заңның 13-бабы 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға жібереді.

      Орталық және жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессия шарттарының жобаларын, оның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде концессия шарты жобасының сәйкестігі не оған енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың МЖӘ-нің және концессияның негізгі қағидаттарына сәйкестігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының МЖӘ және концессия саласындағы қолданыстағы заңнамасы талаптарының сақталуы бөлігінде келiседі.";

      57 және 58-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган концессия шартының жобасын, оның ішінде концессия шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру мен бекіту тәртібі бөлігінде, ол ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі не конкурсты ұйымдастырушыға дәлелді ескертулер жолдайды.

      Концессия шартының жобасын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру мен бекіту тәртібі бөлігінде келісу кезінде табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган инвестициялық бағдарламаны және:

      1) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін шығындарды қалыптастыруды;

      2) шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының, сондай-ақ нормативтік техникалық шығындардың техникалық және технологиялық нормалары шегінде шығыстар баптарын қалыптастыруды;

      3) тарифті (баға, алым мөлшерлемесін) қалыптастырған кезде есепке алынбайтын шығыстар тізбесін белгілеуді;

      4) инвестициялар көлемі және инвестицияланған капиталды қайтару тәртібін;

      5) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін пайданы қалыптастыру мен шектеуді;

      6) негізгі құралдардың тозуын есептеу әдістерін қолдануды;

      7) концессия объектісін пайдалану сапасының өлшемшарттарын;

      8) объектіні пайдалану сапасын айқындау тәртібін;

      9) үшінші тұлғаларға концессия объектісін шектеулі нысаналы пайдалануды ұсынуды;

      10) объектілерге күрделі жөндеу жүргізуді немесе оларды жаңғыртуды қаржыландыру мерзімдері (кезеңдері) мен көздерін;

      11) тарифтерді қалыптастырумен және бекітумен байланысты концессионердің құқықтары мен міндеттерін;

      12) негізгі құралдарға және табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметасында көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын пайдалану бағыттарына қайта бағалау жүргізуді;

      13) концессиялық жоба бойынша өндірілетін өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасын бақылауды жүзеге асыруды қоса алғанда, табиғи монополиялар салаларындағы қызметін бақылауды айқындайтын концессия шартының ережелерін келіседі.

      58. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша Комиссия шешімімен үздік концессиялық өтінім айқындалады, ал өтінім беруші конкурстың жеңімпазы болып танылады.

      Егер концессиялық жобаны қаржыландыру мемлекеттік кепілдікпен және (немесе) мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен болжанатын болса, Комиссияның конкурстың қорытындылары туралы шешімі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның концессиялық жобасының қаржылық сараптамасының қорытындысы ескеріле отырып, бюджет заңнамасына сәйкес қабылданады.";

      мынадай мазмұндағы 62 және 63-тармақтармен толықтырылсын:

      "62. Конкурсты ұйымдастырушы (концедент) концессия шартын тіркеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен қамтамасыз етеді.

      63. Ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру үшін концедент, концессионер және концессионердің кредиторлары арасындағы тікелей келісімді жасасу мынадай реттіліктегі кезеңдерден тұрады:

      Заңның 26-2-бабына сәйкес концессионер және (немесе) концессионердің кредиторы концедентке тікелей келісімнің жобасын ұсынады;

      концедент тікелей келісімнің жобасын қарайды және оны Заңның 19-бабының 4-тармағына сәйкес ерекше маңызы бар концессиялық жобалар бойынша Премьер-Министрдің өкімімен құрылатын Комиссияның отырысына шығарады;

      Комиссия тікелей келісімнің жобасын қарайды және қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулығына сәйкес сарапшыларды тартады;

      Комиссия тікелей келісім тараптарының келіссөздері қорытындысы бойынша тікелей келісімнің түпкілікті жобасын мақұлдайды;

      тікелей келісімде мемлекеттік бюджеттен шығатын шығыстары бар ережелер болса, аталған мәселе Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылады;

      Концессиялар жөніндегі комиссия және Республикалық бюджет комиссиясының шешімдері негізінде тікелей келісім жасасу.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидаларында:

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде концедент қаржылық және экономикалық сараптаманың қорытындыларын ескере отырып, концессия шартына өзгерістер мен толықтырулар жобасын әзірлейді және оны мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға, сондай-ақ егер концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын жағдайда, табиғи монополиялар салаларында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға келісуге жібереді.

      29. Мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдардың, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның концессия шартына өзгерістер мен толықтырулар жобасына келісімі алынғаннан кейін концессия шартына қосымша келісім жасалады, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелуге жатады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарда:

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) концессиялық жобаның орындылығы - жобаның мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі (іске асыру мерзіміне, қаржыландыру көздеріне және т.б. сәйкестігі) және/немесе ТЭН-нің мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысы бар инвестициялық ұсынысқа сәйкестігі;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптар осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 12717 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Іске асырылуы жоспарланған Мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту тәртібін осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іріктеу тәртібінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекет кепілгерлігі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимит шегінде, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 229-бабының 9-тармақшасына сәйкес тиісті кезеңге мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын МЖӘ жобалары тізбесіне енгізілген МЖӘ жобалары бойынша беріледі.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігін беруді көздейтін МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасын (бұдан әрі – конкурстық құжаттама) келісу кезінде конкурстық құжаттаманы немесе МЖӘ жобасына бизнес-жоспарын (тікелей келіссөздер бойынша) әзірлеуші ұсынған мемлекет кепілгерлігінің көлемін және мемлекет кепілгерлігін берумен байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі талаптарын келіседі.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы, МЖӘ жобасына бизнес-жоспарын (тікелей келіссөздер бойынша) келісудің нәтижелері бойынша мемлекет кепілгерлігінің көлемін көрсете отырып, кезекті қаржы жылының лимиті шегінде мемлекет кепілгерлігі берілуі мүмкін МЖӘ жобалары тізбесінің жобасын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      Жекеше әріптес қызметіне мемлекеттік қолдау көрсете отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу, әлеуетті жекеше әріптеспен қызметіне мемлекеттік қолдау көрсете отырып, тікелей келіссөздер бойынша шарт жасасу, МЖӘ шарттарының шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі Қазақстан Республикасы Үкіметі мемлекеттің кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын МЖӘ жобаларының тізбесі бекітілгеннен кейін жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Әлеуетті жекеше әріптес (қарыз алушы) мемлекет кепілгерлігін алу үшін осы бұйрықпен бекітілген МЖӘ жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларына сәйкес МЖӘ шарттарының шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін конкурстық өтінімді конкурсты ұйымдастырушыға ұсынады.

      Әлеуетті жекеше әріптес (қарыз алушы) тікелей келіссөздер бойынша мемлекет кепілгерлігін алу үшін осы бұйрықпен бекітілген МЖӘ жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларына сәйкес МЖӘ шарттарының шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін МЖӘ жобасына бизнес-жоспарын тікелей келіссөздерді ұйымдастырушыға ұсынады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға кажетті сараптамалар жүргізуге койылатын талаптарда:

      2-тармақшасының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) МЖӘ жобасының орындылығы – жобаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі (іске асыру кезеңіне, қаржыландыру көздеріне және т.б. сәйкестігі) және/немесе МЖӘ жобасының ТЭН-інің мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысы бар инвестициялық ұсынысқа сәйкестігі;;

      осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу әдістемесі" 7-қосымшамен толықтырылсын.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 27 ақпандағы
№ 80 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 157 бұйрығына
1-қосымша

Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары 1-тарау . Жалпы ережелер

      1. Осы Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 7-6) тармақшасына және "Табиғи монополиялар" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар концессиялық жобаларды ұсынуды, қарауды және іріктеуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) алдын ала есептеулер - жорамалдарды көрсете отырып, концессиялық жобаның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің кіріс және шығыс бөлігі бойынша есептеулер. Алдын ала есептеулер ашып көрсететін формулалары бар MS Excel форматында қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынылады;

      2) республикалық жоба - республикалық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асырылатын және/немесе концессиялық жобаны іске асырудан экономикалық пайда алушылар екі және одан көп облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болып табылатын және Заңның 12-бабына сәйкес іске асырылатын концессиялық жоба;

      3) жергілікті жоба - коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асырылатын және/немесе концессиялық жобаны іске асырудан экономикалық пайда алушылар бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болып табылатын және Заңның 13-бабына сәйкес іске асырылатын концессиялық жоба.

      4. Заңның 20-бабының 1-тармағына сәйкес конкурсты ұйымдастырушы, конкурстық құжаттаманы, концессия шарттарының жобаларын пысықтау, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындаған концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тарта алады.

      Орталық немесе жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша қызметтерді көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша қызметтер тізбесін қалыптастырады, оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      5. Орта мерзімді кезеңде концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) Заңның 16-бабына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.

      Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы Қазақстан Республикасының Үкіметіне іске асыру жоспарланып отырған концессиялық жобаны аса маңызды концессиялық жобалар тізбесіне енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді.

      6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік инвестициялық жобалардың инвестициялық ұсыныстарының (оны концессиялық жоба ретінде іске асырудың орындылығы айқындалған жағдайда), конкурстық құжаттамалардың өтуі туралы хабарлайды.

2-тарау. Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу тәртібі

      7. Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу процесі мынадай өзара байланысты кезеңдерден тұрады:

      1) әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысының не конкурстық құжаттаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің оны алмастыратын тұлғасының конкурстық құжаттаманы айқындауы және бекітуі.

      Мемлекеттік орган конкурстық құжаттама әзірлеу үшін ведомстволық бағынысты ұйымдарды, тәуелсіз сарапшыларды, жобалау, инжинирингтік, консалтингтік және басқа да компанияларды, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарды тарту жолымен жобалау тобын құра алады.

      Жобалау тобы қызметінің мақсаты осы немесе өзге салада/аяда/өңірде концессиялық жобаны іске асырудың дәлелденген қажеттілігімен бірге конкурстық құжаттама әзірлеу болып табылады.

      Жобалау тобы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      концессиялық жобаны іске асыру бойынша келіп түскен ұсыныстар мен бастамаларды зерделейді, іріктейді, бағалайды, олардың басымдылығын айқындайды, келісімшарттың, конкурстың түрін және концессиялық жобаның өзге де түйінді параметрлерін айқындайды;

      жоспарланған концессиялық жоба бойынша маркетингтік және өзге де қажетті зерттеулерді жүргізеді;

      барлық қажетті есептеулерді, оның ішінде концессиялық жобаның алдын ала есептеулерін әзірлеуді жүргізеді;

      2) концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытындыны қоса бере отырып, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу мәселесін одан әрі тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін әзірлеуші мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті атқарушы органға өтінімді енгізеді;

      3) республикалық жобалар бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын, оның ішінде техникалық экономикалық негіздемені (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеуге, түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуге арналған әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары (бұдан әрі – ЖСҚ) бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, концессия объектісінің нақты алаңына қолда бар ЖСҚ байланыстыра отырып, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша қорытындыны қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарады.

      Конкурстық құжаттаманы әзірлеуші мемлекеттік органның жергілікті жобалар бойынша сараптаманың оң қорытындысы қоса берілген өтінімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын, оның ішінде ТЭН-ін әзірлеуге, түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуге арналған әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары (бұдан әрі – ЖСҚ) бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, концессия объектісінің нақты алаңына қолда бар ЖСҚ байланыстыра отырып, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады;

      4) конкурстық құжаттаманы әзірлеу, түзету, қажетті сараптамалар жүргізу және бекіту:

      екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізген жағдайларда:

      конкурс ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы, оның ішінде концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуі.

      Әзірленген ЖСҚ бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.

      Конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету қолда бар ЖСҚ-ны концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыра отырып жүзеге асырылады.

      Қолда бар ЖСҚ-ны концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыру концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге бөлінген қаражат шеңберінде, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында ескере отырып, жүзеге асырылады;

      республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, сондай-ақ концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына жататын жағдайда, табиғи монополия салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алдын ала қажетті сараптамалардан өткен конкурстық құжаттаманы, концессиялық жобаның ТЭН-ін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді;

      тиісті бюджет комиссиялары шешімінің негізінде конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бекітуі;

      екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізген жағдайларда:

      конкурсты ұйымдастырушының техникалық тапсырманы қалыптастыруы, конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі;

      республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, сондай-ақ концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына жататын жағдайда, табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, конкурстық құжаттаманы тиісті сараптамаларды жүргізу және келісу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытынды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді;

      5) бюджет комиссияларының тиісті шешімдерін шығаруы;

      6) егер объектілер республикалық меншікке жататын болса мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе объектілер коммуналдық меншікке жататын болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астана мәслихаттарының Заңның 16-бабының 1-тармағына сәйкес тізбені қалыптастыруы және Заңның 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес бекітуі.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген рәсімді өту туралы бюджет комиссияларының тиісті шешімдері шыққан күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      8. Конкурстық құжаттама құрамында әзірленетін концессиялық жобаның сипаттамасын қамтитын ақпараттық парақ мынадай құрылымға сәйкес болуы тиіс:

      1) жоба паспорты;

      2) кіріспе;

      3) институционалдық бөлім;

      4) маркетингтік бөлім;

      5) қаржылық бөлім;

      6) әлеуметтік-экономикалық бөлім;

      7) техникалық-технологиялық бөлім;

      8) тәуекелдерді бөлу;

      9) жоба бойынша тұжырымдар;

      10) қосымшалар.

      9. Паспортта жоба туралы жалпы ақпарат кесте нысанында көрсетіледі:

      1) концессиялық жобаның атауы;

      2) әзірлеуші мемлекеттік органның атауы;

      3) концессиялық жобаның мақсаты;

      4) концессия шарты бойынша құрылуы (реконструкциялануы) және пайдаланылуы болжанатын әлеуметтік инфрақұрылымның және тіршілікті қамтамасыз ету объектісінің атауы;

      5) концессиялық жобаны аса маңызды концессиялық жобалар тізбесіне енгізу бойынша негіздеме;

      6) концессия объектісін құру (реконструкциялау) кезеңі (мерзімі), пайдалану кезеңі (мерзімі);

      7) концессиялық жобаның болжамды түпкілікті нәтижесі (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрі мен көлемі);

      8) концессионердің болжамды келтірілген таза пайдасының құны мен концессионердің ішкі кірістілік нормасы;

      9) Заңның 7-бабына сәйкес концессионердің шығындарын өтеу және кірістерін алу көздері;

      10) мемлекеттік қолдаудың болжамды шаралары;

      11) концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу тәсілі (екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып немесе екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай);

      12) Заңның 21-1-бабына сәйкес концессия шартының түрі.

      10. "Кіріспе" деген бөлімде:

      1) концессиялық жобаны іске асыру арқылы шешу жоспарланған саладағы (өңірдегі) проблеманың сипаттамасы;

      2) концессиялық жобаның елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкестігі туралы ақпарат;

      3) олардың шеңберінде концессиялық жобаны іске асыру жоспарланған экономика саласы (аясы), өңір мен елді мекен;

      4) концессия шарты бойынша құрылуы (реконструкциялануы) және пайдаланылуы болжанатын әлеуметтік инфрақұрылымның және тіршілікті қамтамасыз ету объектісінің атауы, сондай-ақ оның құқықтық мәртебесі (меншігі, баланс ұстаушысы, шектеулері мен ауыртпалықтары);

      5) Концессионердің концессиялық жоба шеңберіндегі болжанатын қызмет түрлері;

      6) концессияға беруге жоспарланбаған қызмет түрлері туралы ақпарат;

      7) концессияға берілетін жұмыс істеп тұрған объектіге қатысты ауыртпалық және шектеу туралы ақпарат (кепілдік, тыйым салу, бөтен жылжымайтын мүлікке шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (сервитут);

      8) концессиялық жобаның іске асырылуына әлеуетті концессионерлер тарапынан мүдделіліктің бар-жоғы туралы ақпарат;

      9) концессия объектілері тараптарының бір-біріне жоспарланған беру алгоритмі, сондай-ақ оның негізінде аталған мүлік берілетін құқықты көрсете отырып, концессия объектісінің құрамына кірмейтін өзге мүлікті беру тәртібі мен шарттары;

      10) экономиканың осы саласындағы (аясындағы) ұқсас концессиялық жобаларды іске асырудың халықаралық және/немесе қазақстандық оң тәжірибесі;

      11) концессионерді таңдау бойынша (екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы немесе екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай) конкурс өткізу тәсілін таңдаудың негіздемесі;

      12) Заңның 21-1-бабына сәйкес концессия шартының түрін таңдаудың негіздемесі;

      13) егер жаңа концессия объектісін салу жоспарланған жағдайда, концессиялық жобаның табиғи монополиялар салаларына тиесілілігі туралы ақпарат және егер жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңғырту немесе реконструкциялау жоспарланған жағдайда, жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектісі туралы ақпарат, оның ішінде соңғы күнтізбелік үш жылдағы негізгі құралдарды қайта бағалау, іске асырылған инвестициялық бағдарламалар, табиғи монополиялар субъектісі қызметінің техникалық сараптамасы, объектілердің техникалық жай-күйін куәландыру және басқа да мәліметтер туралы ақпаратты қоса алғанда, концессияға берілетін табиғи монополиялар субъектісінің мүліктік кешені туралы ақпарат;

      14) концессионердің концессия объектілеріне құқықтары туралы, оның ішінде концессия шарты тоқтатылған жағдайда, құрылысы аяқталмаған концессия объектісіне құқықтары және (немесе) қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыру құқығы туралы жоспарланған шарттар, концессия шартының талаптарын орындау кезінде туындаған зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне мүліктік құқықтары туралы шарттар;

      15) объектіні реконструкциялау кезінде оның ретроспективасы (объектіні пайдалануға енгізу күні, реконструкциялау бойынша жүргізілген жұмыстар және аталған объектіге байланысты басқа да мәліметтер) қоса беріледі.

      11. Институционалдық бөлім тараптардың өзара іс-қимыл жасасу тетіктері, концессиялық жобаның әрбір тарапының, оның ішінде үшінші тұлғалардың, атап айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (тараптардың өзара іс-қимыл жасасу схемасын қоса бере отырып) инвестициялық және инвестициядан кейінгі кезеңдегі жауапкершілігі туралы ақпаратты қамтиды.

      12. Маркетингтік бөлім маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде пайда болатын өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) сұраныстың және өндірістің тұтынылатын факторларын ұсынудың қазіргі және болжамды (концессиялық жобаны іске асыру кезеңіндегі) конъюктурасын талдауды қамтиды.

      Егер Заңның 14-бабына сәйкес өнімнің негізгі тұтынушысы мемлекет болып табылған жағдайда, онда жоспарланған тұтыну көлемі бойынша растайтын құжаттар мен тиісті есептеулерді ұсыну қажет.

      Бөлім мыналарды қамтиды:

      1) сұраныстың мөлшерлік параметрлерін, оның үрдістерін талдау және негіздеу немесе концессиялық жоба шеңберінде өндіру жоспарланған өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) қажеттілікті бағалау;

      2) тұтынушылар санаты бойынша саладағы (өңірдегі) ағымдағы жағдайды ескере отырып, өндірілетін өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдау, оның ішінде бәсекелестікті (ағымдағы бәсекелестер, жаңа бәсекелестердің, алмастырушы тауарлардың пайда болу ықтималдығын) талдау;

      3) өнім (көрсетілетін қызмет) бірлігі үшін белгіленген қолайлы (әлеуметтік әділ) бағаны талдау және негіздеу, оның ішінде концессиялық жоба шеңберінде әлеуетті тұтынушылардың өнім (тауар/көрсетілетін қызмет) бірлігін сатып алуға (өнім бірлігі үшін төлеуге) дайындығын және мүмкіндіктерін талдау;

      4) тұтынушылардың санаты бойынша концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде өндірілетін өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдау;

      5) концессиялық жобаны іске асыру үшін қажетті шикізат, материалдар, жабдықтар нарықтарын талдау, оның ішінде өндірушілер мен жеткізушілер, бағалар, сапа және өнімді жеткізу шарттары бойынша салыстырмалы талдау;

      6) инвестициялық, сондай-ақ инвестициядан кейінгі кезеңде жобаның тиісті біліктілігі бар мамандармен қамтамасыз етілуін талдау, қажет болған жағдайда шетелдік мамандарды тарту негіздемесі;

      7) SWOT-талдау (Strengths (күшті жақтар), Weaknesses (осал жақтар), Opportunities (мүмкіндіктер), Threats (қауіптер) – концессиялық жобаны іске асыру шеңберінде болжанатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мүмкіндіктерін және қауіптерін, әлеуетті күшті және осал жақтарын айқындау және бағалау).

      Әрбір кіші бөлімде қолданылатын ақпарат көздері және жүргізілген маркетингтік зерттеулер бойынша есеп қоса берілген маркетингтік зерттеулер жүргізу әдістемесі көрсетіледі.

      13. Қаржылық бөлімде:

      1) жыл сайын концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде ұсынылатын концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиті шеңберінде концессиялық жобаны іске асыру мүмкіндігі туралы ақпарат;

      2) есептеулермен расталған концессия объектісі құрылысының болжамды құны;

      3) концессиялық жоба шеңберінде салымы жоспарланған инвестициялар көлемі;

      4) тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) елдегі, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықпалы туралы есептеулер мен мәліметтер негіздемелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға), оның ішінде табиғи монополиялар саласына жататын тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) алдын ала есептеу;

      5) егер:

      ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарлы және нақты көлемі туралы ақпаратты;

      көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрлері бөлінісінде қолданыстағы тарифтер мен тарифтік сметалар туралы ақпаратты;

      мұндайлар болған жағдайда, реттелмей көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көрсетілетін түрлері мен көлемі туралы ақпаратты;

      бухгалтерлік байланысты, пайда мен шығындар туралы есепті, ақшалай қаражат қозғалысы туралы есепті;

      тарифте ескерілетін қолданылатын амортизациялау әдістері туралы ақпаратты;

      инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландырудың нақты шарттары мен өлшемдері туралы ақпаратты;

      бұрын іске асырылған инвестициялық бағдарламалардың нақты орындалу көрсеткіштерін инвестициялық бағдарламаларда бекітілген көрсеткіштермен салыстыру туралы ақпаратты;

      мұндайлар болған кезде, қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің бекітілген инвестициялық бағдарламалардағы көрсеткіштерден ауытқу себептерін түсіндіруді;

      субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың дебиторлық берешектерінің деңгейін төмендету бойынша кешенді іс-шаралар және мұндайлар болған кезде, кредиторлық берешекті төлеуді;

      мұндайлар болған жағдайда, нормативтік және (немесе) нормативтен тыс шығындарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын қамтитын жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңғырту немесе реконструкциялау жоспарланған жағдайда, соңғы үш жылда жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектісі туралы ақпарат;

      6) мемлекеттік қолдау ұсыну қажеттігі мен мүмкіндігін және тарифтердің күрт өсуін болдырмау мақсатында инвестициялық, пайдалану шығындарын өтеу және басқарғаны үшін сыйақы көздерін талдау нәтижелері;

      7) Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік қолдау көрсетудің болжамды түрлері, көлемдері, мерзімдері мен шарттары;

      8) алдын ала есептеулер түріндегі негіздемесімен жылдар бойынша бөлінген мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің болжамды жиынтық құны;

      9) Заңның 7-бабына сәйкес концессионердің шығындарды өтеу және кірістерді алуының болжамды көздері;

      10) егер концессиялық жоба әлеуметтік маңызы бар санатқа жататын болса, концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақыны қолдану мүмкіндігі туралы ақпарат;

      11) концессиялық жобаның болжамды түпкілікті нәтижесі (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрі мен көлемі), сондай-ақ алдын ала есептеулер түрінде негізделген концессионер кірістілігінің болжамды таза келтірілген құны мен ішкі кірістілік нормасы көрсетіледі;

      12) концессия схемасы бойынша жобаны іске асырудың жобаны іске асырудың өзге де ықтимал схемалармен (бюджеттік қаржыландыру, мемлекеттік қарыз алулар және басқалар) салыстыру бойынша жобаны іске асырудың неғұрлым ұтымды схемасы ретінде негіздеу;

      13) концессияның тиімді мерзімін айқындау.

      Ақпараттық парақта келтірілген ақпаратты растайтын және ашып көрсететін қаржы-экономикалық модельдерді, кестелерді, диаграммаларды, суреттерді, жер картасын қамтитын қосымшалар ақпараттық парақта қоса беріледі.

      Жобаның қаржы-экономикалық үлгілері (бұдан әрі – ҚЭҮ) жобаны іске асырудың қаралатын нұсқаларының әрқайсысы бойынша (бюджеттік қаржыландыру, мемлекеттік қарыз алулар және концессия) формулалар мен қабылданған жорамалдарды көрсете отырып жасалады. Концессия бойынша ҚЭҮ нұсқасы Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 5604 болып тіркелген) бекітілген Концессия объектісінің, концессиялық жобаның құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесінің негізінде жасалады.

      14. Әлеуметтік-экономикалық бөлімде концессиялық жобаның әлеуметтік-экономикалық аспектілері және жобаны іске асырудан түсетін пайда көрсетіледі.

      Бұл бөлім мыналарды қамтиды:

      1) саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және оның жоба ескерілмеген даму перспективаларын талдау, оның ішінде:

      негізгі әлеуметтік көрсеткіштер (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, өлім, туылу деңгейі);

      негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштер (өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) өндіру көлемі, жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) жасалған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын мерзімдегі үрдістері);

      2) концессиялық жобаны іске асырған жағдайда саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын талдау, оның ішінде:

      негізгі әлеуметтік көрсеткіштер (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, өлім, туылу деңгейі);

      негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштер (өнімдерді (тауарларды/қызметтерді) өндіру көлемі), жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) жасалған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын мерзімдегі үрдістері);

      3) нәтижелерді, салдарын және ықпалын, көбейтілген пайда мен шығындарды, тұтынушының қосымша пайдасын, қалпына келмейтін шығындар, сыртқы әсерлер, халықаралық әсерлер, концессиялық жобаны іске асырудан түсетін жанама пайданы талдауды қамтитын концессиялық жоба бойынша пайда мен шығындарды талдау;

      4) ағымдағы бағалар мен өткен жылдың салыстырмалы бағаларындағы тікелей, жанама және жиынтық макроэкономикалық әсердің есебі;

      5) таза қоғамдық пайда, экономикалық таза келтірілген табыстың (Economic net present value - ENPV), табыстылықтың экономикалық ішкі нормасының (Economic Internal Rate of Return - EIRR) көрсеткіштерін есептеу;

      6) концессиялық жобаны іске асырудың аралас салалардың (көрші өңірлердің) дамуына әсерін талдау;

      7) концессиялық жобаның Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетінің өсуіне және импортты алмастыруға, инновациялардың дамуына әсерін талдау.

      15. Техникалық-технологиялық бөлім мыналарды:

      1) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізген кезде енгізілуі жоспарланған технологиялық инновациялар туралы мәліметтерді;

      2) әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары, үлгі жобалары, үлгі жобалық шешімдері және қайталап қолданылатын жобаларының бар-жоғы туралы мәліметтерді;

      3) концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің жоспарланған физикалық параметрлері мен техникалық сипаттамаларын, оның ішінде концессиялық жобаның жоспарланған өндірістік қуатын;

      4) шикізатты, материалдарды, жабдықтарды әлеуетті жеткізушілердің көздері мен орналасқан жерлеріне, өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) тұтынушыларға және өңірдің географиялық ерекшеліктерін ескере отырып көлік магистраліне жақындығына қатысты жобаны іске асырудың орналасқан жерінің негіздемесін;

      5) концессияға берілуі мүмкін объектiні салудың (реконструкциялау) және пайдаланудың жоспарланған мерзімдерін;

      6) объектiнің орналасқан жері, жер учаскесінің (учаскелерінің) сипаттамасы туралы мәліметтерді, сондай-ақ қолданыстағы және/немесе жобаны іске асыруға қажетті инженерлік-көліктік инфрақұрылым (теміржол магистральдары, автокөлік жолдары, құбырлар, электр- және жылу жүйелері, су құбыры, газ құбыры және басқа инфрақұрылым) туралы ақпаратты;

      7) концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеудің болжамды құны туралы жалпы ақпаратты техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай өткізілетін конкурс таңдалған жағдайда, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган жүзеге асыратын концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеудің көрсетілген құнын негіздейтін есептеулерді қамтиды.

      16. "Тәуекелдерді бөлу" деген бөлімде жобаны іске асыру кезінде пайда болуы ықтимал тәуекелдер, концессионер мен концедент арасында тәуекелдерді бөлу, сондай-ақ тәуекелдерді басқару бойынша, оның ішінде дайындық кезеңінде, концессия объектісін салу/реконструкциялау және оны пайдалану кезеңінде жоспарланған іс-шаралар сипатталады.

      Бұл бөлім мыналарды қамтиды:

      1) коммерциялық тәуекелдерді бағалау;

      2) әлеуметтік тәуекелдерді бағалау;

      3) экономикалық тәуекелдерді бағалау;

      4) техникалық тәуекелдерді бағалау;

      5) қаржылық тәуекелдерді бағалау;

      6) тәуекелдердің негізгі факторларын, олардың өзгеруінің болжамды сипаттамасы мен диапазонын, оларды азайту бойынша болжамды іс-шараларды айқындайтын концессионер мен концедент үшін ерекше тәуекелдерді бағалау;

      7) тәуекелдерді жобаға қатысушылар арасында бөлуді талдау;

      8) белгісіздік жағдайындағы талдау, оның ішінде негізгі параметрлер бойынша (өткізу көлемі, өткізу бағасы, тікелей шығындар) сезімталдықты талдау, оның ішінде параметрдің өзгеруінің шекті рұқсат етілетін мәндерін айқындау.

      Тәуекелдерді бағалау сандық және сапалық талдау әдісімен жүргізіледі.

      17. "Жоба бойынша тұжырымдар" деген бөлімде негізгі тәуекелдерді ескере отырып, маркетингтік, қаржылық және техникалық-технологиялық бөлімдер бойынша негізгі нәтижелер көрсетіледі.

      Сондай-ақ, аталған бөлімде мемлекет ерекше қорғайтын археологиялық немесе өзге де объектілердің жоспарланған концессиялық жобасының мәселелері қозғалған жағдайда, осы объектілердің жай-күйі туралы, сондай-ақ оларға концессиялық жобаның ықпал етуі туралы мәліметтер келтіріледі.

3-тарау. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту

      18. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсты өткізу шарттары мен тәртібін айқындау үшін конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлейді және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдармен, концессиялық жоба табиғи монополиялар саласына тиесілі болған жағдайда, табиғи монополиялар салаларында реттеу және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.

      Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасына салалық қорытындыны дайындауды жүзеге асырады.

      Концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасына салалық қорытынды:

      1) саланың одан әрі дамуына ықпал ететін ағымдағы жай-күйінің проблемаларын;

      2) концессиялық жоба мақсаттарының салада орын алған проблемаларды шешуге сәйкестігін;

      3) концессионердің және концессионер ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың мүдделері теңдестірілімдігін қамтамасыз ету қағидатын негізге ала отырып, концессиялық жобаны іске асырудың балама нұсқаларын;

      4) концессиялық жобаны іске асырған және мұндай іске асыру болмаған жағдайда саладағы ахуалды;

      5) концессиялық жобаны іске асырудан түскен пайданы бөлуді;

      6) концессиялық жобаны іске асырудың экономиканың сабақтас саласына (аясына) болжамды мультипликативті әсерін бағалауды қамтиды.

      Концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасына салалық қорытынды:

      егер жоба республикалық болса, конкурстық құжаттаманы әзірлеу мерзімі аяқталған сәттен бастап;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын енгізген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының салалық қорытындысына тиісті саладағы мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды.

      Конкурстық құжаттаманың мазмұны мен шарттары Заңның 17-бабына сәйкес айқындалады.

      Табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын концессиялық жобаның ТЭН-і құрамында тариф белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып әзірленеді.

      19. Конкурстық құжаттаманы және концессиялық жобаның ТЭН-ін, табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісуі конкурстық құжаттама ережелерінің құрамы мен мазмұнының және ТЭН-нің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасының талаптарына конкурстық құжаттама мен концессиялық жоба ТЭН-нің сәйкестігі тұрғысынан бағалау жүргізу мақсатында жүзеге асырылады.

      Конкурстық құжаттаманы және концессиялық жобаның ТЭН-ін табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісуі олар келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      20. Концессиялық жобаның ТЭН-ін келісу кезінде табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган мынадай мәселелерді қарайды:

      1) концессияның жұмыс істеп тұрған объектілерін жаңғырту немесе реконструкциялау кезінде іске қосылған негізгі құралдардың өтімділік құнының капитал құрушы шығындар есебінен ұлғайтуға немесе жұмыс істеп тұрған деңгейін сақтауға қол жеткізу және концессиялық жобаны іске асыру шеңберінде әзірленген және іске асырылатын іс-шаралар жоспарына негізделген нормативтік шығындарды төмендету және (немесе) бар болған жағдайда нормативтен тыс шығындарды жою;

      2) реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша шығыстар, өндірістік шығындарды азайту;

      3) реттеліп және реттелмей көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемін ұлғайту және/немесе сапасын арттыру;

      4) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемелерін) қалыптастыру тәртібі және реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тарифінің шекті деңгейі;

      5) қарыз алудың және қарыз ресурстарын өтеудің схемасы мен шарттары;

      6) жобаның негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері - пайданың (кірістіліктің), Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының және мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді төлеу болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тарифтерінің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) өсу болжамы шеңберінде субъектілердің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерінің) деңгейіндегі қолма-қол ақшаның дисконтталған ағымдарының тартылған активтеріне пайдалардың ішкі нормалары.

      21. Концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын келісу кезінде табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган мынадай мәселелерді қарайды:

      1) табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде конкурстық құжаттама ережелерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар салаларындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі;

      2) конкурстық құжаттаманың концессиялық жобаның ТЭН-інде бекітілген экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа тариф қалыптастыру параметрлеріне сәйкес келуі;

      3) конкурстық өтінім құрамында конкурсқа қатысушылар ұсынатын концессиялық жобаның тариф қалыптастыруына байланысты құжаттар тізбесін келісу;

      4) тариф қалыптастыруға байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі шарттарын келісу;

      5) концессиялық жобаның тариф қалыптастыруына байланысты концессия шартына енгізілетін ережелер мен қосымшалар бөлігінде концессия шартының жобасын келісу. Концессия шартының жобасы және концессиялық жобаның ТЭН-і конкурстық құжаттамаға қосымша болып табылады.

      Конкурстық құжаттаманы келісу және концессиялық жобаның ТЭН-ін келісу келісім туралы немесе әрбір қаралатын мәселе бойынша келіспеу себептерін көрсете отырып, келіспеу туралы немесе конкурстық құжаттаманы немесе ТЭН-ді пысықтау туралы талаптары бар мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам не оның орынбасары қол қоятын хат түрінде ресімделеді және конкурстық құжаттаманы және ТЭН-ді әзірлеуші мемлекеттік органға жіберіледі.

      22. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органнан конкурстық құжаттама мен ТЭН-ге оң келісім алғаннан кейін конкурсты ұйымдастырушы концессиялық жобаның ТЭН-ін қоса бере отырып, конкурстық құжаттаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға не Заңның 13-бабының 3-2) және 3-3) тармақшаларында белгіленген жағдайларда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға келісуге жібереді.

      23. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманы келісуді жүргізеді.

      Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін конкурстық құжаттаманы келісу кезінде конкурсты ұйымдастырушы концессиялық жоба бойынша концессионерді таңдау жөніндегі конкурс шеңберінде беруді ұсынатын мемлекет кепілгерлігінің көлемін және мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты конкурстық құжаттаманың маңызды шарттарын келіседі.

      Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның конкурстық құжаттаманы келісуі мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның, не оның орынбасарының қол қоюымен келісу туралы немесе келіспеу себептерін көрсете отырып келіспеу туралы не конкурстық құжаттаманы пысықтау жөніндегі талаптары бар хат түрінде ресімделеді және конкурстық құжаттама мен ТЭН-ді әзірлеуші мемлекеттік органға жіберіледі.

      24. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган конкурстық құжаттама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сараптама жүргізу үшін, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға немесе Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға жібереді, ол осы ұйымға конкурстық құжаттама ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Конкурстық құжаттаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қарауының жалпы мерзімі 45 (қырық бес) жұмыс күнін құрайды.

      Әзірлеуші мемлекеттік орган ақпаратты толық ұсынбаған, сондай-ақ конкурстық құжаттамада көрсетілген қосымша ақпаратты ұсыну қажет болған жағдайда, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар көрсетілген ақпаратты ұсынуды талап етеді.

      Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар қажет болған жағдайда концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға құжаттар топтамасының келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға жетіспейтін және/немесе қосымша ақпаратты ұсыну жөнінде сұрау салуды, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға сұрау салудың көшірмесін жолдайды.

      Әзірлеуші мемлекеттік органдар сұрау салу келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жетіспейтін және/немесе қосымша ақпаратты бір мезгілде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға ұсынады немесе ақпаратты ұсыну үшін қосымша мерзімнің қажеттігі туралы хабардар етеді, бірақ ол күнтізбелік он бес күннен аспауы тиіс.

      Сұрау салуды жолдаған күннен бастап қажетті ақпаратты ұсынғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.

      Конкурстық құжаттама пысықталған жағдайда, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі бойынша сараптамалар жаңартылады.

      25. Конкурстық құжаттама әлеуетті концессионердің өзінің біліктілік талаптарына сай екенін қосымша растауы ретінде мынадай құжаттардың бірін ұсыну мүмкіндігін көздейді:

      1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 8318 тіркелген "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 Қаулысымен бекітілген рейтингілік агенттіктер тізбесіне енгізілген халықаралық рейтингтік ұйымның рейтингін алуын растайтын құжат;

      2) биржаның ресми листингіне енгізілгені туралы қор биржасынан үзінді көшірме.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттарға байланысты шынайы мәліметтерді ресми интернет-ресурстарына орналастырған жағдайда, әлеуетті концессионер бұл туралы құжаттардың өзін ұсынбай-ақ конкурсты ұйымдастырушыны хабардар ете алады.

      Егер әлеуетті концессионер Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті үшін талап етілетін дәл осы құжаттар ұсынылады немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес - әлеуетті концессионердің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді конкурстық құжаттама тілдеріне аударылған, нотариус куәландырған құжат, сондай-ақ резиденттіктің апостиль қойылған (егер халықаралық шартпен өзгеше көзделмесе) сертификаты ұсынылады.

      26. Конкурсты ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға бекітеді.

      27. Конкурстық құжаттаманың қолданылу мерзімі конкурстық құжаттаманы бекіткен күннен бастап 3 жылды құрайды.

      28. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар Заңның 7-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында және 14-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көзделген тиісті бюджеттен шығындар тудыратын концессиялық жоба бойынша бір немесе бірнеше мемлекеттік қолдау және табыс алу көздерін ұсынуды конкурстық құжаттамаға енгізу туралы ұсынымдарды қамтитын Заңның 15-2-бабының 6-тармағында көрсетілген сараптаманың оң қорытындысының негізінде концессиялық жоба бойынша қорытынды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді.

  Концессиялық жобаларды
ұсыну, қарау және іріктеу
қағидаларына
қосымша
  Нысан

Оң қорытынды алған жергілікті концессиялық жобаларды жоспарлау туралы ақпарат

п/п

Атауы

Жергілікті атқарушы орган

Экономика саласы

Жоспарлау кезеңі

Іске асыру кезеңі

Жобаның (объектінің) құны

Мемлекеттің концессиялық міндеттемелерінің көлемі

Ағымдағы жағдай

Ескертпе

Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысы

Конкурстық құжаттама

Конкурстық өтінім

Концессия шарты

Концессионердің шығындарын өтеу

Мемлекеттiк қолдау шаралары















 
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 27 ақпандағы
№ 80 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 157 бұйрығына
3-қосымша

Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Концессиялар туралы" Заңның 9-бабының 7-8) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      Осы Қағидалар концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) бағдарламалық қамтамасыз ету-бағдарламалардың, бағдарламалық кодтардың, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті техникалық құжаттамасы бар бағдарламалық өнімдердің жиынтығы;

      2) мемлекеттік мүлік тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – арнаулы мемлекеттік органдардың жедел басқаруындағы мүлікті және мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі.

2-тарау. Концессия шарттарының мониторингін жүргізу тәртібі

      3. Республикалық және коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингі концессия объектісін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану жөнінде ақпарат жинау және талдау жүйесін білдіреді.

      4. Концессия шарттарының мониторингін:

      республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша - республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;

      коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

      5. Концессияға берілген мемлекеттік мүлікке залал келтіретін нысаналы пайдаланбау жағдайларының алдын алу концессия шарттары мониторингінің міндеттері болып табылады.

      6. Концессионер мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы мынадай мәмілелер:

      1) мемлекеттік мүлікті қосымша жалдау;

      2) мемлекеттік мүлікті кепілге беру;

      3) үшінші тұлғалардың мемлекеттік мүлікке жақсартулар жүргізуі;

      4) мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару жөніндегі мәмілелер бойынша есептерді республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға, коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша – облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына ұсынады.

      7. Мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есептер осындай мәміле жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      8. Мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есеп осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады және мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) мәміленің түрі (қосымша жалдау, кепіл, жақсартулар жүргізу, иеліктен шығару);

      2) мәміле деректемелері (шарттың нөмірі мен күні, мәмілені орындау мерзімі, мәміле тараптары, мәміледе көзделген төлемдерді төлеу шарттары немесе енгізу тәртібі);

      3) мәміле нысанасы болып табылатын мемлекеттік мүліктің сипаттамасы мен құны.

      9. Концессионер бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, есепті электронды түрде қалыптастырады, оған ұлттық куәландырушы орталық берген электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды және оны бағдарламалық қамтамасыз етудегі есепті жіберуге және тізілімнің құрылымына енгізуге арналған сервисті пайдалана отырып, тізілім арқылы республикалық мүлікке қатысты – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға немесе коммуналдық мүлікке қатысты – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына жібереді.

      10. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарға дейінгі мерзімде концессияға берілген мемлекеттік мүлікті нысаналы пайдалану жөніндегі ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

      11. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары есепті жылдан кейінгі жылдың 15 маусымынан кешіктірмей, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі орынбасарынан төмен емес тұлғаның қолы қойылған ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

      Концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізу мақсатында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ақпаратты алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға жібереді.

3-тарау. Коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуын бақылау

      12. Коммуналдық меншiкке жататын концессия объектiлерi бойынша концессия шарттарының орындалуын бақылауды өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.

      Концессия шарттарының ережелерін орындаудың толықтығы мен уақтылылығын талдауды жүзеге асыру коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуын бақылау болып табылады.

      13. Коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуын бақылау нәтижелері коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингі жөніндегі есеп шеңберінде осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзімде жіберіледі.

4-тарау. Концессиялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібі

      14. Концессиялық жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты жинау, талдау мен жалпылаудың үздіксіз процесі концессиялық жобалардың іске асырылуын мониторингілеуді білдіреді.

      Концессиялық жобалардың іске асырылуын мониторингілеуді тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы концессия шарты күшіне енген кезден бастап жыл сайын жүзеге асырады.

      15. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының бірінші бастығының орынбасарынан төмен емес тұлғаның қолы қойылған, концессиялық жобалардың іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі ақпарат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізуі үшін есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға ұсынылады.

5-тарау. Концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізу тәртібі

      15. Концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.

      Жобалық басқару стандарттарын қолдана отырып мониторингілеу деректері негізінде концессия шартына сәйкес жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді талдау процесі концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау болып табылады.

      16. Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауға арналған ақпарат концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына дейін шарттары жасалған концессиялық жобалар бойынша беріледі.

      Концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізу үшін мониторингілеу жөніндегі ақпаратқа мыналар қоса тіркеледі:

      концессия шартының көшірмесі және қазынашылық органдарда тіркеу туралы белгі қойылған оған қосымша келісімдер (болған жағдайда);

      қаржы-экономикалық модельді, конкурстық құжаттама бойынша экономикалық қорытындылардың көшірмелерін қоса бере отырып, бекітілген конкурстық құжаттаманың көшірмесі.

      17. Концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйым табыс ету мерзiмiн көрсете отырып, тиiстi хабарлама жiберу арқылы бағалау жүргізу үшін қажетті жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты өз бетінше сұратады және алады.

      Егер концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауға арналған ақпарат белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға тиісті хабарлама жібереді.

      Хабарламада тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының Қағидалардың осы тармағының талаптарын орындамағаны туралы, сондай-ақ осы орындамауды Үкіметке енгізуге арналған жиынтық есепте көрсету туралы ұсыным көрсетіледі.

      18. Жобалық басқару стандарттары қолданылған осы мониторингілеу деректері негізінде концессия шартына сәйкес жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді талдау процесі концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау болып табылады.

      19. Концессиялық жобаларды басқару сапасын жақсарту бойынша ұсынымдарды қамтитын есеп концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау нәтижесі болып табылады.

      Концессиялық мәселелер жөніндегі мамандандырылған ұйым концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау шеңберінде талдау жүргізеді, оның қорытындысы бойынша концессиялар саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдары бар талдамалық есеп дайындайды.

      Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау есебінің құрылымы мыналардан тұрады:

      қорытындылары мен ұсынымдары бар концессиялық жобаларды бағалау жөніндегі жиынтық ақпарат;

      есептің негізгі бөлігі;

      салыстырма кестені қоса бере отырып (қажет болған жағдайда) концессия саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар.

      Есепке концессиялық жобаның атауы, құны, мақсаты, іске асырылу мерзімі, концедент пен концессионердің атауы, сондай-ақ концессиялық жобаның ағымдағы мәртебесі қамтылған әрбір концессиялық жоба жөніндегі қысқаша ақпарат қоса беріледі.

      Ерекше маңызы бар концессиялық жобалар бойынша, қажет болған жағдайда, осындай жобалардың іске асырылуына жеке бағалау жүргізіледі.

      20. Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін концессия мәселелер жөніндегі мамандандырылған ұйым мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессия мәселелер жөніндегі мамандандырылған ұйымның есебі деректерді Тізілімге енгізу үшін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға түскен сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарына, концедентке және концессионерге жібереді.

  Концессия шарттарына
мониторинг жүргізу,
концессиялық жобаларға
мониторинг жүргізу және
олардың іске асырылуын
бағалау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы мәмілелер туралы есеп 

Р/с

Мәміле түрі (қосымша жалдау, кепіл, жақсартулар жүргізу, иеліктен шығару)

Мәміле деректемелері

Мәміле нысанасы болып табылатын мемлекеттік мүліктің сипаттамасы мен құны

шарттың нөмірі мен күні

мәміле тараптары

мәмілені орындау мерзімдері

мәміледе көзделген төлемдерді төлеу шарттары немесе енгізу тәртібі








  Концессия шарттарына
мониторинг жүргізу,
концессиялық жобаларға
мониторинг жүргізу және
олардың іске асырылуын
бағалау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Концессиялық жобалардың іске асырылуын мониторингілеу, коммуналдық меншiкке жататын концессия объектiлерi бойынша концессия шарттарын мониторингілеу жөніндегі ақпарат

Концессиялық жобасының атауы


Шарттың нысанасы


Концедент


Концессионер


Инвестициялық шығындардың өтемақысы, мың теңге, барлығы


Пайдалану шығындардың өтемақысы, мың теңге, барлығы


Басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы, мың теңге, барлығы


Жалдау төлемақысы, мың теңге, барлығы


Қолжетімділігі үшін төлемақы, мың теңге, барлығы


"Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары


Жобаны басқару жөніндегі топтың болуы


Тексеру оқиғалары

Өлшеу

Жоспар

Факт

Ауытқу себептері

Жоспарланған ден қою шаралары (тәуекелдер матрицасы)

Қабылданған/ қабылданатын шаралар

Жобаға әсері, оның тексеру нүктелері: құны, мерзімі, сапасы/ көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі

мерзімдері

Шартқа қол қою (қол қою күні, шарттың нөмірі)

күні







Шартты қазынашылық органдарында тіркеу (тіркеу күні, шарттың тіркеу нөмірі)

күні







Шарттың күшіне енуі

күні







Жер учаскесін беру (куәліктің нөмірі және күні)

күні







Құрылысқа рұқсат беру, өзге де рұқсаттамалар (құжаттың түрі мен күні)

күні







Қаржылық жабылуы: жобаны қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету (кредиттік шарттың күні, нөмірі)

күні







Құрылыстың басталуы

күні







Құрылыстың аяқталуы

күні







Объектіні пайдалануға беру (актінің күні мен нөмірі)

күні







Объектіні мемлекеттік меншікке қабылдау (актінің күні, нөмірі)

күні







Қарызды өтеу

күні







Жалдау төлемдерін төлеу

күні







Құқықтарды концессионерге беру (пайдалану, иелену құқығын), басқа да, (актінің, шарттың және т.б. күні, нөмірі)

күні







құны

Инвестициялық шығындардың өтемақысы (ағымдағы күнге)

мың теңге







Пайдалану шығындардың өтемақысы (ағымдағы күнге)

мың теңге







Басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы (ағымдағы күнге)

мың теңге







Концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысы (ағымдағы күнге)

мың теңге







Концессия объектісін пайдалану процесінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу (ағымдағы күнге)

мың теңге







Қолжетімділігі үшін төлемақы (ағымдағы күнге)

мың теңге







Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттен берілетін субсидиялар (ағымдағы күнге)

мың теңге







Меншікті қаражаты

мың теңге







Қарызға алынған қаражат

қарыз валютасында, мың теңге







Объектіні салу құны

мың теңге







Концессия объектісінің құны

мың теңге







сапасы/ қол жетімділігі

Пайдалану кезіндегі жұмыс орындары

орындардың саны







Түпкілікті нәтиженің көрсеткіштері








Концеденттің шарт бойынша міндеттемелерді орындауы:
(шарт бойынша міндеттемелер тізбесі көрсетіледі)

шартқа сәйкес







Концессионердің шарт бойынша міндеттемелерді орындауы:
(шарт бойынша міндеттемелер тізбесі көрсетіледі)

шартқа сәйкес







Концессионердің қаржылық жағдайы, оның ішінде:


ағымдағы өтімділігі: ағымдағы активтер/ағымдағы міндеттемелер

коэффициенті







меншікті қаражатпен қамтылуы: (меншікті капитал-айналымнан тыс активтер )/ағымдағы активтер

коэффициенті







активтердің табыстылығы: (таза пайда/активтердің құны)*100%

коэффициенті







тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасы (шарт бойынша сапа критерийлеріне талаптар көрсетіледі)

шартқа сәйкес







Концессия шарты шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет түрлері

тізбе шартқа сәйкес









Концессия шарты бойынша жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі мен түрлері

шартқа сәйкес заттай мәнінде







Құқық белгілейтін құжаттар мен меншік иелері көрсетілген жер учаскесінің болуы








Ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттың болуы (қорытындының нөмірі мен күні)








"Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14- бабының 1-тармағында көзделген мемлекеттік қолдау шаралары

шартқа сәйкес







Қарызды өтеу (ағымдағы күнге)

мың теңге







Жалдауды өтеу (ағымдағы күнге)

мың теңге







Шығарылатын өнімнің 1 бірлігіне қосылған құн

мың теңге







Үздік әлемдік тәжірибе мен инновацияларды қолдану мен енгізу








Лизингке, жалға, мүлікті жалдауға берілген концессия объектісінің жағдайы

шартқа сәйкес







Концессия объектісінің қор қайтарымы: концессиялық жоба бойынша өндірілген өнімнің жылдық көлемі, мың теңге/концессия объектісінің орташа жылдық құны, мың теңге

коэффициенті







      "Барлық мәліметтің дұрыстығын растаймын" _________________ "___" ___________ жыл

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымды тұлғаның қолы)* (толтыру күні )

      Мөрдің орны

      Ескертпе:

      * Тиісті саланың уәкілетті органының бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес; жергілікті деңгейде – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімінің орынбасарынан төмен емес)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 27 ақпандағы
№ 80 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 157 бұйрығына
6-қосымша

Конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптар 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Конкурстық құжаттамаларға, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерге сараптама жүргізу кезінде осы Талаптардың сақталуы міндетті болып табылады.

      3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган, мыналарды:

      1) конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын;

      2) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамасын жүргізу үшін концессия мәселелер жөніндегі мамандандырылғанұйымды тартады.

      4. Осы Талаптарда көзделген негізгі міндеттер:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;

      Заңда белгіленген мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия қағидаттарын сақтау;

      жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау;

      концессия схемасы бойынша жобаны іске асырудың алдын ала есептеулерін бағалау;

      жоба тәуекелдерін бөлуді және басқаруды бағалау;

      концессиялық жобаны жоспарлау кезеңінде оны іске асыру бойынша ұсынылатын шешімдердің негізділігін бағалау болып табылады.

      5. Конкурстық құжаттамалардың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамасы осы бұйрықпен бекітілген Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу және концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген келісулерді, қорытындылар мен сараптамаларды, сондай-ақ концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқаушы органдары айқындайтын заңды тұлғалар жүргізген концессиялық жоба бойынша оның алдындағы құжат сараптамасының нәтижелерін (тұжырымдар мен ұсынымдар) ескере отырып, жүзеге асырылуы тиіс.

2-тарау. Конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасы

      6. Конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптаманың нәтижесі оң немесе теріс қорытынды болып табылады, ол мынадай бөліктерден тұрады:

      1) сараптама қорытындысының кіріспе бөлігі сараптаманың атауы мен жүргізілу күні туралы мәліметтерді, сондай-ақ концессиялық жоба туралы жалпы ақпаратты қамтиды;

      2) сараптама қорытындысының негізгі (талдамалық) бөлігінде осы Қағидаларға сәйкес жүргізілген бағалау нәтижелері көрсетіледі;

      3) қорытынды бөлігінде сараптама қорытындылары бойынша әзірленген тұжырымдар мен ұсынымдар жазылады.

      Оң қорытынды мүдделі тұлғаларға концессиялық жобаларды басқару сапасын арттыру бойынша, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру тиімділігін және тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдармен қоса түсіндірмелерді қамтуы мүмкін.

      Теріс қорытынды дайындалған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы пысықтауға және оны қайтара сараптамаға енгізуге құқығы бар.

      7. Конкурстық құжаттаманың сараптама қорытындысы мыналарды:

      конкурстық құжаттаманың паспортын;

      конкурстық құжаттаманың Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі-МЖӘ) және концессия саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалауды;

      ақпараттық парақты бағалау, оның ішінде концессионерге ұсыну жоспарланған мемлекеттік қолдау шаралары мен шығындарды өтеу және табыстарды алу көздерін бағалауды;

      конкурстық құжаттама шарттарын бағалауды;

      концессия шарты жобасын бағалауды;

      мыналар бойынша конкурс ұйымдастырушыға, концессия жөніндегі Комиссияға, өзге де мүдделі тұлғаларға:

      конкурстық құжаттаманың сапасын арттыру;

      концессиялық жобаны басқару сапасын арттыру;

      концессиялық жобаны іске асыру тиімділігін және тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдарды қамтиды.

      8. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу жағдайларында (техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша) конкурстық құжаттаманы сараптау шеңберінде оның құрамындағы концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – ТЭН) бағалау жүргізіледі.

      9. Концессиялық жобаның ТЭН бағалау жүргізудің мақсаты ТЭН-де таңдап алынған концессиялық жобаны іске асыру нұсқасының коммерциялық, бюджеттік және әлеуметтік-экономикалық тиімділігін айқындау болып табылады.

      10. Концессиялық жобаның ТЭН бағалау нәтижелері (оң – ТЭН-де таңдап алынған концессиялық жобаны іске асыру нұсқасының тиімділігі расталады, немесе теріс – ТЭН-де таңдап алынған концессиялық жобаны іске асыру нұсқасының тиімділігі расталмайды) конкурстық құжаттаманы сараптау нәтижелеріне әсер етеді.

      11. Конкурстық құжаттама құрамында концессия шартының жобасын бағалау мыналарды:

      1) концессия шартының жобасын Заңның 21-бабына сәйкестігі тұрғысынан талдауды;

      2) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес концессия шартының жобасын талдауды;

      3) сыртқы жағдайлардың өзгеруінің концессиялық жобаны іске асыруға әсерін бағалауды қоса алғанда, концедент пен концессионер тәуекелдерін талдауды;

      4) концессионердің қызметін мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ концессионер шығындарын өтеу мен кірістерді алу көлемі мен ұсыну шарттарын талдауды;

      5) тараптардың жауапкершіліктерін, концессиялық жобаны іске асыру шеңберінде туындауы мүмкін дауларды қарау шарттарын талдауды;

      6) конкурстық құжаттама құрамында концессия шартының жобасы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтиды.

      12. Концессиялық жобаның ТЭН-ін бағалау ұсынылған концессиялық жобаның ТЭН-і және жобаның ерекшелігіне байланысты концессиялық жобаның ТЭН-ін жүргізуге қажетті сараптамалардың тиісті оң қорытындыларының, атап айтқанда:

      1) осы бұйрықпен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларының 10-тармағының 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ведомстводан тыс кешенді сараптама;

      2) тиісті саланың уәкілетті органының сараптамасы;

      3) "Қазақстан Даму Банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес, мемлекеттік кепілдік берілген жағдайда, банктік сараптама;

      4) қажет болған жағдайда, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама негізінде жүргізіледі.

      13. ТЭН бағалау нәтижелері конкурстық құжаттама қорытындысының құрамындағы концессиялық жоба ТЭН бағалау бөлімінде көрсетіледі және мыналарды:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының шеңберінде жобаны іске асыруды талдауды;

      жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін талдауды;

      жобаны іске асырудың коммерциялық тиімділігін талдауды;

      мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді және концессионердің шығындарды өтеу және кірістерді алу көздерін айқындауды ескере отырып, жобаны іске асырудың бюджеттік тиімділігін талдауды;

      жоба тәуекелдері мен оларды төмендету шараларын талдауды;

      тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтиды.

3-тарау. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптау

      14. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерге сараптау жүргізудің мақсаты әлеуетті концессионерлердің концессиялық өтінімдерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және конкурстық құжаттамаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау болып табылады.

      15. Концессиялық өтінімдерге сараптау жүргізудің нәтижелері бойынша әлеуетті концессионердің концессиялық өтінімдерінің негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетіледі.

      16. Концессиялық өтінімде (оның ішінде ТЭН, екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайларда) ұсынылған шешімдердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жасалатын қорытынды концессиялық өтінімдердің сараптау нәтижесі болып табылады.

      17. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамалық қорытындысы мыналарды:

      әлеуетті концессионерлердің ТЭН-ін бағалау;

      концессия шартының жобасын бағалау.

      18. Концессиялық өтінімнің құрамында концессиялық жобаның ТЭН-ін бағалау конкурсқа қатысушының конкурсты ұйымдастырушының ТЭН-інде көзделген техникалық-технологиялық және экологиялық шешімдерді қабылдаған жағдайларды қоспағанда, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысының бар болуы негізінде жүргізіледі.

      19. ТЭН бағалау нәтижелері концессиялық өтінім қорытындысының құрамындағы концессиялық жобаның ТЭН бағалау бөлімінде көрсетіледі және мыналарды:

      жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін талдауды;

      жобаны іске асырудың коммерциялық тиімділігін талдауды;

      жобаны іске асырудың бюджеттік тиімділігін талдауды;

      әлеуетті концессионерлер сұратқан мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ олар бар болған жағдайда конкурстық құжаттамада белгіленген шығындарды өтеу және кірістерді алу көздерін талдауды;

      жоба тәуекелдерін мен оларды төмендету шараларын талдауды;

      тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтиды.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      21. Конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптау Қағидаларда белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 27 ақпандағы
№ 80 бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 725 бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 6) тармақшасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) субъектілерінің МЖӘ жобаларын жоспарлау және іске асыру кезеңінде өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

      Осы Қағидалардың 2-тарауының 3-параграфын қоспағанда, концессиялық жобаларды жоспарлау және іске асыру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10122 тіркелген "Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) алдын ала есептеулер – жорамалдарды көрсете отырып, МЖӘ жобасының операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің кіріс және шығыс бөлігі бойынша есептеулер. Алдын ала есептеулер ашып көрсететін формулалары бар Microsoft Office Excel форматында жасалады және қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынылады;

      2) уәкілетті тұлға – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар және жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.

      3. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражатын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жүргізуді қаржыландыруға бөлу осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      4. Жоспарланған және іске асырылатын МЖӘ жобалары туралы ақпаратттық қамтамасыз ету МЖӘ-ні дамыту орталығықұратын тиісті тізбе арқылы жүзеге асырылады.

      Тізбені қалыптастыру үшін уәкілетті тұлғалар (мемлекеттік әріптестер) ай сайын ақпаратты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде:

      жергілікті жобалар бойынша – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аумақтық бөлімшелерін (филиалдарын / өкілдіктерін) бір мезгілде хабардар ете отырып, есепті айдың 20 күніне дейінгі мерзімде ұсынады.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ұсынылған ақпаратты жинақтайды және есепті айдың 25 күніне дейінгі мерзімде көрсетілген ақпаратты МЖӘ дамыту орталығына бір мезгілде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды және тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органын хабардар ете отырып жолдайды;

      республикалық жобалар бойынша – есепті айдың 25 күніне дейінгі мерзімде МЖӘ дамыту орталығына бір мезгілде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды хабардар ете отырып жолдайды.

      Уәкілетті тұлғалар жоспарланатын және іске асырылатын МЖӘ жобалары туралы ұсынылатын ақпаратттың толықтығын, сапасын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      Жоспарланатын және іске асырылатын МЖӘ жобаларының тізбесі МЖӘ дамыту орталығының интернет-ресурсында орналастырылады, уәкілетті тұлғалардың ақпаратты ұсыну нәтижесі бойынша ай сайын жаңартылады.

      5. МЖӘ жергілікті жобалары бойынша МЖӘ шарттарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары Заңның 25-бабының 5) тармақшасына сәйкес жасасады.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдігінің тиісті қаулысымен Заңның 1-бабының 5) тармақшасында көзделген тұлғалардың ішінен МЖӘ шартын жасасу үшін мемлекеттік әріптес айқындалады.

2-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау тәртібі

      6. МЖӘ жобаларын жоспарлау МЖӘ жобаларын жоспарлау мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына берілетін МЖӘ жобасын іске асыру орындылығы туралы экономикалық қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға (бұдан әрі – бизнес-жоспар) берілетін МЖӘ жобасын іске асыру орындылығы туралы қорытындының негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      7. МЖӘ жобаларын жоспарлау кезінде бір МЖӘ жобасының іс-шараларын бірнеше МЖӘ жобаларына бөлуге жол берілмейді.

      Уәкілетті тұлғалар МЖӘ жобасы бойынша техникалық, қаржылық, заңдық шешімдерді қалыптастыруға кешенді тәсілді қамтамасыз етеді.

      8. Уәкілетті тұлға МЖӘ жобасын іске асыру қажеттігі туралы шешімді Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының, Қазақтан Республикасы Президенті, Қазақтан Республикасы Үкіметі тапсырмаларының немесе актілерінің негізінде, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің бастамаларын ескере отырып қабылдайды.

      МЖӘ жобасының шеңберінде мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару немесе мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша беру туралы шешім мынадай талаптардың бірі:

      1) МЖӘ жобасын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы немесе актісі, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің бастамасы;

      2) мемлекеттік қолдау шараларын, мемлекеттен субсидияларды, инвестициялық шығындар өтемақысын, операциялық шығындар өтемақысын, қолжетімділік үшін төлемақыны ұсынуды, сондай-ақ МЖӘ жобасына консультациялық сүйемелдеу жүргізуді болжау;

      3) меншік құқығын МЖӘ объектісіне ауыстыруды болжау орын алған жағдайда қабылданады.

      9. МЖӘ жобасын жоспарлау кезеңінде уәкілетті тұлғалар, қажет болған жағдайда, жобаны басқару сапасын қамтамасыз ету үшін ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың мамандарын, тәуелсіз сарапшыларды, жобалық, инжинирингтік және басқа компанияларды, мүдделі және уәкілетті мемлекеттік органдарды, кәсіпкерлік субъектілерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарту арқылы Ведомствоаралық жобалық топ құрылады.

      Ведомствоаралық жобалық топтың құрамы МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі уәкілетті тұлғаның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      Ведомствоаралық жобалық топ мына функцияларды жүзеге асырады:

      МЖӘ жобасын іске асыру тетіктері бойынша ұсыныстар мен бастамаларды зерделейді;

      МЖӘ жобасының басымдығын, жүзеге асыру тәсілін, конкурстың түрін, жер учаскелерін бөлуге, инженерлік желілерге қосылуға байланысты мәселелерді іріктейді, бағалайды, айқындайды;

      жоспарланып отырған МЖӘ жобасы бойынша маркетингтік және өзге де зерттеулердің нәтижелерін зерделейді;

      барлық қажетті есептеулерді, оның ішінде МЖӘ жобасының алдын ала есептеулерін зерделейді;

      МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасына қосу үшін ұсыныстар әзірлейді;

      МЖӘ жобасын жоспарлау кезеңінен бастап МЖӘ шартын жасасу кезеңіне дейін МЖӘ жобасын әзірлеуге тартылған тұлғалардың барлық есептерін тыңдайды;

      Келісім беретін уәкілетті органдар мен ұйымдардың ескертулерін алу бойынша келісу және сараптама процестері барысында МЖӘ жобасының тұжырымдамасын және конкурстық құжаттамасын пысықтауды жүзеге асырады.

      Бұл ретте сараптама және келісу қорытындыларында Ведомствоаралық жобалық топқа МЖӘ жобаларын басқару бойынша ұсынымдар көрсетіледі;

      МЖӘ конкурстық құжаттамасын қараудан, келісуден, сараптамадан және бекітуден өту мерзімдерінің және рәсімдерінің сақталуын қадағалайды.

      10. Заңның 26-бабына сәйкес уәкілетті тұлғалар МЖӘ саласында мамандарды оқыту, сондай-ақ МЖӘ мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу және ұсынымдар әзірлеу үшін МЖӘ дамыту орталығын тартады.

      11. МЖӘ жобасын қаржыландыруға мүдделі қаржылық және өзге де ұйымдар МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасын, МЖӘ шартының жобасын әзірлеуге және талқылауға қатыса алады, оның ішінде МЖӘ жобасын қаржыландыру, МЖӘ шарты бұзылған жағдайларда тартылатын қарыздар, көзделетін төлемдер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету схемасы және МЖӘ жобасын қаржыландыруға байланысты өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар енгізе алады.

      12. МЖӘ жобасын жоспарлауға кәсіпкерлік субъектілерін тарту, жоспарлау процесінің ашықтығын арттыру мақсатында, уәкілетті тұлғалар жоспарланған МЖӘ жобасы туралы қызығушылықты білдіретін сұрау салуды өздерінің ресми интернет-ресурстарында, МЖӘ дамыту орталығының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.

      Қосымша ақпартты өзге де интернет-ресурстарда және мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыруға жол беріледі.

      Жоспарланған МЖӘ жобасы туралы қызығушылықты білдіретін сұрау салу уәкілетті тұлғаның байланыс деректерінен, МЖӘ жобасының негізгі параметрлері және талаптарынан, сондай-ақ ұсыныстарды берудің түпкілікті мерзімдерінен тұрады.

      Конкурсты ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурсты жабық түрде өткізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, жоспарланған МЖӘ жобасы туралы ақпарат жария етілмейді. Қызығушылықты білдіретін сұрау салу конкурсты ұйымдастырушы алдын ала айқындаған әлеуетті жекеше әріптестерге жазбаша түрде жолданады.

      МЖӘ жобасын талқылауға әлеуетті жекеше әріптестерді тарту мақсатында дөңгелек үстелдер, кездесулер, road-show (тұсаукесерлер), networking (салалық конференцияларға және форумдарға, көрмелерге қатысу), инвестициялық маркетинг және басқа да қажетті шаралар, оның ішінде консультанттарды тарта отырып жүргізіле алады.

      13. Конкурсты ұйымдастырушы қажет болған жағдайда келіп түскен ұсыныстарды жинақтайды және уәкілетті тұлғаның әлеуетті жекеше әріптестердің әрқайсысымен, оның ішінде жалғыз әлеуетті жекеше әріптеспен келіссөздер жүргізуі жолымен бәсекелі диалог ұйымдастыра алады.

      Бәсекелі диалог әрбір мүдделі әлеуетті жекеше әріптестердің, оның ішінде жалғыз әлеуетті жекеше әріптестің мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық, қаржылық, заңдық және МЖӘ жобасының басқа да қажетті параметрлері, мемлекеттік қолдау шаралары, үздік конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттары бойынша оңтайлы шешімдерді және өзге де шешімдерді қалыптастыру үшін ұйымдастырылады.

      14. Бәсекелі диалог қорытындылары хаттамамен ресімделеді.

      Бәсекелі диалогқа қатысушылардың барлығы оны жүргізу барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

      15. Уәкілетті тұлғалар МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасын бәсекелі диалогтың қорытындыларын, жобалық топ жұмысының нәтижелерін ескере отырып, сондай-ақ Заң талаптарын ескере отырып әзірлейді.

      МЖӘ жобасының бизнес-жоспарын әлеуетті жекеше әріптес әзірлеген жағдайда жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімді енгізу үшін уәкілетті тұлғамен МЖӘ жобасының бизнес-жоспарын әзірлеуге байланысты талқылаулар жүргізуге жол беріледі.

      Талқылауларға мүдделі мемлекеттік органдар, сарапшылар, және өзге де мүдделі тұлғалар тартылуы мүмкін.

1-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, әзірлеу, келісу, сараптама жүргізу, сондай-ақ бекіту

      16. Конкурстық құжаттаманы әзірлеуші мемлекеттік орган мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына берілетін МЖӘ жобасын іске асыру орындылығы туралы экономикалық қорытындыны алғаннан кейін инвестициялық ұсыныс, оған берілген қорытындылар және басқа да тиісті сараптамалар қоса берілген өтінімді, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиісті бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебінен конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету (МЖӘ жобаларын сүйемелдеу бойынша заңды тұлғалар тартылған жағдайда) мәселесін одан әрі тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға енгізеді.

      17. Инвестициялық ұсыныстарда қамтылған тиісті бюджет комиссиялары мақұлдаған МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларды жүргізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын МЖӘ жобаларының тізбесін қалыптастырады.

      18. Инвестициялық ұсыныстарға берілетін экономикалық қорытындылардың негізінде және бюджет комиссияларының қорытындыларына сәйкес МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын МЖӘ жобаларының техникалық-экономикалық негіздемелерін (қажет болған жағдайда) әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын МЖӘ жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеу немесе түзету жүзеге асырылады.

      19. Конкурстық құжаттама, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде (бұдан әрі – конкурстық құжаттама), мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Заңмен және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен МЖӘ жобасының ерекшелігін ескере отырып өзге де тілдерде де әзірленеді.

      20. Заңның 37-бабының 2-тармағына сәйкес конкурстық құжаттама мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) әлеуетті жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарға қойылатын талаптар;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша әзірленетін МЖӘ жобасының сипаттамасын қамтитын ақпараттық парақ;

      3) МЖӘ объектісінің орналасқан жері;

      4) МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік қолдаудың болжамды түрлері мен көлемдері, сондай-ақ шығындарды өтеу мен кірістерді алу көздері;

      5) МЖӘ шартының жобасы;

      6) үздік конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттарының сипаты;

      7) МЖӘ жобасының параметрлері көрсетілуге тиіс валютаны (валюталарды) көрсету және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын валюта (валюталар) бағамы;

      8) конкурстық өтінім берілетін тілге қойылатын талаптар;

      9) әлеуетті жекеше әріптестің өз конкурстық өтінімін конкурстық өтінімдер ұсыну мерзімі өткенге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына нұсқау;

      10) конкурстық өтінімнің мазмұны, конкурстық өтінімдерді ұсыну тәсілі, орны, мерзімі және олардың күші, сондай-ақ конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттары;

      11) МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасының мазмұны бойынша түсіндірулерді алу тәсілдері;

      12) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімдері, орны, күні мен уақыты.

      21. Конкурстық құжаттамаға тиісті саланың уәкілетті органы салалық сараптама жүргізеді.

      Конкурстық құжаттаманың салалық сараптамасын ол енгізілген кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде салалық орталық мемлекеттік органдар (республикалық жобалар бойынша) не жергілікті салалық мемлекеттік органдар (жергілікті жобалар бойынша) жүргізеді және ол мыналарға:

      саланың одан әрі дамуына ықпал ететін ағымдағы жай-күйінің проблемаларын;

      МЖӘ жобасы мақсаттарының салада орын алған проблемаларды шешуге сәйкестігін;

      МЖӘ жобасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін бағалау, оның ішінде тиісті салада (аяда, өңірде) тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктердің бар болуын көрсету, сондай-ақ МЖӘ жобасының болжамды түпкілікті нәтижесінің болуын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларына немесе актілеріне сәйкестікті;

      ұсынылған схема бойынша МЖӘ жобасын іске асыру мүмкіндігі мен орындылығын;

      техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатындығын;

      МЖӘ объектісінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 қаулысымен бекітілген, МЖӘ іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тiзбесіне тиесілілігін;

      жекеше әріптестің және ол ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз ету қағидатын негізге ала отырып, МЖӘ жобасын іске асырудың балама нұсқаларын;

      МЖӘ жобасын іске асырған және мұндай іске асыру болмаған жағдайда саладағы ахуалды;

      МЖӘ жобасын іске асырудан түскен пайданы бөлуді;

      МЖӘ жобасын іске асырудың экономиканың сабақтас салаларына (аяларына) болжамды мультипликативті әсерін;

      ұсынылатын кіріс алу және шығындарын өтеу көздерін, мемлекеттік қолдау мен бағалық шешімдерді, оның ішінде инвестициялық және операциялық шығындардың барлық құрамдауыштары бойынша баға-сапа арақатынасының оңтайлылығын бағалауды;

      конкурстық құжаттамада көзделген технологиялық, техникалық шешімдерді, оның ішінде іске асыру кестесін;

      МЖӘ жобасын іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің болжанатын физикалық параметрлері және техникалық сипаттамаларын бағалауды қамтитын салалық сараптамаға жатады.

      Ақпараттандыру саласындағы МЖӘ жобалары бойынша конкурстық құжаттамада көзделген технологиялық, техникалық шешімдерді, оның ішінде іске асыру кестесін Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкестігіне бағалау жүргізіледі.

      Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы МЖӘ жобалары бойынша конкурстық құжаттамада көзделген технологиялық, техникалық шешімдерді, оның ішінде іске асыру кестесін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкестігіне бағалау жүргізіледі.

      Егер МЖӘ жобасы бірнеше салалық мемлекеттік органдардың жауапкершілік аясын қозғаған жағдайда, көрсетілген салалық мемлекеттік органдар конкурстық құжаттаманың тиісті салалық сараптамалар қорытындыларын қосымша ұсынады.

      22. МЖӘ жобасы табиғи монополиялар салаларына жатқызылған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен олар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мына мәселелерді қарай отырып:

      1) табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде конкурстық құжаттама ережелерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар салаларындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін;

      2) конкурстық құжаттаманың тарифтер қалыптастырудың экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа да параметрлеріне және МЖӘ жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі (бұдан әрі - ТЭН) бар болған жағдайда оған сәйкес келуін;

      3) конкурсқа қатысушылар ұсынған конкурстық өтінімнің құрамында МЖӘ жобасының тариф қалыптастырумен байланысты құжаттар тізбесін келісуін;

      4) тариф қалыптастырумен байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі шарттарын келісуін;

      5) МЖӘ жобасының тариф қалыптастырумен байланысты МЖӘ шартына енгізілетін ережелер мен қосымшалар бөлігінде МЖӘ шартының жобасын келісуін;

      6) МЖӘ-нің жұмыс істеп тұрған объектілерін жаңғырту немесе реконструкциялау кезінде іске қосылған негізгі құрал-жабдықтардың өтімділік құнының жұмыс істеп тұрған деңгейінің капитал құрушы шығындар есебінен ұлғаюына немесе сақталуына қол жеткізу және МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде әзірленген және іске асырылатын іс-шаралар жоспарына негізделген нормативтік шығындарды төмендету және (немесе) бар болған жағдайда нормативтен жоғары шығындарды жоюды;

      7) қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша шығыстар, өндірістік шығындарды азайтуды;

      8) қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемін ұлғайту және (немесе) сапасын арттыруды;

      9) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемелерін) қалыптастыру тәртібі көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтің шекті деңгейін;

      10) қарыз алудың және қарыз ресурстарын өтеудің схемасы мен шарттарын;

      11) МЖӘ жобасының негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері – Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының және МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді төлеу болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, пайданың (кірістіліктің), тартылған активтеріне пайданың, көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) өсу болжамы шеңберінде субъектілердің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерінің) деңгейіндегі қолма-қол ақшаның дисконтталған ағымдарының ішкі нормаларын келіседі.

      Конкурстық құжаттаманы келісу келісім туралы немесе әрбір қаралатын мәселе бойынша келіспеу себептерін немесе конкурстық құжаттаманы пысықтау бойынша талаптарды көрсете отырып, келіспеу туралы хат түрінде ресімделеді.

      23. Конкурсты ұйымдастырушы республикалық МЖӘ жобаларының конкурстық құжаттамасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға келісуге жолдайды.

      24. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, егер жоба техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылса, конкурстық құжаттаманы құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ол түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, ал жобалардың қалғандары бойынша – 10 (он) жұмыс күні ішінде мына мәселелерді:

      1) инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекеттің кепілгерлігін немесе МЖӘ жобаларын қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдікті ұсынуды.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін конкурстық құжаттаманы келісу кезінде, МЖӘ жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс шеңберінде конкурсты ұйымдастырушы беруді ұсынған мемлекет кепілгерлігінің көлемін және мемлекет кепілгерлігін берумен байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі шарттарын келіседі;

      2) МЖӘ объектісін республикалық меншікке қабылдау немесе республикалық меншіктегі бар объектіні МЖӘ жобасын іске асыру үшін беруді қарап, келісуді жүргізеді.

      Конкурстық құжаттаманы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу келісім туралы немесе келіспеу себептерін немесе конкурстық құжаттаманы пысықтау бойынша талаптарды көрсете отырып келіспеу туралы хат түрінде ресімделеді.

      25. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға келісуге жолдайды.

      Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде тиісті салыстырма кесте, сондай-ақ ұсынылған өзгерістер және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, жаңа редакциядағы конкурстық құжаттама келісуге ұсынылады.

      Конкурстық құжаттамаға және оған қоса берілетін материалдарға уәкілетті тұлғаның жауапты құрылымдық бөлімшесінің (ведомствосының) басшысы әр парағына қол қояды немесе беттері нөмірленіп, тігілген түрде ұсынылады. Тігу кезінде соңғы беттің сырты куәландырылады және бет саны көрсетіледі.

      26. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың жобасын келісуге жолдаған кезде, байланысушы тұлға – конкурсты ұйымдастырушының өкілінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), лауазымын, телефонын және электрондық поштасының мекенжайын (мекенжайларын) көрсетеді.

      27. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган конкурстық құжаттама түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны МЖӘ дамыту орталығына немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғаларға, егер жоба техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылса, осы ұйымға конкурстық құжаттаманы ұсынған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүргізілетін сараптама жүргізу үшін, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде жүргізу үшін жолдайды, ал жобалардың қалғандары бойынша – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жолдайды.

      Бұл ретте инвестициялық ұсыныстың және мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына берілетін МЖӘ жобасын іске асыру орындылығы туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысының көшірмесі қоса беріледі.

      28. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның конкурстық құжаттаманы қарауының жалпы мерзімі, сараптаманы қоса алғанда, техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша 40 (қырық), ал жобалардың қалғандары бойынша – 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс.

      29. Конкурстық құжаттама бойынша жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпарат ұсыну қажет болған жағдайларда, МЖӘ-ні дамыту орталығынемесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын сараптаманы жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар құжаттар пакеті түскен күннен бастап 5 (бес жұмыс) жұмыс күні ішінде (бір реттен артық емес) тиісті сұрау салуларды, сұрау салудың көшірмесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жолдайды. Жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты немесе қосымша мерзімдердің қажеттігі туралы хабарламаны конкурстық құжаттаманы әзірлеуші сұрау салу түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жолдайды.

      30. Бұл ретте жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты ұсынудың қосымша мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды.

      Сұрау салуды жолдаған күннен бастап, қажетті ақпаратты ұсынғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатылады.

      Сұрау салуға сәйкес қажетті ақпараттар мерзімге сәйкес ұсынылмаған жағдайда конкурстық құжаттама әзірлеушіге қараусыз кейін қайтарылады.

      31. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган МЖӘ-ні дамыту орталығынемесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар жасаған конкурстық құжаттама сараптамасының қорытындысының негізінде конкурстық құжаттаманы келісу келісім туралы немесе әрбір қаралатын мәселе бойынша келіспеу себептерін немесе конкурстық құжаттаманы пысықтау бойынша талаптарды көрсете отырып, келіспеу туралы хат түрінде ресімделеді.

      32. Жергілікті атқарушы органдар айқындайтын сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар конкурстық құжаттама сараптамасына тартылмаған жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тиісті қорытындыны өздігінен дайындайды.

      33. Конкурстық құжаттаманың сараптама қорытындысы мыналарды:

      конкурстық құжаттаманың паспортын;

      конкурстық құжаттаманың Қазақстан Республикасының МЖӘ туралы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалауды;

      ақпараттық парақты бағалауды, оның ішінде жекеше әріптеске ұсыну жоспарланған мемлекеттік қолдау шаралары мен шығындарды өтеу және кірістерді алу көздерін бағалауды;

      конкурстық құжаттама шарттарын бағалауды;

      МЖӘ шартының жобасын бағалауды қамтиды.

      конкурс ұйымдастырушыға, жобалық топқа, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурстық комиссияға, өзге де мүдделі тұлғаларға:

      конкурстық құжаттаманың сапасын арттыру;

      МЖӘ жобасын басқару сапасын арттыру;

      МЖӘ жобасын іскес асыру тиімділігін және тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдарды қамтиды.

      34. Конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезіндегі сараптаманың нәтижесі оң қорытынды оң немесе теріс қорытынды болып табылады, ол мынадай бөліктерден тұрады:

      1) сараптама қорытындысының кіріспе бөлігі сараптаманың атауы мен жүргізу күні туралы мәліметтерді, сондай-ақ МЖӘ жобасы туралы жалпы ақпаратты қамтиды;

      2) сараптама қорытындысының негізгі (талдамалық) бөлігінде осы Қағидаларға сәйкес жүргізілген бағалау нәтижелері көрсетіледі;

      3) қорытынды бөлікте сараптама қорытындылары бойынша әзірленген ұсынымдар мен тұжырымдар жазылады.

      35. Оң қорытынды МЖӘ жобасын басқару сапасын арттыру бойынша, оның ішінде МЖӘ жобасын іске асыру тиімділігін және тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету бойынша мүдделі тұлғаларға ұсынымдары бар түсіндірмелерді қамтуы мүмкін.

      Теріс қорытынды дайындалған жағдайда конкурс ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы пысықтауға және оны қайта сараптау жүргізу үшін енгізуге құқылы.

      36. Конкурстық құжаттама құрамында МЖӘ шартының жобасына бағалау мыналарды:

      1) шарт жобасының Заңның 46-бабына сәйкестігін талдауды;

      2) шарт жобасының конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін талдауды;

      3) сыртқы жағдайлардың МЖӘ жобасын іске асыруға әсерін бағалауды қоса алғанда, мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің тәуекелдерін талдауды;

      4) МЖӘ субъектілерінің қызметін мемлекеттік қолдау шараларын, көлемі мен ұсыну шарттарын, сондай-ақ МЖӘ субъектілерінің шығындарын өтеуі мен кірістерді алуын талдауды;

      5) тараптардың жауапкершіліктерін, МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде туындауы мүмкін дауларды қарау шарттарын талдауды;

      6) конкурстық құжаттама құрамында МЖӘ шартының жобасына тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтиды.

      37. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы келіседі және МЖӘ-ні дамыту орталығынемесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар жасаған конкурстық құжаттама сараптамасының қорытындысын конкурсты ұйымдастырушыға жолдайды.

      38. МЖӘ-ні дамыту орталығыжүргізген конкурстық құжаттамаға МЖӘ жобасы бойынша республикалық бюджеттен шығыстарды тудыратын бір немесе бірнеше мемлекеттік қолдау шараларын, жекеше әріптестің шығыстарын өтеу және кірістерді алу көздерін ұсынуды енгізу мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы болған жағдайда, конкурстық құжаттаманы әзірлеуші мемлекеттік орган МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін өтінімді бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жолдайды.

      39. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар жүргізген конкурстық құжаттамаға МЖӘ жобасы бойынша жергілікті бюджеттен шығыстарды тудыратын бір немесе бірнеше мемлекеттік қолдау шараларын, жекеше әріптестің шығыстарын өтеу және кірістерді алу көздерін ұсынуды енгізу мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы болған жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.

      40. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс үшін дайындалған МЖӘ жобасы бойынша жергілікті бюджеттен шығыстарды тудыратын бір немесе бірнеше мемлекеттік қолдау шараларын, жекеше әріптестің шығыстарын өтеу және кірістерді алу көздерін қамтитын конкурстық құжаттама бойынша қорытынды дайындайды (заңды тұлғалардың сараптама өткізуінсіз) және қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.

      41. Ұлттық валютаның шетел валютасының бағамына қатысты айтарлықтай өзгеру себебінен техникалық шешімдердің өзгеруін талап етпейтін, жаңа объектiлердi құруға (құрылысына) не бар объектiлердi реконструкциялауға бағытталған МЖӘ жобасының сметалық құны ұлғайған жағдайда, кейіннен ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүргізе отырып ТЭН-ге және (немесе) ЖСҚ-ға түзету жүргізіледі, бұл ретте МЖӘ-ні дамыту орталығы немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын сараптаманы жүргізуге уәкіле тті заңды тұлғалар сараптамасы және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қорытындысы қажет емес.

      42. Конкурсты ұйымдастырушы осы мәселені тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға (республикалық жобалар бойынша) немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға (жергілікті жобалар бойынша) өтінім жолдайды.

      Тиісті бюджет комиссиясының шешімі негізінде конкурстық құжаттаманы қайта бекіту жүзеге асырылады.

      43. Барлық қажетті келісулер мен сараптамаларды, оның ішінде тиісті бюджет комиссияның оң шешімін алғаннан кейін, конкурстық құжаттама конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның бұйрығымен (шешімімен) бекітіледі.

      Конкурстық құжаттамаға, сондай-ақ оған қоса берілетін материалдарға конкурсты ұйымдастырушының жауапты құрылымдық бөлімшесінің (ведомствоның) басшысы әрбір парағына қол қояды.

      44. Конкурстық құжаттаманың қолданылу мерзімі бекітілген күннен бастап 3 (үш) жылдан аспауы қажет.

2-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғылық капиталына қатысу

      45. МЖӘ жобасының қаржы-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – ҚЭН) әзірлеу, түзету, сараптау, сондай-ақ бекіту Қазақстан Республикасының бюджет заңнмасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Жекеше әріптесті конкурс тәсілімен айқындаған жағдайларда, уәкілетті тұлға МЖӘ жобасының ҚЭН-іне конкурстық құжаттаманың құрамында сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Жекеше әріптесті тікелей келіссөздер тәсілімен айқындаған жағдайларда, уәкілетті тұлға МЖӘ жобасының ҚЭН-іне МЖӘ жобасына бизнес-жоспардыңғ құрамында сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді.

      46. МЖӘ компаниясының (институционалдық МЖӘ) жарғылық капиталына қатысу үшін мемлекеттік бюджеттен қаражаттың бөлінуі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      МЖӘ компаниясына мемлекеттік әріптестің немесе жекеше әріптестің қатысуын тоқтату шарттары мен тәртібі МЖӘ шартымен айқындалады.

3-параграф. Бөлінетін бюджеттік бағдарламалар қаражатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізуді, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына, оның ішінде концессиялық жобаларға консультациялық сүйемелдеу жүргізуді қаржыландыруға бөлу тәртібі

      47. МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу шеңберінде экономикалық сараптаманы қоспағанда, тиісті қажетті сараптамаларды жүргізу қаржыландырылады.

      48. МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасына сарапталарды, МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру және жүргізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      49. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 154-4-бабына сәйкес мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiнің негізінде бір қаржы жылы ішінде әр түрлі бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арасында бөлінуге жатады.

      50. МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, МЖӘ жобаларына, оның ішінде концессиялық жобаларға консультациялық сүйемелдеу жүргізуді бөлінетін бюджеттік бағдарламалар қаражаты есебінен қаржыландыру процесі мынадай негізгі кезеңдерді қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді:

      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, МЖӘ жобаларына, оның ішінде концессиялық жобаларға консультациялық сүйемелдеу жүргізуді қаржыландыруға өтінімдер беру;

      2) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн қалыптастыру және бекіту;

      3) МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, МЖӘ жобаларына, оның ішінде концессиялық жобаларға консультациялық сүйемелдеу жүргізуді қаржыландыру.

      51. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, МЖӘ жобаларына, оның ішінде концессиялық жобаларға консультациялық сүйемелдеу жүргізуді қаржыландыруға өтінімдерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға береді.

      52. МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыруға өтінім мыналар:

      1) салалық сараптаманың оң қорытындысы;

      2) МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге техникалық тапсырманың жобасы;

      3) МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеудің немесе түзетудің, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізудің құнын есептеу қоса берілген, инвестициялық ұсыныстан тұрады.

      МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты игеру кезеңі бір жылдан асуы мүмкін бірақ тиісті бюджет комиссиясының ұсынысында айқындалған мерзімнен аспауы керек.

      53. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган МЖӘ жобасы инвестициялық ұсынысқа оң экономикалық қорытынды негізінде және республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер лимиттерін ескере отырып, МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қорытындыларды қалыптастырады және республикалық бюджет комиссияның қарауына енгізеді.

      54. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган инвестициялық ұсынысқа оң экономикалық қорытынды негізінде және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен белгіленген облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана жергілікті атқарушы органдарының МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер лимиттерін ескере отырып, МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қорытындыларды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссияның қарауына енгізеді.

      55. Инвестициялық ұсыныстарда қамтылған бюджет комиссиялары мақұлдаған МЖӘ жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн қалыптастырады.

      56. Әрбір МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жоба бойынша атауды және қаржыландыру сомасын қамтитын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердiң тiзбесi дайындалуын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органымен бекітіледі.

      57. Мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын атқарушы орган МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтердi қаржыландыруға арналған өтiнiмдi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органға жiбередi.

      58. МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға арналған өтінім мынадай негізгі мәліметтерді:

      1) МЖӘ жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның атауын;

      2) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі туралы ақпаратты;

      3) көрсетілетін қызметтердің түрлері және олардың мәлімделетін құнын қамтиды.

      59. Өтінімге, сондай-ақ мыналар қоса беріледі:

      1) мынадай негізгі мәліметтер көрсетілуі тиіс қызметтер көрсету жөніндегі техникалық тапсырманың жобасы:

      көрсетілетін қызметтерді тартудың мақсаты мен міндеттері;

      қызметтер ұсынуға қойылатын жалпы талаптар;

      қызметтер ұсыну мерзімдері;

      қызметтер ұсынудың тікелей нәтижелерінің көрсеткіштері (индикаторлары);

      2) көрсетілетін қызметтердің мәлімделген жалпы құнының негіздемесі;

      3) көрсетілетін қызметтер тарту қажеттілігін негіздейтін өзге де мәліметтер.

      60. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастырады, ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      61. Тиiстi бюджет комиссиясы қарау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн, сондай-ақ әрбiр жоба бойынша қаржыландырудың түрлерi мен көлемдерiн айқындайды.

      62. МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтердің тізбесі әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтиды.

      63. Тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар қаражатының қалған сомасына тізімдемелерге өзгерістер және (немесе) толықтыруларды қалыптастыру, тиісті бюджет комиссияның қарауына енгізу және бекіту осы Параграфта белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      64. Тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргізуді, МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражаты қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайларда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тиісті бюджетті соңғы нақтылауға дейін бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін қайтаруды қамтамасыз етеді.

      65. Пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған бюджет қаражатын қайтару кейіннен түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, белгіленген тәртіппен әзірленген және қабылданған тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығына немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешіміне өзгерістер енгізу туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығы немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде тиісті бюджет комиссияларының тиісті шешімінсіз мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бюджеттік бағдарламаларын қалпына келтіру арқылы жүзеге асырылады.

      66. МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргізуді, МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыруға тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражаты қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайларда, екінші жарты жылдықта тиісті бюджетті нақтылағаннан кейін, бюджеттік бағдарлама әкімшісімен тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін қайтаруына жол берілмейді.

      67. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiнің негізінде, МЖӘ жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргізуді, МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

      68. МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргізуді, МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      69. МЖӘ жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргізуге, МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуге арналған шарт бойынша өнім берушінің міндеттемелеріне тиісті сараптамалар өткізу нәтижелері бойынша ескертулер мен ұсыныстар туындаған, оның ішінде жобаға экономикалық сараптама жүргізген кезде жобаны бюджеттік бағдарламалар әкімшісі пысықтауға қайтарған жағдайда, күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде шарттың жалпы құны шегінде өнім берушінің МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын, МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді міндетті пысықтауы туралы талап қосылады.

      70. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органға МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша iс-шараларын iске асыру барысы туралы ақпаратты, тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiне (оныншы) дейiн ұсынады.

3-тарау. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты және тікелей келіссөздерді жүргізу тәртібі

1-параграф. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу

      71. Жекеше әріптесті айқындау конкурс тәсілімен, оның ішінде:

      екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып;

      оңайтылған тәртіппен жүргізіледі.

      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада Заңның 31-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес конкурс түрін айқындайды.

      Конкурс Заңның 31-бабына сәйкес жабық болуы мүмкін.

      72. Заңда белгіленген құзыретке сәйкес конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік қолдау шараларын беруді және (немесе) мемлекеттік бюджеттен төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін кезде орталық мемлекеттік орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы болатын жағдайларды қоспағанда, конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік әріптес болып табылады.

      73. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс кезеңінде қажетті жағдайда МЖӘ жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша заңды тұлғаларды тартады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлғаларды тарту үшін, конкурсты ұйымдастырушы – мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға МЖӘ жобасын консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға өтінімді жолдайды.

      74. Конкурсты ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау үшін конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      Комиссияның төрағасы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысы болып табылады (конкурсты ұйымдастырушы жергілікті атқарушы орган болғанда – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімінің орынбасарынан төмен емес).

      Комиссия хатшысы конкурсты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес өкілі болып табылады.

      Комиссияның құрамына мемлекеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың өкілдері кіреді (конкурсты ұйымдастырушы орталық мемлекеттік орган болғанда – бірінші басшылар орынбасарларынан төмен емес; конкурсты ұйымдастырушы орталық мемлекеттік орган болғанда – бірінші басшылар орынбасарларынан төмен емес), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

      Конкурсты ұйымдастырушы жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар болған жағдайларда Комиссия құрамына сондай-ақ тиісті саланың уәкілетті органының өкілі (өкілдері) кіреді.

      Комиссия құрамына өзге мемлекеттік органдары, ұйымдарды кіре алады.

      Комиссияның жұмыс органы конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.

      75. Комиссия мынадай функцияларды:

      1) конкурс ұйымдастырушысы Комиссия отырысына енгізген біліктілік іріктеу нәтижелері бойынша әлеуетті жекеше әріптесті конкурс қатысушы ретінде тану туралы шешім қабылдау (жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурсқа рұқсат беру туралы хаттама);

      2) біліктілік іріктеуден өткен конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қарау және іріктеу;

      3) үздік конкурстық өтiнiмдi айқындау;

      4) конкурстық өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптеспен не жалғыз әлеуетті жекеше әріптеспен МЖӘ шартының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізу;

      5) өтініш берушіні жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс жеңімпазы деп тану;

      6) жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурсты өткізу үшін қажетті осы Қағидаларда көзделген оның ішінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Комиссияның барлық шешімдері хаттамамен ресімделеді.

      Комиссияның шешімі дауыс берумен қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы ол үшін берілген жағдайда қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.

      Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, осы Комиссияның кез келген мүшесі хаттамаға қоса берілетін ерекше пікірге құқылы.

      Комиссияның отырысы өкілетті болып есептеледі (кворум болса), егер оның құрамының үштен екісінен кем емесі қатысып отырса.

      Отырыс хаттамаларына отырысқа қатысқан Комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ Комиссия хатшысы қол қояды.

      76. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу мынадай реттіліктегі іс-шараларды орындауды көздейді:

      1) конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті жекеше әріптестерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен бір мезгілде хабарлаумен жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлауы;

      2) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларға конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсыну;

      3) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларға оның ережелерін түсіндіру, талқылау және түзету;

      4) біліктілік іріктеуді жүргізу.

      Егер мұндай шарт конкурстық құжаттамада көзделген болса, конкурстық өтінімді енгізген соң біліктілік іріктеу жүргізуге жол беріледі;

      5) әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық өтінімді, сондай-ақ конкурстық өтінімнің қамтамасыз етуін енгізуі;

      6) Комиссияның конкурстық өтінімдерді қарауы;

      7) Комиссияның конкурстық өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптеспен келіссөздердің тиісті хаттамасын ресімдей отырып, МЖӘ жобасын және МЖӘ шартының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздерді жүргізу;

      Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып конкурс өткізуді көздейтін МЖӘ жобалары бойынша:

      Комиссия конкурстық өтінімі жақсы деп танылған әлеуетті жекеше әріптеспен ТЭН не ЖСҚ енгізу мерзімдерін нақтылау бойынша келіссөздер жүргізеді;

      ТЭН не ЖСҚ енгізгеннен кейін (ведомстводан тыс кешенді сараптама нәтижелерін қоса алғанда, қажетті сараптамалардың нәтижелерін қоса бере отырып) Комиссия әлеуетті жекеше әріптеспен МЖӘ жобасын және МЖӘ шартының талаптарын нақтылау бойынша, тиісті келіссөздер хаттамасын ресімдей отырып, келіссөздер жүргізеді.

      8) конкурсты ұйымдастырушының МЖӘ шартының жобасын бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға келісу үшін жолдауы;

      9) конкурстың жеңімпазын айқындау;

      10) тиісті бюджет комиссияларының қарауына МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін шығару;

      МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда, МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін тиісті бюджет комиссияларының қарауына шығару талап етілмейді.

      МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің болмауын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тиісті хат ресімдей отырып растайды;

      11) әрбір жеке МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (ерекше маңызды жобалар бойынша) немесе маслихат шешімінің жобасы тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі шығарылғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде әрбір қабылданған міндеттемелердің көлемі туралы ақпарат енгізіле отырып (МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауды көздейтін МЖӘ жобалары бойынша) уәкілетті орган әзірлейді және енгізеді.

      12) осы Қағидалардың 74-тармағында көрсетілген Комиссияның шешімінің негізінде, сондай-ақ МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауды көздейтін МЖӘ жобалары бойынша тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 162 және 163-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын (ерекше маңызды жобалар бойынша) немесе мәслихаттың шешімін қабылдау қорытындылары бойынша уәкілетті орган конкурстың жеңімпазымен МЖӘ шартын жасасады;

      13) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 162-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің МЖӘ бойынша мемлекеттік мiндеттемелердi қабылдауын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган тиісінше әрбiр жекелеген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі (ерекше маңызы бар МЖӘ жобасы) негізінде, өзге де МЖӘ жобалары бойынша тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 163-бабына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауы тиісінше әрбiр жекелеген МЖӘ жобасы бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.

      14) мемлекет кепілгерлігін ұсыну көзделген МЖӘ жобасы бойынша, МЖӘ шартын жасасқаннан кейін, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде кепілгерлік шарты жасалады;

      15) МЖӘ шартын, оның ішінде МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің тіркеуі.

      МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган (республикалық жобалар бойынша) немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган (жергілікті жобалар бойынша) МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жоқ екені туралы растайтын хатты енгізген кезде МЖӘ шартын тіркеу тиісті бюджет комиссиясының шешімінсіз жүзеге асырылады;

      16) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс нәтижелері туралы мәліметтерді жариялау.

      Мемлекеттік құпияларды қамтитын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия мәліметтерді қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың нәтижелері, сондай-ақ жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурстың нәтижелері туралы мәліметтерді конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бір мезгілде хабарлай отырып, өзінің ресми интернет-ресурсында және мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады.

2-параграф. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама және конкурстық құжаттама көшірмесін ұсыну

      77. Техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы ақпарат мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бір мезгілде хабарлана отырып, конкурсты ұйымдастырушы өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында (бір жылдан кем емес) МЖӘ дамыту орталығының интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу күніне дейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын, ал жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты қайта өткізу кезінде – кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын орналастыру қамтамасыз етіледі.

      Жобалардың қалғандары бойынша – жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын, ал жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты қайта өткізу кезінде – кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын орналастырылады.

      Хабарламаны өзге де интернет-ресурстарда және мерзімді баспасөз басылымдарында қосымша орналастыруға жол беріледі.

      Бұл ретте көрсетілген мерзімдер хабарламаның Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымында бірінші орналасу күнінен бастап есептеледі.

      78. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы ақпарат МЖӘ жобасы, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу күні, орны және уақыты туралы мәліметтерді қамтиды.

      79. Конкурсты ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап, әлеуетті жекеше әріптеске (оның уәкілетті өкіліне) конкурстық құжаттаманың көшірмесін қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынады.

      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) немесе басқа да электрондық тәсілмен ұсынады.

      Конкурстық құжаттаманың көшірмесі қағаз жеткізгіште әлеуетті жекеше әріптестің сұрау салуы бойынша ұсынылады.

      Конкурсты ұйымдастырушы ұсынылған конкурстық құжаттама үшін конкурстық құжаттаманың көшірмесін жасау шығынынан аспайтын төлемді ала алады.

      80. Конкурсты ұйымдастырушы:

      1) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алуға арналған, тиісінше ресімделген әлеуетті жекеше әріптес өкілінің өкілеттіктерін құжаттық растаудың болуын тексереді;

      2) егер жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыруда конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу үшін ақыны алу туралы нұсқау қамтылған болса, әлеуетті жекеше әріптестің немесе оның уәкілетті өкілінің мұндай ақы төлегені туралы құжаттық растаудың болуын тексереді;

      3) конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына қажетті мәліметтерді (реттік нөмір, алған уақыты мен күні, әлеуетті жекеше әріптестің атауы, мекенжайы және өзге де мәліметтер) енгізеді;

      4) әлеуетті жекеше әріптестің уәкілетті өкіліне конкурстық құжаттаманың көшірмесін қол қою арқылы ұсынады. 

3-параграф. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру, талқылау және түзету

      81. Конкурстық құжаттаманы алған тұлғалар қажет болған жағдайда конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салады.

      Түсіндіру туралы сұрау, егер жоба техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын болса, конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмеуі тиіс, ал жобалардың қалғандары бойынша – конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмеуі тиіс.

      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты қайта өткізу кезінде олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғалар, егер жоба техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын болса, конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей, ал жобалардың қалғандары бойынша – конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салады.

      Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салу тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жауап жолдайды және сұрау салудың кімнен түскенін көрсетпей, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуетті жекеше әріптестерге осындай түсіндірмені хабарлайды.

      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша түсіндірмелерді арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) немесе басқа электрондық тәсілмен жолдауға құқылы.

      Әлеуетті жекеше әріптестерден ұсыныстар түскен жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы қажеттігіне қарай бәсекелі диалогты ұйымдастырады.

      Бәсекелі диалог әрбір мүдделі әлеуетті жекеше әріптестің қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, МЖӘ жобасының техникалық, қаржылық, заңды және басқа да қажетті параметрлері, мемлекеттік қолдау шаралары, жекеше әріптесті іріктеу өлшемшарттары бойынша оңтайлы шешімдерді және басқа да шешімдерді қалыптастыру үшін ұйымдастырылады.

      Бәсекелі диалог қорытындылары хаттамамен ресімделеді.

      Бәсекелі диалогқа қатысушылардың барлығы оны жүргізу барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

      Конкурсты ұйымдастырушы техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша конкурстық өтінімдерді ұсынудың мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірілмейтін мерзімде, ал жобалардың қалғандары бойынша – конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде, кейіннен конкурстық құжаттамаға сараптама жүргізуді қамтамасыз ете отырып, өз бастамасымен немесе әлеуетті жекеше әріптестің сұрау салуына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізе алады.

      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты қайта өткізу кезінде – күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмейтін мерзімде енгізе алады. Енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың міндетті күші болады.

      Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей осы шешім жөнінде әлеуетті жекеше әріптестердің барлығын хабардар етеді.

      Конкурсты ұйымдастырушы сараптама нәтижелерін алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, конкурстық құжаттамаға енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін барлық әлеуетті жекеше әріптестерге ұсынады. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптестердің осы өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды конкурстық өтінімдерде ескеруі үшін конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн мерзімге, ал жекеше әріптесті айқындау жөніндегі қайта конкурс кезінде – кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн мерзімге ұзартады.

      82. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы түсіндіру үшін әлеуетті жекеше әріптестермен кездесу өткізе алады.

      Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы осы кездесу барысында ұсынылған, дереккөздері көрсетілмеген конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сұрау салуларды, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптарды қамтитын хаттаманы әзірлейді.

      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы хаттама ресімделген және қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуетті жекеше әріптестерге аталған хаттаманың көшірмесін жібереді.

      83. Егер конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті жекеше әріптестермен кездесу әлеуетті жекеше әріптестердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің конкурстық құжаттамада белгіленген кездесуді өткізу күні мен уақытында келмеуі себебінен өткізілмеген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мұндай факт туралы Комиссияны жазбаша түрде хабардар етеді.

4-параграф. Біліктілік іріктеу

      84. Әлеуетті жекеше әріптестердің олардың қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың ұсынылуы конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.

      85. Әлеуетті жекеше әріптес оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін конкурсты ұйымдастырушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес растау құжаттарын ұсынады.

      Әлеуетті жекеше әріптес біліктілік талаптарына сәйкестігіне анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, соттың осындай әлеуетті жекеше әріптесті жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп таныған сәтінен бастап одан әрі үш жыл ішінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      Біліктілік талаптары бойынша әлеуетті жекеше әріптес ұсынған ақпараттың анықтығын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізудің кез келген кезеңінде Комиссия, конкурсты ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеуі мүмкін.

      Әлеуетті жекеше әріптестің біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпаратты ұсынуы фактісін анықтаған тұлғалар, осындай фактіні анықтаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы конкурсты ұйымдастырушыны және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды анық емес ақпаратты ұсыну фактісін растайтын құжаттардың көшірмесін хабарламаға қоса отырып, жазбаша хабардар етеді.

      Конкурсты ұйымдастырушы осындай факт анықталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей сотқа біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпаратты ұсынған әлеуетті жекеше әріптесті жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы талап арыз береді.

      Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға соттардың әлеуетті жекеше әріптесті жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген шешімдерін мұндай шешімді алған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді.

      Соттардың заңды күшіне енген шешімдерінің негізінде қалыптасатын жосықсыз әлеуетті жекеше әріптестер тізбесін өзінің интернет-ресурсында осындай тізбені орналастыратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізеді.

      86. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптестердің Заңның 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында біліктілік іріктеуді құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Әлеуетті жекеше әріптестердің конкурстық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптеске тиісті құжаттарды ұсыну мерзімдерін көрсете отырып, анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде хабарлайды.

      Хабарламаны жолдаған күннен бастап және тиісті құжаттарды ұсынғанға дейін біліктілік іріктеуді өткізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.

      Тиісті құжаттарды хабарламада белгіленген мерзімнен кеш ұсынған не оларды уақытылы ұсынбаған әлеуетті жекеше әріптес біліктілік талаптарына сәйкес емес деп танылады.

      Біліктілік іріктеу нәтижелері әлеуетті жекеше әріптестердің Заңның 32-бабында бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес не сәйкес емес туралы конкурс ұйымдастырушысының қорытындысы түрінде ресімделеді.

      87. Біліктілік іріктеу нәтижелері Комиссия қарауына шығарылады.

      Комиссия біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті жекеше әріптестерді айқындайды және оларды тиісті хаттаманы ресімдеумен конкурс қатысушылары деп таниды (жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама).

      Заңның 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жекеше әріптес біліктілік іріктеуден өтті деп есептеледі.

      Жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы конкурсты ұйымдастырушы Комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуетті жекеше әріптестерге жолдайды.

5-параграф. Конкурстық өтінім

      88. Конкурстық өтінім әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптар мен шарттарға келісім білдіру нысаны болып табылады.

      Конкурстық өтінім конкурстық құжаттамада белгіленген нысан бойынша жазбаша түрде ресімделеді.

      89. Конкурстық өтінімді әлеуетті жекеше әріптестер оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін тігілген түрінде, әрбір беті нөмірленген және қолы қойылған, соңғы бетіне оның қолы және мөрімен (жеке тұлғаға, егер мұндай болса) куәландырылған, әлеуетті жекеше әріптестің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол "кешіккен" болып жарияланса, конкурстық өтінімді ашпай қайтару мақсатында), конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың атауы, сондай-ақ "(жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс атауын көрсету) ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС" және "(конкурстық өтінімдері ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН" деген мазмұндағы мәтін жазылып жабылған "конвертте" ұсынады.

      90. Белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін ұсынылған конкурстық өтінімі бар конверт конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркелмейді, ашылмайды және әлеуетті жекеше әріптеске қайтарылады.

      91. Конкурстық құжаттамада белгіленген мерзім ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдері бар конверттерді қабылдайды.

      92. Конкурсты ұйымдастырушы:

      1) әлеуетті жекеше әріптес атынан өтінімі бар конвертті ұсынған әлеуетті жекеше әріптес өкілінің өкілеттігін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;

      2) тиісінше ресімделген конкурстық өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді;

      3) конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін енгізілген конкурстық өтінімге өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды;

      4) конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін оны кері қайтарған жағдайда конкурстық өтінімді қайтаруды қамтамасыз етеді.

      93. Әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық өтінімі мынадай:

      1) әлеуетті жекеше әріптес осы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді бұрын ұсынған;

      2) конкурстық өтінім осы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен жағдайларда қабылданбайды.

      94. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей:

      1) енгізілген конкурстық өтінімді өзгерте және (немесе) толықтыра алады;

      2) өзі енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурстық өтінімін кері қайтара алады.

      Конкурстық өтінімдерге оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін өзгерістер енгізілмейді.

      Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама әлеуетті жекеше әріптестің қолы қойылған және мөр қойылған (жеке тұлғаға, егер болған жағдайда) конкурсты ұйымдастырушының атына еркін түрдегі өтініш ретінде ресімделеді.

      95. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі, конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге сәйкес болады.

      96. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді:

      1) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін өзінің конкурстық өтінімін кері қайтарып алмайтынына не өзгертпейтініне және (немесе) толықтырмайтынына;

      2) оны жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп айқындаған жағдайда, МЖӘ шартын жасасатындығына кепіл ретінде енгізеді.

      97. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді қамтамасыз ету МЖӘ шарты бойынша болжанған инвестициялардың құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      98. Егер әлеуетті жекеше әріптес екі кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңіне қатысса, ол конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.

      99. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

      1) конкурсты ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;

      2) банк кепілдігін таңдайды.

      Әлеуетті жекеше әріптестің оның конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      Осы Қағидалардың 100-тармағында көрсетілген әрекеттерді қоспағанда, конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті жекеше әріптес енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.

      100. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі орын алған кезде:

      1) әлеуетті жекеше әріптес конкурстық өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімді кері қайтарып алғанда не өзгерткенде және (немесе) толықтырғанда;

      2) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті жекеше әріптес МЖӘ шартын жасасудан жалтарғанда қайтармайды.

      101. Осы Қағидалардың 100-тармағында көзделген жағдайлардың бірі орын алған кезде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

      102. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптеске ол енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі орын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарады:

      1) осы әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық өтінімін кері қайтарып алуы;

      2) жекеше әріптестік айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы хаттамаға қол қойылғанда қайтарады. Көрсетілген жағдай жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті жекеше әріптестерге қолданылмайды;

      3) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылғанда қайтарады. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      4) МЖӘ шартының күшіне енуі;

      5) әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімінің өтуі.

6-параграф. Конкурстық өтінімдерді қарау

      103. Конкурстық өтінімдерді қарау және іріктеуді конкурстық құжаттамада белгіленген үздік конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттарын ескере отырып, Комиссия жүзеге асырады, оның ішінде мынадай өлшемшарттарын:

      1) МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер төлемдерінің көлемі;

      2) МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді төлеу мерзімі;

      3) МЖӘ жобасын іске асыру үшін тартуға жататын жекеше әріптестің қаражат көлемі;

      4) МЖӘ объектісін салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану мерзімдері (айлар, жылдар);

      5) МЖӘ шарты объектісінің техникалық-экономикалық көрсеткіштері;

      6) жергілікті қамту үлесі бойынша ақпарат;

      7) іске асырылған жобалар тәжірибесі (объектілерді салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану (өздігінен немесе қатысушы ретіндегі басқа тұлғалармен бірге) МЖӘ шартындағы объектіге ұқсас тәжірибенің бар болуы);

      8) білікті мамандардың бар болуы;

      9) өндірілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шекті бағалары (тарифтері), МЖӘ шартында көзделген қызметті жүзеге асыру кезінде осындай бағаларға (тарифтерге) үстемелер;

      10) жекеше әріптестің өзіне қабылдайтын тәуекелдері;

      11) МЖӘ жобасын дайындауға әлеуетті жекеше әріптестің қатысу деңгейі (жобаның бастамашысы немесе бәсекелі диалогтың шеңберінде қатысу).

      Әрбір өлшемшартқа қатысты конкурстық құжаттамада мынадай параметрлер белгіленеді:

      1) өлшемшарттың бастапқы сандық мәні;

      2) өлшемшарттың бастапқы сандық мәнінің азаюы немесе көбеюі;

      3) жекеше әріптесті айқындау өлшемшартының маңыздылығын ескеретін өлшеу коэффициенті.

      Жекеше әріптесті айқындау өлшемшарттарын бағалау тәсілдері конкурстық құжаттамада белгіленеді.

      104. Комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісінен кем емесі қатысып отырса, конкурсты ұйымдастырушының (мемлекеттік әріптестің) уәкілетті өкілінің, сондай-ақ әлеуетті жекеше әріптестердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады.

      Конкурсты ұйымдастырушыға, кворум болмаған жағдайда немесе Комиссия төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешімімен конкурстық өтінімдерді ашу орны, өткізілетін уақыты мен күні туралы конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.

      Енгізілген өзгерістер міндетті күшке ие болады және олар туралы конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуетті жекеше әріптестерге, сондай-ақ Комиссия мүшелеріне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдарға дереу хабардар етеді.

      Конкурсты ұйымдастырушы барлық мүдделі тұлғаларға жоғарыда көрсетілген өзгерістер туралы арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) немесе өзге электрондық тәсіл арқылы хабарлайды.

      105. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдерін ашу кезінде:

      1) Комиссияның жұмыс органы осы конкурс бойынша ақпаратты жариялайды және қатысушыларды мыналар:

      Комиссияның құрамы;

      конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті жекеше әріптестердің саны;

      конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркелген конкурстық өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті жекеше әріптестер ақпаратты жариялайды және хабар етеді;

      2) конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу үшiн тұлғаны төраға айқандайды;

      3) Комиссияның хатшысы:

      өтінімдер бар конверттерді ашудың тиісті хаттамасын ресімдейді. 

      106. Ашу хаттамасының көшірмесі конкурстық өтінімді ұсынған барлық әлеуетті жекеше әріптестерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне Комиссияның көрсетілген отырысы өткен күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      107. Комиссия барлық конкурстық өтінімдерді қарайды.

      Егер бір ғана конкурстық өтінім ұсынылған жағдайда, берілген өтінімді Комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.

      108. Комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қарау кезінде:

      1) конкурстық өтінімдердің толықтығы және тиісінше рәсімделуі тұрғысынан зерделейді;

      2) Комиссияның жұмыс органы арқылы конкурстық өтiнiмдердi қарау, бағалау және салыстыруды жеңiлдету мақсатында олардың конкурстық өтiнiмдерiне байланысты материалдар мен түсiндiрулердi сұратады;

      3) конкурстық өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында Комиссия комиссияның жұмыс органы арқылы тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратады;

      Конкурстық Комиссия конкурстық өтінімдерді ашқан кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде талап етілетін құжаттардың болмауы немесе олардың тиісінше ресімделмеуі бөлігінде (ресімді белгілері) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті жекеше әріптестерді қажет болған жағдайда жұмыс органы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын жасай алады.

      Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында мынадай ақпарат болуға тиіс:

      талап етілетін құжаттардың болмауы немесе олардың тиісінше ресімделмеуі бөлігінде (ресімді белгілері) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті жекеше әріптестердің тізбесі;

      конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестікке келтіруі қажет құжаттар тізбесі;

      құжаттарды ұсыну мерзімі, 10 (он) жұмыс күнінен көп емес.

      Комиссияның жұмыс органы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының көшірмесін әлеуетті жекеше әріптестерге қол қойылған күні жолдайды.

      Белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған құжаттама қабылданбайды.

      Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық өтінімді алдын ала рұқсат беру хаттамасы талаптарына сәйкестендіру енгізілген конкурстық өтінімді өзгерту және (немесе) толықтыру болып есептелмейді;

      4) конкурстық өтінімдерді конкурстық құжаттамада белгіленген үздік конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттарына сәйкес бағалайды;

      5) үздік конкурстық өтінімді айқындайды.

      109. Комиссия отырысын өткізбей тұрып, конкурстық өтінімді қарауға жол берілмейді.

      110. Комиссия конкурстық өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптеспен МЖӘ жобасын және МЖӘ шартының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізеді.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын МЖӘ жобаларын сүйемелдеу бойынша заңды тұлғалар МЖӘ субъектілері арасындағы келіссөздер процесінде консультациялық қызметтерді көрсете алады.

      111. Келіссөздер жүргізуге дайындық кезеңінде МЖӘ жобасы және МЖӘ шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды Комиссия жазбаша түрде әлеуетті жекеше әріптеске жіберіледі.

      Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша Комиссия шешім қабылдайды.

      Келіссөздер барысында жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс шарттарына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      112. Егер конкурстық өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптес Комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес конкурстық өтінімді және МЖӘ шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан не оның ұсыныстары жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылған жағдайда, онда Комиссия бұл конкурстық өтінімді қарамайды және үздік конкурстық өтінімді жаңадан таңдайды.

      Бұл ретте осындай конкурстық өтінімді үздік деп тану туралы Комиссияның шешімі жойылады және осы әлеуетті жекеше әріптес конкурс жеңімпазы болып танылмайды.

      Комиссия конкурсқа ұсынылған қалған өтінімдер арасында үздік конкурстық өтінімді таңдайды.

      Осындайлар болмаған жағдайда конкурс өтпеген деп танылады.

      Конкурстың жеңімпазы болып конкурстық өтінімі үздік деп танылған, онымен келіссөздер өткізілген, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысушы танылады. 

      113. Мына жағдайларда:

      1) егер белгіленген мерзімде конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдер түспесе;

      2) егер ұсынылған барлық конкурстық өтінімдер не жалғыз конкурстық өтінім конкурстық құжаттама талаптарына сай келмесе;

      3) осы Қағидалардың 112-тармағында белгіленген жағдайда, конкурс өткізілмеген болып есептеледі.

      114. Конкурсты ұйымдастырушы МЖӘ шартының жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде, үздік конкурстық өтінімді айқындау туралы хаттама көшірмелерін қоса бере отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға және (табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын МЖӘ жобасы бойынша) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға келісуге жолдайды.

      МЖӘ шартының жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде келісу келісім туралы немесе әрбір қаралатын мәселе бойынша келіспеу себептерін көрсете отырып келіспеу туралы хат түрінде ресімделеді.

      115. МЖӘ шартының мазмұны Заңның 46-бабына сәйкес айқындалады.

      Конкурстық құжаттаманың құрамында сараптамадан өткен МЖӘ шартының бастапқы жобасына енгізілетін барлық өзгерістер және (немесе) толықтырулар Комиссия хаттамасында осы өзгерістер және (немесе) толықтырулардың себептерін негіздей отырып көрсетіледі.

      116. Бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган МЖӘ шартының жобасын, құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, ол түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.

      Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде МЖӘ шартының жобасын ол ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.

      МЖӘ шартының жобасын табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде келісу кезінде инвестициялық бағдарламаны және мыналарды айқындайтын МЖӘ шартының ережелерін:

      1) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) қосылатын шығындарды қалыптастыруды;

      2) шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары шегінде шығыстар баптарын, сондай-ақ нормативтік техникалық шығындарды қалыптастыруды;

      3) тарифті (баға, алым мөлшерлемесін) қалыптастыру кезінде есепке алынбайтын шығыстар тізбесін белгілеуді;

      4) инвестициялар көлемі және инвестицияланған капиталды қайтару тәртібін;

      5) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін пайданы қалыптастыру мен шектеуді;

      6) негізгі құралдардың тозуын есептеу әдістерін қолдануды;

      7) объектіні пайдалану сапасының өлшемшарттарын;

      8) объектіні пайдалану сапасын айқындау тәртібін;

      9) үшінші тұлғаларға МЖӘ объектісін шектеулі мақсатты пайдалануды ұсынуды;

      10) объектілерге күрделі жөндеу жүргізуді немесе оларды жаңғыртуды қаржыландыру мерзімдері (кезеңдері) мен көздерін;

      11) тарифтерді қалыптастырумен және бекітумен байланысты жекеше әріптестің құқықтары мен міндеттерін;

      12) негізгі құралдарға және табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметасында көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын пайдалану бағыттарына қайта бағалау жүргізуді;

      13) МЖӘ жобасы бойынша өндірілетін өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасын бақылауды жүзеге асыруды қоса алғанда, табиғи монополиялар салаларындағы қызметін бақылауды жүзеге асыруды келіседі.

      117. МЖӘ шартының жобасын конкурсты ұйымдастырушы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісуі қорытындысы бойынша ұсынымдар болған жағдайда пысықтайды.

      МЖӘ шартының жобасын келісулерді ескере отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың қорытындысы бойынша Комиссияның шешімімен үздік конкурстық өтінім айқындалады, МЖӘ шартының жобасы бекітіледі, ал өтінім беруші жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың жеңімпазы болып танылады.

      Егер МЖӘ жобасын қаржыландыру мемлекеттік кепілдікпен және (немесе) мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен болжанатын жағдайда, Комиссияның конкурстың қорытындылары туралы шешімі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның МЖӘ жобасының қаржылық сараптамасының қорытындысы ескеріле отырып қабылданады.

      118. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.

      119. МЖӘ шартын жасасу мерзімі жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс қорытындыланған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайды.

      120. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды жергілікті МЖӘ жобалары бойынша жасалған МЖӘ шарттары туралы оларды жасасқан кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешікпей хабардар етеді.

7-параграф. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізудің ерекшеліктері

      121. Конкурсты ұйымдастырушы қолданылу аясын және (немесе) МЖӘ объектісін техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей ретінде айқындаған жағдайларда, екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізіледі.

      122. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңі мыналарды:

      1) конкурсты ұйымдастырушының техникалық тапсырманы инвестициялық ұсыныстың ережелерін ескере отырып қалыптастыруын көздейді.

      Техникалық тапсырма осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қалыптастырылады;

      2) екi кезеңдiк рәсiмдердi пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткiзу туралы хабарландыруды жариялауды көздейді.

      Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу дайындығын бастау туралы ақпарат МЖӘ жобасы, техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген техникалық ұсыныстарды әлеуетті жекеше әріптес ұсынатын күн, орын және уақыт туралы мәліметтерді қамтиды;

      3) конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті жекеше әріптестерге техникалық тапсырма ұсынуын көздейді.

      Бұл кезеңде конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптестерге біліктілік талаптарын да ұсынады;

      4) әлеуетті жекеше әріптестің техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген техникалық ұсыныстарды ұсынуын көздейді.

      Бұл кезеңде әлеуетті жекеше әріптес олардың негізінде конкурсты ұйымдастырушы біліктілік іріктеу жүргізетін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттарды да ұсынады;

      5) конкурсты ұйымдастырушының техникалық ұсыныстарды қарауын және әлеуетті жекеше әріптестермен МЖӘ объектісінің техникалық-экономикалық және пайдалану сипаттамаларына және МЖӘ шарты жобасының талаптарына қатысты мәселелерді талқылауын көздейді.

      Бұл кезеңде конкурсты ұйымдастырушы МЖӘ жобасының қаржылық, заңдық және өзге де параметрлері бойынша оңтайлы шешімдерді қалыптастыру қажет болған жағдайда, әрбір мүдделі әлеуетті жекеше әріптестің қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, бәсекелі диалог ұйымдастырады.

      Бәсекелі диалогқа қатысушылардың барлығы оны жүргізу барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

      Бәсекелі диалог қорытындылары хаттамамен ресімделеді;

      6) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттамасын әзірлеуін және бекітуін көздейді.

      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзірлеуді әлеуетті жекеше әріптестермен МЖӘ объектісінің техникалық-экономикалық және пайдалану сипаттамаларына және МЖӘ шарты жобасының және бәсекелі далогтың талаптарына қатысты мәселелерді талқылауының нәтижелері негізінде жүзеге асырады;

      Конкурстық құжаттама құрамында ТЭН немесе ЖСҚ болмаған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы онда конкурстың бірінші кезеңінде ұсынылған техникалық ұсыныстарды қарау қорытындылары бойынша МЖӘ объектісін салудың (құрудың) болжамды құнын көрсетеді.

      МЖӘ объектісін салудың (құрудың) болжамды құны ұқсас объектілерді салу (құру) құнынан аспауға тиіс.

      Қазақстан Республикасында ұқсас объектілер болмаған жағдайда, салудың (құрудың) болжамды құны конкурстың бірінші кезеңінде ұсынылған техникалық ұсыныстарды қарау қорытындылары бойынша ең төмен құны ретінде айқындалады.

      Қазақстан Республикасында ұқсас объектілердің жоқ екендігін растау үшін конкурсты ұйымдастырушы тиісті уәкілетті органдарға сұратулар жолдайды.

      Бұл ретте конкурстық құжаттамада МЖӘ жобасын іске асыру бойынша қаржылық шарттарды қамтитын конкурстық өтінімдерді ұсыну бойынша талаптар көзделеді;

      7) бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды берген, біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті жекеше әріптестерге конкурсты ұйымдастырушының жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың екiншi кезеңiне қатысуға шақыру жiберуiн көздейді.

      Шақыруды жіберген күннен бастап конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптеске (оның уәкілетті өкіліне) конкурстық құжаттаманың көшірмесін қағаз немесе электронды жеткізгіште ұсынады.

      Конкурсты ұйымдастырушы ұсынылған конкурстық құжаттама үшін конкурстық құжаттаманы көшіру шығындарынан аспайтын төлемақы өндіріп алуы мүмкін.

      123. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың екінші кезеңі мыналарды:

      1) біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті жекеше әріптестердің, сондай-ақ конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуін көздейді.

      Егер көзделген МЖӘ объектісі табиғи монополиялар саласына жататын жағдайда, әлеуетті жекеше әріптес Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар салаларындағы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленетін инвестициялық бағдарламаны қоса беру қажет.

      Егер көзделген МЖӘ объектісі табиғи монополиялар саласына жататын жағдайда, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар салаларындағы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленетін инвестициялық бағдарламаны қоса беру қажет.

      Егер жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушының ТЭН-інде көзделген техникалық-технологиялық және экологиялық шешімдерді қабылдаған жағдайда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысушы МЖӘ жобасының ТЭН-імен конкурстық өтінімнің құрамында осындай шешімдер қабылдағаны туралы қосымша кепілхат береді.

      Егер жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттамада келтірілген маркетингтік және (немесе) институционалдық және (немесе) әлеуметтік-экономикалық шешімдерді қабылдаған жағдайда, онда жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысушы МЖӘ жобасының ТЭН-імен конкурстық өтінімнің құрамында осындай шешімдер қабылдағаны туралы қосымша кепілхат береді.

      Егер конкурстық құжаттамада ТЭН не ЖСҚ болмаған жағдайда, конкурсқа қатысушылар конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес МЖӘ жобасын іске асыру үшін қаржылық жағдайларды қамтитын өтінімдер береді.

      2) осы Қағидалардың 76-тармағының 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың жүзеге асырылуын көздейді.

8-параграф. Оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізудің ерекшеліктері

      124. Оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс мынадай шарттардың барлығы сақталған жағдайда өткізіледі:

      1) жергілікті МЖӘ жобасын іске асыру жүзеге асырылады;

      2) МЖӘ жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы пайдаланылады;

      3) МЖӘ үлгілік шарты пайдаланылады;

      4) МЖӘ жобасы табиғи монополиялар саласына жатпайды;

      5) МЖӘ объектісінің құны төртмиллиондық айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

      125. Оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына беретін МЖӘ жобасын іске асырудың орындылығы туралы экономикалық қорытындысының негізінде осы Қағидалардың 76-тармағының ережелеріне сәйкес өткізіледі.

      Бұл ретте оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасын бекіту, МЖӘ шартына қол қою осы Заңда көзделген сараптамалар жүргізілместен жүзеге асырылады.

      Құрылыспен (реконструкциямен) байланысты жобалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы бар ЖСҚ болуы қажет.

9-параграф. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурсты өткізудің ерекшеліктері

      126. Конкурсты ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурстарды Заңның 19-бабының 2) тармақшасына сәйкес тізбесін Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын объектілерге қатысты өткізеді.

      127. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс осы Қағидаларда көзделген конкурстық рәсімдерге сәйкес, мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып өткізіледі:

      жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланбайды. Конкурсты ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа жіберілуі мүмкін әлеуетті жекеше әріптестердің шектеулі тобын оларға кейіннен жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурсқа қатысуға шақыру жібере отырып айқындайды;

      жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс өткізудің шарттары, күні, орны мен уақыты туралы ақпаратты, сондай-ақ оның нәтижелері туралы мәліметтерді конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптестерге жазбаша түрде жібереді;

      конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама берілген барлық әлеуетті жекеше әріптестердің назарына сұрау салудың нысанасын көрсете отырып, бірақ сұрау салудың кімнен түскенін көрсетпеспестен, жазбаша түрде жеткізеді;

      жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс өткізу барысында жасалған хаттамалар және осындай конкурстарды өткізу барысында алынған ақпарат бұқаралы ақпарат құралдарында жариялауға және Интернет желісінде орналастыруға жатпайды.

10-параграф. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерді өткізу

      128. Жекеше әріптесті тікелей келіссөздер негізінде айқындау мынадай:

      МЖӘ жобасына өзінің меншік құқығындағы немесе ұзақ мерзімді жалға алынған объектіге қатысты әлеуетті жекеше әріптес бастамашылық жасаған;

      МЖӘ жобасы әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды іске асырумен ажырамас байланыста болатын жағдайларда жүзеге асырылады.

      129. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерді ұйымдастыру және жүргізу мынадай реттіліктегі сатылар арқылы жүзеге асырылады:

      1) әлеуетті жекеше әріптестің МЖӘ жобасына бастамашылық жасауы;

      2) МЖӘ жобасының негізгі техникалық-экономикалық өлшемдері және бюджеттен сұралатын төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіле отырып, МЖӘ жобасына бастамашылық жасау туралы хабарлама;

      3) МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға сараптама жасау;

      4) МЖӘ шартының әлеуетті тараптары арасында МЖӘ шартының талаптары туралы келіссөздер жүргізу;

      5) МЖӘ шартын жасасу.

11-параграф. МЖӘ жобасына әлеуетті жекеше әріптестің бастамашылық жасауы

      130. Бұл сатыда әлеуетті жекеше әріптес уәкілетті тұлғаға мыналарды:

      әлеуетті жекеше әріптестің атауын және мекенжайын;

      мемлекетке тиесілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтығын (жеке тұлғалар үшін);

      заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және әлеуетті жекеше әріптеске өкілдік ететін тұлғалар туралы деректерді;

      Осы Қағидалардың 128-тармағына сәйкес объектіге қатысты меншік немесе ұзақ мерзімге жалға алу құқығын немесе әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды растайтын құжаттарды;

      әлеуетті жекеше әріптесте тиесілі зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтардың болуы туралы тиісті уәкілетті органның растайтын хатты;

      Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құрылымда әзірленген МЖӘ жобасына бизнес-жоспар. Бұл ретте МЖӘ жобасының қаржы-экономикалық моделін МЖӘ жобасының бастамашысы әзірлейді және МЖӘ жобасына бизнес-жоспар құрамында ұсынады.

      Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес әлеуетті жекеше әріптестің біліктілік талаптарына сай келуін растайтын құжаттарды қамтитын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімді енгізеді.

      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім МЖӘ шартын жасасудың офертасы болып табылады.

      131. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім берілген уәкілетті тұлға оның түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде:

      түскен өтінім шеңберінде тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге нақты қажеттілікті көрсете отырып, жобаның техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобаларға жататынын көрсетумен, МЖӘ жобасын іске асырудың қажеттігін;

      таңдап алынған жекеше әріптесті айқындау тәсілінің негізділігін;

      "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) сәйкес МЖӘ жобасының өлшемшарттарына сәйкестігін айқындайды.

      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімді қарау қорытындылары бойынша уәкілетті тұлға қорытындыны дайындау кезінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде бірінші басшы не оны алмастыратын тұлға не ол уәкілеттік берген тұлға қол қойған, МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптеске жіберілетін қорытындыны дайындайды.

      Бұл ретте мемлекеттік қолдау шараларын, жекеше әріптестің шығындарын өтеу және кірістерді алу көздерін ұсынудың экономикалық орындылығы, оның ішінде болжамды мүмкіндігі осы Қағидалардың 3-тарауының 13-параграфына сәйкес МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға сараптама жүргізу шеңберінде айқындалады.

      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім берілген уәкілетті тұлға түскен өтінімді нақтылау және (немесе) талқылау қажет болған жағдайда, әлеуетті жекеше әріптестен қосымша материалдарды сұрайды және (немесе) хаттаманы (хаттамаларды) ресімдей отырып, алдын ала келіссөздер жүргізеді.

      Түскен өтінімді нақтылау және (немесе) талқылау қажеттігі туралы хабарлама жолданған күннен бастап әлеуетті жекеше әріптестің қажетті ақпаратты ұсыну күніне дейін және (немесе) алдын ала келіссөздердің соңғы хаттамасына қол қойған күнге дейін уәкілетті тұлға қорытынды дайындау мерзімін тоқтатады.

      Түскен өтінімді нақтылау және (немесе) талқылау қорытындылары бойынша әлеуетті жекеше әріптес бұған дейін енгізілген өтінімді түзете алады.

      Алдын ала келіссөздерге қатысудан жазбаша түрде бас тартқан, өтінімді қайтарып алған жағдайда және (немесе) қажетті ақпаратты әлеуетті жекеше әріптес хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде бермеген жағдайда, енгізілген жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім қаралмайды.

      132. Уәкілетті тұлғаның қорытындысында МЖӘ жобасын іске асыру қажеттігі айқындалған жағдайда, уәкілетті тұлға (тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы) қорытындыны дайындаған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде әлеуетті жекеше әріптестің Заңның 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында біліктілік іріктеу жүргізеді.

      Әлеуетті жекеше әріптестің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келмеулер анықталған жағдайда, тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы тиісті құжаттарды ұсыну мерзімдерін көрсете отырып, әлеуетті жекеше әріптеске анықталған сәйкессіздіктерді жою туралы хабарлайды.

      Хабарламаны жолдаған күннен бастап және тиісті құжаттарды ұсынғанға дейін біліктілік іріктеуді жүргізу мерзімдері тоқтатылады.

      Тиісті құжаттарды хабарламада белгіленген мерзімнен кеш ұсынған не оларды уақтылы ұсынбаған әлеуетті жекеше әріптес біліктілік іріктеуден өтпеген деп танылады.

      Біліктілік іріктеу нәтижелері әлеуетті жекеше әріптестің Заңның 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетіндігі не сәйкес келмейтіндігі туралы уәкілетті тұлғаның (тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының) қорытындысы түрінде ресімделеді.

12-параграф. МЖӘ жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлері және бюджеттен сұралатын төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіле отырып, МЖӘ жобасына бастамашылық жасау туралы хабарлама

      133. Уәкілетті тұлға жоспарланған МЖӘ жобасы туралы қысқаша ақпаратты, әлеуетті жекеше әріптестердің оны іске асыруға мүдделілігі туралы баламалы ұсыныстарды ұсыну талаптарын көрсете отырып, өзінің ресми интернет-ресурсында, Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында (біреуден кем емес), МЖӘ дамыту орталығының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.

      Қосымша ақпартты өзге де интернет-ресурстарда және мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыруға жол беріледі.

      134. Хабарламада түскен өтініш шеңберінде тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге нақты қажеттіліктер, жобаның техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобаларға жататындығы, баламалы өтінімді ұсынудың түпкілікті мерзімі көрсетіледі.

      Бұл ретте хабарламада тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің МЖӘ жобасына бастамашы болған әлеуетті жекеше әріптеске тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларды белгілеуге тыйым салынады.

      135. Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер балама ұсынысты хабарламада көрсетілген талаптарға, сондай-ақ осы Қағидалардың 130-тармағында көрсетілген жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімге сәйкес ұсынады.

      136. Техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде және қалған жобалар бойынша күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде әлеуетті жекеше әріптестер тарапынан жазбаша түрде түскен балама ұсыныстар болмаған жағдайда немесе балама ұсыныстар осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмегенде, біліктілік іріктеуден өткен жобаға бастамашы болған әлеуетті жекеше әріптес тікелей келіссөздерге қатысушы болып танылады.

      Бұл ретте көрсетілген мерзімдер хабарламаның Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымында алғашқы жарияланған күнінен бастап саналады.

      137. Баламалы ұсыныстар осы Қағидалардың 135-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті тұлға ол жөнінде баламалы ұсыныс берушілерді баламалы ұсыныс келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде хабардар етеді.

13-параграф. МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға сараптама жасау

      138. Осы кезеңде уәкілетті тұлға (тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия) құрады.

      Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия төрағасы тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға (егер тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы жергілікті атқарушы орган болған жағдайда – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімінің орынбасарынан төмен емес) болып табылады.

      Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия хатшысы тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес өкілі болып табылады.

      Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия құрамына тиісті саланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті органдарының құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес өкілдері кіреді.

      Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия құрамына өзге де мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері кіруі мүмкін.

      Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссияны жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурстық құжаттама шеңберінде осы параграфта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып құруға рұқсат беріледі.

      139. Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия мынадай функцияларды:

      1) біліктілік іріктеуден өткен Біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жекеше әріптесті айқындау (тікелей келіссөздерді жүргізушінің қорытындысына сәйкес), және оны тікелей келіссөздер қатысушысы деп тану;

      2) әлеуетті жекеше әріптес енгізген МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды, шарт жобасын сараптамлар, келісулер және тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия ескертулері мен ұсынымдарына сәйкес пысықтауға жауапты уәкілетті тұлғаны (тікелей келіссөздерді жүргізушіні) айқындау;

      3) МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды, шарт жобасын қайта пысықтауға жолдау немесе мақұлдау;

      4) тікелей келіссөздер нәтижелері туралы шешімдерді қабылдау;

      5) тікелей келіссөздер жүргізуге қажетті өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      140. Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссияның барлық шешімдері хаттамамен ресміделеді.

      Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссияның шешімі дауыс беру арқылы қабылданады және тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия мүшелерінің жалпы санының көбі дауыс берсе ғана қабылданды деп есептеледі.

      Дауыстар тең болған жағдайда, тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссиясы төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссиясы шешімімен келіспеген жағдайда, осы Комиссияның әрбір мүшесі ерекше пікір білдіруге құқылы, ол хаттамаға қоса беріледі.

      Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссиясының отырысы, егер оның құрамының үштен екісінен кем емесі қатысып отырса, өкілетті болып есептеледі (кворум болса).

      141. МЖӘ жобасына бизнес-жоспар тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының немесе оны алмастыратын тұлғасы, МЖӘ жобаға бастамашы болған әлеуетті жекеше әріптестің, сондай-ақ мүдделі тұлғалардың бірінші басшысы қол қояды.

      МЖӘ жобасына бизнес-жоспар, сондай-ақ оған қоса берілетін қосымшалар мен материалдар (соңғы беттің сырт жағы тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының мөрімен куәландырылады және бет саны көрсетіледі) тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы мынадай келісулер мен сараптамалардан өтеді:

      1) жоба табиғи монополиялар салаларына тиесілі болған жағдайда, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен МЖӘ жобасына бизнес-жоспрады енгізген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде келісу.

      Бұл ретте табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган инвестициялық бағдарламаны және мыналарды айқындайтын МЖӘ шартының ережелерін:

      тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) қосылатын шығындарды қалыптастыруды;

      шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары шегінде шығыстар баптарын, сондай-ақ нормативтік техникалық шығындарды қалыптастыруды;

      тарифті (баға, алым мөлшерлемесін) қалыптастыру кезінде есепке алынбайтын шығыстар тізбесін белгілеуді;

      инвестициялар көлемі және инвестицияланған капиталды қайтару тәртібін;

      тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін пайданы қалыптастыру мен шектеуді;

      негізгі құралдардың тозуын есептеу әдістерін қолдануды;

      объектіні пайдалану сапасының өлшемшарттарын;

      объектіні пайдалану сапасын айқындау тәртібін;

      үшінші тұлғаларға МЖӘ объектісін шектеулі мақсатты пайдалануды ұсынуды;

      объектілерге күрделі жөндеу жүргізуді немесе оларды жаңғыртуды қаржыландыру мерзімдері (кезеңдері) мен көздерін;

      тарифтерді қалыптастырумен және бекітумен байланысты жекеше әріптестің құқықтары мен міндеттерін;

      негізгі құралдарға және табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметасында көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын пайдалану бағыттарына қайта бағалау жүргізуді;

      МЖӘ жобасы бойынша өндірілетін өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасын бақылауды жүзеге асыруды қоса алғанда, табиғи монополиялар салаларындағы қызметін бақылауды жүзеге асыруды келіседі.

      МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды келісу келісім туралы немесе әрбір қаралатын мәселе бойынша келіспеу себептерін немесе конкурстық құжаттаманы пысықтау бойынша талаптарды көрсете отырып, келіспеу туралы хат түрінде ресімделеді;

      2) тиісті саланың уәкілетті органының салалық сараптама жүргізуі.

      саланың одан әрі дамуына ықпал ететін ағымдағы жай-күйінің проблемаларын;

      МЖӘ жобасы мақсаттарының салада орын алған проблемаларды шешуге сәйкестігін;

      МЖӘ жобасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін бағалау, оның ішінде тиісті салада (аяда, өңірде) тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктердің бар болуын көрсету, сондай-ақ МЖӘ жобасының болжамды түпкілікті нәтижесінің болуын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларына немесе актілеріне сәйкестікті;

      ұсынылған схема бойынша МЖӘ жобасын іске асыру мүмкіндігі мен орындылығын;

      техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегейлігін;

      МЖӘ объектісінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 қаулысымен бекітілген, МЖӘ іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тiзбесіне тиесілілігін;

      жекеше әріптестің және ол ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз ету қағидатын негізге ала отырып, МЖӘ жобасын іске асырудың балама нұсқаларын;

      МЖӘ жобасын іске асырған және мұндай іске асыру болмаған жағдайда саладағы ахуалды;

      МЖӘ жобасын іске асырудан түскен пайданы бөлуді;

      МЖӘ жобасын іске асырудың экономиканың сабақтас салаларына (аяларына) болжамды мультипликативті әсерін;

      ұсынылатын кіріс алу және шығындарын өтеу көздерін, мемлекеттік қолдау мен бағалық шешімдерді, оның ішінде инвестициялық және операциялық шығындардың барлық құрамдауыштары бойынша баға-сапа арақатынасының оңтайлылығын бағалауды;

      конкурстық құжаттамада көзделген технологиялық, техникалық шешімдерді, оның ішінде іске асыру кестесін;

      МЖӘ жобасын іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің болжанатын физикалық параметрлері және техникалық сипаттамаларын бағалауды қамтитын салалық сараптамаға жатады.

      Ақпараттандыру саласында МЖӘ жобалары бойынша бизнес-жоспарда көзделген технологиялық, техникалық шешімдердің, оның ішінде іске асыру кестесінің Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкестігіне бағалау жүргізіледі.

      Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы МЖӘ жобалары бойынша бизнес-жоспарда көзделген технологиялық, техникалық шешімдердің, оның ішінде іске асыру кестесінің Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкестігіне бағалау жүргізіледі.

      Егер МЖӘ жобасы бірнеше салалық мемлекеттік органдардың жауапкершілік аясын қозғаған жағдайда, көрсетілген салалық мемлекеттік органдар бизнес-жоспардың тиісті салалық сараптамалар қорытындыларын қосымша ұсынады;

      3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті органның МЖӘ жобасының бизнес-жоспарына қорытындыны МЖӘ-ні дамыту орталығыжәне жергілікті атқарушы орган айқындаған заңды тұлға, ол тартылған жағдайда, жүргізген сараптама негізінде дайындау.

      МЖӘ жобасына бизнес-жоспар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға мынадай қосымшалармен:

      МЖӘ жобасына бизнес-жоспар салалық сараптамасының оң қорытындысы (қорытындылары) ;

      осы тармақта көзделген қажетті келісулер мен қорытындылардың нәтижелері;

      ұсынылған МЖӘ жобасына бизнес-жоспарын жан-жақты және толық бағалау үшін қажетті өзге де материалдар мен мәліметтер бірге жолданады.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бизнес-жоспар және материалдар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде МЖӘ дамыту орталығына немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары айқындаған сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғаларға, оларды тартқан жағдайда, оған сараптама жүргізуге жолдайды.

      142. МЖӘ жобасына бизнес-жоспарына сараптама техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша МЖӘ жобасына бизнес-жоспарын енгізген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Жобалардың қалғандары бойынша – МЖӘ жобасына бизнес-жоспарын енгізген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      143. МЖӘ-ні дамыту орталығы(республикалық жобалар бойынша) немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары айқындаған сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар (жергілікті жобалар бойынша), оларды тартқан жағдайда, МЖӘ жобасына бизнес-жоспарына сараптаманы, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде, МЖӘ жобасына бизнес-жоспарында қамтылған ақпаратты бағалау арқылы МЖӘ жобасын іске асыру мүмкіндігі пен орындылығын айқындау мақсатында жүргізеді.

      144. МЖӘ жобасына бизнес-жоспарына сараптаманы, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде сараптама қорытындысы мыналарды:

      МЖӘ туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде МЖӘ жобасын іске асыру мүмкіндігін;

      МЖӘ жобасына бизнес-жоспарында көрсетілген мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемдерін көрсету, сондай-ақ шығындардың орнын толтыру және жекеше әріптестің кірістерді алу мүмкіндігін;

      тәуекелдерді және оларды басқару бойынша шараларды;

      институционалдық шешімдерді (тараптардың өзара іс-қимыл тетіктерін, олардың жауапкершілігін және басқаларды);

      МЖӘ жобасын іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін;

      МЖӘ жобасын іске асырудың коммерциялық тиімділігін;

      маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін, оның ішінде МЖӘ жобасын іске асыру нәтижесінде қалыптасқан өнімге (тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге) сұраныстарды;

      ұсынылған схема бойынша МЖӘ жобасын іске асыру кезінде мемлекеттің пайдалары мен шығындарының арақатынасын бағалауға негізделеді.

      145. МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға сараптаманы, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде сараптаманың нәтижесі оң қорытынды немесе теріс қорытынды болып табылады, ол мынадай бөліктерден тұрады:

      1) сараптама қорытындысының кіріспе бөлігі сараптаманың атауы мен жүргізу күні туралы мәліметтерді, сондай-ақ МЖӘ жобасы туралы жалпы ақпаратты қамтиды;

      2) сараптама қорытындысының негізгі (талдамалық) бөлігінде осы Қағидаларға сәйкес жүргізілген бағалау нәтижелері көрсетіледі;

      3) қорытынды бөлікте сараптама қорытындылары бойынша ұсынымдар мен тұжырымдар жазылады.

      Оң қорытынды МЖӘ жобасын басқару сапасын арттыру бойынша, оның ішінде МЖӘ жобасын іске асыру тиімділігін және тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету бойынша тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы, Тікелей келіссөздер жөніндегі комиссия және өзге де мүдделі тұлғаларға ұсынымдары бар түсіндірмелерді қамтуы мүмкін.

      Теріс қорытынды дайындалған жағдайда, МЖӘ жобасына бастамашы болған жекеше әріптес тікелей келіссөздерді ұйымдастырушымен бірге МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды пысықтауға және оны қайта сараптау жүргізу үшін енгізуге құқылы.

      146. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган МЖӘ-ні дамыту орталығынемесе жергілікті атқарушы органдары айқындаған сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар, оларды тартқан жағдайда, МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға жүргізген сараптама негізінде қорытынды дайындау.

      147. Сараптаманы ескере отырып, МЖӘ жобасына бизнес-жоспарын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органмен келісудің жалпы мерзімі техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша 40 (қырық), ал жобалардың қалғандары бойынша – 25 (жиырма бес) жұмыс күннен аспайды.

      Жергілікті атқарушы органдар айқындаған сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар тартылмаған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тиісті қорытындыны өзі дайындайды.

      МЖӘ жобасына бизнес-жоспарын жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпарат ұсыну қажет болған жағдайларда, МЖӘ-ні дамыту орталығынемесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын сараптаманы жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар құжаттар топтамасы түскен күннен бастап 5 (бес жұмыс) жұмыс күні ішінде (бір реттен артық емес) тиісті сұрау салуларды, сұрау салудың көшірмесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жолдайды. Жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты немесе қосымша мерзімдердің қажеттігі туралы хабарламаны МЖӘ жобасына бизнес-жоспарын әзірлеуші сұрау салу түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жолдайды.

      Бұл ретте жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты ұсынудың қосымша мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды.

      Сұрау салуды жолдаған күннен бастап, қажетті ақпаратты ұсынғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатылады.

      Сұрау салуға сәйкес қажетті ақпараттар мерзімге сәйкес ұсынылмаған жағдайда МЖӘ жобасына бизнес-жоспары әзірлеушіге қараусыз кейін қайтарылады.

      148. Мемлекет тарапынан МЖӘ субъектілеріне мемлекеттік қолдау шаралары мен бюджеттен төлемдер болмаған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган қорытындылары және МЖӘ-ні дамыту орталығынемесе жергілікті атқарушы органдары айқындаған сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар сараптамалары талап етілмейді.

      Бұл ретте мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды жоспарланған МЖӘ жобасының Заңның 4-бабында белгіленген МЖӘ белгілеріне сәйкестігін келіседі.

      149. МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды барлық қажетті келісулер мен сараптамалар нәтижелерін және Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия шешімін ескере отырып МЖӘ жобасына бастамашы болған жекеше әріптес тікелей келіссөздер ұйымдастырушымен бірге пысықтайды және бекітеді.

      Бекітілген МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға сараптама өткізбей өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      МЖӘ жобасына бизнес-жоспары бекітілген сәттен бастап келіссөздерді ұйымдастырушы бұл жөнінде жобаға бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптесті 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптес хабарлама алынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бекітілген МЖӘ жобасына бизнес-жоспарына сәйкес уәкілетті тұлғаға МЖӘ шартының жобасын ұсынады.

      МЖӘ шартының мазмұны Заңның 46-бабына сәйкес айқындалады.

      МЖӘ шартының жобасын ұсыну мерзімін ұзарту туралы шешімді Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия қабылдайды.

14-параграф. ЖӘ шартының әлеуетті тараптары арасында МЖӘ шартының талаптары туралы келіссөздерді жүргізу

      150. МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптес енгізген МЖӘ шартының жобасы тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссиясының отырысына шығарылады.

      Келіссөздердің нәтижелері тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоятын және тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия бекітетін хаттамамен ресімделеді.

      151. Тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы МЖӘ шартының жобасын, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, келісуге Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия хаттамасының көшірмелерін қоса бере отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға (табиғи монополиялар салаларында жүзеге асатын МЖӘ жобасы бойынша) жолдайды.

      152. Бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган МЖӘ шартының жобасын, құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, ол түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.

      153. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде МЖӘ шартының жобасын оны ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.

      154. МЖӘ шартының жобасын, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, келісу келісім туралы немесе әрбір қаралатын мәселе бойынша келіспеу себептерін немесе конкурстық құжаттаманы пысықтау бойынша талаптарды көрсете отырып, келіспеу туралы хат түрінде ресімделеді.

      155. МЖӘ шартының жобаны тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы (уәкілетті тұлға) бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісуі қорытындысы бойынша ұсынымдар болған жағдайда пысықтайды және тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссиясының бекітіледі.

      Бекітілген МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға қайшы келетін МЖӘ шартының жобасын тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссиясының хаттамасымен беітуге жол берілмейді.

      156. Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссияның тікелей келіссөздердің нәтижелері туралы шешім қабылдау қорытындылары бойынша тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға (республикалық жобалар бойынша) немесе жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға (жергілікті жобалар бойынша) МЖӘ шарты жобасының келісулер нәтижелерін қоса бере отырып, МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін өтінім жолдайды.

      МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда, МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін тиісті бюджет комиссияларының қарауына шығару талап етілмейді.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тиісті хат ресімдей отырып, МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жоқ екендігін растайды.

15-параграф. МЖӘ шартын жасасу

      157. Әрбір жеке МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (ерекше маңызды жобалар бойынша) немесе мәслихат шешімінің жобасы (МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдауды көздейтін МЖӘ жобалары бойынша) тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі шығарылғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде әрбір қабылданған міндеттеменің көлемі туралы ақпаратты енгізе отырып, тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы (уәкілетті тұлға) әзірлейді және енгізеді.

      158. Қазақстан Республикасы Үкіметінің МЖӘ жобалары бойынша (МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдауды көздейтін МЖӘ жобалары бойынша) мемлекеттік мiндеттемелер қабылдауын Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісінше әрбiр жекелеген МЖӘ жобасы бойынша (ерекше маңызы бар жобалар бойынша), Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 162-бабына сәйкес тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде өзге МЖӘ жобалары бойынша шешімі негізінде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      159. Жергiлiктi атқарушы органдардың МЖӘ жобалары бойынша (МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдауды көздейтін МЖӘ жобалары бойынша) мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 163-бабына сәйкес тиісінше әрбiр жекелеген МЖӘ жобасы бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.

      160. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 162 және 163-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын (ерекше маңызды жобалар бойынша) немесе мәслихаттың шешімін қабылдау қорытындылары бойынша тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы (уәкілетті тұлға) әлеуетті жекеше әріптеспен МЖӘ шартын жасасады.

      МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда, тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы (уәкілетті тұлға) Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның тікелей келіссөздер нәтижелері туралы шешімі негізінде әлеуетті жекеше әріптеспен МЖӘ шартын жасасады.

      161. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде МЖӘ шартын жасасқаннан кейін мемлекет кепілгерлігін ұсыну көзделген МЖӘ жобасы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кепілгерлік шарты жасалады.

      162. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің МЖӘ шартын, оның ішінде МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда шартты тіркеуі.

      МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда, МЖӘ шартын тіркеу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның (республикалық жобалар бойынша) не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның (жергілікті жобалар бойынша) МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жоқ екендігін растайтын хаты ұсынылған жағдайда, тиісті бюджет комиссиясының шешімінсіз жүзеге асырылады.

      163. Мемлекеттік құпияларды қамтитын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия мәліметтерді қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер нәтижелері тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы бір мезгілде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға (республикалық жобалар бойынша) немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға (жергілікті жобалар бойынша) хабарлай отырып, өзінің ресми интернет-ресурсында және мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады.

      164. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды және МЖӘ дамыту орталығын жергілікті МЖӘ жобалары бойынша жасасқан МЖӘ шарттары туралы оны жасасқан кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

4-тарау. Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары

      165. Қажет болған жағдайда тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ерекше маңызды МЖӘ жобаларының тізбесіне іске асырылуы жоспарланатын МЖӘ жобасын енгізу бойынша ұсыныс енгізеді.

      Ерекше маңызды МЖӘ жобасын айқындау осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес МЖӘ жобасын ерекше маңызды МЖӘ жобасына жатқызу өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асады.

      166. Ерекше маңызды МЖӘ жобалары бойынша конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы Ведомствоаралық комиссия құрады, оның құрамына мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және өзге де ұйымдардың өкілдері (бірінші басшысының орынбасарларынан төмен емес) кіреді.

      Ведомствоаралық комиссияның құрамы конкурс немесе тікелей келіссөздер ұйымдастырушының бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      Ведомствоаралық комиссияның төрағасы конкурс немесе тікелей келіссөздер ұйымдастырушының бірінші басшысы болып табылады.

      Ведомствоаралық комиссияның хатшысы конкурс немесе тікелей келіссөздер ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің жетекшісінің орынбасарынан төмен емес болып табылады.

      167. Конкурс немесе тікелей келіссөздер жүргізу кезінде ведомствоаралық комиссия ерекше маңызды МЖӘ жобалары бойынша жекеше әріптесті айқындау үшін конкурстық комиссия немесе тікелей келіссөздер комиссиясының функциясын орындайды.

      168. Ерекше маңызды МЖӘ жобасын іске асыру үшін мемлекеттік әріптес, жекеше әріптес пен жекеше әріптестің кредиторы арасында тікелей келісімді жасасу мынадай реттіліктегі кезеңдерді көздейді:

      Заңның 47-бабына сәйкес жекеше әріптес және (немесе) жекеше әріптестің кредиторы мемлекеттік әріптеске тікелей келісім жобасын енгізеді;

      мемлекеттік әріптес тікелей келісім жобасын қарайды және Ведомствоаралық комиссия отырысына шығарады;

      Ведомствоаралық комиссия тікелей келісім жобасын қарайды және қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес сарапшылар тартылады;

      Ведомствоаралық комиссия тікелей келісім тараптарының келіссөздері қорытындысы бойынша тікелей келісімнің түпкілікті жобасын мақұлдайды;

      тікелей келісімде мемлекеттік бюджеттен шығыстарға алып келетін ережелер болған жағдайда бұл мәселе Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылады;

      Ведомствоаралық комиссия және Республикалық бюджет комиссиясы шешімдерінің негізінде тікелей келісімді жасасу.

5-тарау. МЖӘ жобаларының іске асыру тәртібі

      169. Республикалық меншікке жататын МЖӘ объектілері бойынша жасалған МЖӘ шарттарының тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) деректер енгізу үшін республикалық МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік әріптес мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға жасалған МЖӘ шарттары туралы мынадай мәліметтерді қамтитын ақпаратты олардың тіркелген сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды:

      мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің атауы мен деректемелері;

      МЖӘ объектісі;

      МЖӘ шартының жасалған күні, қолданылу мерзімі және тіркеу нөмірі;

      МЖӘ шартының мәтіні;

      МЖӘ объектісінің құны;

      МЖӘ шартының тізілімге енгізілген күні (Тізілімге жасалған МЖӘ шартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы мәліметтерді енгізген жағдайда).

      Жасалған МЖӘ шарттары туралы ақпаратты мемлекеттік әріптес заңнамада айқындалған тәртіппен тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының мөрімен расталған немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған баспа және электронды түрде жолдайды.

      Тізілімді жүргізу үшін қажетті қосымша және (немесе) жетіспейтін мәліметтерді немесе құжаттарды алу қажет болған жағдайда, мемлекеттік меншікті басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган оларды мемлекеттік әріптестен, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органынан сұратады.

      Жасалған МЖӘ шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы мәліметтер осы тармақта белгіленген тәртіппен Тізілімге енгізіледі.

      "Аса маңызды", "өте құпия", "құпия" деген белгісі бар МЖӘ шарттарының мәтіндері немесе шарттың жария етуге жатпайтын құпия мәліметтерді қамтитын бөлімдері мен бөліктері Тізілімге енгізуге жатпайды.

      Жасалған МЖӘ шарттары туралы мәліметтер мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға ақпарат келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде электронды түрде Тізілімге енгізіледі.

      170. Жасалған МЖӘ шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Заңда, осы Қағидаларда, сондай-ақ МЖӘ шартына сәйкес белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Жасалған МЖӘ шартына ұсынылатын өзгерістер және (немесе) толықтырулар МЖӘ шартының жобасы түрінде (МЖӘ шартына қосымша келісім) ресімделеді.

      МЖӘ шартына, оның ішінде МЖӘ жобасын іске асырудың мониторингі және (немесе) бағалануы нәтижелері бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, мемлекеттік әріптес қосымша келісімді мүдделі мемлекеттік органдармен келісу қорытындылары бойынша жекеше әріптеспен МЖӘ шартына қосымша келісім жасасады.

      171. МЖӘ шартында көзделген мемлекеттік міндеттемелер көлемін тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз өзгертуге жол берілмейді.

      МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы тиісті бюджет комиссиясының ұсынысы негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің (ерекше маңызды МЖӘ жобалары бойынша) қаулысын немесе мәслихат шешімін қабылдаудың қорытындылары бойынша мемлекеттік әріптес жекеше әріптеспен МЖӘ шартына қосымша келісім жасасады.

6-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерінің және шарттарының мониторингі, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингілеу және бағалау тәртібі

      172. МЖӘ жобаларын іске асыру бойынша:

      республикалық меншікке жататын МЖӘ объектілерінің мониторингі;

      республикалық МЖӘ жобаларының іске асырылу мониторингі;

      МЖӘ шарттарының және жергілікті МЖӘ жобаларының іске асырылу мониторингі жүргізіледі.

      Мониторингілеу МЖӘ жобасының орындалу барысы туралы ақпаратты үзіліссіз жинау, талдау және түйіндеу процесі болып табылады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының МЖӘ жобаларын іске асыруды мониторингілеуге қатысуы мынадай ұсынымдар:

      МЖӘ жобаларын іске асыру практикасы мен проблемаларын қарау нәтижелері;

      МЖӘ жобаларын табысты іске асыру практикасын тарату;

      МЖӘ тетіктерін қолдану салалары мен аяларын кеңейту;

      Қазақстан Республикасының МЖӘ саласындағы заңнамасын жетілдіру;

      МЖӘ жобаларын сүйемелдеу;

      МЖӘ жобаларын іске асыруға ақпараттық және әдіснамалық қолдау көрсету мәселелері жөнінде ұсынымдар әзірлеумен консультативтік-кеңесші орган шеңберінде жүзеге асырылады.

      173. МЖӘ-ға берілген мемлекеттік мүлікке залал келтіретін нысаналы пайдаланбау жағдайларының алдын алу республикалық меншікке жататын МЖӘ объектілері мен коммуналдық меншiкке жататын МЖӘ объектiлері бойынша МЖӘ шарттары мониторингінің (бұдан әрі – МЖӘ объектілері мен шарттарының мониторингі) міндеті болып табылады.

      МЖӘ объектілері мен шарттарының мониторингі МЖӘ объектісін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану жөнінде ақпарат жинау және оны талдау жүйесін білдіреді.

      174. МЖӘ объектілері мен шарттарының мониторингін:

      республикалық меншікке жататын МЖӘ объектілері бойынша – республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;

      коммуналдық меншікке жататын МЖӘ объектілері бойынша – облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

      175. Жекеше әріптес мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы мынадай мәмілелер:

      1) мемлекеттік мүлікті қосымша жалдау;

      2) мемлекеттік мүлікті кепілге беру;

      3) үшінші тұлғалардың мемлекеттік мүлікті жақсартулар жүргізуі;

      4) мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару жөніндегі мәмілелер бойынша есептерді республикалық меншікке жататын МЖӘ объектілері бойынша республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға, коммуналдық меншікке жататын МЖӘ объектілері бойынша – облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына ұсынады.

      176. Мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есептер осындай мәміле жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      177. Мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есеп осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады және мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) мәміленің түрі (қосымша жалдау, кепіл, жақсартулар жүргізу, иеліктен шығару);

      2) мәміле деректемелері (шарттың нөмірі мен күні, мәмілені орындау мерзімі, мәміле тараптары, мәміледе көзделген төлемдерді төлеу шарттары немесе енгізу тәртібі);

      3) мәміле нысанасы болып табылатын мемлекеттік мүліктің сипаттамасы мен құны.

      178. Жекеше әріптес бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, есепті электронды түрде қалыптастырады, оған ұлттық куәландырушы орталық берген электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды және оны бағдарламалық қамтамасыз етудегі есепті жіберуге және тізілімнің құрылымына енгізуге арналған сервисті пайдалана отырып, мемлекеттік мүлік тізілімі арқылы республикалық мүлікке қатысты – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға немесе коммуналдық мүлікке қатысты – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына жібереді.

      Бағдарламалық қамтамасыз ету бағдарламалардың, бағдарламалық кодтардың, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті техникалық құжаттамасы бар бағдарламалық өнімдердің жиынтығын білдіреді.

      Арнаулы мемлекеттік органдардың жедел басқаруындағы мүлікті және мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі мемлекеттік мүлік тізілімін білдіреді.

      179. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган МЖӘ-ға берілген мемлекеттік мүлікті нысаналы пайдалану жөніндегі ақпаратты жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

      180. МЖӘ жобаларының іске асырылуын мониторингілеуді тиісті саланың уәкілетті органы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары МЖӘ шарты күшіне енген сәттен бастап жыл сайын жүргізеді.

      Жергілікті МЖӘ жобаларының іске асырылуын мониторингілеу шеңберінде мемлекеттік әріптестер жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 15 маусымынан кешіктірмей, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес толтырылған нысанды одан әрі МЖӘ дамыту орталығына жолдау үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

      181. МЖӘ жобаларының іске асырылуына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган МЖӘ дамыту орталығын тартады.

      182. Тиісті саланың уәкілетті органының бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес, жергілікті деңгейде – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі орынбасарынан төмен емес тұлға қол қойған МЖӘ жобаларының іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі ақпаратты осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МЖӘ жобаларының іске асырылуына бағалау жүргізу үшін тиісті саланың уәкілетті органы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей, МЖӘ дамыту орталығына енгізеді.

      183. МЖӘ жобаларының іске асырылуына бағалау жүргізуге арналған ақпарат МЖӘ жобаларының іске асырылуына бағалау жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына дейін шарттары жасалған МЖӘ жобалары бойынша ұсынылады.

      МЖӘ жобаларының іске асырылуына бағалау жүргізу үшін мониторинг бойынша ақпаратқа мыналар қоса тіркеледі:

      қазынашылық органдарында тіркелгені туралы белгі қойылған МЖӘ шартының көшірмесі және оған қосымша келісімдер (болған жағдайда);

      бекітілген конкурстық құжаттаманың көшірмесі не қаржы-экономикалық модельді, конкурстық құжаттама бойынша экономикалық қорытындылардың көшірмелерін қоса бере отырып, МЖӘ жобасының бекітілген конкурстық құжаттамасы.

      184. МЖӘ-ні дамыту орталығы ұсыну мерзімі көрсетілген тиісті хабарлама жіберу арқылы бағалау жүргізу үшін қажетті жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты өз бетінше сұратады және алады.

      Егер МЖӘ жобаларының іске асырылуына бағалау жүргізуге арналған ақпарат белгіленген мерзімде ұсынылмаса, МЖӘ-ні дамыту орталығы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға тиісті хабарлама жолдайды.

      Хабарламада тиісті саланың уәкілетті органының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының Қағидалардың осы тармағының талаптарын орындамағаны туралы, сондай-ақ осы орындамауды Үкіметке енгізуге арналған жиынтық есепте көрсету туралы ұсыным көрсетіледі.

      185. Жобалық басқару стандарттары қолданылған осы мониторингілеу деректері негізінде МЖӘ шартына сәйкес жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді талдау процесі МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалау болып табылады.

      186. МЖӘ жобаларын басқару сапасын жақсарту бойынша ұсынымдарды қамтитын есеп МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалау нәтижесі болып табылады.

      МЖӘ-ні дамыту орталығы МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалау шеңберінде талдау жүргізеді, оның қорытындысы бойынша МЖӘ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдары бар талдамалық есеп дайындайды.

      МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалау есебінің құрылымы мыналардан тұрады:

      қорытындылары мен ұсынымдары бар МЖӘ жобаларын бағалау жөніндегі жиынтық ақпарат;

      есептің негізгі бөлігі;

      салыстырма кестені қоса бере отырып (қажет болған жағдайда) МЖӘ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар .

      Есепке МЖӘ жобасының атауы, құны, мақсаты, іске асырылу мерзімі, мемлекеттік және жекеше әріптестің атауы, сондай-ақ МЖӘ жобасының ағымдағы мәртебесі қамтылған әрбір МЖӘ жобасы жөніндегі қысқаша ақпарат қоса беріледі.

      Ерекше маңызы бар МЖӘ жобалары бойынша, қажет болған жағдайда, осындай жобалардың іске асырылуына жеке бағалау жүргізіледі.

      187. МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалау нәтижелерін МЖӘ-ні дамыту орталығы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

      188. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган МЖӘ дамыту орталығының есебі деректерді Тізілімге енгізу үшін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға түскен сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалау нәтижелерін коммуналдық меншікке жататын МЖӘ объектілері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына, мемлекеттік әріптеске және жекеше әріптеске жолдайды.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын жоспарлау
және іске асыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан

МЖӘ* жобалары бойынша ақпарат ____________ (ЖАО/ОМО)** ___________ жағдай бойынша (ақпаратты берудің есепті күні көрсетіледі)

р/с№

МЖӘ жобасының атауы

МЖӘ жобасының экономика саласы (аясы)

Жоба құны мың тг

МЖӘ жобасының деңгейі

Жекеше әріптесті айқындау тәсілі

Мемлекеттік әріптестің қатысу нысандары, мемлекеттік қолдау шаралары, шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері

Жобаны іске асыру мерзімі

Жобаның қуаты

Мемлекеттік әріптес

Жекеше әріптес

Жобаның мәртебесі

Интернет-сілтеме

Құрылыс кезеңі

Пайдалану кезеңі

      Ескертпе:

      * МЖӘ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік.

      ** ЖАО – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органы;

      ОМО – орталық мемлекеттік орган.

      Ақпарат Microsoft Office Excel форматында беріледі, Times New Roman шрифті, мөлшері – 14.

Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      "МЖӘ жобасының экономика саласы (аясы)" бағанында мынадай экономика салаларының (аяларының) біреуі көрсетіледі: тұрғын үй құрылысы; денсаулық сақтау; инфрақұрылым; мәдениет; білім; қоғамдық тәртіпті қорғау; қоршаған ортаны қорғау; жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары; ауыл шаруашылығы; әлеуметтік сала; құрылыс; көлік және логистика; туризм; дене шынықтыру және спорт; энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық.

      "МЖӘ жобасының деңгейі" бағанында МЖӘ жобасының республикалық немесе жергілікті деңгейі көрсетіледі.

      "Жекеше әріптесті айқындау тәсілі" бағанында конкурс (оңайлатылған, бір кезеңдік, екі кезеңдік, жабық) не тікелей келіссөздер көрсетіледі.

      "Мемлекеттік әріптестің қатысу нысандары, мемлекеттік қолдау шаралары, шығындарды өтеу және кіріс алу көздері" бағанында мемлекеттік әріптестің қатысу нысандары, көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары және шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері бойынша мерзімдері, сомалары мың теңгемен, жылдармен көрсетіледі.

      "Жобаның қуаты" бағанында бар болған жағдайда МЖӘ объектісі өнімділігінің ең көп заттай, өлшеудің құндық бірлігі, оның ішінде белгілі бір уақыт кезеңіне жататын (ауысым, тәулік, ай, тоқсан, жыл) көрсетіледі. Мысалы: ауысымда 500 қабылдауға арналған емхана, 320 орындық балабақша.

      "Мемлекеттік әріптес" бағанында мемлекеттік әріптес, сондай-ақ мемлекеттік әріптес тарапынан жауапты тұлғалардың (тегі, аты, әкесінің аты), байланыстары көрсетіледі.

      "Жекеше әріптес" бағанында жекеше әріптес, сондай-ақ жекеше әріптес тарапынан жауапты тұлғалардың (тегі, аты, әкесінің аты), байланыстары (жасалған МЖӘ шарттары бойынша) көрсетіледі.

      "Жобаның мәртебесі" бағанында мынадай мәртебелердің бірі көрсетіледі: іске асырылуға жоспарланған не конкурс жарияланған не шарт жасалған. Шарт жасалған жағдайда МЖӘ шартының жасалған күні көрсетіледі.

      "Интернет-сілтеме" бағанында жоспарланған, іске асырылған МЖӘ жобасы туралы ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа қолданыстағы гиперсілтеме көрсетіледі.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын жоспарлау
және іске асыру қағидаларына
2-қосымша

Ақпараттық парақтың құрылымы

Атауы 

Толтыру үшін ұсынымдар 

1. Жобаның паспорты (жалпы мәліметтер) 

Жобаның атауы

жобаның толық атауы көрсетіледі 

Мемлекеттік әріптес

мемлекеттік әріптестің толық атауы көрсетіледі

Жобаның қысқаша сипаты

жобаның мәні, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобасын техникалық күрделі және (немесе) бірегей жобаларға жатқызу көрсетіледі 

Жобаны іске асыру саласы (аясы)

экономиканың саласы (аясы) көрсетіледі 

Іске асыру орны

жобаны іске асыру орны (мекенжайы не орналасқан жеріне қойылатын талаптар не сипаты) 

Іске асырудың мерзімдері мен кезеңдері

жобаны іске асырудың мерзімдері мен кезеңдері көрсетіледі 

Жобаның құны

жобаның құны көрсетіледі 

Жобаның ретроспективасы

жобамен байланысты бұрын іске асырылған жұмыстар көрсетіледі 

Жобаның мақсаттары мен міндеттері

жобаның мақсаттары мен міндеттері көрсетіледі 

Жекеше әріптесті айқындаудың болжамды тәсілі

Заңның 31-бабына сәйкес жекеше әріптесті айқындау тәсілі көрсетіледі 

Жобаның нәтижесі

жобаның түпкілікті нәтижесі және күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсері көрсетіледі 

Байланыс деректері

МЖӘ жобасының тұжырымдамасын әзірлеуші өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), лауазымы, байланыс телефоны мен электрондық поштасының мекенжайы (мекенжайлары) көрсетіледі 

2. Кіріспе 

Жобаны іске асыру қажеттігінің негіздемесі

1) мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына сәйкестігі;
2) МЖӘ жобасын әлеуетті жекеше әріптестер тарапынан іске асыруға қызығушылықтың болуы туралы ақпарат көрсетіледі.

Ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесі

экономиканың осы саласында (аясында) ұқсас МЖӘ жобаларын іске асырудың халықаралық және/немесе қазақстандық оң тәжірибесі көрсетіледі

МЖӘ объектісі және МЖӘ объектісі құрамына кірмейтін өзге де мүлік туралы ақпарат

1) МЖӘ объектісі МЖӘ объектісі құрамына кірмейтін және МЖӘ жобасында қолданылатын бірақ өзге де мүліктің құқықтық мәртебесі (меншік, теңгерімді ұстаушы, шектеулер және ауыртпалықтар);
2) жобаны іске асыру барысында және оны іске асырудан кейін жоба қатысушыларының әрқайсының мүліктік құқықтарының көлемі.
МЖӘ объектісін реконструкциялау немесе дамыту кезінде оның ретроспективасы (объектіні пайдалануға беру күні, реконструкциялау бойынша жүргізілген жұмыстар және осы объектімен байланысты басқа да мәліметтер) қоса беріледі.
Жоспарланған МЖӘ жобасының археологиялық және басқа да мемлекеттің ерекше қорғауындағы объектілер мәселелерін қозғаған жағдайда, аталған объектілердің жай-күйі туралы, сондай-ақ оларға МЖӘ жобасының әсері туралы мәліметтер келтіріледі. 

МЖӘ жобасының табиғи монополиялар салаларына тиесілігі

негізгі қаражатты қайта бағалау, соңғы күнтізбелік үш жылда іске асырылған инвестициялық бағдарламалар, табиғи монополиялар субъектісі қызметінің техникалық сараптамасы, объектілердің техникалық жай-күйін куәландыру және басқа мәліметтер туралы ақпаратты қоса алғанда, МЖӘ-ға берілетін табиғи монополиялар субъектісінің мүліктік кешені туралы ақпарат көрсетіледі

3. Институционалдық бөлім

1) тараптардың өзара іс-қимыл жасау тетіктері, МЖӘ жобасының әрбір тарапының, оның ішінде инвестициялық және инвестициядан кейінгі кезеңде (тараптар арасындағы өзара іс-қимыл схемасын қоса бергенде) үшінші тұлғалардың жауапкершілігі туралы ақпарат көрсетіледі;
2) МЖӘ жобасы шеңберінде қызметтің болжамды түрлері, сондай-ақ МЖӘ-ға берілуі жоспарланбаған қызметтер түрлері туралы ақпарат көрсетіледі

4. Маркетингтік бөлім

экономиканың (өңірдің) саласындағы (аясындағы) мәселелердің сипаты, оның ішінде МЖӘ жобасын іске асыру нәтижесінде түзілетін өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) сұраныстың қазіргі кездегі және болжамды (МЖӘ жобасын іске асыру кезеңінде) конъюнктурасын талдау;
SWOT-талдау Strengths (күшті жақтар), Weaknesses (осал жақтар), Opportunities (мүмкіндіктер), Threats (қауіптер) – МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде болжанатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мүмкіндіктерін және қауіптерін, әлеуетті күшті және осал жақтарын айқындау және бағалау) көрсетіледі.
Пайдаланылған ақпарат көздері және өткізілген маркентингтік зерттеу бойынша есепті қоса бере отырып, маркетингтік зерттеулерді жүргізу әдістемесі міндетті түрде көрсетіледі.

5. Қаржылық бөлім

1) МЖӘ жобасы шеңберінде салуға жоспарланған инвестициялар көлемі, оның ішінде есептеулермен расталған МЖӘ объектісі құрылысының болжамды құны;
2) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) елдегі, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықпалы туралы есептеулер мен мәліметтер негіздемелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға), оның ішінде табиғи монополиялар саласына жататын тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) алдын ала есептеу;
3) мемлекеттік қолдау шараларын, жекеше әріптестің шығындарын өтеу және кірістерін алу көздерін, оның ішінде оларды ұсынудың түрлері, көлемдері, мерзімдері және шарттарын ұсыну қажеттілігі мен мүмкіндігін талдау нәтижелері;
4) МЖӘ жобасының болжамды түпкілікті нәтижесі (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрі және көлемі), сондай-ақ жекеше әріптестің алдын ала есептеулер түріндегі негіздемесі бар кірістердің болжамды келтірілген таза құны және кірістіліктің ішкі нормасы;
5) егер мыналарды қамтитын: ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарлы және нақты көлемі туралы ақпаратты;
көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрлері бөлінісінде қолданыстағы тарифтер мен тарифтік сметалар туралы ақпаратты;
болған жағдайда, реттелмей көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көрсетілетін түрлері мен көлемдері туралы ақпаратты;
қаржылық есептілікті;
тарифте ескерілетін қолданылатын амортизациялау әдістері туралы ақпаратты;
бұрын іске асырылған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландырудың нақты шарттары мен өлшемдері туралы ақпаратты;
бұрын іске асырылған инвестициялық бағдарламаларда нақты орындалу көрсеткіштерін инвестициялық бағдарламаларда бекітілген көрсеткіштермен салыстыру туралы ақпаратты;
болған жағдайда, қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің бекітілген инвестициялық бағдарламалардағы көрсеткіштерден ауытқу себептерін түсіндіруді;
болған жағдайда, субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың дебиторлық берешектерінің деңгейін және кредиторлық берешекті төлеуді төмендету бойынша кешенді іс-шараларды;
болған жағдайда, нормативтік шығындарды азайту және (немесе) нормативтен тыс шығындарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын қамтитын жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңғырту немесе реконструкциялау жоспарланған жағдайда, соңғы үш жылда жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектісі туралы ақпаратты көрсетеді.
Жобаны іске асырудың қаржы-экономикалық модельдері формулалар мен қабылданған жорамалдарды көрсете отырып жасалады.

6. Әлеуметтік-экономикалық бөлім

Құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалар үшін көрсетіледі:
1) саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және оның МЖӘ жобасы ескерілместен және МЖӘ жобасын іске асырған жағдайда даму перспективаларын талдау;
2) МЖӘ жобасы бойынша пайдалар мен шығындарды талдау;
3) ағымдағы бағалар мен өткен жылдың салыстырмалы бағаларындағы тікелей, жанама және жиынтық макроэкономикалық әсердің есебі;
4) таза қоғамдық пайда, экономикалық таза келтірілген табыстың (Economic net present value – ENPV), табыстылықтың экономикалық ішкі нормасының (Economic Internal Rate of Return – EIRR) көрсеткіштерін есептеу;
5) МЖӘ жобасын іске асырудың аралас салалардың (көрші өңірлерді дамытуды қосқанда) дамуына әсерін талдау;
6) МЖӘ жобасының Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетінің өсуіне және импортты алмастыруына, инновациялардың дамуына әсерін талдау көрсетіледі.
Болжамды құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жобалар үшін саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуалды және оның МЖӘ жобасы есепке алынбаған және МЖӘ жобасын іске асырған жағдайдағы даму перспективаларын талдау көрсетіледі.

7. Техникалық-технологиялық бөлім

1) болған жағдайда енгізілуі жоспарланған технологиялық инновациялар туралы мәліметтер;
2) әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары, үлгі жобалары, үлгі жобалық шешімдері және қайталап қолданылатын жобаларының бар-жоғы туралы мәліметтер;
3) МЖӘ жобасын іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің жоспарланған физикалық параметрлері мен техникалық сипаттамалары, оның ішінде жоспарланған өндірістік қуаты;
4) МЖӘ объектісін жобалаудың, салудың, құрудың, реконструкциялаудың, жаңғыртудың және пайдаланудың жоспарланған мерзімдері;
5) объектiнің орналасқан жері, жер учаскесінің (учаскелерінің) сипаттамасы туралы мәліметтер, сондай-ақ қолданыстағы және/немесе жобаны іске асыруға қажетті инженерлік-көліктік инфрақұрылым (теміржол магистральдары, автокөлік жолдары, құбырлар, электр- және жылу жүйелері, су құбыры, газ құбыры және басқа инфрақұрылым) туралы ақпарат.

8. Тәуекелдерді бөлу

жобаның әлеуетті қатысушылары арасында тәуекелдерді бөлудің талдауы, сондай-ақ:
1) коммерциялық тәуекелдерді бағалау;
2) әлеуметтік тәуекелдерді бағалау;
3) экономикалық тәуекелдерді бағалау;
4) техникалық тәуекелдерді бағалау;
5) қаржылық тәуекелдерді бағалау;
6) жобаның ерекшелігіне байланысты өзге де тәуекелдерді бағалау көрсетіледі. 

9. Жоба бойынша тұжырымдар


  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын жоспарлау
және іске асыру қағидаларына
3-қосымша

Әлеуетті жекеше әріптестердің өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растауы үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:

      1) есепшоттарында ақшаның болуын, әлеуетті жекеше әріптестің меншік құқығын және жылжитын және жылжымайтын мүліктің құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері;

      2) "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 2, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19-баптарына немесе халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған толық алдыңғы екі қаржы жылының қаржылық есептілігінің түпнұсқасы. Егер әлеуетті жекеше әріптес қызметін екі жылдан аз жүзеге асырса, қаржылық есептілік оның мемлекеттік тіркеуден өту сәтінен басталған кезеңге ұсынылады. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйым қызметі жөніндегі қаржылық есептілікке қосымша "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 17-бабына немесе халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады. Аса маңызды МЖӘ жобаларына қатысты, егер әлеуетті жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда мұндай құжаттарды осындай әлеуетті жекеше әріптестің құрылтайшысы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынуы тиіс;

      3) әлеуетті жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) "Негізгі құралдар" бухгалтерлік балансының баптарының таратылып жазылуы;

      4) әлеуетті жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған, олардың қалыптасқан күні мен болжамды өтеу мерзімі, сондай-ақ берешектің мақсаты (не үшін берешек пайда болды), оларды құнсыздандыру бойынша есептелген резервтердің сомасы көрсетілген соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) дебиторлық және кредиторлық берешектің таратылып жазылуы. Банктік қарыздар болған жағдайда банктік қарыздар шарттарының көшірмелерін негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестелерімен қоса беру қажет;

      5) әлеуетті жекеше әріптестің төлем қабілеттілігі, оның таратылуға жатпайтыны, мүлкіне тыйым салынбағаны, оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмағаны, әлеуетті жекеше әріптестің жасалған МЖӘ шарттары бойынша оның міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соңғы үш жыл ішінде заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапкершілікке тартылмағаны туралы кепілхат;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит өткізу белгіленген заңды тұлғалар сондай-ақ соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есепті ұсынады;

      7) заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға нотариат куәландырған жарғысының көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аударылған сауда тізілімінен нотариат куәландырған заңдастырылған үзіндіні ұсынады;

      8) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама;

      9) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысуға құқық беретін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін, жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып нотариат куәландырған жеке бас куәлігінің (төлқұжат) көшірмесін ұсынады;

      10) әлеуетті жекеше әріптеске қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі қойылған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес банк немесе банк филиалы алдындағы әлеуетті жекеше әріптес міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдында үш айдан астам мерзімі өткен берешегі жоқ екендігі туралы анықтамасының түпнұсқасы. Егер әлеуетті жекеше әріптес бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады.

      "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 29-бабына сәйкес кредиттік бюро беретін кредиттік есепті ұсынуға рұқсат етіледі.

      Банк анықтамасы (немесе кредиттік есеп) берілгеніне конкурсты ұйымдастырушыға құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы екі айдан артық уақыт өтпеуге тиіс.

      Конкурсқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестіктері қарапайым серіктестік нысанында қатысқан жағдайда оның қатысушылары өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды қоса ұсынулары қажет:

      бірлескен қызмет туралы келісімшарттың нотариат куәландырған көшірмесі;

      қарапайым серіктестік мүшелері арасындағы жасалған ортақ жауапкершілік туралы шартының нотариат куәландырған көшірмесі;

      конкурс шеңберінде қарапайым серіктестік атынан келіссөздерді және басқа да іс-шараларды жүзеге асыруға шығатын оның өкіліне арналған сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесі.

      Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын басқа да құжаттарды әлеуетті жекеше әріптестер өз қалауы бойынша ұсынады.

      Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті жекеше әріптес біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын құжаттарды немесе конкурстық құжаттаманың тілдеріне аударылған нотариат куәландырған аудармамен Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті жекеше әріптес біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай ақ резиденттіктің апостиль қойылған сертификаты (егер халықаралық шартпен өзгеше көзделмесе) ұсынады.

      МЖӘ объектісі ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер болған жағдайда, әлеуетті жекеше әріптес ақпараттық ресурстарға және (немесе) ақпараттық жүйелерге меншік және (немесе) ие болу құқығы туралы құжаттарды ұсынады.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын жоспарлау
және іске асыру қағидаларына
4-қосымша

Техникалық тапсырманы жасауға нұсқаулық

      1. Техникалық тапсырма МЖӘ жобасының тұжырымдамасы негізінде, осы Нұсқаулыққа сәйкес екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңінде әлеуетті жекеше әріптестердің техникалық ұсыныстарды әзірлеуі үшін жасалады.

      Техникалық тапсырмаға уәкілетті тұлғаның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға не ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды.

      2. Техникалық тапсырмада мыналар көрсетіледі:

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) жобасының мақсаты;

      МЖӘ объектісінің сипаты;

      әлеуетті жекеше әріптестердің техникалық ұсыныстарды беру талаптары мен нысаны;

      техникалық ұсыныстарды әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық және үкіметтік емес стандарттарын қолдану туралы талап (бар болған жағдайда);

      техникалық ұсыныстарды беру мерзімі;

      МЖӘ жобасын іске асырумен байланысты өзге де талаптар.

      3. Қажет болған жағдайда техникалық тапсырма мыналарды:

      МЖӘ жобасы шығындарының алдын ала мөлшерлерін айқындау жөніндегі талап (МЖӘ объектісін құру, оны пайдалану және басқалары);

      МЖӘ жобасын іске асырумен байланысты тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге қойылатын талаптар;

      әлеуетті жекеше әріптестердің біліктілігіне және тәжірибесіне талаптар;

      МЖӘ жобасын іске асырумен байланысты өзге де қойылатын талаптарды қамтиды.

      4. МЖӘ жобасының ерекшелігіне байланысты техникалық тапсырма техникалық реттеу, мемлекеттік құрылыс нормалары және қағидалары саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген талаптарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзге де талаптарға қайшы келмеуі тиіс.

      5. Техникалық тапсырманы әзірлеу үшін уәкілетті орган қажет болған жағдайда сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны тартады.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын жоспарлау
және іске асыру қағидаларына
5-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспардың құрылымы

Атауы

Толтыру үшін ұсынымдар

Жоба түйіні

1. Жоба сипаттамасы

1.1. Жобаның мақсаттары мен міндеттері

жобаның толық атауы, мақсаттары мен міндеттері, жобаның мәні көрсетіледі

1.2. Іске асыру орны

жобаны іске асыру орны көрсетіледі

1.3. Жобаның құны және қаржыландыру көздері

жобаның құны және қаржыландыру көздері көрсетіледі

1.4. Іске асыру мерзімдері мен кезеңдері

жобаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері көрсетіледі

1.5. Жобаның нәтижесі

жобаның түпкілікті нәтижесі көрсетіледі

2. Жоба бастамашысының сипаттамасы

2.1. Жоба бастамашысы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) жобасына бастамашылық жасаған тұлғаның атауы, МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды әзірлеуші өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), лауазымы, байланыс телефоны мен электрондық почтасының мекенжайы (мекенжайлары);
заңды тұлғаның даму тарихы, құрылтайшылар туралы (жаңа құрылған заңды тұлғалар бойынша) немесе концорсиумның әрбір қатысушысы туралы деректер (егер жобаға консорциум бастамашы болса), МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды әзірлеу кезіндегі заңды тұлғаның ахуалы көрсетіледі.

2.2. Ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесі

МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған тұлғаның экономиканың осы саласында (аясында) ұқсас МЖӘ жобаларын іске асырудың халықаралық және/немесе қазақстандық оң тәжірибесі көрсетіледі

2.3. МЖӘ объектісі және МЖӘ объектісі құрамына кірмейтін өзге де мүлік туралы ақпарат

1) "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 44 бабын қолдану негіздемесі (меншік құқығындағы немесе ұзақ мерзімді жалға алынған объектіге немесе әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарға құқық белгілеуші құжаттар);
2) МЖӘ объектісі және МЖӘ объектісі құрамына кірмейтін, бірақ МЖӘ жобасында қолданылатын өзге де мүліктің құқықтық мәртебесі (меншік, теңгерімді ұстаушы, шектеулер және ауыртпалықтар.
МЖӘ объектісін реконструкциялау немесе дамыту кезінде оның ретроспективасы (объектіні пайдалануға беру күні, реконструкциялау бойынша жүргізілген жұмыстар және осы объектімен байланысты басқа да мәліметтер) қоса беріледі.
Жоспарланған МЖӘ жобасының археологиялық және басқа да мемлекеттің ерекше қорғауындағы объектілер мәселелерін қозғаған жағдайда, аталған объектілердің жай-күйі туралы, сондай-ақ оларға МЖӘ жобасының әсері туралы мәліметтер келтіріледі.

3. Маркетингтік бөлім

3.1. Ұсынылатын қызметтер түрі
3.2. Нарық сипаттамасы және оның даму келешегі:
- тұтынушыларды зерттеу: өнімге (қызметке) талаптар және оларды қанағаттандыру мүмкіншіліктері;
- бәсекелестерді зерттеу және сипаттау;
3.3. SWOT талдау (МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде болжанатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мүмкіндіктерін және қауіптерін, әлеуетті күшті және осал жақтарын айқындау және бағалау);
3.4. Тауарларды (қызметтерді) өндірушілер – табиғи монополиялар субъектілері үшін баға белгілеу стратегиясы келтіріледі.

4. Ұйымдастырушылық жоспар

4.1. Осы жобаға қатысты құқықтық күші бар заңнамалық, нормативтік және өзге де құжаттар;
4.2. Жобаны іске асыру кестесі;
4.3. Инвестициялық және инвестициядан кейінгі кезеңде тараптардың өзара іс-қимыл тетіктері, МЖӘ жобасының әрбір тарапының, оның ішінде (тараптар арасындағы өзара іс-қимыл схемасын қоса бергенде) үшінші тұлғалардың жауапкершілігі туралы ақпарат.

5. Өндірістік бөлім

5.1. Кәсіпорынның географиялық жағдайы, көлік жолдары, коммуникациялардың болуы (соның ішінде қолданыста бар және/немесе жобаны іске асыруға қажетті инженерлік-көліктік инфрақұрылым туралы ақпарат (теміржол магистральдары, автомобиль жолдары, құбыр, электр және жылу желілері, су құбырлары, газ құбырлары және басқа инфрақұрылым);
5.2. Әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалардың, үлгі жобалардың, үлгі жобалық шешімдер мен қайталап қолданылатын жобалардың бар болуы туралы мәліметтер;
5.3. Технологиясы (соның ішінде енгізуі жоспарланатын технологиялық инновациялар туралы мәліметтер, олар болған жағдайда) және жабдықтардың сипаттамалары;
5.4. Алаңдарға қажеттілік (МЖӘ жобасын іскес асыру нәтижесінде құрылатын объектінің жоспарланатын физикалық параметрлері мен техникалық сипаттамалары, оның ішінде жоспарланатын өндірістік қуаты);
5.5. Өндірістік персоналға қажеттілік (саны, мамандығы, біліктілігі);
5.6. Өндіріс көлемі (жоба табиғи монополиялар салаларына тиесілі болған жағдайда, тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi өндiрудің өндірістік циклін, жылу және электр желілерін, газ бөлу жүйелерін, сондай-ақ сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін дамыту сипаттамасы) көрсетіледі;
5.7. Айнымалы және тұрақты шығындар есебі келтіріледі.

6. Қаржылық бөлім

6.1. МЖӘ жобасы шеңберінде салуға жоспарланған инвестициялар көлемі;
6.2. Тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) елдегі, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықпалы туралы есептеулер мен мәліметтер негіздемелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға), оның ішінде табиғи монополиялар саласына жататын тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) алдын ала есептеу;
6.3. Сұралынатын мемлекеттік қолдау шаралары, жекеше әріптестің шығындарын өтеу және кірістерін алу көздері, оның ішінде олардың түрлері, көлемдері, мерзімдері және ұсыну шарттары;
6.3. Кіріс және шығыстар туралы есеп болжамы;
6.4. Ақша қозғалысы жайлы есеп болжамы келтіріледі.
Осы МЖӘ жобасына бизнес-жоспармен қарастырылған ақпаратты растайтын және ашып көрсететін қаржылық-экономикалық үлгілері, кестелер және өзге де материалдар қоса беріледі.

7. Жоба тиімділігін бағалау

7.1. Қаржылық бағалаудың жай әдістерінің көмегімен жобаны талдау (өзін-өзі ақтауы, табыстылығы);
7.2. Жобаны дисконттау әдістерінің көмегімен талдау (таза келтірінді құн NPV– Net present value, ішкі табыстық мөлшері IRR - internal rate of return);
7.3. Зиянсыздығын талдау;
7.4. Жобаның сезімталдығын талдау;
7.5. Әлеуметтік-экономикалық әсері келтіріледі.

8. Тәуекелдер және тәуекелдерді төмендететін факторлар

жобаның әлеуетті қатысушылары арасында тәуекелдерді бөлудің талдауы, соның ішінде:
1) коммерциялық тәуекелдерді;
2) әлеуметтік тәуекелдерді;
3) экономикалық тәуекелдерді;
4) техникалық тәуекелдерді;
5) қаржылық тәуекелдерді;
6) экологиялық тәуекелдерді;
7) жобаның ерекшелігіне байланысты өзге де тәуекелдерді бағалау және реттеу шаралары көрсетіледі.

Қосымшалар

Осы МЖӘ жобасына бизнес-жоспармен қарастырылған ақпаратты растайтын және ашып көрсететін материалдар қоса беріледі.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын жоспарлау
және іске асыру қағидаларына
6-қосымша
Нысан

Мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есебі 

Р/с

Мәміле түрі (қосымша жалдау, кепіл, жақсартулар жүргізу, иеліктен шығару)

Мәміле деректемелері

Мәміле нысанасы болып табылатын мемлекеттік мүліктің сипаттамасы мен құны

шарттың нөмірі мен күні

мәміле тараптары

мәмілені орындау мерзімдері

мәміледе көзделген төлемдерді төлеу шарттары немесе енгізу тәртібі








  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын жоспарлау
және іске асыру қағидаларына
7-қосымша
Нысан

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруды мониторингілеу бойынша ақпарат

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобасының атауы


МЖӘ жүзеге асыру тәсілі, "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына сәйкес МЖӘ шартының түрі


Шарттың нысанасы


Мемлекеттік әріптес


Жекеше әріптес


Инвестициялық шығындардың өтемақысы, мың теңге, барлығы


Операциялық шығындардың өтемақысы, мың теңге, барлығы


Басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы, мың теңге, барлығы


Жалдау төлемақысы, мың теңге, барлығы


Қолжетімділік үшін төлемақы, мың теңге, барлығы


"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары


Жобаны басқару жөніндегі топтың болуы



Тексеру оқиғалары

Өлшеу

Жоспар

Факт

Ауытқу себептері

Жоспарланған ден қою шаралары
(тәуекелдер матрицасы)

Қабылданған/
қабылданатын шаралар

Жобаға әсері, оның тексеру нүктелері: құны, мерзімі, сапасы/ көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі

мерзімдері

Шартқа қол қою
(қол қою күні, шарттың нөмірі)

күні







Шартты қазынашылық органдарында тіркеу
(тіркеу күні, шарттың тіркеу нөмірі)

күні







Шарттың күшіне енуі

күні







Жер учаскесін беру
(куәліктің нөмірі және күні)

күні







Құрылысқа рұқсат беру, өзге де рұқсаттамалар
(құжаттың түрі мен күні)

күні







Қаржылық жабылуы: жобаны қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету
(кредиттік шарттың күні, нөмірі)

күні







Құрылыстың басталуы

күні







Құрылыстың аяқталуы

күні







Объектіні пайдалануға беру
(актінің күні мен нөмірі)

күні







Объектіні мемлекеттік меншікке қабылдау
(актінің күні, нөмірі)

күні







Қарызды өтеу

күні







Жалдау төлемдерін төлеу

күні







Жекеше әріптеске құқықтарды беру (пайдалану, иелену құқығын), басқа да,
(актінің, шарттың және т.б. күні, нөмірі)

күні







құны

Инвестициялық шығындардың өтемақысы (ағымдағы күнге)

мың теңге







Операциялық шығындардың өтемақысы (ағымдағы күнге)

мың теңге







Басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы (ағымдағы күнге)

мың теңге







МЖӘ объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысы (ағымдағы күнге)

мың теңге







Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану процесінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу (ағымдағы күнге)

мың теңге







Қолжетімділік үшін төлемақы (ағымдағы күнге)

мың теңге







Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттен берілетін субсидиялар (ағымдағы күнге)

мың теңге







Меншікті қаражаты

мың теңге







Қарызға алынған қаражат

қарыз валютасында, мың теңге







Объектіні салу құны

мың теңге







МЖӘ объектісінің құны

мың теңге







сапасы/ қол жетімділігі

Пайдалану кезіндегі жұмыс орындары

орындардың саны







Түпкілікті нәтиженің көрсеткіштері








Шарт бойынша мемлекеттік әріптестің міндеттемелерді орындауы:
(шарт бойынша міндеттемелер тізбесі көрсетіледі)

шартқа сәйкес







Шарт бойынша жекеше әріптестің міндеттемелерді орындауы:
(шарт бойынша міндеттемелер тізбесі көрсетіледі)

шартқа сәйкес







Жекеше әріптестің қаржылық ахуалы, оның ішінде:


ағымдағы өтімділігі: ағымдағы активтер/ағымдағы міндеттемелер

коэффициенті







меншікті қаражатпен қамтылуы: (меншікті капитал-айналымнан тыс активтер )/ағымдағы активтер

коэффициенті







активтердің табыстылығы: (таза пайда/активтердің құны)*100%

коэффициенті







тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасы (шарт бойынша сапа критерийлеріне талаптар көрсетіледі)

шартқа сәйкес







Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтер түрі

тізбе шартқа сәйкес







Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жұмыстар, көрсетілетін қызметтер көлемі мен түрлері

шартқа сәйкес заттай мәнінде







Құқық белгілейтін құжаттар мен меншік иелері көрсетілген жер учаскесінің болуы








Ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы бар жобалық-сметалық құжаттаманың болуы (қорытындының нөмірі мен күні)








"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27- бабының 2-тармағында көзделген мемлекеттік қолдау шаралары

шартқа сәйкес







Қарызды өтеу (ағымдағы күнге)

мың теңге







Жалдауды өтеу (ағымдағы күнге)

мың теңге







"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27- бабының 1-тармағында көзделген мемлекеттік органдардың қатысу нысандары

шартқа сәйкес







Шығарылатын өнімнің 1 бірлігіне қосылған құн

мың теңге







Үздік әлемдік тәжірибе мен инновацияларды қолдану мен енгізу








Лизингке, жалға, мүлікті жалдауға берілген МЖӘ объектісінің жағдайы

шартқа сәйкес







МЖӘ объектісінің қор қайтарымы: МЖӘ жобасы бойынша өндірілген өнімнің жылдық көлемі, мың теңге/МЖӘ объектісінің орташа жылдық құны, мың теңге

коэффициенті







      "Барлық мәліметтің дұрыстығын растаймын" _________________ "___" ___________ жыл

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымды тұлғаның қолы)* (толтыру күні )

      Мөрдің орны

      Ескертпе:

      * Тиісті саланың уәкілетті органының бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес; жергілікті деңгейде – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімінің орынбасарынан төмен емес)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 27 ақпандағы
№ 80 бұйрығына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика минист
рінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 725 бұйрығына
2-қосымша

Іске асырылуы жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту тәртібі

      1. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар және жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар (бұдан әрі – уәкілетті тұлғалар) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобасын іске асыру орындылығы туралы экономикалық қорытынды алынғаннан немесе тікелей келіссөздер кезінде МЖӘ жобасына бизнес-жоспар бекітілгеннен кейін, жоспарланған жобаны іске асырылуы жоспарланған МЖӘ жобаларының тізбесіне қосу үшін өтінім жолдайды.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган өтінімді алған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде іске асырылуы жоспарланған республикалық МЖӘ жобаларының тізбесін қалыптастырады және оны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға келісу үшін жолдайды.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның іске асырылуы жоспарланған республикалық МЖӘ жобаларының тізбесін келісу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган келіскен кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 3) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) іске асырылуы жоспарланған республикалық МЖӘ жобаларының тізбесін бекітеді.

      2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган өтінімді алған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Заңның 25-бабының 12) тармақшасына сәйкес іске асырылуы жоспарланған жергілікті МЖӘ жобаларының тізбесін қалыптастырады және оны жергілікті өкілді органға ұсынады.

      Жергілікті өкілді орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган іске асырылуы жоспарланған жергілікті МЖӘ жобаларының тізбесін енгізгеннен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Заңның 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес оларды бекіту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган іске асырылуы жоспарланған жергілікті МЖӘ жобаларының тізбесін бекіту туралы жергілікті өкілді органның шешiмi шыққан кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осындай ақпаратты МЖӘ дамыту орталығына жолдайды.

      3. Іске асырылуы жоспарланған МЖӘ жобаларының тізбесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ресми интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады

      Іске асырылуы жоспарланған МЖӘ жобаларының тізбесі, сондай-ақ МЖӘ дамыту орталығының интернет-ресурсында жарияланады.

      4. Іске асырылуы жоспарланған МЖӘ жобаларының тізбесі ақпараттық мақсаттарда қалыптастырылады, бекітіледі және жарияланады. Іске асырылуы жоспарланған МЖӘ жобаларының тізбесін бекіткенге дейін жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс немесе тікелей келіссөздер жүргізуге жол беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 27 ақпандағы
№ 80 бұйрығына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 725 бұйрығына
7-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу әдістемесі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме):

      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын және МЖӘ субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеуге қойылатын бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      2) МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын және МЖӘ субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу жүзеге асырылатын барлық МЖӘ жобаларында қолданылады.

      2. Әдістеме МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын және МЖӘ субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындауға қатысатын лауазымды, заңды және жеке тұлғалалардың басшылыққа алуы үшін әзірленген.

      3. Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      мемлекеттік қолдау – "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабы 2-тармағының 1-6) тармақшаларында көзделген мемлекеттік қолдаудың түрлері;

      МЖӘ субъектілерінің шығындарын өтеу көздері – Заңның 1-бабы 4), 9), 10) тармақшаларында және 9-бабының 2-тармағында көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ақшалай төлемдер.

      Осы Әдістемеде жекеше әріптес, МЖӘ компаниясы (институционалдық МЖӘ шеңберінде құрылған) МЖӘ субъектілері деп түсініледі.

      Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолданылады.

      4. МЖӘ субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құны - бұл МЖӘ субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің барлық түрлерінің жиынтық құны.

2-тарау. МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын айқындау

      5. Объектінің құны Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарында 16 (бұдан әрі – ҚЕХС) қолданылатын активтердің/негізгі құралдардың бастапқы құны ұғымына сәйкес болып табылады. ҚЕХС сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны активті мақсатына сәйкес пайдалану үшін жұмыс қалпына келтіруге қажетті барлық шығындардан құралады. Іс жүзінде өзі дайындайтын негізгі құралдар үшін ол қарыз қаражатын тарту бойынша шығыстарды қоса алғанда, компания жұмсаған шығындар сомасы ретінде айқындалады (ҚЕХС 23).

      6. МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құны МЖӘ субъектілерін мемлекеттік қолдау көлемін және шығындарын өтеу көздерін анықтау мақсатында айқындалады.

      7. Объектіні МЖӘ-ға беру мүмкіндігі туралы ұсынысты қалыптастыру кезеңінде объектінің құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалау әдісімен айқындалады.

      8. МЖӘ жобасын жоспарлау кезеңінде МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құны МЖӘ жобалары бойынша жаңа объектiлерді салу және (немесе) бар объектiлерді өзгерту мақсатында МЖӘ субъектілері жұмсаған барлық шығыстардың сомасы ретінде айқындалады:




,

      мұнда:

      СО – объект құны;

      N – МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялау кезеңінің жылдармен сипатталған ұзақтығы;

      Рt – МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялау t кезеңіндегі МЖӘ субъектілерінің МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялауға жұмсаған барлық шығындарының жиынтық мөлшері;


-– мыналарға жұмсалған t кезең бойынша шығыстар:

      тиісті саланың сметалық нормалары мен бағамдарының жинағына, тиісті саладағы жобалау жұмыстарының бағаларының жинақтарына, Жобалау және салу бойынша қағидалар жиынтығына сәйкес айқындалатын жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу;

      тиісті салада қолданылатын нормаларға сәйкес қажетті сараптамаларды жүргізу (ведомстводан тыс кешенді сараптама, техникалық қадағалау, авторлық қадағалау және басқалар);

      МЖӘ объектісін пайдалануға бергенге дейін лицензияларды, патенттерді, рұқсаттарды және де қолданыстағы заңнамаға сәйкес көзделген өзге де құжаттарды алу;

      Pt mру – t кезеңдегі тиісті стандарттар, нормалар және қағидаларға сәйкес МЖӘ объектісін құруда (салуда) қолданылатын шикізат пен материалдар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша шығыстар;

      Pt ayn – t кезеңдегі жұмысшылардың жұмыстар мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына (БТБА) және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялау кезеңінде нормативтік мәндер шегіндегі техникалық және әкімшілік шығыстарды қоса алғанда, МЖӘ объектісін құру (салу) кезеңіндегі компанияны басқаруға жұмсалатын шығыстар;

      Pt фn – t кезеңдегі мыналарға:

      қарыз капиталының нарығында белгіленген нарықтық сыйақы мөлшерлемесі бойынша есептелетін қысқа және ұзақ мерзімге тартылатын қарыздар бойынша сыйақылар төлеуге жұмсалатын шығыстар. Инвестицияларды Қазақстан Республикасының қарыз капиталы нарығында тартқан жағдайда қарыздар бойынша сыйақыларды төлеу бойынша шығыстар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің берілген кредиттер бойынша (орта өлшенген) сыйақы мөлшерлемелері статистикасының деректері негізінде айқындалады (http://www.nationalbank.kz), шетел капиталы тартылған жағдайда - сыйақыларды төлеу бойынша шығыстар LIBOR (London Interbank Offered Rate – лондондық банкаралық нарықта әртүрлі валюталармен және әртүрлі мерзімдерге қаражат беруді ұсынатын банктер беретін банкаралық кредиттер бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме, бұдан әрі - LIBOR) мөлшерлемесі ескеріле отырып немесе қарыз капиталы нарығында қалыптасқан нарықтағы сыйақы мөлшерлемесі бойынша маржа мөлшерінде есептелетін болады;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында (http://economy.gov.kz/kz/) орналастырылған, тиісті мақұлданған Әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік параметрлер болжамына сәйкес есептеулер кезіндегі қаржы-экономикалық модельде (бұдан әрі - ҚЭҮ) болжанатын инфляция (тұтынушылық бағалар) деңгейі + облигациялар айналымының барлық мерзімі бойында қолданылатын белгіленген маржа ретінде айқындалатын МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялау кезеңінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша есептелетін сыйақыларды төлеу жұмсалатын шығыстарға;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің сайтында (http://economy.gov.kz/kz/) орналастырылған, тиісті мақұлданған Әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік параметрлер болжамына сәйкес шетел валютасындағы кредиттер бойынша бағамдық айырмашылықтарға жұмсалатын шығыстар;

      Pt смрах – t кезеңіндегі сақтандыру қызметтерінің нарығын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша сақтандыру қызметінің нарықтық бағаларына сәйкес инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі бойынша сақтандыруды қоса алғанда, МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялауға байланысты сақтандырудың барлық түрлеріне жұмсалатын шығыстар;

      Pt аморm – салық заңнамасында көзделген нормалар шегінде жаңа объектіні құруда (салуда) тікелей қолданылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге есептелетін амортизация;

      Pt басқалары – мынадай шығыстарды қамтитын t кезеңіндегі басқа да шығыстар:

      KazPrime индикаторын (KazPrime индикаторы банкаралық депозиттер қазақстандық нарығында ақша орналастыру мөлшерлемелері бойынша орташа мәнін көрсетеді) қалыптастыру туралы KASE ("Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының ресми тізімі) Келісіміне қатысушы банктердің көрсететін қызметтерінің орташа тарифтері ретінде айқындалатын қарыздарды тарту. Тарифтер жария ақпарат болып табылады және тиісті қаржы ұйымдарының сайттарында орналастырылған;

      нарықты зерттеп-қарау нәтижелері бойынша тиісті көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағаларына сәйкес инфрақұрылымдық облигацияларды шығаруды ұйымдастыру;

      банктік кепілдік беру қызметтерінің нарығын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша банктік кепілдік беру қызметтерінің нарықтық бағаларына сәйкес банктік кепілдік беру бойынша банктің ақылы көрсететін қызметтері мен комиссиялар;

      уәкілетті мемлекеттік органдар алатын міндетті алымдар мен төлемдер;

      аудиторлық компаниялардың бағалық ұсыныстарына сәйкес аудиторлық тексерулер;

      МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялау бойынша жоғарыда көрсетілген барлық шығыстар сомасының 1 % аспайтын көлемдегі МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялаумен байланысты өзге де шығыстар бойынша.

      9. Қолданыстағы МЖӘ объектісін реконструкциялау кезінде МЖӘ объектісінің құны "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 266, 267, 268, 269, 270, 271, 272 және 273-баптарына сәйкес айқындалған құнға тең.

3-тарау. МЖӘ субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу

      10. МЖӘ субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу қаржы-экономикалық моделін (бұдан әрі – ҚЭҮ) пайдалана отырып жүргізіледі. Мемлекеттік қолдау шығындарды өтеу көздерінің оңтайлы деңгейін айқындау мақсатында ҚЭҮ екі нұсқасы: атап айтқанда, базалық ҚЭҮ және кеңейтілген ҚЭҮ әзірленеді.

      11. Базалық ҚЭҮ әзірлеу кезінде:

      жоба мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздері болмаған кезде жүзеге асырылады;

      жоба МЖӘ объектісін пайдалану процесінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты (мемлекеттік білім беру тапсырысы, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және т.б.) қамтамасыз етуді көздейді деген болжам қолданылады. Тұтыну кепiлдiгi ретiнде көзделмесе, мемлекеттiк тапсырыс базалық ҚЭҮ-не қосылады.

      Базалық ҚЭҮ шеңберінде қаржылық қолдау шараларын ескерусіз жобаның таза келтірілген құны есептеледі (бұдан әрі – базалық NPV).

      12. Базалық NPV есептеген кезде мынадай талаптар мен болжамдар сақталады:

      1) жоба қарыз алудың нарықтық құны (пайыздық мөлшерлемесі) бойынша тек қана коммерциялық көздерден қаржыландырылады;

      2) қаржылық қолдау шаралары ұсынылмайды;

      3) теріс базалық NPV болуына жол беріледі.

      13. Кеңейтілген ҚЭҮ мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздері ұсынылған ескере отырып, базалық ҚЭҮ негізінде әзірленеді. Кеңейтілген ҚЭҮ базалық ҚЭҮ-ге МЖӘ жобасының коммерциялық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерін қосу жолымен әзірленеді.

      14. МЖӘ жобасын іске асырудың оңтайлы схемасын айқындау мақсатында кеңейтілген ҚЭҮ әзірлеу кезінде әзірлеуші Заңның талаптарын сақтай отырып, МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиттерін, пайдалар мен шығындардың ара-қатынасын, институционалдық схеманы және МЖӘ жобасының басқа ерекшеліктерін ескере отырып, МЖӘ субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің әр түрлерін қолдану мүмкіндігін қарайды.

      15. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 288-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік заттай гранттардың құнын бағалау олардың нарықтық құны бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      16. Мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектiлерiне ерекше құқықтардың құны Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік және бағалау қызметі мәселелері бойынша заңнамасына сәйкес айқындалған құн болып табылады.

      17. МЖӘ шарттарының шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігінің құны кепілгерлікті орындау құны болып табылады және кепілгерлікпен қамтамасыз етілген облигациялық қарыз бойынша негізгі борыштың және ол бойынша есептеудің 1 кезеңі мен 6 айға есептелген МЖӘ жобасын іске асыру кезеңіне болжанатын неғұрлым жоғары пайыздық мөлшерлеме бойынша сыйақы сомасы ретінде есептеледі:



      мұнда:

      P – инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі шеңберінде мемлекеттік қолдау құны;

      D – негізгі борыш сомасы;

      r – ҚЭҮ-де болжанатын инфляцияның ең жоғары деңгейі + (плюс) облигациялар айналымының бүкіл мерзімі ішінде қолданылатын тіркелген маржа ретінде айқындалатын пайыздық мөлшерлеме;

      p – күнтізбелік жылдағы купондық сыйақыны есептеу кезеңдерінің саны.

      18. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекет кепілдігінің құны мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарыз бойынша негізгі борыш сомасы және ол бойынша есептеудің 1 кезеңіне және 1 айға немесе шарт талаптарына сәйкес кезеңге есептелген МЖӘжобасын іске асыру кезеңіне болжанатын неғұрлым жоғары пайыздық мөлшерлеме бойынша сыйақы ретінде есептеледі:



      мұнда:

      G – мемлекеттік кепілдіктер құны;

      L – мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша негізгі борыш сомасы;

      s – қарыз алу туралы шарт талаптарына немесе конкурстық өтінімге сәйкес мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша МЖӘ жобасын іске асыру кезеңіне болжанатын неғұрлым жоғары сыйақының жылдық мөлшерлемесі. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде LIBOR+(қосу) 1% (шетел валютасындағы қарыздар үшін), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңының 19-бабына сәйкес белгіленген базалық мөлшерлеменің пайыздық дәлізінің жоғарғы шегі + 1% (ұлттық валютадағы қарыздар үшін) мөлшерлемесі ретінде айқындалады;

      t – күнтізбелік жылдағы мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша сыйақыны есептеу кезеңдерінің саны.

      19. МЖӘ жобасын қоса қаржыландыру сомасы МЖӘ объектісін салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту кезеңі ішінде мемлекеттік бюджеттен жұмсалатын шығыстардың жиынтық шамасына тең.

      20. МЖӘ бойынша инвестициялық шығындар өтемақысының (бұдан әрі - ИШӨ) сомасы МЖӘ объектісін пайдалану кезеңі ішіндегі төлемдердің жиынтық шамасына тең.

      21. МЖӘ жобасы бойынша операциялық шығындардың өтемақысы сомасын есептеу кезінде операциялық шығындардың мынадай топтары есепке алынады:

      1) МЖӘ объектісінің инженерлік және технологиялық жабдықтарын ұстауға және пайдалануға жұмсалатын шығындар;

      2) МЖӘ объектісінің ғимараттары (құрылыстары) мен аумақтарын ұстауға жұмсалатын шығындар;

      3) әкімшілік шығындар (әкімшілік-басқару персоналына еңбекақы төлеу; сақтандыру бойынша шығыстар; МЖӘ субъектісінің ағымдағы шығыстары (банктік көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметі, күзет қызметі).

      4) салықтар бойынша шығыстар;

      5) сақтандыру бойынша шығыстар;

      6) қарыздарға қызмет көрсету бойынша шығыстар;

      7) басқа операциялық шығындар, оның ішінде: ағымдағы жөндеу; орташа жөндеу; материалдық шығыстар (отын, жабдықтардың қосалқы бөлшектері сияқты МЖӘ объектісін пайдалану үшін қажетті шикізат, жабдықтың күнделікті жөндеуі); МЖӘ объектісінің жұмыс істеуі үшін қажетті заттай нормалар немесе материалдық қорлар, мынадай салалық шығыстар: арнайы киім; республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын МЖӘ объектілерінде тамақтану құны; МЖӘ объектілеріндегі қажетті түгендеу мүлкі.

      22. МЖӘ объектісін күрделі жөндеу бойынша шығыстар МЖӘ субъектілерінің шығындарын өтеу және кірістерді алу көздерінің мынадай түрлерінің бірінің шеңберінде есепке алынады:

      1) мемлекеттік меншіктегі МЖӘ объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы, сондай-ақ МЖӘ объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысы;

      2) қолжетімділік үшін төлемақы;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттен берілетін субсидиялар.

      23. Қолжетімділік үшін төлемақы:

      операциялық шығындардың өтемақысы сомасынан;

      МЖӘ объектісінің сапалық сипаттамаларын, сондай-ақ МЖӘ объектісінің жеке техникалық-экономикалық параметрлерін негізге ала отырып, оның қолжетімділігін қамтамасыз еткені үшін жекеше әріптеске сыйақы сомасынан тұрады.

      Қолжетімділік үшін төлемақымен бірге осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары мен мемлекеттік бюджеттен төленетін төлемдердің өзге де түрлерін беруге жол беріледі.

      24. Жалға алу төлемақысы мемлекеттік немесе жеке меншіктегі МЖӘ объектісін мүліктік жалдауды, сондай-ақ МЖӘ объектісін лизингке беруді көздейтін МЖӘ шарттарында қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады