Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұшуға жарамдылықта ұстау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 499 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11349 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму министрі | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
________________ Д. Абаев
2018 жылғы 2 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
________________ Р. Дәленов
2018 жылғы 27 ақпан
"Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы, www.elisense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2 – тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы порталда құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні.
Қосымша ұсынылған құжаттарды зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күнге дейін ұзартылады;
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігі немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) кол қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестік куәлігіне алым төлемі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалатын тәртіппен және мөлшерлерде жүзеге асырылады.
Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестік куәлігін беру үшін санатына байланысты алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
ұшақ үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК);
тікұшақ үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 20 АЕК;
басқа ұшу аппараттары үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 5 АЕК.
Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін сертификаттау бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
8. Мыналардың жұмыс кестесі порталдың-тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатындағы техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.).
9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш азаматтық әуе кемесінің данасына сертификаттау жүргізуді:
2) әуе кемесі данасының пайдалану құжаттамасының жинағы;
3) қысқаша техникалық сипаттаманы, жүйелердің басты схемаларын, негізгі сипаттамаларды, сондай-ақ ауқымында ӘК данасы сертификатталатын пайдаланудың күтілетін жағдайлары мен шектеулерін қамтуға тиіс әуе кемесі данасының ерекшелігі;
4) әуе кемесінің үш проекциядағы түрлері немесе әр түрлі кескіндердегі суреттері: алдынан, бүйірінен, артынан;
5) әуе кемесі немесе құрастыру жиынтығын, қозғалтқышты, қалақты, агрегаттар мен жинақтаушы бұйымдарды сатып алудың заңдылығын растайтын бастапқы төлем құжаттары;
6) әуе кемесінің куәлігін беру үшін алымның төленгенін растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметі алушы осы тармақта жоғарыда саналған барлық электрондық құжаттардың көшірмесін портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мынадай негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 (Нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15633 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларымен белгіленген талаптарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы номаларының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылған болып табылады.
3- тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы стандарттың 14-тармағында көрсетілген.
Шағым пошта, портал арқылы не жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымда:
жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
12. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4 - тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz ("Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Шағым көрсетілетін қызметті берушінің бастығының атына мекенжай бойынша мемлекеттік қызметтің осы стандарттың 13 тармақта көрсетілген немесе министрліктің басшысының атына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: caa@mid.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8(7172)75-48-02.
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушілердің телефондары бойынша немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
"Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша |
|
Нысан |
ӨТІНІШ АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕСІНІҢ ДАНАСЫНА СЕРТИФИКАТТАУ ЖҮРГІЗУДІ
Азаматтық әуе кемесінің данасына сертификаттау жүргізуді
__________________________________________________________________
(Азаматтық әуе кемесін пайдаланушысының атауы)
___________ өтінемін,
ол _______________________________________________________________
(Азаматтық әуе кемесін пайдаланушысының иесі) тиесілі.
Мекенжайы және телефоны __________________________________________
Әуе кемесі туралы негізгі мәліметтерді хабарлаймын:
Әуе кемесінің түрі
__________________________________________________________________
(ұшақ, тікұшақ, планер, аэростатикалық әуе кемесі және тағы басқа)
Пайдаланылған конструкторлық құжаттама
__________________________________________________________________
(жеке жоба, прототипі бар, дайын конструкторлық құжат, қалпына
келтірілген әуе кемесі және тағы басқа)
Мына жағдайларда жасалған
__________________________________________________________________
(жеке, техникалық клубта, зауытта және тағы басқа)
Азаматтық әуе кемесін пайдаланушының мақсаты
__________________________________________________________________
Пайдаланудың күтілетін шарттары
__________________________________________________________________
Мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
ұсынылған мәліметтердің дәйектілігіне жауап беремін.
сараптамаға мәлімденген әуе кемесінің оған қойылатын талаптарға
сәйкес еместігін куәландыратын фактілер маған белгілі емес.
Өтініш беруші __________ /________________/ М.О. (бар болған жағдайда)
қолы тегі, аты-жөні
20___ ж. "___" ___________