Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 412 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16690 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 04.12.2023 № 1249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 3-тармағына және 491-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 04.12.2023 № 1249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер нысаны бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 04.12.2023 № 1249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________Ж.М.Қасымбек

      2018 жылғы 28 ақпан


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрi

      _____________Қ.Н.Қасымов

      2018 жылғы 22 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 28 наурыздағы
№ 412 бұйрығына
1-қосымша

      Ескерту. Қағиданың оң жақ жоғарғы бұырышы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 04.12.2023 № 1249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 04.12.2023 № 1249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 3-тармағына және 491-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) ұсыну тәртібін және мерзімін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 04.12.2023 № 1249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мәліметтерді беру тәртібі

      2. Мәліметтер қағаз жеткізгіште электрондық нұсқасын (флеш-жады жеткізгіші ретінде пайдаланылатын есте сақтау құрылғысы арқылы, Microsoft Excel форматында) қоса бере отырып, екі данада қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасалады:

      1)_бірінші данасы уәкiлеттi органда қалады;

      2) екінші данасы мемлекеттік кірістер органына жіберіледі.

      3. Мемлекеттік кірістер органына жіберілетін мәліметтерге уәкiлеттi органның басшысы не оны ауыстыратын тұлға, сондай-ақ мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлға қол қояды және мөрмен куландырылады.

      4. Мемлекеттік кірістер органының мәліметтерді қабылдауға жауапты қызметкері тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде), лауазымын және алған күнін көрсете отырып мәліметтерді алғанын растап қол қояды.

      5.Уәкілетті мемлекеттік органдар жыл сайын, есепті жылдан кейінгі бірінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсынады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 04.12.2023 № 1249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 28 наурыздағы
№ 412 бұйрығына
2-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Мемлекеттік кірістер органдарына

      Әкімшілік деректердің нысаны https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin, https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/

      интернет - ресурста орналастырылған

20___ жыл үшін салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 04.12.2023 № 1249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Индекс: 1 - (НТС)

      Жиілігі: жылдық

      Есепті кезең _ _ 20 _ _ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Уәкілетті мемлекеттік органдар (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі).

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей.

      Нысан

КҚ
иелерінің - заңды тұлғалардың атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

КҚ иесінің БСН / ЖСН

Заңды тұлғаның орналасқан заңды мекенжайы немесе жеке тұлғаның тұрғылықты жері

Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша коды

КҚ
есепке қойған күн

КҚ есептен шығарған күн

КҚ типі немесе түрі

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

КҚ маркасы, моделі

КҚ мемлекеттік нөмір белгісі

КҚ сәйкестендіргіші

КҚ қозғалтықышының көлемі, (текше.см)

КҚ жүк көтергіштігі, (тіркемелерді есепке алмағанда) тоннада

КҚ отыратын орын саны

ҚҚ типіне немесе түріне қарай қозғалтқыш қуаты
(а/к, квт.),

9

10

11

12

13

14

15








___________________________________________________________
(Салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды және (немесе) тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

____________________________
(қолы, уәкілетті мемлекеттік
органның мөрінің орны)



_________________________________________________________
(Мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды адамның тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған кезде))

____________________________
(қолы)

      Жасалған күні 20___ жылғы "___" _____________

      Ескертпе: осы "Салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

      Абревиатуралардың ашып жазылуы:

      а/к – ат күші;

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      квт – киловатт;

      КҚ – көлік құралдары;

      текше.см – текше сантиметр

  "Салық салу объектiлерi және
(немесе) салық салуға
байланысты объектiлерi бар
салық төлеушiлер туралы,
сондай-ақ көлік құралдары
салығы бойынша салық салу
объектілері және (немесе) салық
салуға байланысты объектілер
туралы мәліметтер" нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс – 1-(НТС), жиілігі: жылдық)

      "Салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер" нысаны мынадай түрде толтырылады:

      1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі. Кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс.

      2-бағанда Көлік құралдары (бұдан әрі – КҚ) иелері – заңды тұлғалардың атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.

      3-бағанда 2-бағанда көрсетілген заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе 2-бағанда көрсетілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      4-бағанда заңды тұлғаның орналасқан заңды мекенжайы немесе жеке тұлғаның тұрғылықты жері көрсетіледі.

      5-бағанда "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша коды көрсетіледі.

      6-бағанда КҚ есепке қойған күні көрсетіледі.

      7-бағанда КҚ есептен шығарған күні көрсетіледі.

      8-бағанда КҚ типі немесе түрі көрсетіледі, мысалы автомобиль – жүк, жеңіл, автобус, пневматикалық қозғалыстағы дөңгелекті немесе шынжыр табанды трактор, өздігінен жүретін машина, азамттық әуе көлігі немесе ұшу аппараты, темір жол көлігі, теңіз, өзен шағын кемелері, мотокөлік, квадроцикл, қаршана, скутер.

      9-бағанда КҚ маркасы, моделі және модификациясы көрсетіледі.

      10-бағанда КҚ мемлекеттік нөмір белгісі көрсетіледі.

      11-бағанда көлік құралының сәйкестендіргіші көрсетіледі – КҚ типі мен түріне байланысты автомобильдің VIN-коды, шанақ нөмірі немесе кеме бортының нөмірі.

      12-бағанда КҚ қозғалтқышының көлемі текше сантиметрде көрсетіледі, В санатындағы автомобильдер бойынша жүкке арналған платформасы және жүк бөлігінен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргізуші кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиіндегі моторлы КҚ (автомобиль-пикаптар) және рұқсат етілген ең жоғары массасы және (немесе) жолаушылар орнының саны бойынша В санатына қойылатын талаптардан асып түсетін, сыйымдылығы ұлғайтылған және жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобильдер (жолсызбен жүретін автомобильдер, оның ішінде джиптер, сондай-ақ кроссоверлер мен лимузиндер) көрсетіледі.

      13-бағанда КҚ жүк көтергіштігі (тіркемелерді есепке алмағанда) тоннада көрсетіледі. Мәліметтер С санатындағы автомобильдер бойынша көрсетіледі.

      14-бағанда отыратын орын саны көрсетіледі. Деректер D санатындағы автомобильдер бойынша көрсетіледі.

      15-бағанда КҚ типі мен түріне байланысты қозғалтқыштың қуаты ат күшінде және (немесе) киловатта көрсетіледі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады