Банктер бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алу үшін еншiлес ұйымдарға берген активтерді күмәндi және үмiтсiз активтер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктер еншiлес ұйымдарға берген активтерге қарсы провизиялар (резервтер) қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 41 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16695 болып тіркелді.

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Банктер бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алу үшін еншiлес ұйымдарға берген активтерді күмәндi және үмiтсiз активтер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктер еншiлес ұйымдарға берген активтерге қарсы провизиялар (резервтер) қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Мына:

      1) "Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 96 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7623 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 шілдеде "Егемен Қазақстан" газетінде № 405-409 (27483) жарияланған);

      2) "Кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 74 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8436 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 маусымда "Заң газеті" газетінде № 85 (2286) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін банк қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 10-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 19 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 41 қаулысымен
бекітілген

Банктер бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алу үшін еншiлес ұйымдарға берген активтерді күмәндi және үмiтсiз активтер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктер еншiлес ұйымдарға берген активтерге қарсы провизиялар (резервтер) қалыптастыру қағидалары

      1. Осы Банктер бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алу үшін еншiлес ұйымдарға берген активтерді күмәндi және үмiтсiз активтер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктер еншiлес ұйымдарға берген активтерге қарсы провизиялар (резервтер) қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және банктердің бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алу үшін еншiлес ұйымдарға берген активтерді күмәндi және үмiтсiз активтер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктер еншiлес ұйымдарға берген активтерге қарсы провизиялар (резервтер) қалыптастыру тәртібін белгілейді.

      2. Банктер бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алу үшін еншілес ұйымдарға берілген, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) қалыптастырылған активтерді күмәнді активтер санатына жатқызады.

      Банктер бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алу үшін еншілес ұйымдарға берілген активтерді мынадай өлшемшарттардың бірі болған кезде күмәнді активтер санатына жатқызады:

      негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша мерзімі күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын мерзімі өткен берешектің болуы;

      қалыптастырылған провизиялар (резервтер) мөлшері өтелмеген негізгі борыш сомасының кемінде 50 (елу) пайызын құрайды;

      мұндай талап ету құқығын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық немесе ішінара тоқтату болмаған кезде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте талаптар мөлшері азайтылса.

      3. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымдарға бас банктер берген активтерге қарсы провизиялар (резервтер) қалыптастыру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16502 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы ю 269 қаулысымен бекітілген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады