Қазақстан Республикасының аумағында құрылған (құрылатын) арнайы экономикалық аймақтарда немесе жекелеген арнайы экономикалық аймақтарда еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлар санаттарының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 217 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 сәуірде № 16778 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 281-бабы 13-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында құрылған (құрылатын) арнайы экономикалық аймақтарда немесе жекелеген арнайы экономикалық аймақтарда еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлар санаттарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 5 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 5 сәуірдегі
№ 217 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағында құрылған (құрылатын) арнайы
экономикалық аймақтарда немесе жекелеген арнайы экономикалық
аймақтарда еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға
жатпайтын тауарлар санаттарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған (құрылатын) арнайы экономикалық аймақтарда (бұдан әрі – АЭА) немесе жекелеген АЭА еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлар санаттарына мыналар жатады:

      1) аталған аумақта шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында АЭА аумағына әкелінетін тауарлар (дәрі-дәрмек құралдары, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника);

      2) аталған аумақта төтенше жағдайларды жою мақсатында АЭА аумағына әкелінетін тауарлар (төтенше жағдайлар нәтижесінде зардап шеккен адамдар арасында өтеусіз таратуға арналған дәрі-дәрмек құралдары, сондай-ақ материалдар, көлік және техникалық құралдар, арнайы құрал-жабдықтар);

      3) аталған аумақта апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатында АЭА аумағына әкелінетін тауарлар (материалдар, көлік және техникалық құралдар, арнайы жабдықтар);

      4) аталған аумақта құқықты тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдары және қорғау қызметінің субъектілері АЭА-ның аумағына әкелетін тауарлар (қару (атыс, травматикалық) және оған арналған оқ-дәрілері, арнайы құралдар, көлік және техникалық құралдар).

      2. Осы Тізбенің 1-тармағындағы Ереже "Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына сәйкес шегі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара сәйкес келетін АЭА қоспағанда, Қазақстан Республикасының аймағында құрылған (құрылатын) АЭА-да, соның ішінде порттық және логистикалық АЭА-ға қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады