"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 265-бабының 10-тармағына және "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.05.2020 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
___________ Қ. Бозымбаев
2018 жылғы 21 мамыр
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығына 1-қосымша |
Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.01.2021 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 265-бабының 10-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әірленген және кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау тәртібін айқындайды.
2. "Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.05.2021 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы "Кен іздеушілікке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) осы Қағидаларға 3-қосымшаның 8-тармағында көзделген құжаттармен бірге осы Қағидаларға 1 мен 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
5. Лицензия мынадай: жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер өзгерген: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген, лицензия мерзімі ұзартылған; жер қойнауы учаскесі аумағының шекаралары өзгерген жағдайларда қайта ресімделуге жатады.
6. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың түскен күні оларды тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
7. Берілген өтініш туралы мәліметтер Өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылуға жатады және мыналарды қамтиды:
1) өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) өтініш беруші пайдалануға беруді сұрайтын кен іздеушілік учаскесі аумағының координаттары;
3) өтініштің келіп түскен күні мен уақыты көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушіге берілген, сол бір аумақты қамтитын лицензиялар беруге арналған өтініштер өтініштердің келіп түсу кезектілігі тәртібімен қаралады.
9. Көрсетілетін қызметті беруші кезекті өтінішті қарауға алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданғаннан кейін ғана кіріседі.
Кезекті өтінішті қарау алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін басталады.
Егер өтініш беруші бас тарту туралы шешімге сотқа шағым берсе, кезекті өтінішті қарау туралы мәселені қызмет беруші бас тарту туралы шешімнің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін шешеді.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.05.2021 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде-көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" нәтижені алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі - 7 (жеті) жұмыс күнін, сондай-ақ лицензияны қайта ресімдеу кезінде -7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.
12. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын және Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген Кодекске сәйкестігін тексереді және келесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кен іздеушілікке лицензия, қайта ресімделген лицензия беру;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің "жеке кабинетке" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
13. Лицензия беруден бас тарту Кодекстің 267-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес шығарылады.
14. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда өтініш беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қызметті берушіге қайта өтініш береді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.05.2021 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
16. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.05.2021 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
18. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), шығыс нөмірі мен күні, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
19. Шағымды қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
20. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады:
көрсетілетін қызметті беруші - оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
21. Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.05.2021 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру туралы өтініш
20__ жылға "__" _________ |
Кен іздеушілікке арналған лицензияны беруді сұраймын
№ | Өтініш беруші туралы мәліметтер | |
1 | Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер | |
2 | Өтініш беруші пайдалануға беруді өтінген кен іздеушілік учаскесін айқындайтын аумаққа бұрыштық нүктелердің географиялық координаттары және жалпы ауданы көрсетілген масштабта көрсету | |
3 | Қоса берілетін құжаттардың тізбесі: |
1) _________________________________________________________
2) _________________________________________________________
3) _________________________________________________________
4) _________________________________________________________
(құжаттардың атауы және парақтар саны)
Мөр орны __________________________________________________
(болған жағдайда) (Өтініш берушінің немесе оның уәкілетті өкілінің қолы))
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
20 __ жылғы _________ "__" ____ (қолы)
Кен іздеушілікке арналған лицензияны қайта ресімдеуге өтініш
20__жылға "__" _________
Лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын
№ | Өтініш беруші туралы мәліметтер | |
1 | жеке тұлғалар үшін-өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күні, өтініш берушінің салық төлеуші ретінде тіркелгені туралы мәліметтер | |
2 | лицензияның нөмірін (лерін), лицензияны берген берілген күнін көрсету | |
3 | Қызмет түрінің толық атауын көрсету) | |
4 | лицензияны қайта ресімдеу негіздемесі немесе себептерін көрсету |
Мөр орны ___________________________________________________
(өтініш берушінің немесе оның уәкілетті өкілінің қолы) (бар болса)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
20 __ жылы __________ "__" ____ (қолы))
"Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.05.2021 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау" мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | Облыстардың жергілікті атқарушы органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі | "электрондық үкімет" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 7 (жеті) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Кен іздеушілікке лицензия, қайта ресімделген лицензия немесе қағидалардың тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 727-бабына сәйкес ақылы негізде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы қол қойылатын бонусты Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде төлеуге міндетті |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1. Лицензия алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) өтініш немесе оған қоса берілетін құжаттар осы Қағидалардың көзделген талаптарға сәйкес келмейді; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы облыстардың,жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастырылған Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда www.egov.kz портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар |
"Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 4-қосымша |
|
нысан |
Кен іздеушілікке арналған лицензия
1. 20___жылғы "___" ___________ №______
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі – Жер қойнауын пайдаланушы) және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес кен іздеушілік жүргізу мақсатында жер қойнауы учаскесін пайдалануға құқық береді
________________________________________________________________
2. Лицензия шарты:
1) лицензияның мерзімі (кен іздеушілікке лицензия мерзімін ұзарту кезінде мерзімді ұзартуды ескере отырып көрсетіледі)): ______________ оны берген күннен бастап
2) мындай географиялық координаттары бар ________ га, жер қойнауы учаскесі аумағының шекаралары ____________________________ (географиялық координаталардың нүктелерін көрсету) және осы аумақтың жер бетінің ең төменгі нүктесінен үш метр тереңдікте төменгі шекарамен
3) жер қойнауын пайдаланудың өзге де шарттары:
_______________________________________________________________
Жер қойнауы учаскесінің (кен орнының) атауы, орналасқан жері):
(атауы, облыс, аудан)
Бағалы металдар мен асыл тастардың атауы: _________;
20__ жылғы "__" _______ дейін
Жер қойнауын пайдаланушы қол қою бонусын төлеуге міндетті.
Жер қойнауы учаскесі аумағының схемалық орналасуы осы лицензияға қоса беріледі.
1. Жер қойнауын пайдаланушы құқығындағы:
1) жүк көтергіштігі он тоннадан аспайтын бір жүк машинасы, бұрғылау жабдығы, сондай-ақ шөміш көлемі жиынтығында текше метрден аспайтын экскаватор және (немесе) бульдозер түріндегі механикаландыру құралдарын пайдалануға;
2) кен іздеушілік учаске аумағында жер бетіндегі ең төменгі нүктесінен үш метрден аспайтын тереңдікте бұрғылау және өзге де жер жұмыстарын жүзеге асыру.
2. Жер қойнауын пайдаланушыға шашыранды алтын бойынша кен іздеушілікті жүргізу кезінде күнтізбелік жылда елу килограмнан аспайтын алтын өндіруге жол беріледі.
5. Жер қойнауын пайдаланушының мыналарға:
1) кен іздеушілік учаскесінде экскаваторлар мен бульдозерлерді су объектілерінде және су қоры жерлерінде пайдалануға;
2) химиялық реагенттер мен жарылғыш заттарды қолдануға;
3) күрделі ғимараттарды салу және салу;
4) кен іздеушілік учаскесінен тыс жерге топырақты және алынған тау массасын шығаруға құқығы жоқ.
6. Лицензияны қайтарып алу негіздері:
1) экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметке тыйым салу туралы сот шешімінің күшіне енуі;
2) қол қойылатын бонус Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде төленбеген жағдайда;
3) кен іздеушілік салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынбай, кен іздеушілік бойынша жұмыстар жүргізу;
4) кен іздеушілік бойынша жұмыстар жүргізуді, механикаландыру құралдарын пайдалануды шектеу туралы кен іздеушілік лицензия шарттарының бұзылуы,
химиялық реагенттерді, жарылғыш заттарды пайдалануға тыйым салу,
күрделі құрылыстар салу,
топырақты және тау-кен массасын кен іздеушілік учаскеден тыс жерге шығару;
5) кен іздеушіліктің жоспарсыз, оның болуы қажет болғанда, кен іздеушілік жұмыстарын жүргізу.
7. Лицензияны берген мемлекеттік орган
____________________________________________________
(лицензияны берген мемлекеттік органның атауы)
__________________________ (лицензиялар үшін)
басшының (уәкілетті тұлғаның) қолы
Мөр орны (бар болса) (лицензиялар үшін)
Берілген орны: _________________, Қазақстан Республикасы
___________________ _ (облыстың әкімшілік орталығы)
"Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 5-қосымша |
Облыстардың жергілікті атқарушы органдардың атауы |
| Облыстардың жергілікті атқарушы органдардың атауы |
---|
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ КӨРСЕТУДЕН БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ ДӘЛЕЛДІ ЖАУАП
Құжаттың нөмірі: __________ Берілген күні: _____________ _________________________ (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Облыстардың жергілікті атқарушы органдары Сіздің ж._ _._ № ______ өтінішіңізді қарап, кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге:____________мына себептер бойынша беруге бас тартады:
(Қол қоюшының лауазымы)
(Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)