Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 255 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 шілдеде № 17193 болып тіркелді.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
М. Әбілқасымова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 29 маусым

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "___"________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      ______________ Р. Дәленов

      2018 жылғы 27 маусым

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2018 жылғы 19 маусымдағы
№ 255 бұйрығына
қосымша

Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2018 № 400 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы (бұдан әрі – Еңбек биржасы) – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс;

      2) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;

      3) жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi – еңбек делдалдығын көрсететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе заңды тұлға;

      4) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – жұмыспен қамту орталығы) – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;

      5) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтер аутсорсингі (бұдан әрі – қызметтер аутсорсингі) – халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне көрсетілетін қызметтерді халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт негізінде беруіне бағытталған іс-шаралар кешені.

2-тарау. Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтер аутсорсингін ұйымдастыру тәртібі

      3. Жұмыспен қамту орталығы Еңбек биржасында халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін өткізу туралы хабарландыру орналастырады.

      4. Жұмыспен қамту орталығы Еңбек биржасында көрсетілетін қызметтер аутсорсингін өткізу туралы хабарландыруды әр аптаның сәрсенбі күні жариялайды.

      Көрсетілетін қызметтер аутсорсингін өткізу туралы хабарландыру мынадай:

      1) жұмыспен қамту орталығының атауы, заңды мекенжайы, байланыс деректері, жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) қызметтер аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын қызметтердің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) тізбесі;

      3) кәсіптер бойынша топтастырылған лоттардың және санаттар бойынша ондағы жұмыссыздардың саны;

      4) қызметтер аутсорсингі туралы шарт жобасы;

      5) қызметтер аутсорсингін өткізу мерзімдері ақпаратынан тұрады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.06.2019 № 345 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жұмыссыздық кезеңінің болжамды ұзақтығын негізге ала отырып жұмыссыздарды санаттарға бөлуді "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығымен бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 болып тіркелген) сәйкес жұмыспен қамту орталығы жүргізеді.

      6. Жұмыспен қамту орталығы "Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 258 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17170 болып тіркелген) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтер аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын қызметтер тізбесіне сәйкес дүйсенбі сайын сағат 9-00-ден 18-30-ға дейінгі аралықта Еңбек биржасында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін өткізеді.

      7. Көрсетілетін қызметтердің аутсорcингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері электрондық цифлық қолтанбасымен расталған жеке кабинет ашу арқылы Еңбек биржасында тіркеледі.

      8. Жұмыспен қамту орталығы көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін өткізу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтер аутсорсингі арқылы жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге келісімін берген тіркелген жұмыссыздар қатарынан лоттар қалыптастырады.

      Лот 30-дан (отыз) аспайтын адамнан құралады, онда екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздардың саны кемінде 30 (отыз) пайызды құрайды.

      9. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері өздері таңдаған лотқа өтінім беріп, лотты таңдау электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      10. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері "Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығымен (Нормативтік құқықтың актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 17168 болып тіркелген) бекітілген біліктік талаптарына (бұдан әрі – біліктік талаптары) сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады.

      11. Жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері таңдаған лоттарына өтінім берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жұмыспен қамтудың жекеше агентітктерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін қарастырылады.

      Жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін және ұсынылған құжаттардың толықтығын қарау нәтижелері бойынша оларды аутсорсингке қатысуға жібереді.

      Біліктілік талаптарына сәйкестігін және ұсынылған құжаттардың толықтығын қарау мерзімдері өткеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығы бас тартудың негізді себептерін көрсете отырып жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне хабарлайды.

      Жұмыспен қамту орталығы мынадай:

      1) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

      2) егер жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген мерзім ішінде лотты бірінші болып таңдамаса;

      3) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі ұсынган құжаттар мен мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайда жұмыспен қамтудың жекеше агенттігіне көрсетілетін қызметтер аутсорсингіне қатыстырудан бас тартады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.06.2019 № 345 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Жұмыспен қамту орталығы біліктілік талаптарына сәйкес келетін және лотты бірінші болып таңдағанын растаған жұмыспен қамтудың жекеше агенттігіне оның жеке кабинетіне хабарлама және жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін қарау мерзімдері өткен соң 1 (бір) жұмыс күні ішінде Еңбек биржасында көрсетілетін қызметтер аутсорсингі туралы шарттың жобасын жібереді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.06.2019 № 345 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Егер жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі Еңбек биржасы арқылы көрсетілетін қызметтер аутсорсингі туралы шарттың жобасын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оған қол қоймаса (электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырмаса), жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтудың жекеше агенттігіне жіберілген көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың жобасын кері қайтарады және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың жобасын біліктілік талаптарына сәйкес келетін және лотты таңдау бойынша келесі болып тіркелген жұмыспен қамтудың жекеше агенттігіне Еңбек биржасы арқылы жібереді.

      14. Егер Еңбек биржасында көрсетілетін қызметтер аутсорсингін өткізу мерзімі ішінде лотты бірде-бір жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі таңдамаса, онда халықты жұмыспен қамту орталығы осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген мерзімдерге сәйкес лотты қайта орналастыруды жүзеге асырады.

      15. Жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі арасында "Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 256 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17186 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 256 бұйрық) бекітілген нысан бойынша көрсетілетін қызметтер аутсорсингі туралы шарт жасалады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.06.2019 № 345 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Жұмыспен қамту орталығы көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт жобасына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Еңбек биржасында ол туралы ақпаратты орналастырады.

      17. Жұмыспен қамту орталығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары (телефон, ұялы байланыс, электрондық пошта арқылы) тиісті жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің байланыс деректерін ұсына отырып, жұмыссыздарды көрсетілетін қызметтер аутсорсингі шеңберінде оларға қызмет көрсетілетіні туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.06.2019 № 345 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Жұмыспен қамту орталығы аутсорсинг шарты жасалған жекеше агенттікке 1 (бір) жұмыс күні ішінде жұмыссыздардың тізімімен және қызметтерді көрсету үшін қажетті ақпаратпен, оның ішінде:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) туған күні, айы және жылы;

      3) облыстың, ауданның, елді мекеннің, көшенің атауы, үй нөмірі, пәтер нөмірін көрсетумен тұрғылықты мекенжайы;

      4) телефоны;

      5) электрондық почта мекенжайы (бар болса);

      6) алған мамандығы бойынша білімі;

      7) жұмыс берушілердің атауы, жұмысқа қабылдану және жұмыстан босатылу күні, лауазым атауы (бар болса) көрсетумен жұмыс өтілі;

      8) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы;

      9) кәсіптік бағдарлаудан өтуі және оның қорытындысы туралы мәліметтер;

      10) жұмыс берушінің, лауазымдардың (кәсіптердің) атауын көрсетумен лайықты жұмысқа берілген жолдамалар туралы мәліметтер;

      11) күтілетін жалақысын және жұмыс орнын көрсетумен жұмыссыздың күтетін лауазымы (кәсібі) қамтылған ақпаратпен жұмыссыздар лотын ұсынады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін қаржыландыру тәртібі

      19. Көрсетілетін қызметтер аутсорсингін қаржыландыру № 256 бұйрықпен бекітілген аутсорсинг туралы шартта көзделген қаражат шегінде жүргізіледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.06.2019 № 345 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі № 256 бұйрықпен бекітілген аутсорсинг туралы шартта көзделген еңбек делдалдығы бойынша қызмет көрсетудің әрбір кезенінің орындалу күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бюйынша жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі басшысының қолымен бекітілген көрсетілген қызметтер актісін (бұдан әрі – акт) жібереді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.06.2019 № 345 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Жұмыспен қамту орталығы актіні алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оған қол қояды не дәлелді негіздемелерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметтерді қабылдаудан бас тартады.

      Жұмыспен қамту орталығы көрсетілген қызметтерді қосымша зерделеу қажет болған жағдайда орындалған жұмыстар актісін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген іс-қимылдарды орындайды, бұл туралы актіні алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жекеше агенттікті хабардар етеді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.06.2019 № 345 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      22. Алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.06.2019 № 345 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      23. Алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.06.2019 № 345 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Халықты жұмыспен қамту
саласында көрсетілетін
қызметтердің аутсорсингін
ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге келісім

      20___жылғы "____"______________

      Осымен, төменде қол қоя отырып халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтер аутсорсингі арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге, сондай-ақ дербес деректерімді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жынысы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, білімі, жұмыс тәжірибесі, дағдылары, қала және мобильді телефондарының байланыс нөмірлері, тұратын мекенжайы, электрондық пошта бар болса) көрсетілетін қызметтер аутсорсингі шеңберінде жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне беруге келісім беремін. Келісім осы өтінішке толық көлемде қандай да бір ескертулер мен қарсылықтарсыз қол қою арқылы ұсынылады.

      _________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық (қолы)

      Жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасы бойынша сәйкестендіру жүргізілді, осы келісімге менің қатысуыммен қол қойылды.

  Халықты жұмыспен қамту
саласында көрсетілетін
қызметтердің аутсорсингін
ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Көрсетілген қызметтер актісі 2018 жылғы "___" _________ №___ Құжат нөмірі қол қойылған күні (Тапсырыс берушінің актіге қол қойған күні мен уақыты тіркеледі)

      Осы акт төменде қол қойған Өнім берушінің өкілдері (Тапсырыс берушінің атауы) _______________ (Өнім беруші), (Өнім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) атауы) 2018 жылғы "___" _________ №___ (шарттың (қосымша келісімнің) атауы, күні және нөмірі) шартқа (және қосымша келісімге) сәйкес орындағаны, ал _________ (Тапсырыс беруші) төменде қол қойған Тапсырыс берушінің өкілдері (Тапсырыс берушінің атауы) атынан қабылдағаны жөнінде жасалды:

Көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер

Қызметтің көрсетілген орны

Көрсетілген қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Бірлік бағасы (теңге)

Сома, теңгемен

1

2

3

4

5

6

7

1


2

3

4

5

6

1







...







      Шартқа сәйкес осы акт бойынша көрсетілген қызметтердің құны ___________ теңгені құрайды (санмен, жазбаша).

Өнім берушінің атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ЖСН/БСН

ЖСК/БСК

Банк

Заңды мекенжайы

Өнім берушінің өкілдері

Бекітемін

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы

қолы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қызметі

қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Шарт бойынша ақпарат

1

Жалпы мәліметтер

Шарттың жалпы сомасы*

Аванстық төлемдер сомасы*

Шарттың қолданылуынан бастап төлемақы сомасы*

Бұрын актіленгендердің сомасы *

Қызметтерді көрсету мерзімін өткізіп алғаны немесе міндеттемелерді тиісінше орындамағаны (ішінара орындамаған) үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасы*

Мерзімі өткен күндердің саны*

1

2

3

4

5

6








2

Шығыстардың бірыңғай бюджеттік классификациясының коды:
Бағдарлама/Кіші бағдарлама/Ерекшелік*

3

Осы акт бойынша нақты көрсетілген қызметтер (техникалық ерекшелікке, тапсырмаға, көрсетілетін қызметтер болған кезде оларды орындау графигіне сәйкес олардың кіші түрлері бөлінісінде көрсетілетін қызметтердің атауы)


Көрсетілетін қызметтің атауы*

Қызмет көрсету күні/кезеңі*

Өлшем бірлігі*

Саны*

Бірлік бағасы, теңгемен*

Сомасы, теңгемен*


1

2

3

4

5

6















4

Өнім берушіге аудару талап етілетін сома

      Қосымша: құжаттардың электрондық көшірмелерінің тізбесі (бар болса өнім беруші/тапсырыс беруші тіркеп отырады)

Тапсырыс берушінің атауы *

ЖСН/БСН*

ЖСК/БСК*

Банк *

Заңды мекенжайы*

Тапсырыс берушінің өкілдері

Бекітемін
(ұйым басшысы)*

Көрсетілетін қызметті қабылдауға жауаптылар

Ресімдеудің дұрыстығына (реквизиттер, ерекшелік) жауаптылар

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы

Қолы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы

Қолы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы

Қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

      Ескертпе:

      * жұмыспен қамту орталығы толтырады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      БСК – бизнес-сәйкестендіру коды;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

Об утверждении Правил организации и финансирования аутсорсинга услуг в сфере занятости населения

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 19 июня 2018 года № 255. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 июля 2018 года № 17193.

      В соответствии с подпунктом 12-1) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила организации и финансирования аутсорсинга услуг в сфере занятости населения согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту занятости населения и развития рынка труда Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Альтаева Н.Б.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
М. Абылкасымова

      СОГЛАСОВАНО
Министр финансов
Республики Казахстан
___________ Б. Султанов
29 июня 2018 год

      СОГЛАСОВАНО
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
___________ Т. Сулейменов
"___"________ 2018 год

      СОГЛАСОВАНО
Исполняющий обязанности
Министра национальной экономики
Республики Казахстан
_____________Р. Даленов
27 июня 2018 год

  Приложение
к приказу Министра труда и
социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 19 июня 2018 года № 255

Правила организации и финансирования аутсорсинга услуг в сфере занятости населения

      Сноска. Правила в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 20.09.2018 № 400 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации и финансирования аутсорсинга услуг в сфере занятости населения (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 12-1) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" (далее – Закон) и определяют порядок организации и финансирования аутсорсинга услуг в сфере занятости населения.

      2. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) государственный интернет-ресурс "Биржа труда" (далее – Биржа труда) – электронный информационный ресурс, содержащий единую информационную базу рынка труда, функционирующий в сети Интернет, который сопровождается центром развития трудовых ресурсов в целях оказания государственных мер содействия занятости населения;

      2) безработные – лица, не относящиеся к занятому населению, ищущие работу и готовые трудиться;

      3) частное агентство занятости – физическое или юридическое лицо, оказывающее трудовое посредничество, зарегистрированное в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      4) центр занятости населения (далее – центр занятости) – юридическое лицо, создаваемое местным исполнительным органом района, городов областного и республиканского значения, столицы в целях реализации активных мер содействия занятости, организации социальной защиты от безработицы и иных мер содействия занятости;

      5) аутсорсинг услуг в сфере занятости населения (далее – аутсорсинг услуг) – комплекс мероприятий, направленных на передачу услуг центрами занятости населения частным агентствам занятости на основании договора об аутсорсинге услуг в сфере занятости населения.

Глава 2. Порядок организации аутсорсинга услуг в сфере занятости населения

      3. Центр занятости размещает на Бирже труда объявление о проведении аутсорсинга услуг в сфере занятости населения.

      4. Объявление о проведении аутсорсинга услуг публикуется центром занятости на Бирже труда еженедельно по средам.

      Объявления о проведении аутсорсинга услуг содержит следующую информацию:

      1) наименование центра занятости, юридический адрес, контактные данные, фамилия, имя, отчество (при наличии) ответственного лица;

      2) перечень услуг, предлагаемых в рамках аутсорсинга услуг (далее - услуги);

      3) количество лотов и безработных в них по категориям, сгруппированных по профессиям;

      4) проект договора об аутсорсинге услуг;

      5) сроки проведения аутсорсинга услуг.

      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 26.06.2019 № 345 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      5. Распределение безработных на категории, исходя из предполагаемой длительности периода безработицы, проводит центр занятости в соответствии Правилами регистрации лиц, ищущих работу, безработных и осуществления трудового посредничества, оказываемого центрами занятости населения, утвержденными приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 19 июня 2018 года № 259 "Об утверждении Правил регистрации лиц, ищущих работу, безработных и осуществления трудового посредничества, оказываемого центрами занятости населения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17199).

      6. Центр занятости проводит аутсорсинг услуг на Бирже труда по понедельникам с 9.00 до 18:30 часов согласно перечню услуг, предлагаемых в рамках аутсорсинга услуг в сфере занятости населения, утвержденных приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 19 июня 2018 года № 258 "Об утверждении перечня услуг, предлагаемых в рамках аутсорсинга услуг в сфере занятости населения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17170).

      7. Частные агентства занятости, претендующие на участие в аутсорсинге услуг, регистрируются посредством открытия личного кабинета на Бирже труда, удостоверенной электронной цифровой подписью.

      8. Для проведения аутсорсинга услуг центр занятости формирует лоты из числа, зарегистрированных безработных, давших согласие на содействие в трудоустройстве через аутсорсинг услуг по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      Лот состоит не более чем из 30 (тридцать) человек, в котором количество безработных второй и третьей категорий составляет не менее 30 (тридцать) процентов.

      9. Частные агентства занятости подают заявку на выбранный ими лот, выбор лота удостоверяется их электронной цифровой подписью.

      10. Частные агентства занятости предоставляют документы, подтверждающие соответствие квалификационным требованиям, утвержденным приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 19 июня 2018 года № 254 "Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к частным агентствам занятости, претендующим на участие в аутсорсинге услуг в сфере занятости населения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17168) (далее – квалификационные требования).

      11. Центр занятости в течение 2 (двух) рабочих дней с даты подачи заявки на выбранный лот частными агентствами занятости рассматривает соответствие частных агентств занятости квалификационным требованиям.

      По результатам рассмотрения на соответствие частных агентств занятости квалификационным требованиям и полноты представленных документов центр занятости допускает их к участию в аутсорсинге.

      В течение 1 (одного) рабочего дня по истечении сроков рассмотрения соответствия квалификационным требованиям и полноты представленных документов частные агентства занятости уведомляются центром занятости с указанием мотивированных обоснований отказа.

      Центр занятости отказывает частному агентству занятости в участии в аутсорсинге услуг в случаях:

      1) не соответствия частного агентства занятости квалификационным требованиям;

      2) если частное агентство занятости подтвердило выбор лота не первым в течение срока, предусмотренного пунктом 6 настоящих Правил;

      3) установления недостоверности документов и сведений, представленных частным агентством занятости.

      Сноска. Пункт 11 с изменением, внесенным приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 26.06.2019 № 345 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      12. Центр занятости направляет частному агентству занятости, соответствующему квалификационным требованиям и подтвердившему выбор лота первым, уведомление в его личный кабинет и проект договора об аутсорсинге услуг на Бирже труда в течение 1 (одного) рабочего дня по истечении сроков рассмотрения на соответствие частных агентств квалификационным требованиям.

      Сноска. Пункт 12 в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 26.06.2019 № 345 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      13. Если частное агентство занятости не подписало (не удостоверило электронной цифровой подписью) проект договора об аутсорсинге услуг в течении 2 (двух) рабочих дней со дня получения его посредством Биржи труда, центр занятости отзывает направленный частному агентству занятости проект договора об аутсорсинге услуг и направляет проект договора об аутсорсинге услуг посредством Биржи труда частному агентству занятости, соответствующему квалификационным требованиям и зафиксированному следующему по порядку по выбору лота.

      14. Если в течение срока проведения аутсорсинга услуг на Бирже труда лот не выбран ни одним частным агентством занятости, то центр занятости населения осуществляет размещение лота повторно в соответствии со сроками, предусмотренными пунктом 6 настоящих Правил.

      15. Договор об аутсорсинге услуг заключается между центром занятости и частным агентством занятости по форме, утвержденной приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 19 июня 2018 года № 256 "Об утверждении типовой формы договора об аутсорсинге услуг в сфере занятости населения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17186) (далее – приказ № 256).

      Сноска. Пункт 15 в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 26.06.2019 № 345 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      16. Центр занятости размещает на Бирже труда информацию о заключении договора об аутсорсинге услуг в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня его заключения.

      17. Центр занятости в течение 1 (одного) рабочего дня уведомляет безработных об оказании им услуг в рамках аутсорсинга услуг с предоставлением контактных данных соответствующего частного агентства посредством информационно-коммуникационных технологий (телефон, мобильная связь, электронная почта).

      Сноска. Пункт 17 в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 26.06.2019 № 345 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      18. Центр занятости в течение 1 (одного) рабочего дня предоставляет частному агентству, с которым заключен договор аутсорсинга, лот безработных со списком безработных и информацией, необходимой для оказания услуг, в том числе:

      1) фамилия, имя, отчество (при наличии);

      2) дата рождения с указанием дня, месяца, года рождения;

      3) адрес места жительства с указанием наименования области, района, населенного пункта, улицы, номера дома, номера квартиры;

      4) телефон;

      5) адрес электронной почты (при наличии);

      6) образование с указанием полученной специальности;

      7) опыт работы, с указанием наименования работодателей, дату приема на работу и увольнения, наименования должностей (при наличии);

      8) участие в активных мерах содействиях занятости;

      9) сведения о прохождении профессиональной ориентации и ее итоги;

      10) сведения о выданных направлениях на подходящую работу с указанием наименования работодателей, должностей (профессий);

      11) ожидания безработного по желаемой должности (профессии) с указанием ожидаемых суммы заработной платы и места работы.

Глава 3. Порядок финансирования аутсорсинга услуг

      19. Финансирование аутсорсинга услуг производится в пределах средств, предусмотренных договором об аутсорсинге услуг, утвержденным приказом № 256.

      Сноска. Пункт 19 в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 26.06.2019 № 345 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      20. Частное агентство занятости в течение 3 (трех) рабочих дней с даты исполнения каждого этапа оказания услуги по трудовому посредничеству, предусмотренного договором об аутсорсинге, утвержденным приказом № 256, направляет центру занятости утвержденный подписью руководителя частного агентства занятости акт оказанных услуг (далее - акт) по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      Сноска. Пункт 20 в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 26.06.2019 № 345 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      21. Центр занятости не позднее 3 (трех) рабочих дней со дня получения акта подписывает его либо отказывает в принятии услуг с указанием аргументированных обоснований.

      Центр занятости в случае необходимости дополнительного изучения оказанных услуг не позднее 10 (десяти) рабочих дней со дня получения акта выполненных работ выполняет предусмотренные частью первой настоящего пункта действия, о чем сообщает частному агентству не позднее 3 (трех) рабочих дней со дня получения акта.

      Сноска. Пункт 21 в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 26.06.2019 № 345 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).
      22. Исключен приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 26.06.2019 № 345 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).
      23. Исключен приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 26.06.2019 № 345 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

  Приложение 1
к Правилам организации
и финансирования аутсорсинга
услуг в сфере занятости населения
  Форма

            Согласие на содействие в трудоустройстве через аутсорсинг услуг
                              в сфере занятости населения

                              "____" ______________20___ года

            Настоящим, подписываясь ниже, я подтверждаю свое согласие на содействие в
трудоустройстве через аутсорсинг услуг в сфере занятости населения, а также передачу
персональных данных частным агентствам занятости в рамках аутсорсинга услуг (Ф.И.О.
(при наличии), пол, возраст, правовой статус, образование, опыт работы, навыки, контактные
номера городских и мобильных телефонов, адрес проживания, электронная почта при
наличии). Согласие предоставляется подписанием настоящего заявления в полном объеме,
без каких-либо замечаний и возражений.
________________________________________________________________________________
            полностью фамилия, имя, отчество (при его наличии) (подпись)
      Идентификация проведена по оригиналу документа, удостоверяющего личность, данное согласие подписано в моем присутствии.

  Приложение 2
к Правилам организации и
финансирования аутсорсинга
услуг в сфере занятости населения
  Форма

                  Акт оказанных услуг №___ "___"_________ 20__г.

                        Номер документа дата подписания
            (фиксируется дата и время подписания акта Заказчиком)

            Настоящий акт составлен в том, что __________________________________________
      (Поставщик), (Фамилия, имя, отчество (при наличии)/наименование Поставщика)
в соответствии с договором (и дополнительным соглашением) ___________ от "__"________
20__ года № ____ (наименование договора (дополнительного соглашения), дата и номер) в
лице нижеподписавшихся представителей Поставщика, выполнил, а ___________ (Заказчик),
в лице нижеподписавшихся представителей (наименование Заказчика) Заказчика принял:

Сведения об оказанной услуге

Место оказания услуги

Наименование услуги

Единица измерения

Количество

Цена за единицу (тенге)

Сумма, в тенге

1

2

4

5

6

7

1













      Стоимость оказанных услуг по данному акту согласно

      Договору составляет ________________________________________________________
                                    тенге (цифрами, прописью)

Наименование поставщика/ Фамилия, имя, отчество (при наличии)

ИИН/БИН

ИИК/БИК

Банк

Юридический адрес

Представители поставщика

Утверждаю

Фамилия, имя, отчество (при наличии), должность

подпись

Фамилия, имя, отчество (при наличии), должность

подпись

1

2

3

4

5

6

7

8

9











Информация по договору

1

Общие сведения

Общая стоимость Договора*

Сумма авансовых платежей*

Сумма оплаты с начала действия Договора*

Ранее за актированные суммы*

Сумма неустойки (штраф, пеня) за просрочку сроков оказания услуг или ненадлежащего исполнения (частичного неисполнения) обязательств*

Количество просроченных дней*

1

2

3

4

5

6








2

Код Единой бюджетной классификации расходов:
Программа/Подпрограмма/Специфика*



3

Фактически оказанные по данному акту услуги (наименование услуг в разрезе их подвидов в соответствии с технической спецификацией, заданием, графиком выполнения услуг при их наличии)


Наименование услуги*

Дата/ период оказания услуг*

Единица измерения*

Количество*

Цена за единицу, тенге*

Сумма, в тенге*


1

2

3

4

5

6
















4

Сумма, требуемая к перечислению Поставщику*


      Приложение: перечень электронных копии документов (прикрепляется поставщиком/заказчиком при наличии)

Наименование заказчика*

ИИН/ БИН*

ИИК/ БИК*

Банк*

Юридический адрес*

Представители заказчика

Утверждаю (руководитель организации)*

Ответственные за принятие услуги

Ответственные за правильность оформления (реквизиты, специфика)

Фамилия, имя, отчество (при наличии)

подпись

Фамилия, имя, отчество (при наличии)

подпись

Фамилия, имя, отчество (при наличии)

подпись

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      Примечание:

      *заполняется центром занятости.

      Расшифровка аббревиатур:

      БИН – бизнес-идентификационный номер;

      БИК – банковский идентификационный код;

      ИИК – индивидуальный идентификационный код;

      ИИН – индивидуальный идентификационный номер.