Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 345 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 маусымда № 18912 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12-1), 12-2), 12-3), 16-1) және 26-1) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2019 жылғы 26 маусымдағы
№ 345 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17168 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 1 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарында:

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), техникалық және кәсіптік білімі және халықты жұмыспен қамту және (немесе) кадрлық қамсыздандыру саласында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі бар білікті басшылардан, мамандардан тұратын штаттық қызметшілерінің болуы;";

      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), техникалық және кәсіптік білімі бар, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту және (немесе) кадрлық қамсыздандыру саласында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір маманның болуы;".

      2. "Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 255 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17193 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 1 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) кәсіптер бойынша топтастырылған лоттардың және санаттар бойынша ондағы жұмыссыздардың саны;";

      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін және ұсынылған құжаттардың толықтығын қарау нәтижелері бойынша оларды аутсорсингке қатысуға жібереді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жұмыспен қамту орталығы біліктілік талаптарына сәйкес келетін және лотты бірінші болып таңдағанын растаған жұмыспен қамтудың жекеше агенттігіне оның жеке кабинетіне хабарлама және жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін қарау мерзімдері өткен соң 1 (бір) жұмыс күні ішінде Еңбек биржасында көрсетілетін қызметтер аутсорсингі туралы шарттың жобасын жібереді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі арасында "Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 256 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17186 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 256 бұйрық) бекітілген нысан бойынша көрсетілетін қызметтер аутсорсингі туралы шарт жасалады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Жұмыспен қамту орталығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары (телефон, ұялы байланыс, электрондық пошта арқылы) тиісті жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің байланыс деректерін ұсына отырып, жұмыссыздарды көрсетілетін қызметтер аутсорсингі шеңберінде оларға қызмет көрсетілетіні туралы хабардар етеді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Көрсетілетін қызметтер аутсорсингін қаржыландыру № 256 бұйрықпен бекітілген аутсорсинг туралы шартта көзделген қаражат шегінде жүргізіледі.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі № 256 бұйрықпен бекітілген аутсорсинг туралы шартта көзделген еңбек делдалдығы бойынша қызмет көрсетудің әрбір кезенінің орындалу күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бюйынша жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі басшысының қолымен бекітілген көрсетілген қызметтер актісін (бұдан әрі – акт) жібереді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Жұмыспен қамту орталығы актіні алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оған қол қояды не дәлелді негіздемелерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметтерді қабылдаудан бас тартады.

      Жұмыспен қамту орталығы көрсетілген қызметтерді қосымша зерделеу қажет болған жағдайда орындалған жұмыстар актісін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген іс-қимылдарды орындайды, бұл туралы актіні алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жекеше агенттікті хабардар етеді.";

      22 және 23-тармақтар алып тасталсын.

      3. "Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 256 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17186 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 1 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы үлгілік шартта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өнім беруші адам саны ___ құрайтын тіркелген жұмыссыздарға, оның ішінде бірінші санаттағы ___ адамға, екінші санаттағы ___ адамға, үшінші санаттағы ___ адамға қатысты еңбек делдалдығы бойынша, сондай-ақ Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын шарттарға, талаптарға және Қызмет бағасына (тарифтерге) сәйкес әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу бойынша қызметттерді көрсетуге (бұдан әрі – Қызметтер) міндеттенеді, ал ал Тапсырыс беруші көрсетілген Қызметті қабылдауға және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда ол үшін ақы төлеуге мiндеттенедi:

      "ерекшеліктің коды" ерекшелігі бойынша – "шарттың атауы".";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Шарт бойынша жалпы сома________________________________ (сомасын жазу)

      (бұдан әрі – Шарт сомасы) құрайды, соның ішінде Шарттың сомасы:

      ___ жылға ____ теңгені (сомасын жазу) құрайды;

      ___ жылға ____ теңгені (сомасын жазу) құрайды.

      <соның ішінде, егер Өнім беруші қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда, ҚҚС сомасын не Өнім беруші ҚҚС төлеуші болып табылмаған жағдайда ҚҚС болмауын көрсету>

      Тіркелген жұмыссыздарға қатысты еңбек делдалдығы бойынша Қызмет көрсету бойынша бағасы:

      бірінші санаттағы жұмыссызға _____ теңгені,

      екінші санаттағы жұмыссызға _____ теңгені,

      үшінші санаттағы жұмыссызға _____ теңгені құрайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Шарт бойынша көрсетілген Қызметтерге ақы төлеу:

      1) Қызметтің бірінші кезеңін орындағаны үшін – Шарт күшіне енгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күннен кешіктірмей Тапсырыс беруші алдын-ала төлемді Шарттың сомасынан 20 (жиырма) пайыздан аспайтын мөлшерде жүргізеді.

      Осы Шарттың 9-тармағында көрсетілген мерзім ішінде жұмыссыздар жұмысқа орналастырылмаған жағдайда Өнім беруші алдын ала төлем сомасының бір бөлігін қайтаруды Тараптар көрсетілген қызметтер актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей, Өнім берушінің ұсынған көрсетілген қызметтер актісі негізінде жұмысқа орналастырылмаған жұмыссыздардың санына пропорционалды түрде жүзеге асырады;

      2) Қызметтің екінші кезеңін орындағаны үшін – Тараптар көрсетілген қызметтер актісіне қол қойғаннан кейін 10 (он) жұмыс күннен кешіктірмей көрсетілген қызметтер актісі негізінде жұмыссыз бір жұмыс орнында (не бір жұмыс берушіде) 3 (үш) ай үздіксіз жұмыспен қамтылған кезде Қызмет көрсету үшін бағаның 50 (елу) пайызы;

      3) Қызметтің екінші кезеңін орындағаны үшін – Тараптар көрсетілген қызметтер актісіне қол қойғаннан кейін 10 (он) жұмыс күннен кешіктірмей көрсетілген қызметтер актісі негізінде жұмыссыз бір жұмыс орнында (не бір жұмыс берушіде) 6 (алты) ай үздіксіз жұмыспен қамтылған кезде Қызмет көрсету үшін бағаның 30 (отыз) пайызы жүзеге асырылады.";

      7-тармақ алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Өнім беруші еңбек делдалдығын жүзеге асырады және Шарт бойынша бір жұмыс орнында (не бір жұмыс берушіде) кемінде 6 (алты) ай үздіксіз жұмыспен қамту ұзақтығымен жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды және әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізеді қамтамасыз етеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Осы Шарттың 9-тармағында көрсетілген мерзім ішінде жұмысқа орналастырылмаған жұмыссыздарға еңбек делдалдығы және тұрақты жұмысқа орналастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуді Тапсырыс беруші жүзеге асырады.";

      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Тапсырыс берушіден осы Шарттың талаптары бойынша ақпарат сұратуға және оны уақтылы және толық көлемде алуға;";

      12-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Тапсырыс берушінің талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Тапсырыс берушіге шартты іске асыру туралы ақпаратты ай сайын беруге;";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Тапсырыс берушінің:

      1) көрсетілген Қызметтердің сапасын тексеруге;

      2) осы Шарт бойынша Қызметтерді көрсетумен байланысты ақпаратты сұратуға құқығы бар.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Осы шарттың сомасы мына:

      1) Тапсырыс беруші көрсетілетін қызметтер көлемін өзгерткен;

      2) Өнім беруші осы Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамаған;

      3) жұмыссыз Өнім беруші көрсететін еңбек делдалдығы қызметтерінен бас тартқан;

      4) осы Шарттың 9-тармағында көрсетілген мерзім ішінде жұмыссыз өз бетінше жұмысқа орналасқан;

      5) Өнім беруші осы Шарт бойынша міндеттемелердің бір бөлігін орындаудан бас тартқан жағдайларда өзгертілуге тиіс.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Осы Шарт <Қол қойылған күнінен> бастап күшіне енеді және _______ дейін қолданылады.".

      4. "Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесін және тарифтердің шекті деңгейін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 257 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17196 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 1 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтердің шекті деңгейі осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      5. "Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17170 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 1 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын, көрсетілетін қызметтердің тізбесінде:

      3-тармақ алып тасталсын.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2018 жылғы 19 маусымдағы
№ 257 бұйрығына
2-қосымша

Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтердің шекті деңгейі

      Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтердің шекті деңгейі

      Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтердің шекті деңгейі мыналарды құрайды:

      1. Облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органында тіркелген:

      1) бірінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 35 000 (отыз бес мың) теңгеден көп емес;

      2) екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздаp үшін – 43 750 (қырық үш мың жеті жүз елу) теңгеден көп емес;

      2. Тиісті облыс, аудандық маңызы бар қала ауданының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органында тіркелген жұмыссыздар үшін:

      1) бірінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 43 750 (қырық үш мың жеті жүз елу) теңгеден көп емес;

      2) екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 52 500 (елу екі мың бес жүз) теңгеден көп емес.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады