Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 800 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 қазанда № 17490 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.

      "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3 және 6-баптарына, "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 7-баптарына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде оны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
М. Әбілқасымова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ___________ Д. Абаев

      2018 жылғы ______________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуроры

      ___________ Қ. Қожамжаров

      2018 жылғы ____________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________ Ә. Смайылов

      2018 жылғы _____________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      ___________ Н. Ермекбаев

      2018 жылғы _______________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік күзет қызметінің

      бастығы __________ Қ. Оразқұлов

      2018 жылғы _______________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      "Сырбар" Сыртқы барлау

      қызметінің директорының

      міндетін уақытша атқарушы

      ____________ И. Сартаев

      2018 жылғы _____________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      ___________ К. Мәсімов

      2018 жылғы _____________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы _____________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ___________ Қ. Қасымов

      2018 жылғы _____________

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау
министрінің 2018 жылғы
29 тамыздағы
№ 800 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері - зейнетақы төлемдерін алушыларға төленетін зейнетақы жинақтарының төлемдері;

      3) жасына байланысты зейнетақы төлемдері - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне барабар жүзеге асырылатын ақшалай төлем;

      4) зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым - екінші деңгейдегі банктер, тиісті банк операцияларының түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпочта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

      5) зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органдары;

      6) зейнетақы мен жәрдемақы алушы (бұдан әрі - алушы) - мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдері және (немесе) мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы және (немесе) мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындалған зейнетақы төлемдеріне құқығы бар жеке тұлға;

      7) мемлекеттік арнайы жәрдемақылар - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, жұмыс жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жұмыс өтілі болған адамдарға берілетін ақшалай төлем;

      8) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектік туындаған, асыраушысынан айрылған кезде берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер;

      9) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі (бұдан әрі - базалық зейнетақы) - Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенде берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;

      10) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері - Мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;

      11) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары - Мемлекеттік корпорацияның облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары;

      12) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі - МӘС бөлімшесі) - уәкілетті органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;

      13) орталықтандырылған дерекқор (бұдан әрі - ОДҚ) - Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасы аясында белгіленген шарттарда төлемдер түрлерін жүзеге асыруға арналған орталық атқарушы органның орталықтандырылған дерекқоры;

      14) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

      15) өтініш беруші - базалық зейнетақы және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемін және (немесе) мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы және (немесе) мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындауға жүгінетін жеке тұлға;

      16) істің электрондық макеті (бұдан әрі - ІЭМ) - Мемлекеттік корпорация қалыптастыратын жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақы, мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушы ісінің электрондық макеті;

      17) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;

      18) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - Портал) -нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық біріктірілген үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе.".

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Базалық зейнетақы мен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі - зейнетақылар), мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақыны (бұдан әрі - жәрдемақылар) алуға құқығы бар адамдар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және сәйкестендіру үшін - жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

      Оралман мәртебесі бар адамдар зейнетақылар мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындауға жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін оралман куәлігі ұсынылады.

      Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындауға өтініш тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне беріледі.

      Базалық зейнетақыны тағайындауға өтініш тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне немесе портал арқылы беріледі.

      Тұлғалар Заңның 11-бабы 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған кезде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдерін алуға, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және базалық зейнетақыны тағайындау үшін жүгінгенде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір өтініш береді.

      Мүгедектік алғаш рет белгіленген жағдайда адам мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен тұрғылықты жері бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) бөлімшесіне жүгінеді.

      Өтініш қабылданған кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден (бұдан әрі - ақпараттық жүйелер) алады.

      Ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);

      тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы).

      Өтінішке сондай-ақ зейнетақылар мен жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер қоса беріледі.

      Іс-әрекетке қабілетсіз, қабілеті шектеулі немесе қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті және осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды олардың заңды өкілдері береді.

      Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша үшінші тұлғалар береді.

      Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігі болса, оларды ұсыну талап етілмейді.";

      4-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаға төленген және міндетті зейнетақы жарналары табысынан жүзеге асырылған табыс сомалары туралы анықтама, ал дара кәсiпкерлер, адвокаттар, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, кәсіпқой медиаторлар үшін - мемлекеттік кірістер органы берген табысы туралы құжат болған кезде;";

      6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1. Базалық зейнетақыны тағайындау үшін өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағында тізбеленген құжаттардан басқа:

      1) өтініш берушінің зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін растайтын құжаттарды;

      2) неке туралы куәлікті (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлікті немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзіндіні (бар болса) ұсынады.

      Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін растайтын құжаттарға (олардың болуына байланысты) мыналар жатады:

      1) осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген, өтініш берушінің 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтілін растайтын құжаттар;

      2) жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен уақытын растайтын құжаттар:

      балалардың туу туралы куәліктері (туу туралы актілік жазбадан үзінді немесе азаматтық хал актiлерiн жазу органдары берген азаматтық хал актiлерiн тіркеу туралы анықтама);

      келесі құжаттардың біреуі (олардың болуына байланысты):

      балалардың жеке басын куәландыратын құжат;

      балалардың (тегін өзгерткен кезде) неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді;

      балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;

      балалардың арнаулы орта немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не білім алғанын растайтын оқу орнының анықтамасы;

      балалардың тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелген орнын растайтын құжат;

      балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік (немесе қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);

      балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат;

      3) жұмыс істемейтін әкенің жас балаларды нақты бағып-күткені фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі;

      Бұл ретте көрсетілген кезең баланың анасының зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есептелмейді.

      4) бірінші топтағы мүгедекті, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекті және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерді, сексен жасқа толған қарттарды, он алты жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-күтуді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі;

      Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға), бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерден растау кезінде сот шешімін ұсыну талап етілмейді;

      5) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет кезеңдерін растайтын (олардың болуына қарай) мынадай құжаттар:

      еңбек кітапшасы;

      әскери билет;

      қызмет кезеңі туралы архив мекемесінің анықтамасы;

      қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) немесе қызмет орнының анықтамасы;

      қызметті өткеру туралы келісімшарт жасау және тоқтату негізінде қызметтік қатынастардың туындауын және тоқтауын растайтын бұйрықтың көшірмелері ұсынылады;

      6) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметтері және халықаралық ұйымдар қызметкерлерi жұбайының (зайыбының) шетелде, әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жұбайларымен мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде тұру фактісін және кезеңін растайтын құжат;

      7) "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарында 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек өтілін растайтын құжат;

      8) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың 2004 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі еңбек қызметінің кезеңдерін растайтын құжаттар (олардың болуына қарай):

      еңбек кітапшасы;

      еңбек кітапшасы болмаса немесе жарамсыз болса, еңбек кiтапшасында тиісті жазбалар, болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса, жұмыс орнынан анықтама;

      сот шешімі.

      Егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 2005 жылғы1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдерді аудару туралы орталықтандырылған дерекқордың мәліметтері негізінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған кезеңдер есепке алынады.

      Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең орталықтандырылған дерекқордағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы мәліметтермен расталады.

      Міндетті зейнетақы жарналары толық және уақтылы аударылмаған жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарын (олардың болуына қарай) жүзеге асыру кезеңдері мынадай құжаттармен расталады:

      міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы жұмыс берушінің растау анықтамасы (ол осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес ұсынылса);

      міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңдерін растайтын сот шешімі.

      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеген кезде өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырған адвокаттардың, жеке сот орындаушыларының, жекеше нотариустардың, кәсіпқой медиаторлардың, сондай-ақ дара кәсiпкерлердің, шаруа немесе фермер қожалықтары мүшелерінің (қатысушыларының) және басшыларының міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезеңі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті салық кезеңiне төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының кемінде жылдық сомасын аударған жағдайда бір жылға тең болады.

      Егер көрсетілген адамдар енгізген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы тиісті салық кезеңiне төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының жылдық сомасынан аз болса, онда міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезең енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасына пропорционалды түрде айқындалады.

      Міндетті зейнетақы жарналарын 2006 жылғы 1 шілдеге дейін аударған жағдайда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңіне міндетті зейнетақы жарналары аударылған айдың алдындағы ай есепке алынады.

      Егер бір айда жинақтаушы зейнетақы қорларына және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудару бірнеше рет жүзеге асырылса, жинақтаушы жүйеге қатысу кезеңі бір айды құрайды.";

      29-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-1. Базалық зейнетақыны алушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі туралы қосымша құжаттарды ұсынған кезде, базалық зейнетақының мөлшерін өзгерту осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, ал әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарынан базалық зейнетақыны алушылар үшін осы Қағидаларға 26-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті берген күннен бастап жүзеге асырылады.

      Базалық зейнетақының мөлшерін өзгерткен жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес 1-BC-арттыру нысаны бойынша базалық зейнетақының жаңа мөлшері туралы үзінділерді Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына жолдайды.

      2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған базалық зейнетақыны алушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі туралы қосымша құжаттарды ұсынған кезде базалық зейнетақының мөлшерін өзгерту 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін өтінішпен жүгінген шарттарда жүзеге асырылады.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Уәкілетті органның зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды тағайындау туралы шешімдерінің негізінде Мемлекеттік корпорация бес жұмыс күні ішінде тағайындалған зейнетақылар мен жәрдемақылар сомаларын ай сайын, төлем айының алдындағы айдың 25-күнiне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) ұсынылатын, төлемге бюджет қаражатының қажеттілігіне қосуды қамтамасыз етеді.";

      осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;

      2-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес 26-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 91279 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 10 шілдеде жарияланған)мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету регламенті" 1-қосымшада:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы";

      6-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер талап етілетін құжаттар отыз жұмыс күні ішінде ұсынылмаса, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 223 бұйрықпен бекітілген Қағидалар) 26-тармағына сәйкес қолда бар құжаттар бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім шығарады;";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Электрондық іс макетіне қосымша құжаттар қосу қажеттілігі себебімен көрсетілетін қызметті берушіден электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:

      электрондық іс макетін қалыптастыратын маман:

      1) көрсетілетін қызметті алушыны электрондық макет Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген қосымша құжатты (құжаттарды) 25 жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы телефон байланысы, оның ішінде ұялы телефонға sms-хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді;

      2) көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде:

      қосымша құжаттар ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін және электрондық шешім жобасын жете рәсімдейді, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкес келуін, зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеудің, электрондық шешім жобасын рәсімдеудің дұрыстығын қамтамасыз етеді, электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады және Мемлекеттік корпорация филиалына жібереді;

      Мемлекеттік корпорация бөлімшесінен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап Мемлекеттік корпорация филиалы екі жұмыс күні ішінде:

      1) зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын рәсімдеудің дұрыстығын тексереді;

      2) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету регламенті" 2-қосымшада:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:

      1) МБЗТ тағайындау бойынша функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде:

      келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

      отыз жұмыс күннен аспайтын мерзімде МБЗТ тағайындау туралы шешім қабылдау үшін қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қоса тігуге негіздемелер болған кезде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне қайтарады.

      Егер талап етілетін құжаттар отыз жұмыс күні ішінде ұсынылмаса, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 223 бұйрықпен бекітілген Қағидалар) 26-тармағына сәйкес қолда бар құжаттар бойынша МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын куәландырады;

      негіздемелер болған кезде ұсынылған, оның ішінде "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден (бұдан әрі - АЖ) алынған құжаттың дәйектілігін, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорация бөлімшесі арқылы № 223 бұйрықпен бекітілген Қағидалардың 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлай отырып, электрондық іс макеті көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексереді;

      ЭЦҚ арқылы:

      электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда МБЗТ тағайындау туралы;

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін талап етілетін құжаттарды ұсынбаған, ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленген, көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтер № 223 бұйрықпен бекітілген Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда бас тарту себептерін көрсете отырып, МБЗТ тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын бекітеді;

      МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі ресімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады;

      2) МБЗТ тағайындау бойынша функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы бір жұмыс күні ішінде:

      келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

      МБЗТ тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосу үшін негіздемелер болған кезде отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне қайтарады;

      негіздемелер болған кезде ұсынылған, оның ішінде "электрондық үкімет" шлюзі арқылы АЖ-дан алынған құжаттың дәйектілігін, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорация бөлімшесі арқылы № 223 бұйрықпен бекітілген Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлай отырып, электрондық іс макеті көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде тексереді;

      ЭЦҚ арқылы:

      электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда МБЗТ тағайындау туралы;

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін талап етілетін құжаттарды ұсынбаған, ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленген, көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтер № 223 бұйрықпен бекітілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда бас тарту себептерін көрсете отырып, МБЗТ тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын куәландырады;

      МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі (басқармасы) басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылған МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі ресімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады;

      3) МБЗТ тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде:

      келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

      МБЗТ тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосу үшін негіздемелер болған кезде отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне қайтарады;

      негіздемелер болған кезде ұсынылған, оның ішінде "электрондық үкімет" шлюзі арқылы АЖ-дан алынған құжаттың дәйектілігін, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорация бөлімшесі арқылы № 223 бұйрықпен бекітілген Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлай отырып электрондық іс макеті көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде тексереді;

      ЭЦҚ арқылы:

      электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда МБЗТ тағайындау туралы;

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін талап етілетін құжаттарды ұсынбаған, ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленген, көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтер № 223 бұйрықпен бекітілген Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда бас тарту себептерін көрсете отырып, МБЗТ тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын бекітеді;

      қабылданған шешімді автоматты режимде Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жібереді;

      ЭЦҚ куәландырған кезде МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне немесе порталға автоматты түрде жіберіледі.

      МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлеуге жіберу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі ресімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік корпорация бөлімшесі құжаттар топтамасы тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық (қағаз түріндегі) іс макетін қалыптастырады.

      Бұл ретте құжаттарды қабылдайтын маман:

      1) тағайындау немесе төлеу фактісінің болуына мемлекеттік органның автоматтандырылған АЖ-сына сұрау салуды қалыптастырады. МБЗТ тағайындау немесе төлеу фактісі анықталған кезде Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МБЗТ тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

      2) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;

      3) "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті АЖ-ларға:

      "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры АЖ-ға - көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;

      "АХАЖ" АЖ-ға - баланың туу туралы куәлігі немесе тууы туралы актілік жазбадан үзінді бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлік бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 мамырдан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша);

      "Е Қорғаншылық" АЖ-ға - қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжаттар бойынша;

      "Жоғарғы сот" АЖ-ға - бала (балаларды) асырап алу жөніндегі сот шешімі бойыншасұрау салуды қалыптастырады;

      4) еңбек кітапшасын тексереді, онда тиісті жазбалар болмаса, түзетулер, дәлсіздіктер болса, әртүрлі оқылса, өтініш берушіден архив мекемелерiнен немесе жұмыс орнынан анықтамалар ұсынуды сұратады;

      5) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, оның ішінде АЖ-дан алынатын мәліметтер болмаған жағдайда сканерлейді;

      6) сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді;

      7) өтінішті тіркейді;

      8) құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған, МБЗТ тағайындауға құқығы болмаған жағдайда Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

      Іс макетін қалыптастыратын маман құжаттардың толық топтамасымен өтінішті қабылдағаннан кейін мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:

      1) электрондық шешім жобасымен электрондық (қағаз) іс макетін қалыптастырады;

      2) МБЗТ мөлшерін есептеуді жүргізеді, электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;

      3) электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын Мемлекеттік корпорация филиалына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар сапасыз сканерленген, архив мекемелерiнен немесе жұмыс орнынан анықтамалар ұсыну қажет болған жағдайларда құжаттарды қабылдаған маманға қайтарады.";

      12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) МБЗТ мөлшерін есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын қарайды және тексереді;";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Электрондық іс макетіне қосымша құжаттар қосу қажеттілігі себебінен көрсетілетін қызметті берушіден электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:

      электрондық іс макетін қалыптастыратын маман:

      1) көрсетілетін қызметті алушыны электрондық макет Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін қайтарған күннен бастап хабарламада көрсетілген қосымша құжатты (құжаттарды) 25 жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы телефон байланысы, оның ішінде ұялы телефонға sms-хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді;

      2) көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде:

      қосымша құжаттар ұсынылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін және электрондық шешім жобасын жете ресімдейді, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкес келуін, МБЗТ мөлшерін есептеудің, электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын қамтамасыз етеді, электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-сымен куәландырады және Мемлекеттік корпорация филиалына жібереді;

      Мемлекеттік корпорация филиалы Мемлекеттік корпорация бөлімшесінен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:

      1) МБЗТ мөлшерін есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;

      2) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.";

      1-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету регламенті" 4-қосымшада:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы";

      6-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "егер талап етілетін құжаттар отыз жұмыс күні ішінде ұсынылмаса, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 223 бұйрықпен бекітілген Қағидалар) 26-тармағына сәйкес қолда бар құжаттар бойынша жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім шығарады;";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қосымша құжаттарды іс макетіне қосу қажеттілігіне байланысты көрсетілетін қызметті берушіден электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:

      электрондық іс макетін қалыптастыратын маман:

      1) көрсетілетін қызметті алушыны электрондық макет Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген қосымша құжатты (құжаттарды) 25 жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы телефон байланысы, оның ішінде ұялы телефонға sms-хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді;

      2) көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде Мемлекеттік корпорация бөлімшесі қосымша құжаттар ұсынылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:

      көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;

      электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын жете рәсімдейді, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкес келуін, жәрдемақы мөлшерін есептеудің, электрондық шешім жобасын рәсімдеудің дұрыстығын қамтамасыз етеді, электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және Мемлекеттік корпорация филиалына жібереді;

      Мемлекеттік корпорация бөлімшесінен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап Мемлекеттік корпорация филиалы екі жұмыс күні ішінде:

      1) келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын рәсімдеудің және мөлшерінің дұрыстығын тексереді;

      2) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету регламенті" 11-қосымшада:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы";

      6-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленген, көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, деректер және мәліметтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 223 бұйрықпен бекітілген Қағидалар) талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда бас тарту себептерін көрсете отырып, төлемді тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын куәландырады;";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы".

      3. "2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15052 болып тіркелген; "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне:

      1) Заңның 13-бабына сәйкес есептелген 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге жинақталған еңбек өтілі;

      2) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең;

      3) жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегiнен аспайтын уақыты;

      4) бірінші топтағы мүгедекті, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекті және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерді, сондай-ақ сексен жасқа толған қарттарды, он алты жасқа дейінгі мүгедек баланы күту уақыты;

      5) әскери қызметтің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтің, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің кезеңдері;

      6) Қазақстан Республикасының және халықаралық ұйымдардың дипломатиялық қызмет қызметкерлері жұбайының (зайыбының) шетелде тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңі;

      7) әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің жұбайларымен мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңдері;

      8) "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарында 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек қызметінің кезеңдері;

      9) Заңның 24-бабы 2-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген адамдардың еңбек қызметінің кезеңдері есепке алынады. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген кезеңдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған шарттарда есепке алынады.";

      9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу кезінде осы Қағидалардың 5-тармағының 3) - 9) тармақшаларында көрсетілген кезеңдер, Заңның 24-бабы 2-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген адамдардың еңбек қызметі кезеңдерін қоспағанда, егер олар туралы мәліметтер алушының зейнетақы ісінде болса, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есептеледі.";

      1-қосымша осы тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің және Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Мемлекеттiк базалық зейнетақы
төлемiн бюджет қаражаты
есебiнен беру, сондай-ақ жасына
байланысты зейнетақы
төлемдерін, мүгедектігі
бойынша, асыраушысынан
айрылу жағдайы бойынша
мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақыларды, мемлекеттік
арнайы жәрдемақыларды
тағайындау және жүзеге асыру
қағидаларына
1-1-қосымша
  Нысан

      Ауданның коды __________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің _____________

      облысы (қаласы) бойынша департаменті "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан

      әрі - БЖЗҚ)

      Өтiнiш Азамат (ша) _________________________ _____________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күнi: ______________ жылғы "___" ____________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: __________________________________________

      Құжаттың сериясы: _____________ құжаттың нөмірі: ____________ кім берген: ____________

      Берілген күні: _____________ жылғы "___" ___________________________________________

      Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы ____________________________________________

      Облысы ____________________________ _____________________ қаласы (ауданы)

      _____________________________ ауылы _________________________ көшесі (шағынауданы)

      _____ -үй _______ -пәтер

      Банк деректемелері:

      Банктің атауы ____________________________________________________________________

      Банк шотының № ________________________________________________________________

      Шот түрі: ағымдағы ______________________________________________________________

      Резиденттік: резидент бейрезидент

      Маған зейнеткерлік жасқа толуыма байланысты _______________________________________

      ____________________________________________________ (жасына байланысты зейнетақы

      төлемдерін; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін; БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы

      төлемдерін) тағайындауды сұраймын.

      Бұдан бұрын маған зейнетақы төлемдері тағайындалған / тағайындалмаған (қажет емесі

      сызылып тасталсын).

      БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері төленген кезде БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері

      түріндегі менің табысыма БЖЗҚ-дан төлем берілген күніне, бірақ Қазақстан

      Республикасының салық заңнамасында белгіленген шектерден асырмай есептелген салықтық

      шегерімді қолдануды сұраймын.

      Жеке табыс салығымен салық салуға жататын БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері

      түріндегі менің табысыма салықтық шегерімнің қолданылуы салықтық шегерімге құқықтың

      қолданылу мерзімі ішінде қолданылатынына келісемін.

      Төленетін зейнетақы төлемдері мөлшерлерінің өзгеруіне әкеп соғатын барлық өзгерістерді,

      сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс

      жерлерге кету), анкета деректерінің, банк деректемелерінің өзгергенін Мемлекеттік

      корпорацияның бөлімшесіне хабарлау қажеттілігі туралы хабардармын.

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1




2




      Төлемді тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, БЖЗҚ-дан берілетін

      зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау жөнінде

      ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін.

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      үй телефоны __________ ұялы телефон ______________ Е-mail _____________ өтініш берген

      күні: 20__ жылғы "___" _________

      Өтініш берушінің қолы _____________

      Азамат__________________________________________________________________________

      өтініші № _____________ болып тіркелді.

      Құжаттар қабылданған күн 20__ жылғы "___" __________

      ________________________________________________________________________________

      (құжаттарды қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің лауазымы және қолы, тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы

  Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің және Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Мемлекеттiк базалық зейнетақы
төлемiн бюджет қаражаты
есебiнен беру, сондай-ақ жасына
байланысты зейнетақы
төлемдерін, мүгедектігі
бойынша, асыраушысынан
айрылу жағдайы бойынша
мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақыларды, мемлекеттік
арнайы жәрдемақыларды
тағайындау және жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Ауданның коды __________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің _____________

      облысы (қаласы) бойынша департаменті

      Өтiнiш Азамат (ша) _______________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күнi: ______________ жылғы "___" ____________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: __________________________________________

      Құжаттың сериясы: _____________ құжаттың нөмірі: ____________ кім берген: ____________

      Берілген күні: _____________ жылғы "___" ___________________________________________

      Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы ____________________________________________

      Облысы ____________________________ _____________________ қаласы (ауданы)

      _____________________________ ауылы _________________________ көшесі (шағынауданы)

      _____ -үй _______ -пәтер

      Банк деректемелері:

      Банктің атауы ____________________________________________________________________

      Банк шотының № ________________________________________________________________

      Шот түрі: ағымдағы ______________________________________________________________

      Маған, мүгедек балаға, қамқорлықтағы бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге

      асыратын адамға (қажетінің асты сызылсын)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды өкілі өтініш берген жағдайда мүгедектіктің санаты, баланың / бала кезінен бірінші

      топтағы мүгедектің немесе қамқорлықтағының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) туған жылы

      көрсетіледі)

      мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы

      мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны, бала кезінен

      бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақыны (қажетінің асты сызылсын)

      тағайындауды сұраймын.

      Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтер:

      Жеке сәйкестендiру нөмiрі: _______________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________

      Туған күні: _________ жылғы "____" ____________

      Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы: ______________________________

      ____________________________________ облысы ____________ қаласы ______________

      ауылы ____________ көшесі (шағынауданы ) __ -үй _____ -пәтер

      Банк деректемелері:

      Банктің атауы __________________________

      Банк шотының № __________________________

      Шоттың түрі: ағымдағы _________________________

      Бұдан бұрын маған зейнетақы төлемдері немесе жәрдемақы тағайындалған / тағайындалмаған

      (қажет емесі сызылып тасталсын).

      Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы

      мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы, бала кезінен

      бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғатын

      барлық өзгерістерді, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан

      Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкета деректерінің, банк деректемелерінің

      өзгергенін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне хабарлау қажеттілігі туралы

      хабардармын.

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе









      Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы

      мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы, бала кезінен

      бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы тағайындауға қажетті менің дербес

      деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы

      мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы, бала кезінен

      бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту)

      туралы шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабарлама жіберу арқылы хабардар

      етуге келісім беремін. Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік

      сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу

      үшін жеке банк шотын ашқан жағдайда осы шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп

      алуға жүгінуіне жол берілмейді.

      Өтініш берушінің, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамның

      байланыс деректері: үй телефоны ___________ ұялы телефон ___________ Е-mail ___________

      өтініш берген күні: 20__ жылғы "_________"__________________________________________

      Өтініш берушінің қолы ____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________ құжаттарды

      қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

      ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

      (қию сызығы)

      Азамат _____________________________ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік

      жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы

      тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша

      жәрдемақы тағайындауға өтініші қабылданды. Құжаттар қабылданған күні 20__ жылғы "___"

      ___________________ (көрсетілетін қызметті алу күні өтініш Мемлекеттік корпорация

      бөлімшесінде тіркелген күннен бастап).

      Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы

      мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы, бала кезінен

      бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкелетін барлық

      өзгерістер, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының

      шегінен тыс жерлерге кету), анкета деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы

      Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне хабарлау қажеттілігі туралы хабардармын.

  Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің және Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Мемлекеттiк базалық зейнетақы
төлемiн бюджет қаражаты
есебiнен беру, сондай-ақ жасына
байланысты зейнетақы
төлемдерін, мүгедектігі
бойынша, асыраушысынан
айрылу жағдайы бойынша
мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақыларды, мемлекеттік
арнайы жәрдемақыларды
тағайындау және жүзеге асыру
қағидаларына
26-1-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындаған мемлекеттік органның атауы)

      Өтiнiш

      Азамат (ша) _____________________________________________________________________

      (алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күнi: ____ жылғы "_____" _____________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: _________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: _________________________

      Құжаттың сериясы: _______ құжаттың нөмірі ________ кім берген __________

      Берілген күні ______ жылғы "_____" _____________

      Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы: ____________________________________________

      облысы _______________________________________ қаласы (ауданы)

      ______________________ ауылы _________________________ көшесі (шағынауданы)

      _____________ ____ -үй _______ -пәтер

      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін өзгерту үшін қосымша құжаттарды

      қабылдауды сұраймын. Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1




2




      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді

      жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      телефоны ___________ ұялы телефон _____________ Е-mail ____________________________

      Берілген күні 20__ жылғы "___" ________

      Өтініш берушінің қолы ________________

      Азамат (ша) _______________________________________________________

      өтініші

      (құжаттар мен өтініш қабылданған күн)

      20_____ жылғы "_____" _____________ қабылданды, № __________

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:

      __________________________________________________________ _____________________

  Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің және Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
  "Мемлекеттік базалық
зейнетақы төлемдерін
тағайындау" мемлекеттік
қызметті көрсету
регламентіне
1-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, қызметкерлер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

Іс-қимыл (жұмыстар барысының, ағынының) №

Құрылымдық-функционалдық бірліктердің атауы

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-ұйғарымдық шешім)

Орындау мерзімдері

Келесі іс-қимылдың нөмірі

1

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы

Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау

1) Электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландыру және МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жіберу;
2) Электрондық іс макетін жете ресімдеу қажет болған жағдайда электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін және себебі көрсетілген хабарламаны Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне қайтару

2 жұмыс күні

2

2

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы

Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау

1) Электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландыру және МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу;
2) Электрондық іс макетін жете ресімдеу қажет болған жағдайда электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін және себебі көрсетілген хабарламаны Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне қайтару

1 жұмыс күні

3

3

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау

1) МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау;
2) МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жіберу;
3) Электрондық іс макетін жете ресімдеу қажет болған жағдайда электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін және себебі көрсетілген хабарламаны Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне қайтару

1 жұмыс күні


  Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің және Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша
  "Мемлекеттік базалық
зейнетақы төлемдерін
тағайындау" мемлекеттік
қызметті көрсету
регламентіне
6-қосымша

      "Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау" мемелекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы



  Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің және Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
6-қосымша
  2018 жылғы 1 шілдеге дейін
тағайындалған мемлекеттік
базалық зейнетақы төлемінің
мөлшерін қайта есептеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Коды ______________

      Облысы ____________

      2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта

      есептеу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ____________ облысы бойынша

      департаментінің 20__ жылғы "__" _______ № ___ шешімі

      Азамат(ша) ______________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Іс № __________

      Жынысы ______________ Туған күні 19__ жылғы "_____" ________________

      Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ___ жыл ___ ай ________ күн оның ішінде:

      1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі ___ жыл ___ ай ___ күн

      МЗЖ жүзеге асырылған кезең ___ жыл ___ ай

      Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің коэффициенті _____________________________________

      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері "Қазақстан Республикасында

      зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2018

      жылғы 1 шілдеден бастап ___________________________________________________ теңгені

      ___________________________________________________ теңгені құрайды.

      (сомасы жазбаша)

      Департамент басшысы ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Басқарма (бөлім) басшысы _________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Маман __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Шешімнің жобасын дайындаған:

      Мемлекеттік корпорация филиалының директоры

      _________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мемлекеттік корпорация филиалының маманы

      ___________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің бастығы

      ______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы

      ______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады