Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 372 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 қазанда № 17541 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 06.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 06.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Үлгілік ереженің 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацын, Үлгілік ереженің 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Үлгілік ереженің 5-тармағы 1) тармақшасының бірінші абзацы 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.03.2021 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығы.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы "14" қыркүйектегі
№ 372 бұйрығымен
бекітілген

Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 06.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 18-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Үлгілік ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Комиссия жергілікті атқарушы органдардың жанында құрылады.

2-тарау. Комиссияның міндеті мен функциялары

      4. Комиссияның міндеті тиісті жергілікті атқарушы органға өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің алушылары арасында бөлу бойынша ұсынымдар беру болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Заңның 27-1-бабының 5-тармағында көрсетілген тұлғалар ұсынған сұйытылған мұнай газын беруге арналған өтінімдерді және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында сұйытылған мұнай газын болжамды тұтынуды ескере отырып, олардың негізділігі тұрғысынан бөлу жобасын қарайды;

      2) Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігіне өнім беру жоспары шеңберінде бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жобасын мақұлдайды не оны өзгерту қажеттігі туралы тиісті жергілікті атқарушы органға хабарлайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Комиссия қызметін ұйымдастыру тәртібі

      6. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, Комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Комиссия хатшысы Комиссияның жұмыс органы қызметкерлерінің арасынан анықталады және оның мүшесі болып табылмайды.

      7. Комиссия тұрақты орган болып табылады және мүшелердiң тақ санынан тұрады, бірақ бес адамнан кем емес.

      8. Жергілікті атқарушы орган әкімінің орынбасары Комиссия төрағасы болып табылады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.

      9. Комиссияны жергілікті атқарушы орган тиісті жергілікті атқарушы органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен және сұйытылған мұнай газын өткізумен айналысатын тұлғаларды қоспағанда, басқа да тұлғалардан құрады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 05.07.2022 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Жергілікті атқарушы орган жыл сайын (мерзім Комиссия құрамы бекітілген күннен бастап есептеледі) Комиссия құрамын қайта қарайды және өзектендіреді.

      Ескерту. Ереже 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.11.2020 № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-2. Комиссияны құру кезінде жергілікті атқарушы орган мүдделер қақтығысына жол бермеуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. Ереже 9-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.11.2020 № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Жергілікті атқарушы органның тиісті құрылымдық бөлімшесі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      11. Комиссияның отырыстарын оның төрағасы қажеттігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Комиссияның отырыстары, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп есептеледі.

      13. Комиссия шешімдері оның отырысына қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      14. Комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      15. Комиссия отырысында бейнежазба жүргізіледі, Комиссия отырыстарының бейнежазбалары Комиссия отырысы өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      16. Комиссия төрағасы:

      1) Комиссия отырыстарын шақырады;

      2) Комиссия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      3) Комиссия жұмысын жоспарлайды;

      4) Комиссия отырыстарына төрағалық етеді;

      5) оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.

      17. Комиссия мүшелері:

      1) өтініш берушілер ұсынған өтінімдермен танысады;

      2) жоспарланған кезеңге арналған бөлу жобасымен танысады;

      3) өтiнiмдерге және бөлу жобасына қатысты ұсыныстар енгiзедi;

      4) Комиссия отырысында шешілуі тиіс мәселелерді қарайды;

      5) Комиссия қызметiнің мәні болып табылатын мәселелер бойынша дауыс беруге қатысады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Комиссия хатшысы:

      1) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;

      2) Комиссия отырысын өткізу күні мен орны туралы Комиссия мүшелеріне отырыс күніне дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей хабарлайды;

      3) қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді, Комиссия отырысы өткен соң оның хаттамасын (бұдан әрі – Хаттама) ресімдейді;

      4) Комиссия жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.

      19. Шешіммен келіспеген жағдайда, Комиссия мүшесі хаттамаға қоса берілетін қарсылықтарын жазбаша түрде баяндайды.

      20. Комиссия шешімдері хаттама түрінде ресімделеді және оған төраға, төрағаның орынбасары, хатшы, қатысушы Комиссия мүшелері қол қояды.

      21. Комиссия шешіміне мүдделі тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 9-бабына сәйкес шағым жасай алады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Хаттама Комиссия отырысы өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оның мүшелеріне жіберіледі және жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады