Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығына (2015 жылғы 11 маусымда "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11096 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу" туралы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты жаңа редакцияда жазылсын;
Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңда белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі
________________
2018 жылғы ______ "___"
"Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.
3. Мемлекеттiк қызметті аумақтық әдiлет органдары (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкiметтің" веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
аттестаттауға жіберуден бас тарту немесе аттестаттауға жіберу туралы шешім шығарылған жағдайда - күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей;
аттестаттау өткізген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;
аттестаттау не аттестаттамау туралы комиссия шешім шығарған кезде – аттестаттау жүргізілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей.
Көрсетілетін қызметті беруші қызметті алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
Аттестаттауға жіберілген көрсетiлетiн қызметтi алушы аттестаттаудың орны, күні, уақыты туралы оны өткізетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей электрондық нысанда портал арқылы хабардар етіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберілген үміткерлердің тізімін оны өткізгенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық әділет органдарының интернет ресурстарына орналастырады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi: 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғалардың аттестаттаудан өткені туралы шешім не көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғалардың аттестаттаудан өтпегені туралы шешім не осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша аттестаттауға жіберуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
8. Жұмыс кестесi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түске үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерi, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін:
1) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініші;
2) оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын денсаулық сақтау ұйымдарымен берілген диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы үміткердің тұрғылықты жерi бойынша нарколог және психиатрдың анықтамаларының электрондық көшірмесі;
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғандығы туралы мінбе статус, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алудың мерзімі мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәләндыратын құжаты туралы, лицензиясы туралы, көрсетiлетiн қызметтi алушының қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы туралы мәліметтердің бар екендігі не ондай мәліметтердің жоқтығы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, алады.
10. Мыналар аттестаттауға жіберуден бас тарту негізде:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Адвокаттық қызмет және заң қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оқызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) адвокаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу болып табылады;
Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайтадан жүгінуі мүмкін.
3- тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың мемлекеттiк қызметкөрсету мәселелерi бойынша лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:
Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайға не Министрліктің мекенжайына беріледі: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй, "Министрлiктер үйi" ғимараты, 13-кiреберiс, 022 кабинет, байланыс нөмірлері 74-07-84, 55-88-11.
Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымда көрсетiлетiн қызметтi алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) пошталық мекен-жайы көрсетіледі.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.
Портал арқылы жүгіну кезінде шағымдану реті туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы шағымды жіберу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді (жеткізілу, тіркелу, орындалу туралы белгі, қарастыру жөніндегі немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) өңдеу кезінде жаңартылатын өтініштер туралы ақпараты қолжетімді болады.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.
Мемлекеттiк қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиіс.
Арызды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта бойынша "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
12. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн қызметтiң ерекшелiктерiн ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттiкқызметкөрсетумекенжайлары
1) Министрліктің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ бар болса, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электронды түрде алуына болады.
15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" көмегімен қашықтықтан қолжеткiзу режимiнде алу мүмкiндiгi бар.
16. Бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымша |
үмiткердi аттестаттау /аттестаттамау туралы шешiмi
_______________ қаласы 20___ жылғы "___" _______
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау нәтижелерi бойынша
_______________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
тестiлеу бойынша ____________________________ балл
практикалық тапсырма бойынша _______________ балл жинады.
Мына құрамдағы Комиссия:
Төраға
Мүшелерi
шешiм шығарды:
_________________________________ аттестаттаудан өтті/өтпеді деп
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) саналсын.
Комиссия төрағасы Комиссия хатшысы
Аттестаттауға жіберу туралы өтініш
Маған адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өтуге рұқсат етуіңізді сұраймын.
_________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендiру нөмiрi)
I. Диплом туралы мәлімет:
1. жоғары оқу орнының атауы ________________________________________
2. мамандықтың шифрі _______________________________________________
3. дипломның нөмірі ________________________________________________
4 дипломның берілген күні __________________________________________
5. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат
_______________________________________________________________
1. сериясыжәненөмірі:
2. негіздеме: күніжәненөмірі ______________________________________
3. тіркеу нөмірі және күні __________________________________________
II. Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды:
1. Тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні______________
2. _____________________________облысының/қаласының адвокаттар алқасы
3. тағылымдама жетекшісі_____________________________________
4. тағылымдама жетекшісінің адвокаттық қызмет өтілі_______________
5. тағылымдаманың басталу күні__________________________________
6. тағылымдаманың аяқталу күні_________________________________
Осымен:
шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін;
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға аттестаттаудан өтуге рұқсат беру немесе бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге мүмкін болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Жеке тұлға ________________________________ (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған кезде)
күні:________
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1461 бұйрығына 2-қосымша |
"Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.
3. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкiметтің" веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
лицензия беру кезiнде – 15 (он бес) жұмыс күнi;
лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде – 3 (үш) жұмыс күнi;
лицензияның телнұсқасын беру кезiнде – 2 (екi) жұмыс күнi;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi – адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.
Мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталына жіберіледі және "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылып сақталады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін ұсыну нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін кезiнде бюджетке қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым алынады, ол "Салық және бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 554-бабына сәйкес мынаны:
1) лицензия беру кезiнде 6 айлық есептiк көрсеткiштi (бұдан әрi – АЕК);
2) лицензияның телнұсқасын беру үшiн лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменiң 100 %-ын;
3) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменiң 10 %-ын құрайды, алайда 4 АЕК-тен аспайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төлем түрiнде екiншi деңгейдегi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, онда төлем мөлшерi мен күнiн растайтын құжат (түбiртек) берiледi.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға портал арқылы электрондық сұрау салу берiлген жағдайда, төлем "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы немесе екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
8. Жұмыс кестесi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түске үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерi, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес арыз;
2) мәліметтер нысаны, мемлекеттік қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес, қызметтің түріне қойылатын біліктілік талаптарды қамтитын ақпарат;
3) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
4) оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын денсаулық сақтау ұйымдарымен берілген диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы үміткердің тұрғылықты жерi бойынша нарколог және психиатрдың анықтамаларының электрондық көшірмесі;
5) ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес, прокуратура немесе тергеу органдарындағы жұмыс өтiлiн растайтын, атқаратын қызметiнен босатылу себептерi қамтылған құжаттың электрондық көшiрмесі – теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеушi лауазымында кемiнде он жыл жұмыс өтiлi болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдар үшін талап етіледі.
Лицензияны қайта ресiмдеу көрсетiлетiн қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде) өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлiгiн ауыстырған сәтінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.
Лицензияны қайта ресiмдеу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушылар:
1) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салуды;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесiн;
3) тегінің, атының және әкесінің атының (ол болған жағдайда) ауысуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін (егер тегінің, атының және әкесінің атының ауысуы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылға дейін жүргізілген болса) ұсынады.
Лицензия жоғалған, бүлiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушы лицензияның телнұсқасын алу үшiн (егер осыған дейінгі берілген лицензия қағаз нысанында ресімделген болса) көрсетiлетiн қызметтi берушiге портал арқылы мынадай құжаттарды:
1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салуды;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесiн ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты туралы, лицензиясы туралы, көрсетілетін қызметті алушының қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы туралы мәліметтердің бар екендігін не ондай мәліметтердің жоқтығы туралы ақпаратты, көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, алады.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғандығы туралы мінбе статус, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алудың мерзімі мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
10. Бас тарту негіздемелері:
1) субъектілердің осы санатына Қазақстан Республикасының заңдарымен қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса;
2) қызмет түріне лицензия беруге өтінішті берген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленбесе;
3) "Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығы, мемлекеттік қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
4) лицензиялайға жататын,мемлекеттік қызметті алушыға қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса;
5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде мемлекеттік қызметті алушының лицензияны алуына сот тыйым салса.
6) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі;
3-бөлім. Көрсетiлетiн қызметтi берушi және (немесе) қызмет көрсету мәселелерi бойынша лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:
Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетiлген мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй, "Министрлiктер үйi" ғимараты, 13-кiреберiс, 022 кабинет, байланыс нөмірлері 74-07-84, 55-88-11.
Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымда көрсетiлетiн қызметтi алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) пошталық мекен-жайы көрсетіледі.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиіс.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.
Портал арқылы жүгіну кезінде шағымдану реті туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы шағымды жіберу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді (жеткізілу, тіркелу, орындалу туралы белгі, қарастыру жөніндегі немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) өңдеу кезінде жаңартылатын өтініштер туралы ақпараты қолжетімді болады.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.
Мемлекеттiк қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиіс.
Арызды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта бойынша "электрондық үкіметтің" веб-портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
12. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
4-бөлім. Мемлекеттiк көрсетiлетiн, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн қызметерекшелiктерi ескерiлiп қойылатын өзге де талаптар
13.Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң www.adilet.gov.kz, интернет-ресурсының "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.
14. ЭЦҚ бар болған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.
15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi және мәртебесi туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алу мүмкiндiгi бар.
16. Бiрыңғайбайланы сорталығы: 1414, 8 800 080 7777.
"Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымша |
Жеке тұлғаның лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға өтiнiшi
_________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрi)
_________________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кiшi түрiнің (-лерi) толық атауы көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны беруiңiздi сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы ______________________________________
(пошталық индексi, облысы, қаласы, ауданы,
________________________________________________________________________
(елдi мекені, көше атауы, үй/ғимараттың нөмiрi)
Электрондық пошта _______________________________________________________
Телефондары_____________________________________________________________
Факс_____________________________________________________________________
Банк шоты ________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
_________________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ___________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Мөр орны (бар болса) Толтыру күні: 20__ жылғы "__"
"Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымша |
Адвокаттық қызметті жүзеге асыру мәліметтерінің нысаны
__________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
барлық адамдар үшін толтырылады
1. Диплом туралы мәліметтер
1. жоғары оқу орнының атауы __________________________________
2. мамандық атауы _______________________________________________
3. мамандық шифры _____________________________________________
4. диплом нөмірі ___________________________________________
5. дипломның берілген күні ____________________________________
6. дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің берілген күні ___
7. дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің нөмірі __________
(6, 7-тармақтар шетел білім беру мекемелері берген дипломдар үшін толтырылады)
2. Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды
1. тағылымдамадан өткені туралы қорытындының бекітілген күні _______
2. облысы __________________________________________________
3. тағылымдаманың жетекшісі ___________________________________
4. тағылымдаманың басталған күні ________________________________
5. тағылымдаманың аяқталған күні _________________________________
тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар үшін
3. Комиссияның аттестаттау туралы шешімі
1. қала _________________________________________________________
2. өткізілген күні ________________________________________________
3. қарау мәртебесі _______________________________________________
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдар үшін
4. Судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру
1. өткізілген күні ________________________________________________
2. қарау мәртебесі _______________________________________________
5. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірі бар сотта тағылымдамадан өту
1. облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының болған күні ______________________________________________________________
2. облысы ___________________________________________________
3. Тағылымдаманың басталған күні _______________________________
4. Тағылымдаманың аяқталған күні ________________________________
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық Заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар үшін
6. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы туралы мәліметтер
1. Жарлықтың нөмірі ___________________________________________
2. судья лауазымына тағайындау туралы Жарлықтың қабылданған күні
3. Жарлықтың нөмірі ___________________________________________
4. Судья лауазымынан босату туралы Жарлықтың қабылданған күні ____
5. босату негізі __________________________________________________
"Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымша |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші
__________________________________________________________________________
(лицензиардыңтолықатауы)
__________________________________________________________________________
(жекетұлғаныңтегi, аты, әкесiнiңаты (болғанжағдайда), жекесәйкестендірунөмірі)
__________________________________________________________________________
(қызметтiңтүрiжәне (немесе) кішітүрінің(-лері) толықатауы)
____________________________________________________________ жүзеге асыруға
20___ жылғы " " _________ № __________, _______________ берілген, (лицензияныжәне (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қоюқажет):
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі _______
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі _____
3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі _______
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ___________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______
7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________
8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы
__________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
нөмірі)
Электрондық пошта ________________________________________________________
Телефондары ______________________________________________________________
Факс _____________________________________________________________________
Банк шоты ________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
_________________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ____________ ______________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Мөр орны (бар болса) Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________