"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 26-бабы 6-тармағының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және осындай сынықтар мен қалдықтарды өткізуді жүзеге асыратын жеке тұлғалар бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және осындай сынықтар мен қалдықтарды өткізуді жүзеге асыратын жеке тұлғалар бойынша мәліметтер нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму министрі | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________ Ә.Смайылов
2018 жылғы "__" _______
Қазақстан Республикасы | |
Инвестициялар және | |
даму министрінің | |
2018 жылғы 4 қазандағы | |
№ 691 бұйрығына | |
1-қосымша |
Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және осындай сынықтар мен қалдықтарды өткізуді жүзеге асыратын жеке тұлғалар бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және осындай сынықтар мен қалдықтарды өткізуді жүзеге асыратын жеке тұлғалар бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 26-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің арасында Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және осындай сынықтар пен қалдықтарды өткізуді жүзеге асыратын жеке тұлғалар бойынша мәліметтермен алмасу мақсатында әзірленді.
2-тарау. Түсті және қара металдардың сынықатары мен қалдықтарын жинауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және осындай сынықтар мен қалдықтарды өткізуді жүзеге асыратын жеке тұлғалар бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібі
2. Министрлік Комитетке осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметті жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсынады.
3. Комитет Министрліктен мәліметті алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауды жүзеге асыратын заңды тұлғалардан және осындай сынықтар мен қалдықтарды өткізуді жүзеге асыратын жеке тұлғалар орналасқан жері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жібереді.
4. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдары Комитеттен алынған мәліметтер бойынша "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексімен көзделген салықтық міндеттемелерді заңды және жеке тұлғалардың орындауы бойынша шаралар қабылдайды.
Қазақстан Республикасы | |
Инвестициялар және | |
даму министрінің | |
2018 жылғы 4 қазандағы | |
№ 691 бұйрығына | |
2-қосымша | |
Нысан |
Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және осындай сынықтар мен қалдықтарды өткізуді жүзеге асыратын жеке тұлғалар бойынша мәліметтер
Р/с № | Заңды тұлғаның атауы | Бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Нақты орналасқан орны | Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Өткізілетін сынықтың салмағы | Тонна үшін бағасы | Соммасы | Өзге де мәліметтер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Көрсетілген нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысандаға 2-қосымшаға сәйкес келтірілген.
"Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және осындай сынықтар мен қалдықтарды өткізуді жүзеге асыратын жеке тұлғалар бойынша мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсініктеме
"Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және осындай сынықтар мен қалдықтарды өткізуді жүзеге асыратын жеке тұлғалар бойынша мәліметтер" нысаны мынадай тәсілмен толтырылады:
1-бағанда "Р/с №" нөмір ретпен көрсетіледі. Келесі ақпарат рет бойынша нөмірлену тәртібін бұзбауы керек;
"Заңды тұлғаның атауы" деген 2-бағанда түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауды жүзеге асыратын заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;
"Бизнес-сәйкестендіру нөмірі" деген 3-бағанда түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауды жүзеге асыратын заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
"Нақты орналасқан орны" деген 4-бағанда түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауды жүзеге асыратын заңды тұлғаның нақты орналасқан орнының мекен-жайы көрсетіледі;
"Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)" деген 5-бағанда түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын өткізуді жүзеге асыратын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;
"Жеке сәйкестендіру нөмірі" деген 6-бағанда түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын өткізуді жүзеге асыратын жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
"Өткізілетін сынықтың салмағы" деген 7-бағанда өткізілетін түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарының салмағы көрсетіледі;
"Тонна үшін бағасы" деген 8-бағанда өткізілетін түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарының тонна үшін бағасы көрсетіледі;
"Соммасы" деген 9-шы бағанда өткізілетін түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтардың, 7 және 8-бағандардың көбейтіндісімен есептелетін соммасы (теңгеде) көрсетіледі.
"Өзге де мәліметтер" деген 10-бағанда өзге мәліметтер көрсетіледі.