Байланыс формасы

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 248 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 желтоқсанда № 17884 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидалары;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптар;

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар;

      4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 248 қаулысына
1-қосымша

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялар (бұдан әрі - облигациялар) шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеудің, облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеудің, облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсынудың және қараудың, облигациялар шығарылымының күшін жоюдың шарттары мен тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар инфрақұрылымдық облигацияларды, айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигацияларды, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигацияларын (облигациялық бағдарламаны), халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын (облигациялық бағдарламаны) және облигациялық бағдарлама шегіндегі облигацияларды қосқанда, облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеудің ерекшеліктерін белгілейді.

2-тарау. Облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу тәртібі

      3. Облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу үшiн эмитент қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 4), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, егер аталған құжаттар облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды ұсынатын күнге дейін қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған жағдайда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      4. Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесінде көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу олардың қызметін реттейтін жарғының және (немесе) құжаттардың талаптарын есепке ала отырып жүзеге асырылады.

      5. Эмитент қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес қайта құрылымдау жүргізген жағдайда облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу үшін эмитент Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа уәкілетті органға сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарының көшірмесін ұсынады.

      6. Эмитент облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу үшін өтінішті уәкілетті органға талап етілген құжаттарды қоса бере отырып, қағаз тасымалдағышта не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынады.

      7. Эмитент облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) тiркеу үшін көзделген құжаттардың топтамасын толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті орган "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінің ішінде облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) тiркеу үшін өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      8. Эмитент Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 12-бабының 3-тармағында және 15-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекетік тiркеу үшін құжаттарды ұсынады.

      9. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылмайтын Қазақстан Республикасының резиденті эмитент уәкілетті органға облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну күнінде талап етілетін ең аз рейтингісін сақтай отырып, облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) жүзеге асырған жағдайда осы эмитентте Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "В" төмен емес ең төменгі кредиттік рейтингі немесе Moody's Investors Service және Fitch рейтингтік агенттiктерінiң (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер) осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzB-" төмен емес рейтингі болады.

      10. Эмитент облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) левередж шамасына қойылатын талаптарды сақтай отырып жүзеге асырған кезде бұл шама облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеуге құжаттар беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің деректері негізінде есептеледі, оң шама болып табылады және:

      1) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылмайтын эмитент үшін - 7 (жетіден);

      2) шығарылым проспектісінде осы облигацияларды олар бойынша дефолт болған жағдайда акцияларға айырбастау мүмкіндігі көзделген облигациялар шығарылымы кезінде эмитент үшін - 10 (оннан) аспайды.

      Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) левередж шамасына қойылатын талаптарды сақтай отырып жүзеге асырған кезде бұл шама облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның қаржылық есептілігінің деректері негізінде есептеледі және 10 (оннан) аспайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2019 № 128 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Егер жаңадан шығарылған облигациялар ипотекалық облигациялар болып табылса, ол облигациялар мынадай өтімділігі жоғары активтермен қамтамасыз етіледі:

      1) ақша;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      3) Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "ВВВ-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары;

      4) Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-" төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;

      5) базалық активі Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-" төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      6) қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "премиум" санатына енгізілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары;

      7) базалық активі қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "премиум" санатына енгізілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      8) Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "В-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzB-" төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары.

      Айналыс барысында бағалы қағаздардың және ипотекалық облигацияларды қамтамасыз етуге енгізілетін ақша құны қамтамасыз етудің жалпы құнынан 20 (жиырма) пайыздан аспауы тиіс.

      12. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуі осы эмитент мынадай талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады:

      1) облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге құжаттар берілген күні бағалы қағаздардың қайталама нарығында айналыста болған облигациялар бойынша сыйақы төлеу жөніндегі уақытылы орындалмаған және орындалмаған міндеттемелердің болмауы;

      2) облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар беру күніне дейін соңғы аяқталған екі қаржы жылының біреуінің қорытындысы бойынша эмитенттің зиянсыз қызметі немесе соңғы аяқталған екі қаржы жылының біреуінде эмитенттің қызметінен алынған, аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігінің негізінде есептелген ақшаның таза ағындары оң болып табылады;

      3) облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар берілген күні, сондай-ақ құжаттарды беру күніне дейін 3 (үш) ай бұрын кезеңде пруденциялық нормативтерді және уәкілетті орган белгілеген өзге нормалар мен лимиттерді сақтамау фактілерінің болмауы;

      4) эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарға және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес келуі (эмитенттің облигациялар шығарылымы проспектісінде (егер облигациялар шығарылымы проспектісінде қор биржасының сауда жүйесінде осындай облигациялардың айналыста болуы көзделген жағдайда).

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары:

      эмитенттің қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес бұрын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді қайта құрылымдауын жүргізген;

      уәкілетті органның "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы заңының 61-10-бабында көзделген негізде және тәртіпте төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банктің міндеттемелеріне мәжбүрлі қайта құрылымдау жүргізу туралы шешіміне сәйкес бұрын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді қайта құрылымдауын жүргізген жағдайда қолданылмайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) және 3) тармақшаларының талаптары банктің облигацияларын акцияға айырбасталатын реттелген облигациялар түрінде шығаруда қолданылмайды.

      13. Облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға бергенге дейін эмитент орталық депозитариймен бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуге арналған шарт жасайды.

      14. Айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу эмитенттің бұрын шығарылған бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген жағдайда жүзеге асырылады.

      15. Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу осы Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің мынадай талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады:

      1) Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "ВВВ-" төмен емес ең төменгі кредиттік рейтингінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингінің болуы;

      2) уәкілетті орган және шетел мемлекетінің тиісті қадағалау органы арасында ақпаратпен алмасу туралы келісімнің болуы;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың сонда болуы үшін талаптарды Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің орындауы;

      4) шетел мемлекетінің тиісті қадағалау органының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облигациялар шығарылымына рұқсаттың не Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент елінің заңнамасы бойынша осындай рұқсат талап етілмейтіні жөнінде көрсетілген органның хатының болуы;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге өтініш берген күнге дейінгі 3 (үш) ай ішіндегі кезеңде пруденциялық нормативтерді және тиісті қадағалау органы белгілеген өзге нормалар мен лимиттерді сақтауы (егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қаржы ұйымы болып табылса).

      16. Номиналы шетел валютасында көрсетілген Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялар шығарылымы проспектісінде мұндай облигациялар бойынша сыйақы және негізгі борышты төлеу шығарылым валютасында жүзеге асырылатыны жөнінде міндетті талап қамтылған жағдайда жүзеге асырылады.

      17. Облигациялардың номиналдық құнын және (немесе) сыйақы мөлшерлемелерін цифрлық (виртуалды) бірліктердің және (немесе) құны цифрлық (виртуалды) бірліктердің құнына (құнының өзгерісіне) байланысты болатын қаржы құралдардың құнына индекстеуге рұқсат етілмейді.

      Қағидалардың мақсаттары үшін цифрлық (виртуалды) бірлік деп криптография құралдарын және (немесе) компьютерлік есептеулерді қолдана отырып жасалған және орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде есепке алынған цифрлық жазбаны білдіретін бірлік түсініледі.

      18. Эмитент облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган:

      1) құжаттар қағаз тасымалдағышта берілген кезде эмитентке мыналарды жібереді:

      Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және облигациялар шығарылымы проспектісінің бір данасын - облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда;

      Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және облигациялық бағдарлама проспектісінің бір данасын - облигациялық бағдарлама мемлекеттік тіркелген жағдайда;

      Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті - облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда;

      2) эмитент құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынған кезде эмитенттің "жеке кабинетіне" электрондық көшірме нысанында *pdf форматында облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) проспектісін және электрондық құжат нысанында мыналарды жібереді:

      Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті - облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда;

      Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті - облигациялық бағдарлама мемлекеттік тіркелген жағдайда;

      Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті - облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда .

      19. Уәкілетті орган айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттарды олар алынған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды.

      20. Эмитент айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган:

      1) құжаттар қағаз тасымалдағышта берілген кезде эмитентке ілеспе хатпен Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жібереді;

      2) құжаттар "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынылған кезде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті эмитенттің "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді.

      21. Уәкілетті орган эмитент шығарылымды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсыну шарттары мен тәртібін бұзған және құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкессіздігін анықтаған жағдайда бас тарту себептерін көрсете отырып, облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуден бас тартады.

      Уәкілетті орган Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 13-бабының 2 тармағында көзделген жағдайда да облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тартады.

      22. Эмитент облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу кезінде уәкілетті орган берген құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтқан жағдайда, эмитент құжаттардың телнұсқасын және (немесе) көшірмелерін алу қажет болған кезде мыналарды:

      облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің) телнұсқасын;

      облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің) көшірмелерін беру үшін уәкілетті органға өтініш береді.

      23. Уәкілетті орган эмитент бұқаралық ақпарат құралдарының атауы және жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы хабарламаның жарияланған күні туралы мәліметтерді көрсете отырып және осы хабарламаның көшірмелерін қоса бере отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті берген кезде эмитентке жоғарыда көрсетілген құжаттардың телнұсқаларын және (немесе) көшірмелерін береді.

      Уәкілетті орган эмитентке өтінішті алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген құжаттардың телнұсқаларын және (немесе) көшірмелерін береді.

3-тарау. Облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу тәртібі

      24. Эмитент уәкілетті органға мыналар өзгерген жағдайда оларды тіркеу үшін облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектiсіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ұсынады:

      1) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтер - эмитент эмитенттің атауы мен оның орналасқан жерінің өзгергендігін растайтын құжаттарды алған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

      2) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер - егер осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаған не эмитент осы шығарылымның барлық облигациясын бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алған жағдайда эмитенттің тиісті органдары немесе облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысы шешім қабылдаған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде.

      25. Облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектiсіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін эмитент уәкілетті органға Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 4), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, егер аталған құжаттар облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама) өзгерістер және (немесе) толықтырулар үшін құжаттар ұсынылған күнге дейін қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған жағдайда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 12-бабының 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      26. Уәкілетті орган облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды оларды алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.

      27. Уәкілетті орган эмитенттің облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін ұсынған құжаттары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда эмитентке облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу туралы ілеспе хатпен Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 12-бабының 7-тармағында көрсетілген құжаттарды жібереді.

      28. Облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу осы өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жарияланған облигациялар санының ұлғаюына әкеп соқтырмайтын жағдайда жүзеге асырылады.

      29. Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген облигациялар шығарылымының талаптарын өзгерту туралы шешім қабылданған жағдайда, облигацияларды орналастыру мен айналысқа шығару облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу күнінен кейінгі күнге дейін тоқтатыла тұрады.

      30. Уәкілетті орган Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуден бас тартады.

4-тарау. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау тәртібі

      31. Эмитент немесе төлем агенті (эмитентте төлем агентімен шарт болған жағдайда) уәкілетті органға қарау және назарға алу үшін облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны облигациялар шығарылымының проспектісінде белгіленген өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде ұсынады.

      32. Эмитент (төлем агенті) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау және назарға алу үшін уәкілетті органға Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 32-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген құжаттарды қағаз тасымалдағышта ұсынады.

      33. Уәкілетті орган облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде қарайды.

      34. Уәкілетті орган эмитенттің (төлем агентінің) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау және назарға алу үшін ұсынған құжаттары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда эмитентке (төлем агентіне) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаның назарға алынғаны туралы хат жібереді.

      35. Уәкілетті орган Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 32-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны назарға алмайды және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ақпарат пен құжаттарды ұсынудың қажеттілігі туралы хат жібереді.

5-тарау. Облигациялар шығарылымының күшін жою тәртібі

      36. Уәкілетті орган Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 30-1-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдайды.

      37. Уәкілетті орган осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесінің және оларға қойылатын талаптардың 2-тармағына сәйкес эмитент облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымының) күшін жою үшін ұсынған құжаттарды оларды алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.

      38. Эмитент жарияланған облигациялар шығарылымының күшін жою үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымының) күшін жояды және эмитентке ілеспе хатпен Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланған мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәлікті жібереді.

      39. Таратылуы туралы мәліметтер Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімінде қамтылатын эмитенттің облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешімді уәкілетті орган осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесінің және оларға қойылатын талаптардың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды бермей-ақ қабылдайды.

      40. Облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәлікте көрсетілген күннен бастап облигациялар шығарылымының күші жойылады.

      Қағидалардың 39-тармағында көрсетілген жағдайда деректер Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген күннен бастап эмитенттің облигациялар шығарылымының күші жойылады.

      41. Уәкілетті орган облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың барлық шығарылымының күшін жойған жағдайда эмитент уәкілетті органға облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама проспектісін, облигациялық бағдарлама проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің түпнұсқаларын қайтарады.

      42. Уәкілетті орган Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 30-1-бабы 2-тармағынның екінші бөлігінде белгіленген жағдайда бас тарту себептерін көрсете отырып, облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымының) күшін жоюдан бас тартады.

      Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымының) күшін жоюдан бас тартылған жағдайда, эмитент уәкілетті органның ескертулерін жояды және бас тарту алған күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға құжаттарды қайталап ұсынады.

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне)
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды тіркеу,
мемлекеттік емес
облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны ұсыну
және қарау, мемлекеттік
емес облигациялар
шығарылымының
күшін жою қағидаларына
1-қосымша

Халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесі

      1. Азия даму банкі.

      2. Азия инфрақұрылымдық инвестициялар Банкі.

      3. Америкааралық даму банкі.

      4. Африка даму банкі.

      5. Еуразия даму банкі.

      6. Еуропа қайта құру және даму банкі.

      7. Еуропалық инвестициялық банк.

      8. Еуропалық Кеңестің Даму Банкі.

      9. Жеке секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясы.

      10. Ислам даму банкі.

      11. Көптарапты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі.

      12. Скандинавия инвестициялық банкі.

      13. Халықаралық валюта қоры.

      14. Халықаралық даму қауымдастығы.

      15.. Халықаралық есеп айырысу банкі.

      16. Халықаралық инвестициялық дауларды реттеу орталығы.

      17. Халықаралық қайта құру және даму банкі.

      18. Халықаралық қаржы корпорациясы.

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне)
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды тіркеу,
мемлекеттік емес
облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны ұсыну және қарау,
мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымының
күшін жою қағидаларына
2-қосымша
Нысан

      (қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасының бейнесі бар бланкісінде басылады)

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      20_ жылғы "___" _____________                                          Алматы қаласы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________ тіркелген

      (эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (эмитенттің толық атауы және орналасқан жері)

      мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге алды.

      Шығарылым_____________________________________________________________________

      (облигациялардың саны цифрмен және жазбаша,

      __________________________________________________________ облигацияларға бөлiнген,

      облигациялар түрi)

      оларға__________________________________________________________________________

      халықаралық сәйкестендіру нөмiрi (ISIN коды) берiлген.

      Бір облигацияның номиналды құны__________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________ теңге.

      Облигациялар шығарылымының көлемі______________________________________________

      (шығарылатын облигациялардың

      ____________________________________________________________________ теңге болады.

      жиынтықты номиналды құны цифрмен және жазумен)

      Эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы

      куәлікті ауыстыру себебі (эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын

      мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі ауыстырылған жағдайда толтырылады):

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

      Төрағаның орынбасары __________________ _________________________________________

      (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, инициалдары)

      Мөр орны (қағаз нысаны үшін)

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне)
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды тіркеу,
мемлекеттік емес
облигацияларды
өтеу қорытындылары
туралы хабарламаны ұсыну
және қарау, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымының
күшін жою қағидаларына
3-қосымша
Нысан

      (қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасының бейнесі бар бланкісінде басылады)

Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      20_ жылғы "___" _____________                                          Алматы қаласы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________ тіркелген

      (эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (эмитенттің толық атауы және орналасқан жері)

      облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуге алды.

      Облигациялар шығарылымының көлемі _____________________________________________

      ____________________________________________________________________ теңге болады.

      (цифрмен және жазумен)

      Шығарылым Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне ____ нөмірімен енгізілген.

      Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру себебі (эмитенттің

      облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі ауыстырылған жағдайда

      толтырылады):

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

      Төрағаның орынбасары __________________ _________________________________________

      (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, инициалдары)

      Мөр орны (қағаз нысаны үшін)

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне)
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды тіркеу,
мемлекеттік емес
облигацияларды
өтеу қорытындылары
туралы хабарламаны ұсыну
және қарау, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымының
күшін жою қағидаларына
4-қосымша
Нысан

      (қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасының бейнесі бар бланкісінде басылады)

Облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      20 __ жылғы "___" _____________                                          Алматы қаласы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________ тіркелген

      (эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)___________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (эмитенттің толық атауы және орналасқан жері)

      облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуге алды.

      Шығарылым ____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (облигациялар саны цифрмен және жазумен, облигациялар түрі)

      ________________________________________________________________________________

      халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) берілген

      __________________________________________________________ облигацияларға бөлінген.

      Бір облигацияның номиналды құны__________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________ теңге.

      (цифрмен және жазумен)

      ________________________________________________________________________________

      Облигациялар шығарылымының көлемі _____________________________________________

      (шығарылатын облигациялардың

      _______________________________________________________________ ____ теңге болады.

      жиынтықты номиналды құны цифрмен және жазумен) Облигациялық бағдарлама шегінде

      мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру

      себебі (эмитент облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар

      шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстырған жағдайда толтырылады):

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

      Төрағаның орынбасары __________________ _________________________________________

      (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, инициалдары)

      Мөр орны (қағаз нысаны үшін)

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне)
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды тіркеу,
мемлекеттік емес
облигацияларды
өтеу қорытындылары
туралы хабарламаны ұсыну
және қарау, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымының
күшін жою қағидаларына
5-қосымша
Нысан

      (қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасының бейнесі бар бланкісінде басылады)

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәлік

      Алматы қаласы                                    20 __ жылғы "___" _______________

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      ________________________________________________________________________________

      (эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні, тіркеуші органның атауы,

      ________________________________________________________________________________

      бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      тіркеген ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (эмитенттің толық атауы мен орналасқан жері)

      облигациялар шығарылымының күшін жойды.

      Шығарылым_____________________________________________________________________

      (мемлекеттік емес облигациялар

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      шығарылымын мемлекеттік тіркеген органның атауы, күні, айы, жылы) тіркелген.

      Шығарылым облигацияларына берiлген халықаралық сәйкестендіру нөмiрi

      (ISIN коды) ______________________________________________________________________

      Шығарылым ____________________________________________________________________

      (облигациялардың саны цифрмен және

      ________________________________________________________________________________

      жазбаша,облигациялар түрі)

      облигацияларға бөлінген.

      Облигациялар шығарылымының____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (күшін жою себебі)

      байланысты күші жойылды.

      Облигациялар шығарылымының күші_______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (күні, айы, жылы)

      бастап жойылды деп есептелсін.

      Төрағаның орынбасары __________________ _________________________________________

      (қолы)                              (тегі, инициалдары)

      Мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 248 қаулысына
2-қосымша

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптар

      1. Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптар "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялар (бұдан әрі - облигациялар) шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге, облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуге, облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарауға арналған құжаттарға қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Эмитенттің облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу, облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу өтінішіне, сондай-ақ облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаға эмитенттің атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) не қол қоюға уәкілетті тұлға (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қояды.

      3. Эмитенттің облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу өтінішінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім қамтылады.

      4. Эмитент эмитенттің атауы және (немесе) оның орналасқан жері туралы мәліметтердің өзгерістері туындағанын растау үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы ұсынады.

      5. Эмитент Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін:

      1) облигацияларды ұстаушылар болған жағдайда - облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімінің (облигацияларды жалғыз ұстаушы шешімінің) көшірмесін (сот шешіміне сәйкес немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда жүргізілетін эмитентті қайта құрылымдау жағдайларын қоспағанда);

      2) егер осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаған болса немесе осы шығарылымның барлық облигациясын эмитент сатып алған болса - эмитенттің тиісті органының облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімінің көшірмесін ұсынады.

      6. Эмитент қайта құрылымдау жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес қайта құрылымдау жүргізген жағдайда, облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 12-бабының 6-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа эмитент сот бекіткен және облигациялар шығарылымының талаптарын өзгерту қамтылатын қайта құрылымдау жоспарының көшірмесін ұсынады.

      7. Хаттама немесе одан үзінді-көшірме нысанында жасалған, облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін көшірмесі уәкілетті органға ұсынылатын облигациялар ұстаушылардың (жалғыз облигация ұстаушының) жалпы жиналысының облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімінде мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) эмитенттің атауы;

      2) проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні, осы шығарылымның облигацияларына берілген халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды);

      3) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты мен орны;

      4) ұстаушылары облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысатын облигациялардың саны;

      5) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының кворумы;

      6) осы шығарылым облигацияларының 10 (оннан) астам пайызына ие облигациялар ұстаушылардың саны;

      7) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібі;

      8) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысында дауыс беру тәртібі;

      9) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болса);

      10) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша дауыс беру нәтижелері;

      11) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша қабылданған шешім.

      8. Хаттама немесе одан үзінді-көшірме нысанында жасалған, облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектiсіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін көшірмесі уәкілетті органға ұсынылатын эмитент органының облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектiсіне) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімінде мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) эмитенттің атқарушы органының атауы мен орналасқан жері;

      2) отырыс өткізілетін күні, уақыты мен орны (отырыс қатысып дауыс беру жолымен өткізілген жағдайда) немесе отырыс күні (сырттай дауыс берілетін жағдайда);

      3) отырысқа қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер (сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылдаған);

      4) отырыс кворумы;

      5) отырыстың күн тәртібіндегі облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектiсіне) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге қатысты мәселелер;

      6) отырыстың күн тәртібіндегі облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге қатысты әрбір мәселе бойынша дауыс беру нәтижелері;

      7) облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге қатысты мәселе бойынша қабылданған шешім;

      8) отырыстың төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болса).

      9. Эмитент органының шешімінен (хаттамасынан) үзінді-көшірмеге отырыстың хатшысы қол қояды.

      10. Бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген түйіннің үстіне жапсырылған, тігілген парақ саны көрсетілген жапсырмаға ішінара эмитенттің атқарушы органы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) басшысының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен расталып ұсынылады.

      11. Құжаттардың көшірмелері көшірмесінің дұрыстығы көрсетіле отырып, эмитенттің атқарушы органы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) басшысының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен расталады.

      12. Еншілес ұйымы (ұйымдары) бар эмитенттің ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 1 сәуірінедейінгі аралығындағы кезеңде облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеуге құжаттар беру алдында соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілігі болмаған жағдайда, эмитент уәкілетті органға көрсетілген күнгі жағдай бойынша жеке қаржылық есептілікті ұсынады.

      Эмитент ұсынатын жылдық қаржылық есептілік бухгалтерлік баланстан, пайда мен зиян туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептен және түсіндірме жазбадан тұрады.

      Эмитент ұсынатын аралық қаржылық есептілік бухгалтерлік баланстан, пайда мен зиян туралы есептен тұрады.

      13. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент немесе халықаралық қаржы ұйымы уәкілетті органға облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу үшін ұсынатын қаржылық есептілікті ағылшын тілінде ұсынуға рұқсат етіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 248 қаулысына
3-қосымша

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар

      1. Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Тізбе) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялар (бұдан әрі - облигациялар) шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және көрсетілген құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Эмитент облигациялар шығарылымының күшін жою үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) қағаз тасымалдағышта мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) облигациялардың күшін жою негізін көрсете отырып, эмитенттің атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) не қол қоюға уәкілетті тұлға (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қойған облигациялар шығарылымының күшін жою туралы өтініш;

      2) облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдаған эмитенттің органы шешімінің көшірмесі;

      3) облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын), облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісін), облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқалары (оларды қағаз тасымалдағышта алған жағдайда);

      4) эмитенттің органы облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдаған күні орталық депозитарийдің облигациялар ұстаушылардың жоқ екені туралы хабарламасы (егер осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаған немесе осы шығарылымның барлық облигацияларын эмитент бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алған жағдайда);

      5) сот бекіткен эмитентті қайта құрылымдау жоспарының көшірмелері (қаржы ұйымдарының, сондай-ақ бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымдардың қайта құрылымдау рәсімдері жүзеге асырылған жағдайда);

      6) эмитентті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің және сот бекіткен тарату балансының көшірмелері (эмитент мәжбүрлеп таратылған жағдайда).

      3. Эмитент уәкілетті орган берген құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтып алған жағдайда, эмитенттің жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және бұл туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсыну талабымен Тізбенің 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес талап етілетін осы құжаттарды ұсынбайды.

      4. Бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген түйіннің үстіне жапсырылған, тігілген парақ саны көрсетілген жапсырмаға ішінара эмитенттің атқарушы органы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) басшысының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен расталып ұсынылады.

      5. Құжаттардың көшірмелері көшірмесінің дұрыстығы көрсетіле отырып, эмитенттің атқарушы органы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) басшысының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен расталады.

      6. Эмитент облигациялар шығарылымының күшін жою кезінде уәкілетті орган берген облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің түпнұсқасын жоғалтып алған жағдайда, эмитент облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің телнұсқасын алу қажеттілігі болғанда уәкілетті органға облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің түпнұсқасын беру үшін өтініш береді.

      Эмитент жоғалған құжаттың жарамсыздығы туралы хабарламаны жариялаған бұқаралық ақпарат құралының атауы және күні жөніндегі мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті берген кезде уәкілетті орган эмитентке облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің телнұсқасын береді.

      Уәкілетті орган өтініш алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде эмитентке облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің телнұсқасын береді.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 248 қаулысына
4-қосымша

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялар (бұдан әрі − облигациялар) шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу тәртібін айқындайды.

      2. Облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді.

      Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді.

      Айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы проспектісі Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы проспектісінің құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді.

      Халықаралық қаржы ұйымының облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісі) халықаралық қаржы ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес халықаралық қаржы ұйымының облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді.

      3. Қаржылық есептілікке сәйкес көрсетілетін эмитенттің қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты қоспағанда, облигациялар шығарылымы проспектiсiндегі (облигациялық бағдарлама проспектiсiндегі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектiсiндегі) мәліметтер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) құжаттарды тапсыру күнінің алдындағы айдың соңғы жұмыс күніне келтіріледі.

      4. Эмитенттің облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсынуына дейінгі кемінде 1 (бір) аяқталған қаржы жылы бұрын жүзеге асырылған қайта құру жолымен эмитент қайта ұйымдастырылған жағдайда, облигациялар шығарылымы проспектiсiнде (облигациялық бағдарлама проспектiсiнде, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектiсiнде) эмитент құқықтық мирасқоры болып табылатын заңды тұлғаның қаржылық есептілігін қоса бере отырып, қайта құру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаны тіркеу күнінің алдындағы аяқталған 2 (екі) қаржы жылының мәліметтері қамтылады.

      5. Оригинатордың соңғы жыл үшін аудиторлық есебі және оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған секьюритилендіру мәмілесі бойынша талап ету құқығын беру шарты облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) ажырамас бөлігі болып табылады.

      6. Облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің) титул парағында мыналар қамтылады:

      1) құжаттың атауы: "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісі" немесе "Облигациялық бағдарламаның проспектісі" немесе "Облигациялық бағдарлама шегіндегі мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісі";

      2) эмитенттің толық және қысқартылған атауы;

      3) мынадай жазба:

      "Уәкілетті органның мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын) мемлекеттік тіркеуі инвесторларға проспектіде сипатталған мемлекеттік емес облигацияларды иеленуге қатысты қандай да бір ұсыныстарды беруді білдірмейді және осы құжаттағы ақпараттың дәйектілігін растамайды.

      Эмитенттің лауазымды тұлғалары онда берілген бүкіл ақпарат дәйекті және эмитент пен оның орналастырылатын мемлекеттік емес облигацияларына қатысты инвесторларды жаңылыстырмайтын болып табылатынын растайды.

      Мемлекеттік емес облигациялар айналыста болған кезеңде эмитент Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында бағалы қағаздар нарығында ақпаратты жариялауды қамтамасыз етеді.".

      7. Эмитент уәкілетті органға ұсынатын қағаз тасымалдағыштағы облигациялар шығарылымы проспектiсiне (облигациялық бағдарлама проспектiсiне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектiсiне) эмитенттің атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) басшысы не қол қоюға уәкілетті тұлға (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қояды.

      8. Облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісі) қағаз тасымалдағышта қазақ және орыс тiлдерiнде 2 (екі) данада және электрондық түрде *pdf форматында қазақ және орыс тiлдерiнде 1 (бір) данада жасалады.

      Айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы проспектісі қағаз тасымалдағышта қазақ және орыс тiлдерiнде 1 (бір) данада ұсынылады.

      Облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісі) қағаз тасымалдағышта (қазақ және орыс тiлдерiнде) нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген түйіннің үстіне жапсырылған, тігілген парақ саны көрсетілген жапсырмаға ішінара эмитенттің атқарушы органы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) басшысының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен расталып ұсынылады.

      Облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісі) номиналы шетел валютасында көрсетілгеноблигациялар шығарылған жағдайда қағаз тасымалдағышта қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде 2 (екі) данада және электрондық көшірме түрінде *pdf форматында қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде 1 (бір) данада жасалады.

      Облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісі) қағаз тасымалдағышта (қазақ және орыс тiлдерiнде) нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген түйіннің үстіне жапсырылған, тігілген парақ саны көрсетілген жапсырмаға ішінара эмитенттің атқарушы органы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) басшысының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен расталып ұсынылады.

      9. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісінің) өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың титул парағында мыналар қамтылады:

      1) құжаттың атауы: "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар" немесе "Облигациялық бағдарламаның проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар" немесе "Облигациялық бағдарлама шегіндегі мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар";

      2) эмитенттің толық және қысқартылған атауы;

      3) мынадай жазба:

      "Эмитенттің лауазымды тұлғалары мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарламаның, облигациялық бағдарлама шегіндегі мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы) проспектісіне осы өзгерістерде және (немесе) толықтыруларда берілген бүкіл ақпарат дәйекті және эмитент пен оның орналастырылатын облигацияларына қатысты инвесторларды жаңылыстырмайтын болып табылатынын растайды.".

      10. Облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарламаның проспектісіне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің) тиісті тармақтары жаңа редакцияда жазылады.

      11. Эмитент уәкілетті органға ұсынатын қағаз тасымалдағыштағы облигациялар шығарылымы проспектiсiне (облигациялық бағдарлама проспектiсiне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектiсiне) өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға эмитенттің атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) басшысы не қол қоюға уәкілетті тұлға (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қояды.

      12. Облигациялар шығарылымы проспектiсiне (облигациялық бағдарлама проспектiсiне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектiсiне) өзгерістер және (немесе) толықтырулар қағаз тасымалдағышта қазақ және орыс тiлдерiнде 2 (екі) данада жасалады. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескеріле отырып қазақ және орыс тiлдерiнде жасалған облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісі) электрондық көшірме түрінде *pdf форматында ұсынылады.

      Қағаз тасымалдағыштағы облигациялар шығарылымы проспектiсiне (облигациялық бағдарлама проспектiсiне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектiсiне) өзгерістер және (немесе) толықтырулар (қазақ және орыс тiлдерiнде) нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген түйіннің үстіне жапсырылған, тігілген парақ саны көрсетілген жапсырмаға ішінара эмитенттің атқарушы органы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) басшысының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен расталып ұсынылады.

      13. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарлама еркін нысанда жасалады, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген ақпаратты қамтиды, оған эмитенттің (төлем агентінің) атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) не қол қоюға уәкілетті тұлға (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қояды және уәкілетті органға бір данада қағаз тасымалдағышта ұсынылады.

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымының проспектісін
(облигациялық бағдарлама
проспектісін), мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымының
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне)
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды,
мемлекеттік емес
облигацияларды өтеу
қорытындылары
туралы хабарламаны
жасау және ресімдеу
қағидаларына
1-қосымша

Облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымы

1-тарау. Эмитенттің атауы және оның орналасқан жері туралы ақпарат

      1. Құрылтай құжаттарына сәйкес эмитент туралы ақпарат:

      1) эмитентті бастапқы мемлекеттік тіркеу күні;

      2) эмитентті мемлекеттік қайта тіркеу күні (қайта тіркеу жүзеге асырылған жағдайда);

      3) эмитенттің қазақ, орыс және ағылшын (бар болса) тілдеріндегі толық және қысқаша атауы;

      4) эмитенттің атауы өзгерген жағдайда оның барлық бұрынғы толық және қысқаша атаулары, сондай-ақ олардың өзгертілген күндері көрсетіледі;

      5) егер эмитент заңды тұлғаны (заңды тұлғаларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған болса, онда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға және (немесе) эмитентке қатысты құқық мирасқорлығы туралы мәліметтер көрсетіледі;

      6) Эмитенттің филиалдары мен өкілдіктері болған жағдайда, заңды тұлғалардың филиалдарының (өкілдіктерінің) есепті тіркелуі туралы анықтамаға сәйкес олардың атаулары, тіркелген күндері, орналасқан жерлері және эмитенттің барлық филиалдары мен өкілдіктерінің почта мекенжайлары көрсетіледі;

      7) эмитенттің бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      8) ISO 17442 "Financial services - Legal Entity Identifier" (LEI) халықаралық стандартына сәйкес Legal Entity Identifier коды (бар болса).

      2. Егер эмитенттің нақты мекенжайы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген эмитенттің орналасқан жерінен ерекшеленген жағдайда, байланыс телефондарының, факстың нөмірлерін және электрондық пошта мекенжайын, сондай-ақ нақты мекенжайын көрсете отырып, эмитенттің орналасқан жері.

2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар туралы, оларды төлеу және олар бойынша кіріс алу тәсілдері туралы мәліметтер

      3. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:

      1) облигациялардың түрі;

      2) бір облигацияның номиналдық құны (егер бір облигацияның номиналдық құны индекстелген шама болса, онда бір облигацияның номиналдық құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      3) облигациялардың саны;

      4) облигациялар шығарылымның жалпы көлемі;

      5) номиналды құн валютасы, облигациялар бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы.

      4. Орналастырылатын облигацияларға ақы төлеу тәсілі.

      5. Облигациялар бойынша кіріс алу:

      1) облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі (егер облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі индекстелген шама болса, онда облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      2) сыйақыны төлеу кезеңділігі және (немесе) облигациялар бойынша сыйақы төлеу күні;

      3) облигациялар бойынша сыйақы есептеу басталатын күн;

      4) облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары, облигациялар бойынша сыйақы алу тәсілі;

      5) облигациялар бойынша сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі.

      6. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде жобалық қаржыландыру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) ақшалай талаптардың сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары және болжанатын мерзімдері;

      2) облигациялар ұстаушыларға негізгі шарт бойынша жасалған мүліктің меншік иегерінің ауысуы туралы, кредиторлар өкілдерінің арнайы қаржы компаниясының органдарына енгізілуі және олардың өкілеттіктері туралы ақпаратты ұсыну тәртібі;

      3) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру және активтерді инвестициялық басқару мәмілесіне қызмет көрсетуге байланысты, бөлінген активтер есебінен жүзеге асырылатын шығыстарының тізбесі.

      7. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде секьюритилендіру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) оригинатордың, кастодиан-банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, арнайы қаржы компаниясының және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;

      2) секьюритилендіру мәмілесіндегі оригинатордың қызметінің мәні, құқықтары мен міндеттері;

      3) талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары, тәртібі мен мерзімдері және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;

      4) бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау тәртібі;

      5) секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметке ақы төлеуге байланысты шығыстар және оларға сәйкес арнайы қаржы компаниясы осы шығыстарды бөлінген активтерден шегеруге құқылы талаптар;

      6) оригинатордың және секьюритилендіру мәмілесіне қатысатын тұлғалардың секьюритилендіруді қолдану тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер;

      7) секьюритилендіру мәмілесін қамтамасыз ететін бөлінген активтер өсімінің мөлшері, құрамы мен болжамдық талдауы;

      8) талап ету құқықтары біртектілігінің критерийлері;

      9) облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған әр түрлі шығарылымдар облигацияларын өтеу кезектілігі.

3-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру, айналысы, өтеу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша шарттары

      8. Облигацияларды орналастыру шарттары және тәртібі:

      1) облигацияларды орналастырудың басталған күні;

      2) облигацияларды орналастырудың аяқталған күні;

      3) онда облигацияларды орналастыру жоспарланған рынок (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).

      9. Облигацияларды айналысқа жіберу шарттары және тәртібі:

      1) облигацияларды айналысқа жіберудің басталған күні;

      2) облигацияларды айналысқа жіберудің аяқталған күні;

      3) айналысқа жіберу мерзімі;

      4) онда облигацияларды айналысқа жіберу жоспарланған рынок (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).

      10. Облигацияларды өтеу шарттары және тәртібі:

      1) облигацияларды өтеу күні;

      2) облигацияларды өтеу тәсілі;

      3) егер облигацияларды өтеу кезінде сыйақыны және номиналды құнын төлеу облигациялар шығарылымы проспектісіне сәйкес өзге мүліктік құқықтармен жүргізілетін болса, ондай құқықтардың, оларды сақтау тәсілдерінің, бағалау тәртібінің сипаттамасы және көрсетілген құқықтарды жүзеге асыруға құзыретті тұлғалар, сондай-ақ осы құқықтарға өтуді іске асыру тәртібі келтіріледі.

      11. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша шарттары болған жағдайда:

      1) облигацияларды сатып алу құқықтарын іске асыру тәртібі, шарттары;

      2) облигацияларды сатып алу құқықтарын іске асыру мерзімі көрсетіледі.

4-тарау. Ковенанттар (шектеулер), олар бар болса

      12. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда көзделмеген қосымша ковенанттар (шектеулер) белгіленген жағдайда:

      1) эмитент қабылдайтын және бағалы қағаздар рыногы туралы көзделмеген ковенанттардың (шектеулердің) сипаттамасы;

      2) ковенанттар (шектеулер) бұзылған кездегі эмитенттің іс-әрекетінің тәртібі;

      3) ковенанттар бұзылған кездегі облигация ұстаушылардың іс-әрекетінің тәртібі көрсетіледі.

5-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды конвертациялау шарттары, мерзімдері мен тәртібі (конвертацияланатын бағалы қағаздарды шығару кезінде)

      13. Айырбасталатын облигациялар шығарылған кезде мынадай мәліметтер қосымша көрсетіледі:

      1) облигациялар айырбасталатын акциялардың түрi, саны және орналастыру бағасын белгілеу тәртібі, осындай акциялар бойынша құқықтар;

      2) облигацияларды айырбастау тәртібі мен талаптары (егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталатын болса, айырбастаудың аяқталу күнінен бастап 1 (бір) ай ішінде облигациялардың шығарылымы жойылуға жататыны көрсетіледі, егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталмайтын болса, осы шығарылымның сатып алынған облигациялары одан әрі орналастырылуға жатпайтыны, айналыс мерзімінің соңында өтелетіні көрсетіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 61-10-тармағында көзделген негізде және тәртіппен төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банк уәкілетті органның шешіміне сәйкес облигацияларды акцияларға айырбастау талаптарын көрсетеді.

6-тарау. Шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету болып табылатын облигациялар эмитенті мүлкінің құнын көрсете отырып, осы мүлік туралы мәліметтер (қамтамасыз етілген облигациялар бойынша)

      14. Шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету болып табылатын эмитенттің мүлкі туралы мәліметтер:

      1) осы мүліктің құнын көрсете отырып шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз етудің сипаттамасы;

      2) қамтамасыз ету құнының облигациялар шығарылымының жиынтық көлеміне пайыздық арақатынасы;

      3) кепіл затын өндіріп алу тәртібі.

      15. Атауын, орналасқан жерін, кепіл шартының деректемелерін, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері (егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе).

      16. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде - концессия шартының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттің кепілдемесін беру туралы қаулысының деректемелері.

7-тарау. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты

      17. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты:

      1) эмитент облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдаланудың нақты мақсаттары;

      2) инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде облигациялар ұстаушылар өкілінің қызметіне онымен жасалған шарттың талаптарына сәйкес ақы төлеуге байланысты шығыстар көрсетіледі.

      18. Эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен ақы төленетін облигацияларды шығару кезінде осы облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі, олардың түрі мен саны, сондай-ақ облигациялар шығару көлемі, облигациялар бойынша жинақталған және төленбеген сыйақы сомасы қосымша көрсетіледі.

8-тарау. Эмитенттің орналастырылған (акционерлік қоғам сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) он және одан көп пайызын иеленетін құрылтайшылары туралы немесе ірі акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер

      19. Эмитенттің орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) акционерлік қоғам сатып алғандарды қоспағанда) он немесе одан астам пайызына ие құрылтайшылар немесе ірі акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер:

      1) құрылтайшының немесе ірі акционердің (қатысушының) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (жеке тұлға үшін);

      2) құрылтайшының немесе ірі акционердің (қатысушының) толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлға үшін);

      3) құрылтайшыға немесе ірі акционерге (қатысушыға) тиесілі дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      4) эмитенттің құрылтайшысы немесе ірі акционері (қатысушысы) дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің он және одан астам пайызына ие бола бастаған күні.

9-тарау. Эмитенттің басқару органы және атқару органы туралы мәліметтер

      20. Эмитенттің басқару органы туралы мәліметтер:

      1) эмитенттің директорлар кеңесінің немесе бақылау кеңесінің төрағасының және мүшелерінің (директорлар кеңесіндегі тәуелсіз директорды (директорларды) көрсете отырып) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      2) эмитенттің директорлар кеңесі немесе бақылау кеңесі мүшелерінің хронологиялық тәртіппен соңғы 3 (үш) жылдағы және қазіргі уақыттағы еңбек жолы туралы мәліметтер;

      3) эмитенттің директорлар кеңесі мүшелерінің әрқайсысына тиесілі эмитенттің дауыс беруші акцияларының пайыздық арақатынасы немесе эмитенттің бақылау кеңесі мүшелерінің әрқайсысына тиесілі эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      4) еншілес және тәуелді ұйымдарда эмитенттің директорлар кеңесінің немесе бақылау кеңесінің мүшелеріне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалпы санына пайыздық арақатынасы.

      21. Эмитенттің алқалы органы немесе атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға:

      1) атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе алқалы атқарушы орган басшысының және мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның немесе алқалы атқарушы орган мүшелерінің хронологиялық тәртіппен соңғы 3 (үш) жылдағы және қазіргі уақыттағы еңбек жолы туралы мәліметтер;

      3) эмитенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаға немесе эмитенттің алқалы атқарушы органының әрбір мүшесіне тиесілі дауыс беруші акциялардың немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы.

      22. Егер эмитенттің атқарушы органының өкілеттіктері басқа коммерциялық ұйымға (басқарушы ұйымға) берілген болса, онда мыналар көрсетіледі:

      1) басқарушы ұйымның толық және қысқаша атауы, оның орналасқан жері;

      2) басқарушы ұйымның атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) не басқарушы ұйымның алқалы атқарушы органы мүшелерінің және директорлар кеңесі (бақылау кеңесі) мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      3) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалардың сайланған күні және хронологиялық тәртіппен соңғы 2 (екі) жылдағы еңбек жолы туралы мәліметтер;

      4) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаларға тиесілі басқарушы ұйымның дауыс беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) басқарушы ұйымның дауыс беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      5) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаларға тиесілі жарғылық капиталға қатысу үлестерінің эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы.

      Осы тармақтың талаптары акционерлік қоғамдарға қолданылмайды.

10-тарау. Эмитент қызметінің негізгі түрлерін көрсете отырып, эмитенттің қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметінің көрсеткіштері

      23. Эмитент қызметінің түрлері:

      1) қызметтің негізгі түрі;

      2) маусымдық сипатқа ие қызмет түрлерін және эмитенттің жалпы кірісіндегі олардың үлесін көрсете отырып эмитент қызметі түрлерінің қысқаша сипаттамасы;

      3) эмитенттің бәсекелестерi болып табылатын ұйымдар туралы мәлiметтер;

      4) эмитент қызметiнiң негiзгi түрлерi бойынша сатулардың (жұмыстардың, қызметтердің) кірістілігіне оң және теріс ықпал ететін факторлар;

      5) эмитенттің лицензиялары (патенттері) және олардың қолданылу кезеңі, зерттеулер мен әзірлемелерге, оның ішінде эмитент демеушілік көрсететін зерттеу әзірлемелеріне кеткен шығындар туралы ақпарат;

      6) эмитентке жеткізілетін (көрсетілетін) шикізаттардағы (жұмыстардағы, қызметтердегі) импорттың үлесі және эмитент экспортқа сататын (көрсететін) өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) сатылатын өнімнің (көрсетілетін жұмыстардың, қызметтердің) жалпы көлеміндегі үлесі;

      7) оның қатысуымен өткен сот процестерінің мәнін көрсете отырып, эмитент қызметінің тоқтатылу немесе өзгеру, эмитенттің активтерінің жалпы көлемінен 10 (он) және одан артық пайыз мөлшерінде одан ақшалай және өзге міндеттемелерді өндіріп алу тәуекелімен байланысты сот процестеріне эмитенттің қатысуы туралы мәліметтер;

      8) эмитенттің қызметіне ықпал ететін басқа тәуекел факторлары.

      24. Эмитент өндіретін немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалпы құнының 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын көлемде оның тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) тұтынушылар мен жеткізушілер туралы мәліметтер.

      25. Әрбір активтің тиісті баланстық құнын көрсете отырып, эмитент активтерінің жалпы көлемінің 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын эмитенттің активтері.

      26. Эмитент активтерінің баланстық құнының 10 (он) және одан астам пайызы мөлшердегі дебиторлық берешек:

      1) эмитенттің алдындағы берешегі эмитент активтерінің баланстық құнының 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын эмитент дебиторларының атауы;

      2) тиісті өтелетін сомалар (жуырдағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.

      27. Эмитент міндеттемелерінің баланстық құнының 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын эмитенттің кредиторлық берешегі:

      1) эмитент кредиторларының атауы;

      2) тиісті өтелетін сомалар (жуырдағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.

      28. Эмитент левереджінің шамасы.

      Эмитенттің левередж шамасы соңғы әр аяқталған екі қаржы жылының соңғы күніндегі жағдай бойынша, сондай-ақ облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша не облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның қорытындылары бойынша эмитенттің қаржылық есептілігі проспектінің ажырамас бөлігі болса - облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша көрсетіледі.

      29. Аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігі негізінде есептелген соңғы аяқталған екі қаржы жылында эмитент қызметінен алынған ақша қаражатының таза ағыны.

      30. Облигациялардың осы шығарылымы туралы шешім қабылданған күнге дейін эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының барлық тіркелген шығарылымдары туралы мәліметтер (өтелген және жойылған облигациялар шығарылымын қоспағанда):

      әрбір шығарылымның борыштық бағалы қағаздарының жалпы саны, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының мемлекеттік тіркелу нөмірі және мемлекеттік тіркелу күні, әрбір шығарылым бойынша орналастырылған борыштық бағалы қағаздардың саны, сондай-ақ борыштық бағалы қағаздарды орналастыру кезінде тартылған ақшаның жалпы көлемі, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымы бойынша есептелген және төленген сыйақының сомасы, оларды сатып алу күнін көрсете отырып, сатып алынған борыштық бағалы қағаздардың саны;

      орындалмаған міндеттемелердің мөлшері және олардың орындалу мерзімінің өтіп кету мерзімі туралы ақпаратты қоса алғанда, эмитенттің бағалы қағаздар ұстаушылар алдындағы өз міндеттемелерін орындамау фактілері туралы мәліметтер (облигациялар бойынша сыйақыны төлемеу (төлеуді кешіктіру), акциялар бойынша дивидендтер төлемеу (төлеуді кешіктіру), бағалы қағаздар бойынша есептелген, бірақ төленбеген сыйақылар сомасы (түрлері мен шығарылымдары бойынша жеке-жеке);

      егер қандай да бір бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік емес бағалы қағаздарын орналастыру не айналысқа енгізу тоқтатылған (жалғастырылған) жағдайда, ондай шешімдер қабылдаған мемлекеттік орган, оларды қабылдау негіздемесі мен күні көрсетіледі;

      сауда-саттықты ұйымдастырушылардың атауларын қоса алғанда, эмитенттің бағалы қағаздары айналыста болатын нарықтар;

      бұдан бұрын шығарылған, айналыстағы облигациялардың әрбір түрімен оларды ұстаушыларға берілетін құқықтар, оның ішінде ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібін көрсете отырып, шектеулер (ковенанттар) бұзылған кезде іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар.

11-тарау. Эмитент және оның орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздары туралы қосымша мәліметтер

      31. Облигацияларды ұстаушыға ұсынылатын құқықтар:

      1) эмитенттен облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген облигацияның номиналды құнының мерзімін алу немесе өзге мүліктік баламасын алу құқығы, сондай-ақ ол бойынша белгіленген облигациялардың номиналды құнының пайызын немесе облигациялар шығарылымы проспектісінде белгіленген өзге де мүліктік құқықты алу құқықтары;

      2) эмитенттің облигацияларды, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген ковенанттарды (шектеулерді) бұзған кезде жүзеге асыру шарттары, тәртібі және мерзімі көрсетілген сатып алу талабының құқықтары;

      3) өзге құқықтар.

      32. Туындаған жағдайда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар туралы мәлімет:

      1) туындаған жағдайда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар тізбесі;

      2) облигацияларды ұстаушылардың сыйақы төлемі бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған кезде құқықтарын қорғау рәсімін, оның ішінде міндеттеме тәртібі және қайта құрылымдау талаптарын қоса алғанда, облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда эмитент қабылдайтын шаралар;

      3) эмитенттің орындалмаған міндеттемелердің көлемі, орындалмаған міндеттемелердің себебі, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру жөніндегі мүмкін болатын іс-әрекеттері, облигацияларды ұстаушылардың эмитентке, эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғаларға талап қою өтінішінің тәртібі туралы мәліметтерден тұратын дефолт фактісі туралы ақпаратты облигацияларды ұстаушыларға жеткізу тәртібі, мерзімі және тәсілі;

      4) эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғалармен шарт жасалған күні мен нөмірі, тұлғаның толық атауы және заңды тұлғаның (ондай тұлғалар бар болса) мемлекеттік тіркеуден өткен күні мен нөмірі.

      33. Эмитенттің облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы.

      34. Эмитенттің орналастырылатын облигацияларды сатып алуына байланысты тәуекелдер:

      1) салалық тәуекелдер - эмитенттің саласындағы оның қызметіне бағалы қағаздар бойынша нашарлауы мүмкін жағдайының әсері және міндеттемелерін орындауы сипатталады. Эмитенттің пікірі бойынша, салада болуы мүмкін аса маңызды (ішкі және сыртқы нарықта бөлек жеке) өзгерістер, сондай-ақ эмитенттің бұл жағдайда болжалды әрекеттері келтіріледі.

      Эмитенттің өз қызметінде қолданатын шикізатқа, қызметтерге бағаның өзгеру (ішкі және сыртқы нарықта бөлек жеке) ықтималдығына байланысты тәуекелдер және олардың эмитент қызметі мен бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындауына әсері бөлек сипатталады.

      Эмитенттің өніміне және (немесе) қызметтеріне бағаның өзгеру (ішкі және сыртқы нарықта бөлек жеке) ықтималдығына байланысты тәуекелдер және олардың эмитент қызметі мен бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындауына әсері бөлек сипатталады;

      2) қаржы тәуекелдері - эмитенттің қаржылық жағдайының пайыздық мөлшерлемелердің қолайсыз өзгеруіне, шетел валюталарының айырбас бағамына, сондай-ақ бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдарының нарықтық бағасына байланысты тәуекелдерге ұшырауын сипаттайды.

      Эмитенттің қаржылық активтердің және эмитенттің қаржылық міндеттемелерінің теңгерімсіздігінен туындайтын міндеттемелерін толық көлемде орындалуын қамтамасыз ете алмауы (соның ішінде эмитенттің бір немесе бірнеше контрагенттерінің қаржылық міндеттемелерін уақтылы орындамауы салдарынан) және (немесе) эмитенттің қаржы міндеттемелерін дереу және бір реттік орындауына болжанбаған қажеттіліктің туындауы салдарынан болған эмитенттің шығындарымен байланысты тәуекелдер бөлек сипатталады.

      Эмитенттің қаржылық есептілігі көрсеткіштерінің қайсысы қаржылық тәуекелдердің ықпалы, олардың пайда болуы ықтималдығы және есептіліктегі өзгерістердің сипаты нәтижесінде өзгеріске аса шалдыққыш екені көрсетіледі;

      3) құқықтық тәуекел - Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің мыналардың:

      Қазақстан Республикасының валюталық, салықтық, кедендік заңнамасының өзгеруі;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің негізгі қызметіне қойылатын лицензиялау талаптары;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын және жасалған шарттардың талаптарын сақтамауы;

      қызметті жүзеге асырудағы жіберілген құқықтық қателіктер (дұрыс емес заң консультациясын алу немесе құжаттарды дұрыс жасамау, соның ішінде сот органдарындағы даулы мәселелерді қарастыру кезінде) салдарынан шығынға ұшырау тәуекелін сипаттайды;

      4) іскерлік беделінен айырылу тәуекелі (беделдік тәуекел) - эмитенттің қаржылық тұрақтылығы, қаржылық жағдайы, оның өнім (жұмыс, қызмет) сапасы немесе жалпы қызмет сипаты туралы теріс ұғым қалыптасу салдарынан эмитент клиентінің (контрагенттері) санының азаюы нәтижесінде залал шегу тәуекелінің туындауы мүмкін екені суреттеледі;

      5) стратегиялық тәуекел - эмитенттің қызмет және даму стратегиясын (стратегиялық басқаруын) анықтайтын шешімдерді қабылдау кезінде жіберілген қателік (кемшілік) нәтижесінде туындауы мүмкін және эмитенттің қызметіне қауіп төндіруі мүмкін ықтимал катерді есепке алмағанында немесе тиісті түрде есепке алмағанында білінетін, эмитент бәсекелестерінің алдында басымдыққа ие болуы мүмкін қызметінің келешегі бар бағыттарын дұрыс емес немесе толық негіздемесіз белгіленгенін, эмитент қызметінің стратегиялық мақсатына қолжеткізуді қамтамасыз етуі тиіс қажетті ресурстардың (қаржылық, материалды-техникалық, адами) және ұйымдастыру шараларының жоқтығын немесе толық көлемде қамсыздандырылмағанын көрсететін тәуекел;

      6) эмитенттің қызметіне байланысты тәуекел - тек эмитентке тән немесе қоғамның жүргізетін негізгі қаржы-шаруашылық қызметіне байланысты тәуекелдер сипатталады, соның ішінде мынаған байланысты тәуекелдер:

      эмитенттің белгілі бір қызмет түрін жүргізуге немесе айналыста болуы шектелген объектілерді (соның ішінде табиғи ресурстарды) пайдалануға лицензияның қолданыс мерзімін ұзарту мүмкіндігінің жоқтығы;

      эмитенттің үшінші тұлғалардың, соның ішінде эмитенттің еншілес қоғамдарының борыштары бойынша мүмкін жауапкершіліктері;

      айналымына эмитент өнімін (жұмысын, қызметін) сатудан түскен жалпы түсімінен кем дегенде 10 пайызы келетін тұтынушыдан айырылу ықтималдығы;

      7) елдік тәуекел - экономикалық, саяси, әлеуметтік өзгерістерге байланысты шетелдік контрагенттердің (заңды тұлғалардың, жеке тұлғалардың) міндеттемелерін орындамау салдарынан, сондай-ақ ақшалай міндеттеменің валютасы контрагент үшін өз резидент елінің заңнамасының ерекшеліктеріне байланысты қол жетімді болмауы салдарынан (контрагенттің өзінің қаржылық жағдайына қарамастан) эмитенттің шығынға ұшырау қаупін сипаттайды;

      8) операциялық тәуекел - эмитенттің қызметкерлері жасаған ішкі процестерді жүзеге асырудағы кемшіліктер немесе қателер, ақпараттық жүйелер мен технологиялардың дұрыс жұмыс істемеуі, сондай-ақ сыртқы оқиғалар салдарынан болатын шығыстар (шығындар) тәуекелін сипаттайды.

      35. Эмитент қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржы топтары, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат:

      1) эмитент қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдер, эмитенттің бұл ұйымдардағы рөлі (орны), функциялары және қатысу мерзімі атап көрсетіледі;

      2) эмитенттің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдер өзге мүшелерінен аса тәуелді болса, бұл жағдай атап көрсетіледі және мұндай тәуелділіктің сипаты толық баяндалады.

      36. Эмитенттің еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлғалары болған жағдайда, осындай әр заңды тұлға бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) толық және қысқартылған атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса), орналасқан жері;

      2) заңды тұлғаны эмитентке қатысты еншілес және (немесе) тәуелді деп тану негіздері;

      3) егер еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлға акционерлік қоғам болған жағдайда, эмитенттің еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің көлемі - сондай акционерлік қоғамның эмитентке тиесілі дауыс беруші акцияларының үлесі.

      37. Эмитент жарғылық капиталының он және одан көп пайызына иелік ететін ұйымдар туралы мәліметтер (осы қосымшаның 35-тармағында көрсетілген заңды тұлғаларды қоспағанда), әрбір сондай ұйымды көрсете отырып:

      толық және қысқартылған атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса), орналасқан жері;

      эмитенттің жарғылық капиталындағы үлесі, ал сондай ұйым акционерлік қоғам болған жағдайда - сондай акционерлік қоғамның эмитентке тиесілі дауыс беруші акцияларының үлесі.

      38. Эмитенттің кредиттік рейтингтері туралы мәліметтер:

      1) эмитентке және (немесе) эмитенттің бағалы қағаздарына кредиттік рейтинг (рейтингтер) берілген жағдайда эмитентке белгілі әрбір кредиттік рейтингтер бойынша соңғы аяқталған үш есепті жыл үшін, ал егер эмитент өз қызметін кемінде 3 (үш) жыл жүзеге асырған болса - әрбір аяқталған есепті жыл үшін:

      кредиттік рейтингті беру объектісі (эмитент, эмитенттің бағалы қағаздары);

      уәкілетті органға облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) тіркеуге құжаттарды берген күннің алдындағы күндегі кредиттік рейтингтің мәні;

      уәкілетті органға облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) тіркеуге құжаттарды берген күннің алдындағы соңғы аяқталған үш есепті 3 (жыл) үшін, ал егер эмитент өз қызметін кемінде 3 (үш) жыл жүзеге асырған болса, кредиттік рейтингтің мәнін және кредиттік рейтингтің мәні берілген (өзгерген) күнін көрсете отырып, уәкілетті органға облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) тіркеуге құжаттарды берген күннің алдындағы әрбір аяқталған есепті жыл үшін кредиттік рейтинг мәндерінің өзгеру тарихы;

      кредиттік рейтинг берген ұйымның толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері;

      эмитент өзінің қалауы бойынша көрсететін кредиттік рейтинг туралы өзге де мәліметтер көрсетіледі;

      2) эмитенттің бағалы қағаздары кредиттік рейтинг берілген объект болған жағдайда халықаралық сәйкестендіру нөмірі (код ISIN) және ол берілген күн, сондай-ақ кредиттік рейтинг берген рейтингтік агенттіктің атауы қосымша көрсетіледі.

      39. Эмитенттің облигацияларын ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер (қамтамасыз етілген, инфрақұрылымдық немесе ипотекалық облигациялар шығарылған жағдайда):

      1) облигацияларды ұстаушылар өкілінің толық және қысқартылған атауы;

      2) облигацияларды ұстаушылар өкілінің орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) эмитенттің облигациялар ұстаушылардың өкілімен жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      40. Эмитенттің төлем агенті туралы мәліметтер (бар болса):

      1) төлем агентінің толық атауы;

      2) төлем агентінің және оның бағалы қағаздар бойынша кірістерді (облигациялардың номиналды құнын) төлейтін барлық филиалдарының орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері, деректері;

      3) эмитенттің төлем агентімен жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      41. Эмитенттің консультанттары туралы мәліметтер (Бағалы қағаздар туралы заңға сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету бойынша шарт жасасу міндеті белгіленген жағдайда):

      1) эмитенттің акцияларын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін тұлғаның толық және қысқартылған атауы;

      2) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін тұлғаның орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері;

      3) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін тұлғамен эмитенттің жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      Егер, эмитенттің пікірі бойынша, мұндай мәліметтерді жария ету эмитенттің бағалы қағаздарын сатып алу туралы шешім қабылдау үшін маңызды болса, эмитенттің басқа консультанттары туралы мәліметтер көрсетіледі.

      42. Эмитенттің аудиторлық ұйымы туралы мәліметтер:

      1) тиісті аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдарға тиістілігін көрсете отырып, эмитенттің соңғы аяқталған 2 (екі) қаржы жылы үшін қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асырған (жүзеге асыратын) аудиторлық ұйымдардың толық ресми атауы (аудитордың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      2) телефон және факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы (бар болса).

      43. Осы қосымшаның 19, 20, 21 және 22-тармақтарында көрсетілмеген, бірақ "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі және "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес эмитенттің үлестес тұлғалары болып табылатын эмитенттің үлестес тұлғалары:

      1) жеке тұлға үшін - эмитенттің үлестес тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      2) заңды тұлға үшін - эмитенттің үлестес тұлғасының толық атауы, орналасқан жері және бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).

      Егер осы заңды тұлға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылса, онда қатысу үлесін көрсете отырып, осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің он және одан да көп пайызын иеленетін қатысушылары туралы мәліметтер көрсетіледі:

      жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      заңды тұлға үшін - толық атауы, орналасқан жері;

      3) оларды эмитенттің үлестес тұлғаларына жатқызудың негізі және эмитентпен үлестес болған күн.

      Эмитент жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының он немесе одан көп пайызына иелік ететін, заңды тұлға болып табылатын эмитенттің үлестес тұлғасына қатысты қосымша:

      эмитент жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының он немесе одан көп пайызына иелік ететін заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері және бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса);

      эмитентке тиесілі жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының осы заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы орналастырылған акциялардың немесе қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық қатынасы;

      эмитент жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының он немесе одан көп пайызына иелік ететін заңды тұлғаның негізгі қызмет түрлері;

      эмитент осы заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы акциялардың немесе акциялардың он немесе одан да көп процентін иеленген күн;

      заңды тұлға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылса, онда қатысу үлесін көрсете отырып, осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің он және одан да көп пайызын иеленетін өзге қатысушылары туралы мәліметтер көрсетіледі:

      жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      заңды тұлға үшін - толық атауы, орналасқан жері.

      Арнайы қаржы компаниясы облигацияларды шығарған кезде, үлестестікті тану және оның пайда болу күнін көрсете отырып, секьюритилендіру мəмілесіне тараптардың аффилиирленуі туралы ақпаратты ашып көрсетеді.

      44. Эмитенттің облигациялар шығарылымына және оларға қызмет көрсетуге жұмсаған шығындарының сомасы, сондай-ақ осы шығындардың қалай төленетіні туралы мәліметтер.

      45. Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеген кезде осы қосымшаның 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 31, 32, 33, 39, 40, 41 және 44-тармақтары толтырылмайды.

      46. Тұрақтандыру банкі осы қосымшаның 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43 және 44-тармақтарын толтырмайды.

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымының проспектісін
(облигациялық бағдарлама
проспектісін), мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымының
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне)
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды, мемлекеттік
емес облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны жасау
және ресімдеу қағидаларына
2-қосымша

Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің құрылымы

      1. Облигациялар шығарылымы облигациялық бағдарламаның проспектісіне сәйкес жүзеге асырылатыны туралы ақпарат (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес эмитенттің толық атауы (Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитент үшін) немесе заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын өзге құжатқа сәйкес (Қазақстан Республикасының резиденті эмитент үшін) эмитенттің толық атауы).

      2. Облигациялық бағдарлама туралы мәліметтер:

      1) облигациялық бағдарлама проспектісін мемлекеттік тіркеу күні;

      2) облигациялық бағдарламаның шығарылымы жүзеге асырылатын шегіндегі көлемі;

      3) облигациялық бағдарлама шегіндегі барлық алдыңғы облигациялар шығарылымдары туралы мәліметтер (осы облигациялық бағдарлама шегіндегі әр шығарылым бойынша бөлек жеке), оның ішінде:

      облигациялар шығарылымын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) тіркеу күні;

      облигациялардың түрі және саны;

      шығарылымның номиналды құны бойынша көлемі;

      орналастырылған облигациялар шығарылымының саны;

      облигацияларды орналастыру кезінде тартылған ақша көлемі;

      осы облигациялар шығарылымы бойынша есептелген және төленген сыйақы сомасы;

      сатып алынған күні көрсетілген сатып алынған облигациялардың саны;

      эмитенттің облигацияларды ұстаушылардың алдында өз міндеттемелерін орындамаған фактісі туралы мәлімет (облигациялар бойынша сыйақы төлемегені (төлемін кешіктіргені), орындалмаған міндеттемелер көлемі және оларды орындау мерзімін ұзарту туралы ақпаратты қоса, облигациялар бойынша есептелген, бірақ төленбеген сыйақы сомасы;

      облигациялар шығарылымының мемлекеттік емес бағалы қағаздарын орналастыру не айналысы тоқтатылған (жаңартылған) болса, сондай шешімді қабылдаған мемлекеттік орган, негіздемесі және оны қабылдаған күні көрсетіледі;

      облигациялар айналысы жүретін нарықтар, сауда-саттық ұйымдастырушыларының атауларын қоса алғанда;

      ұстаушылардың айналысындағы облигациялармен ұсынылатын құқықтары, соның ішінде шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кезде жүзеге асырылған және ұстаушылардың аталған құқықтарын жүзеге асыру тәртібі көрсетілген, ұстаушылармен жасалған сатып алу-сату шарттарымен қарастырылған құқықтары.

      3. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:

      1) облигациялардың түрі;

      2) бір облигацияның номиналды құны (егер бір облигацияның номиналды құны индекстелген шама болып табылса, онда бір облигацияның номиналды құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      3) облигациялардың саны;

      4) облигациялар шығарылымының жалпы көлемі;

      5) облигациялар бойынша номиналды құнының валютасы, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы.

      4. Орналастырылатын облигацияларға ақы төлеу тәсілі.

      5. Облигациялар бойынша кіріс алу:

      1) облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі (егер облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі индекстелген шама болып табылса, онда облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      2) облигациялар бойынша сыйақы төлеу кезеңділігі және (немесе) сыйақы төлеу күні;

      3) облигациялар бойынша сыйақыны есептеу басталған күн;

      4) облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары, облигациялар бойынша сыйақы алу тәсілі;

      5) облигациялар бойынша сыйақыны есептеуге қолданылатын уақыт кезеңі.

      6. Жобалық қаржыландыру кезінде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығарған кезде:

      1) ақшалай талаптардың сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақшаның түсу талаптары және болжамды мерзімдері;

      2) облигацияларды ұстаушыларға негізгі шарт бойынша құрылған мүліктің меншік иегерінің ауысқаны туралы, кредиторлардың өкілдерін арнайы қаржы компаниясының органдарына енгізу және олардың өкілеттіктері туралы ақпарат ұсыну тәртібі;

      3) бөлінген активтердің есебінен жүзеге асырылатын жобалық қаржыландыру және активтерді инвестициялық басқару мәмілесіне қызмет көрсетуге байланысты арнайы қаржы компаниясы шығыстарының тізбесі.

      7. Секьюритизация кезінде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығарған кезде:

      1) оригинатордың, кастодиан банкінің, инвестициялық портфельді басқарушының, арнайы қаржы компаниясының және берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдер алымын жүзеге асыратын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;

      2) секьюритизация мәмілесіндегі оригинатордың қызметінің мәні, құқықтары мен міндеттері;

      3) талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақшаның түсу талаптары, тәртібі мен мерзімдері, және олардың орындалуына бақылау жүргізу тәртібі;

      4) берілген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялау тәртібі;

      5) секьюритизация мәмілесі бойынша қызмет төлеміне байланысты шығыстар, және арнайы қаржы компаниясына осы шығыстарды берілген активтерден шегеруге құқық беретін талаптар;

      6) оригинатордың және секьюритизация мәмілесіне қатысушы тұлғалардың секьюритизацияны қолдану тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер;

      7) секьюритизация мәмілесін қамтамасыз ететін берілген активтердің мөлшері, құрамы және өсімінің болжамды талдауы;

      8) талап ету құқықтары біртектілігінің белгісі;

      9) облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған түрлі шығарылымдар облигацияларын өтеу кезектілігі.

      8. Облигацияларды орналастыру талаптары мен тәртібі:

      1) облигацияларды орналастыру басталған күн;

      2) облигацияларды орналастыру аяқталған күн;

      3) облигацияларды орналастыру жоспарланған нарық (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы).

      9. Облигациялар айналысының талаптары мен тәртібі:

      1) облигациялар айналысы басталған күн;

      2) облигациялар аяқталған күн;

      3) айналыс мерзімі;

      4) облигациялар айналысы жоспарланған нарық (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы).

      10. Облигацияларды өтеу талаптары мен тәртібі:

      1) облигацияларды өтеу күні;

      2) облигацияларды өтеу тәсілі;

      3) егер облигацияларды өтеу кезінде сыйақыны және номиналды құнын төлеу облигациялар шығарылымының проспектiсiне сәйкес өзге мүліктік құқықтармен жүргізілетін болса, осы құқықтардың, олардың сақталу тәсілдерінің, бағалау тәртібінің және көрсетілген құқықтарды бағалауды жүзеге асыруға құқылы тұлғалардың, сондай-ақ осы құқықтардың өтуін іске асыру тәртібінің сипаттамасы келтіріледі.

      11. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша талаптары болған жағдайда:

      1) облигацияларды сатып алу құқығын іске асыру тәртібі, талаптары;

      2) облигацияларды сатып алу құқығын іске асыру мерзімдері көрсетіледі.

      12. Егер эмитент облигацияларды шығару кезінде Бағалы қағаздар туралы заңда көзделмеген қосымша ковенанттар (шектеулер) қабылдаған жағдайда:

      1) эмитент қабылдайтын және Бағалы қағаздар туралы заңда көзделмеген ковенанттардың (шектеулердің) сипаттамасы;

      2) эмитенттің ковенанттар (шектеулер) бұзылған кездегі әрекеттерінің тәртібі;

      3) облигацияларды ұстаушылардың ковенанттар (шектеулер) бұзылған кездегі әрекеттерінің тәртібі.

      13. Айырбасталатын облигацияларды шығарған кезде мынадай мәліметтер қосымша көрсетіледі:

      1) облигациялар айырбасталатын акциялардың түрі, саны және оларды орналастыру, осы акциялар бойынша құқықтар;

      2) облигацияларды айырбастау тәртібі мен талаптары (егер облигациялар шығарылымы толықтай айырбасталатын болса, онда айырбастау аяқталған күннен бастап 1 (бір) айдың ішінде облигациялар шығарылымы күшінің жойылатындығы көрсетіледі, ал егер облигациялар шығарылымы толықтай айырбасталмайтын болса, онда осы шығарылымның сатып алынған облигацияларының бұдан әрі орналастырылмай, айналыс мерзімінің соңында өтелетіндігі көрсетіледі).

      Банктер туралы заңның 61-10-бабында көзделген негізде және тәртіппен төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банк уәкілетті органның шешіміне сәйкес облигацияларды акцияларға айырбастау талаптарын көрсетеді.

      14. Шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді толық не ішінара қамтамасыз ететін эмитенттің мүлігі туралы мәліметтер:

      1) осы мүліктің бағасын, салық туралы шарттың деректемелерін көрсете отырып, шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету сипаттамасы;

      2) қамтамасыз ету бағасының облигациялар шығарылымының жиынтық көлеміне пайыздық арақатынасы;

      3) кепіл затын өндіріп алу айналысы тәртібі.

      15. Кепілдік берген банктің деректері, атауы, орналасқан жері, кепілдік туралы шарттың деректемелері, кепілдіктің мерзімі мен талаптары (егер облигациялар банк кепілдігімен қамтамасыз етілсе).

      16. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде - концессия шартының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттің кепілдемесін беру туралы қаулысының деректемелері.

      17. Облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны нысаналы пайдалану мақсаты:

      1) эмитенттің облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдаланудың нақты мақсаты;

      2) инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде облигациялар ұстаушылар өкілінің қызметіне онымен жасалған шарттың талаптарына сәйкес ақы төлеуге байланысты шығыстар көрсетіледі.

      18. Эмитент бұрын орналастырған (эмитент сатып алған облигацияларды шегергенде), айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен ақы төленетін облигацияларды шығару кезінде осы облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі, олардың түрі мен саны, сондай-ақ облигациялар шығару көлемі, облигациялар бойынша жинақталған және төленбеген сыйақы сомасы қосымша көрсетіледі.

      19. Облигацияларды ұстаушыға ұсынылатын құқықтар:

      1) эмитенттен облигациялар шығарылымы проспектісінде қарастырылған облигацияның номиналды құнының мерзімін алу немесе өзге мүліктік баламасын алу құқығы, сондай-ақ ол бойынша белгіленген облигациялардың номиналды құнының пайызын немесе облигациялар шығарылымы проспектісінде белгіленген өзге де мүліктік құқықты алу құқықтары;

      2) эмитенттің облигацияларды, соның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде қарастырылған ковенанттарды (шектеулерді) бұзған кезде жүзеге асыру шарттары, тәртібі және мерзімі көрсетілген сатып алу талабының құқықтары;

      3) өзге құқықтары.

      20. Туындаған жағдайда эмитенттің облигациялар бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар туралы мәлімет:

      1) туындаған жағдайда эмитенттің облигациялар бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар тізбегі;

      2) облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда эмитент қабылдайтын шаралар, соның ішінде, облигацияларды ұстаушыларының облигациялардың кіріс төлемі бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған кезде құқықтарын қорғау рәсімін қоса, оның ішінде міндеттеме тәртібі және қайта құрылымдау талаптары;

      3) эмитенттің облигацияларды ұстаушыларының назарына орындалмаған міндеттемелерінің көлемі, орындалмаған міндеттемелерінің себебі, облигацияларды ұстаушыларының өз талаптарын қанағаттандыру жөніндегі мүмкін іс-әрекеттерінің тізбегі, облигацияларды ұстаушыларының эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғаларға талап қою өтінішінің тәртібі туралы мәліметі бар дефолт фактісі жайында ақпаратты жеткізу тәртібі, мерзімі және әдісі;

      4) эмитенттің облигациялар бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғалармен шарт жасалған күні мен нөмірі, тұлғаның толық атауы және заңды тұлғаның (сондай тұлға бар болса) мемлекеттік тіркеуден өткен күні мен нөмірі.

      21. Эмитенттің облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы.

      22. Эмитенттің облигацияларды ұстаушыларының өкілі туралы мәлімет (қамтамасыз етілген, инфрақұрылымдық және ипотекалық облигацияларды шығарған жағдайда):

      1) облигацияларды ұстаушылар өкілінің толық және қысқартылған атауы;

      2) облигацияларды ұстаушылар өкілінің орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) облигацияларды ұстаушылар өкілімен эмитент жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      23. Эмитенттің төлем агенті (бар болса) туралы мәліметтер:

      1) төлем агентінің толық және қысқартылған атауы;

      2) төлем агентінің және бағалы қағаздар бойынша кіріс төлемін (облигациялардың номиналды құнын) жүзеге асыратын оның филиалдарының орналасқан жері, байланыс телефондары, деректемелері;

      3) төлем агентімен эмитент жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      24. Эмитенттің консультанттары туралы мәліметтер (Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсету жөнінде шарт жасасу міндеті белгіленген жағдайда):

      1) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның толық және қысқартылған атауы;

      2) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғамен эмитент жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      Эмитенттің өзге де консультанттары туралы мәліметтер, егер эмитенттің пікірі бойынша, мұндай мәліметтерді жария ету эмитенттің бағалы қағаздарын сатып алу туралы шешім қабылдау үшін маңызды болса, осы тармақта көрсетіледі.

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымы проспектісін
(облигациялық бағдарлама
проспектісін), мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне)
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды, мемлекеттік
емес облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны жасау және
ресімдеу қағидаларына
3-қосымша

Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымы

1-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің атауы және орналасқан жері туралы ақпарат

      1. Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің оның орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын құжатқа сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің атауы:

      1) осындай құжатты берген Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің мемлекеті органының атауын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің оның орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде құрылғанын және тіркелгенін растайтын құжаттың күні мен нөмірі;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің толық және қысқаша атауы;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің атауы өзгерген жағдайда оның барлық бұрынғы толық және қысқаша атаулары, сондай-ақ олардың өзгертілген күндері көрсетіледі;

      4) егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитент заңды тұлғаны (заңды тұлғаларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған болса, онда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитентке қатысты құқық мирасқорлығы туралы мәліметтер көрсетіледі;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің филиалдары мен өкілдіктері болған жағдайда, олардың атаулары, тіркелген күндері, орналасқан жерлері және Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің барлық филиалдары мен өкілдіктерінің почта мекенжайлары көрсетіледі;

      6) ISO 17442 "Financial services - Legal Entity Identifier" (LEI) халықаралық стандарттарына сәйкес (бар болса) Legal Entity Identifier коды.

      2. Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің орналасқан жері, байланыс телефондарының, факстың нөмірлері және Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің электрондық почта мекенжайы, сонымен қатар, егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің нақты мекенжайы Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің орналасқан мекенжайынан бөлек болса нақты мекенжайы.

2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар туралы, оларды төлеу және олар бойынша кіріс алу тәсілдері туралы мәліметтер

      3. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:

      1) облигациялардың түрі;

      2) бір облигацияның номиналды құны (егер бір облигацияның номиналды құны индекстелген шама болса, онда бір облигацияның номиналдық құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      3) облигациялардың саны;

      4) облигациялар шығарылымының жалпы көлемі;

      5) номиналды құн валютасы, облигациялар бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы.

      4. Орналастырылатын облигацияларға ақы төлеу тәсілі.

      5. Облигациялар бойынша кіріс алу:

      1) облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі (егер облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі индекстелген шама болса, онда облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      2) сыйақыны төлеу кезеңділігі және (немесе) облигациялар бойынша сыйақы төлеу күні;

      3) облигациялар бойынша сыйақы есептеу басталатын күн;

      4) облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары, облигациялар бойынша сыйақы алу тәсілі;

      5) облигациялар бойынша сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі.

3-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру, айналысы, өтеу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша шарттары

      6. Облигацияларды орналастыру шарттары мен тәртібі:

      1) облигацияларды орналастыру басталған күн;

      2) облигацияларды орналастыру аяқталған күн;

      3) облигацияларды орналастыру жоспарланып отырған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).

      7. Облигациялардың айналысы шарттары мен тәртібі:

      1) облигациялардың айналысы басталған күн;

      2) облигациялардың айналысы аяқталған күн;

      3) айналыс мерзімі;

      4) облигациялардың орналастыру жоспарланып отырған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).

      8. Облигацияларды өтеу шарттары мен тәртібі:

      1) облигацияларды өтеу күні;

      2) облигацияларды өтеу тәсілі;

      3) егер облигацияларды өтеу кезінде сыйақыны және номиналды құнын төлеу облигациялар шығарылымы проспектісіне сәйкес өзге мүліктік құқықтармен жүргізілетін болса, осы құқықтардың, оларды сақтау тәсілдерінің, бағалау тәртібінің және көрсетілген құқықтарды бағалауды жүзеге асыруға құқылы тұлғалардың, сондай-ақ осы құқықтардың біреуге өтуін іске асыру тәртібінің сипаттамалары келтіріледі.

      9. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша шарттары болған жағдайда:

      1) облигацияларды сатып алу құқығын сату тәртібі, шарттары;

      2) облигацияларды сатып алу құқығын сатып өткізу мерзімі.

4-тарау. Ковенанттар (шектеулер), олар бар болса

      10. Бағалы қағаздар нарығы туралы заңында көзделмеген қосымша ковенанттар (шектеулер) белгіленбеген болса:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитент қабылдайтын және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңында көзделмеген ковенанттардың (шектеулердің) сипаттамасы;

      2) ковенанттарды (шектеулерді) бұзған кезде Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің іс-әрекет ету тәртібі;

      3) ковенанттарды бұзған кезде облигациялар ұстаушылардың іс-әрекет ету тәртібі.

5-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды конвертациялау шарттары, мерзімдері мен тәртібі (конвертацияланатын бағалы қағаздарды шығару кезінде)

      11. Айырбасталатын облигацияларды шығару кезінде мынадай мәліметтер қосымша көрсетіледі:

      1) облигациялар айырбасталатын атын акциялардың түрi, саны және орналастыру бағасы, осындай акциялар бойынша құқықтар;

      2) облигацияларды айырбастау тәртібі мен талаптары (егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталатын болса, айырбастау аяқталған күнінен бастап 1 (бір) ай ішінде облигациялардың шығарылымы жойылуға жататыны көрсетіледі, егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталмайтын болса, осы шығарылымның сатып алынған облигациялары одан әрі орналастырылуға жатпайтыны, айналыс мерзімінің соңында өтелетіні көрсетіледі).

6-тарау. Шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету болып табылатын облигациялар Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитент мүлкінің құнын көрсете отырып, осы мүлік туралы мәліметтер (қамтамасыз етілген облигациялар бойынша)

      12. Шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету болып табылатын облигациялар Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитентінің мүлігі туралы мәліметтер:

      1) осы мүліктің құнын, кепіл туралы шарттың деректемелерін көрсете отырып, шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз етудің сипаттамасы;

      2) қамтамасыз ету құнының облигациялар шығарылымының жиынтық көлеміне пайыздық арақатынасы;

      3) кепіл затын өндіріп алу тәртібі.

      13. Атауын, орналасқан жерін, кепіл шартының деректемелерін, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген екiншi деңгейдегі банктің деректері (егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе).

7-тарау. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты

      14. Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдаланудың нақты мақсаты.

      15. Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитент бұрын шығарған, айналыс мерзімі өткен облигациялар (Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенті сатып алған облигацияларды шегергенде) бойынша төлемі талап ету құқықтарымен жүргізілген облигацияларды шығару кезінде осы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі, олардың түрі мен саны, сондай-ақ облигациялар шығарылымының көлемі, облигациялар бойынша жинақталған және төленбеген сыйақы сомасы қосымша көрсетіледі.

8-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің орналастырылған (акционерлік қоғам сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) он және одан көп пайызын иеленетін құрылтайшылары туралы немесе ірі акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер

      16. Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің орналастырылған (акционерлік қоғам сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) он және одан көп пайызын иеленетін құрылтайшылары немесе ірі акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер:

      1) құрылтайшының немесе ірі акционердің (қатысушының) тегі, аты әкесінің аты (ол бар болса) (жеке тұлға үшін);

      2) құрылтайшының немесе ірі акционердің (қатысушының) толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлға үшін);

      3) құрылтайшыға немесе ірі акционерге (қатысушыға) тиесілі дауыс беруші акциялардың немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің дауыс беруші акциялардың немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      4) құрылтайшы немесе ірі акционер (қатысушы) дауыс беруші акциялардың немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің он және одан көп пайызына ие болған күн.

9-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің басқару және атқару органдары туралы мәліметтер

      17. Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің органдары.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитент органдарының құрылымы мен жеке құрамы және олардың Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитент мемлекетінің заңнамасына, Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің құрылтай және басқа ішкі құжаттарына сәйкес құзыреті көрсетіледі.

10-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитент қызметінің негізгі түрлерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметінің көрсеткіштері

      18. Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитент қызметінің түрлері:

      1) негізгі қызмет түрі;

      2) науқандық сипаттағы қызметінің түрлерін және олардың Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің жалпы кірісіндегі үлесін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің қызметі түрлерінің қысқаша сипаттамасы;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің бәсекелестері болып табылатын ұйымдар туралы мәліметтер;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитент қызметiнiң негiзгi түрлерi бойынша сатулардың (жұмыстардың, қызметтердің) кірістілігіне жағымды немесе жағымсыз әсер ететін факторлар;

      5) бейрезидент-эмитентте бар лицензиялар (патенттер) және олардың қолданылу кезеңі, зерттеулер мен әзірлемелерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитент демеуші болатын зерттеу әзірлемелеріне шығындар туралы ақпарат;

      6) Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитентке жеткізілетін (көрсетілетін) шикізаттардағы (жұмыстардағы, қызметтердегі) импорттың үлесі және Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитент экспортқа өткізетін (көрсететін) өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өткізілетін өнімнің (көрсетілетін жұмыстардың, қызметтердің) жалпы көлеміндегі үлесі;

      7) Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің қатысуымен сот процестерінің мәнін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің активтерінің жалпы көлемінен 10 (он) және одан көп пайыз көлемінде ақшалай және де міндеттемелерді өндіріп алу, оның Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің қызметін тоқтату немесе өзгерту тәуекеліне байланысты сот процестеріне қатысуы туралы мәліметтер;

      8) Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің қызметіне әсер тиетін тәуекелдің басқа факторлары.

      19. Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) өздері өндіретін немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалпы құнының 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын көлемде тұтынушылар мен жеткізушілер туралы мәліметтер.

      20. Әрбір активтің тиісті баланстық құнын көрсете отырып, эмитент активтерінің жалпы көлемінің 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің активтері.

      21. Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитент активтерінің баланстық құнының 10 (он) және одан көп пайызы мөлшердегі дебиторлық берешек:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитент алдындағы берешегі Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитент активтерінің баланстық құнының 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитент дебиторларының атауы;

      2) тиісті өтелетін сомалар (таяудағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.

      22. Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитент міндеттемелерінің баланстық құнының 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің кредиторлық берешегі:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитент кредиторларының атауы;

      2) тиісті өтелетін сомалар (таяудағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.

      23. Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің қызметінен оның аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі негізінде есептелген соңғы аяқталған қаржы жылында алынған ақша қаражатының таза ағыны.

      24. Облигациялардың осы шығарылымы туралы шешім қабылданған күнге дейін оның қаржылық есептілігі негізінде есептелген (өтелген және күші жойылған облигация шығарылымдарынан басқа) эмитенттің барлық тіркелген борыштық бағалы қағаздарының шығарылымдары туралы мәліметтер:

      әрбір шығарылымның борыштық бағалы қағаздарының жалпы саны, түрі және номиналды құны, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының мемлекеттік тіркелу нөмірі және мемлекеттік тіркелу күні, әрбір шығарылым бойынша орналастырылған борыштық бағалы қағаздардың саны, сондай-ақ борыштық бағалы қағаздарды орналастыру кезінде тартылған ақшаның жалпы көлемі, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымы бойынша есептелген және төленген сыйақының сомасы, оларды сатып алу күнін көрсете отырып, сатып алынған борыштық бағалы қағаздардың саны;

       орындалмаған міндеттемелердің мөлшері және осылардың орындалу мерзімінің өтіп кету мерзімі туралы ақпаратты қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің бағалы қағаздарды ұстаушылар алдындағы өз міндеттемелерін орындамау фактілері туралы мәліметтер (облигациялар бойынша сыйақыны төлемеу (төлеуді кешіктіру), бағалы қағаздар бойынша есептелген, бірақ төленбеген сыйақылар сомасы (түрлері мен шығарылымдары бойынша жеке-жеке);

      қандай да бір бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік емес бағалы қағаздардың орналастырылуы немесе айналысы тоқтатылған (жаңартылған) болса, сондай шешімді қабылдаған мемлекеттік орган, негіздемесі және оны қабылдаған күні көрсетіледі;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің бағалы қағаздары айналыстағы нарықтары, оның ішінде сауда-саттық ұйымдастырушыларының атаулары;

      ұстаушылардың айналысындағы бұрын шығарылған облигациялардың әр түрімен ұсынылатын құқықтары, соның ішінде шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кезде жүзеге асырылған және ұстаушылардың аталған құқықтарын жүзеге асыру тәртібі көрсетілген, ұстаушылармен жасалған сатып алу - сату шарттарымен қарастырылған құқықтары.

      25. Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитент инвесторлар үшін маңызды деп есептейтін Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің қызметі туралы басқа да ақпарат.

11-тарау. Эмитент және оның орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздары туралы қосымша мәліметтер

      26. Облигацияларды ұстаушыға ұсынылатын құқықтар:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттен облигациялар шығарылымы проспектісінде қарастырылған облигацияның номиналды құнының мерзімін алу немесе өзге мүліктік баламасын алу құқығы, сондай-ақ ол бойынша белгіленген облигациялардың номиналды құнының пайызын немесе облигациялар шығарылымы проспектісінде белгіленген өзге де мүліктік құқықты алу құқықтары;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигацияларды, соның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде қарастырылған ковенанттарды (шектеулерді) бұзған кезде осы құқықты жүзеге асыру шарттары, тәртібі және мерзімі көрсетілген сатып алу талабының құқықтары;

      3) өзге құқықтар.

      27. Туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар туралы мәліметтер:

      1) туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар тізбесі;

      2) облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қабылдайтын шаралар, облигациялар ұстаушылардың облигациялар бойынша сыйақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған кезде құқықтарын қорғау рәсімін қоса, оның ішінде міндеттемені қайта құрылымдау тәртібі және талаптары;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигацияларды ұстаушыларының назарына орындалмаған міндеттемелердің көлемі, міндеттемелерді орындамау себебі, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру жөніндегі мүмкін іс-әрекеттерінің тізбегі, облигацияларды ұстаушылардың Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитентке, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғаларға талап қою өтінішінің тәртібі туралы мәліметі бар дефолт фактісі туралы ақпаратты жеткізу тәртібі, мерзімі мен әдісі;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялар бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғалармен шарт жасалған күні мен нөмірі, осы тұлғалардың толық атауы, сондай-ақ оларды (сондай тұлғалар бар болса) мемлекеттік тіркеу күні.

      28. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы.

      29. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің орналастыратын облигацияларды сатып алуға байланысты тәуекелдер:

      1) салалық тәуекелдер - Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің саласындағы оның қызметіне және оның бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындауына нашарлауы мүмкін жағдайының әсері сипатталады. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің пікірі бойынша, салада болуы мүмкін аса маңызды өзгерістер (ішкі және сыртқы нарықта бөлек) келтіріледі.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің өз қызметінде пайдаланатын шикізатқа, қызметтерге бағаның өзгеру (ішкі және сыртқы нарықта бөлек) ықтималдығына байланысты тәуекелдер және олардың Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қызметі мен бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындауына әсер бөлек сипатталады.

      Эмитеттің өніміне және (немесе) қызметтеріне бағаның өзгеру (ішкі және сыртқы нарықта бөлек) ықтималдығына байланысты тәуекелдер және олардың Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қызметі мен бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындауына әсер бөлек сипатталады;

      2) қаржы тәуекелдері - Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің пайыздық мөлшерлемелердегі өзгерістерге, шетел валюталарын айырбастау бағамдарына, пайыздық мөлшерлемелердегі қолайсыз өзгерістерге, шетел валюталарын айырбастау бағамдарына, сондай-ақ бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдарының нарықтық бағасына байланысты тәуекелдерге шалдыққыштығы сипатталады.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің қаржы активтерi мен қаржы мiндеттемелерiнің теңгерімсіздігі нәтижесінде туындайтын эмитенттің өз міндеттемелерін толық көлемде қамтамасыз етуге қабілетсіздігі салдарынан (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің бір немесе бірнеше контрагенттерінің қаржы міндеттемелерін уақтылы орындамауы салдарынан) және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің өз қаржы міндеттемелерін дереу және біржолғы орындау қажеттілігінің көлденең туындауы салдарынан залалдың туындау тәуекелдері бөлек сипатталады.

      Қаржы тәуекелдерінің әсері нәтижесінде Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің қаржылық есептілік көрсеткіштерінің қайсысы өзгеріске аса шалдыққыш екені, олардың пайда болу ықтималдығы және есептілікте өзгеру сипаты көрсетіледі;

      3) құқықтық тәуекел - Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің мыналардың:

      Қазақстан Республикасының валюталық, салықтық, кедендік заңнамасының өзгеруі;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің негізгі қызметіне қойылатын лицензиялау талаптары;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын және жасалған шарттардың талаптарын сақтамауы;

      қызметті жүзеге асырудағы жіберілген құқықтық қателіктер (дұрыс емес заң консультациясын алу немесе құжаттарды дұрыс жасамау, соның ішінде сот органдарындағы даулы мәселелерді қарастыру кезінде) салдарынан шығынға ұшырау тәуекелін сипаттайды;

      4) іскерлік беделінен айырылу тәуекелі (беделдік тәуекел) - Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің қаржылық тұрақтылығы, қаржылық жағдайы, оның өнім (жұмыс, қызмет) сапасы немесе жалпы қызмет сипаты туралы теріс ұғым қалыптасу салдарынан Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент клиентінің (контрагенттері) санының азаюы нәтижесінде залал шегу тәуекелінің туындауы мүмкін екені сипатталады;

      5) стратегиялық тәуекел - Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің қызмет және даму стратегиясын (стратегиялық басқаруын) анықтайтын шешімдерді қабылдау кезінде жіберілген қателік (кемшілік) нәтижесінде туындауы мүмкін және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің қызметіне қауіп төндіруі мүмкін ықтимал катерді есепке алмағанында немесе тиісті түрде есепке алмағанында білінуі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент бәсекелестерінің алдында басымдыққа ие болуы мүмкін қызметінің келешегі бар бағыттарын дұрыс емес немесе толық негіздемесіз белгіленуі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қызметінің стратегиялық мақсатына қолжеткізуді қамтамасыз етуі тиіс қажетті ресурстардың (қаржылық, материалды-техникалық, кадрлық) және ұйымдастыру шараларының (басқарушылық шешімдердің) жоқтығы немесе толық көлемде қамсыздандырылмағаны нәтижесінде залал шегу тәуекелінің туындауы мүмкін екені сипатталады;

      6) эмитенттің қызметіне байланысты тәуекел - тек Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитентке тән немесе жүргізетін негізгі қызмет түріне байланысты тәуекелдер сипатталады, соның ішінде мынаған байланысты тәуекелдер:

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің белгілі бір қызмет түрін жүргізуге немесе айналыста болуы шектелген объектілерді (соның ішінде табиғи ресурстарды) пайдалануға лицензияның қолданыс мерзімін ұзарту мүмкіндігінің жоқтығы;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің үшінші тұлғалардың, соның ішінде қоғамның еншілес ұйымдарының борыштары бойынша мүмкін жауапкершіліктері;

      айналымына Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент өнімін (жұмысын, қызметін) сатудан түскен жалпы түсімінен кем дегенде 10 (он) пайызы келетін тұтынушыдан айырылу ықтималдығы;

      7) елдік тәуекел - экономикалық, саяси, әлеуметтік өзгерістерге байланысты шетелдік контрагенттердің (заңды тұлғалардың, жеке тұлғалардың) міндеттемелерін орындамау салдарынан, сондай-ақ ақшалай міндеттеменің валютасы контрагент үшін өз резидент елінің заңнамасының ерекшеліктеріне байланысты қол жетімді болмауы салдарынан (контрагенттің өзінің қаржылық жағдайына қарамастан) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің шығынға ұшырау қаупін сипаттайды;

      8) операциялық тәуекел - Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің қызметкерлері жасаған ішкі процестерді жүзеге асырудағы кемшіліктер немесе қателер, ақпараттық жүйелер мен технологиялардың дұрыс жұмыс істемеуі, сондай-ақ сыртқы оқиғалар салдарынан болатын шығындар (шығындар) тәуекелін сипаттайды.

      30. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің бұл ұйымдардағы рөлі (орны), функциялары және қатысу мерзімі атап көрсетіледі;

      2) егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдер мүшелерінен аса тәуелді болса, бұл жағдай да атап көрсетіледі және мұндай тәуелділіктің сипаты толық баяндалады.

      31. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлғалары бар болса, осындай әр заңды тұлға бойынша келесі ақпарат беріледі:

      1) толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері;

      2) заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитентке қатысты еншілес және (немесе) тәуелді деп тану негізі;

      3) егер еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлға акционерлік қоғам болған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің көлемі, - сонымен қатар, сондай акционерлік қоғамның Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитентке тиесілі дауыс беруші акцияларының үлесі.

      32. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қоғамның дауыс беруші акцияларының он және одан көп пайызына (ұйымның қатысу үлесіне) иелік ететін ұйымдар туралы мәлімет, әр ұйым бойынша мыналарды көрсете отырып:

      толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің жарғылық капиталындағы үлесі, ал сондай қоғам акционерлік қоғам болған жағдайда, - сонымен қатар, сондай акционерлік қоғамның Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитентке тиесілі дауыс беруші акцияларының үлесі.

      33. Эмитенттің кредиттік рейтингі туралы мәлiметтер:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитентке және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің бағалы қағаздарына кредиттік рейтингті (рейтингтерді) берген жағдайда аяқталған соңғы есепті 3 (үш) жылда Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитентке белгілі әр кредиттік рейтинг бойынша, ал егер эмитент өз қызметін 3 (үш) жылдан аз уақыт жүзеге асырған болса - әр аяқталған есепті жыл үшін, мыналар:

      кредиттік рейтингті беру объектісі (Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің бағалы қағаздары);

      облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын тіркеуге уәкілетті органға құжаттар тапсыратын күннің алдындағы күнгі кредиттік рейтингтің мәні;

      кредиттік рейтингтің мәні мен кредиттік рейтингтің мәні берілген (өзгерген) күнді көрсете отырып, облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын тіркеуге уәкілетті органға құжаттар тапсыратын күннің алдындағы аяқталған соңғы есепті 3 (үш) жылда, ал егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент өз қызметін 3 (үш) жылдан аз уақыт жүзеге асырған болса - облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын тіркеуге уәкілетті органға құжаттар тапсыратын күннің алдындағы әр аяқталған есепті жыл үшін кредиттік рейтинг мәнінің өзгеру тарихы;

      кредиттік рейтингті берген ұйымның толық және қысқартылған фирмалық атауы (коммерциялық емес ұйым үшін - атауы), орналасқан жері;

      эмитенттің жеке қарауы бойынша көрсететін кредиттік рейтинг туралы өзге де мәліметтер көрсетiледi;

      2) кредиттік рейтинг берілген объект болып Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің бағалы қағаздары табылған жағдайда, қосымша халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) мен оның берілген күні, сондай-ақ кредиттік рейтингті берген рейтингтік агенттіктің атауы көрсетіледі.

      34. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигацияларды ұстаушыларының өкілі туралы мәліметтер (қамтамасыз етілген, инфрақұрылымдық немесе ипотекалық облигацияларды шығарған жағдайда):

      1) облигацияларды ұстаушылар өкілінің толық және қысқартылған атауы;

      2) облигацияларды ұстаушылар өкілінің орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) облигацияларды ұстаушылар өкілімен Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      35. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің төлем агенті (бар болса) туралы мәліметтер:

      1) төлем агентінің толық атауы;

      2) төлем агентінің және бағалы қағаздар бойынша кіріс (облигациялардың номиналды құны) төлемін жүзеге асыратын барлық филиалдарының орналасқан жері, байланыс телефондары, деректемелері;

      3) төлем агентімен Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      36. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің консультанттары туралы мәліметтер (Бағалы қағаздар рыногы туралы заңына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсету жөнінде шарт жасасу міндеті белгіленген жағдайда):

      1) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның толық және қысқартылған атауы;

      2) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғамен Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің өзге де консультанттары туралы мәліметтер, егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің пікірі бойынша, мұндай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің бағалы қағаздарын сатып алу туралы шешім қабылдау үшін маңызды болса, осы тармақта көрсетіледі.

      37. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің аудиторлық ұйымы туралы мәліметтер:

      1) аяқталған соңғы 2 (екі) қаржы жылында Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің қаржы есебінің аудитін олардың тиісінше тіркелген кәсіптік ұйымдарға тиістілігін көрсете отырып жүзеге асырған (жүзеге асыратын) аудиторлық ұйымдардың толық ресми атауы (аудитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) телефон және факс нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы (бар болса).

      38. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің дауыс беруші акцияларының он және одан көп пайызына жанама дауыс беру немесе шартқа орай не өзге түрде Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қабылдайтын шешімге ықпал ету мүмкіндігі бар барлық тұлғалар немесе тұлғалар тобы туралы мәліметтер, көрсетілген тұлғалар туралы мынадай ақпаратты жариялаумен:

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), орналасқан жері (жеке тұлға үшін);

      бірінші басшының толық атауы, орналасқан жері, қызмет түрі (түрлері), тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (заңды тұлға үшін);

      қосымшаның осы тармағына сәйкес оларды Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің үлестес тұлғаларына жатқызу негіздемесі мен Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитентпен үлестес болып бастаған күні көрсетiледi.

      39. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялар шығарылымына және оларға қызмет көрсетуге жұмсаған шығындарының сомасы, сондай-ақ осы шығындардың қалай төленетіні туралы мәліметтер.

      40. Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеген кезде осы қосымшаның 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 26, 27, 28, 34, 35, 36 және 39-тармақтары толтырылмайды.

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымы проспектісін
(облигациялық бағдарлама
проспектісін), мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне)
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды,
мемлекеттік емес
облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны жасау
және ресімдеу қағидаларына
4-қосымша

12 (он екі) айдан аспайтын өтініш беру мерзімімен облигациялар шығарылымы проспектісінің құрылымы

      1. Эмитенттің құрылтай құжаттарына сәйкес эмитент туралы ақпарат:

      1) эмитенттің бастапқы мемлекеттік тіркеу күні;

      2) эмитентті мемлекеттік қайта тіркеу күні (егер қайта тіркелген болса);

      3) эмитенттің толық және қысқартылған атауы қазақ, орыс және ағылшын (егер бар болса) тілдерінде;

      4) эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса);

      5) ISO 17442 халықаралық стандартына сәйкес Legal Entity Identifier коды "Financial services - Legal Entity Identifier" (LEI) (бар болса).

      2. Эмитенттің байланыс телефондарының, факстың нөмірлерін және электрондық пошта адрестерін, сондай-ақ, егер қоғамның нақты мекенжайы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген мекенжайдан ерекшеленетін болса, эмитенттің нақты мекенжайын көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес эмитенттің орналасқан жері.

      3. Эмитенттің негізгі қызмет түрі.

      4. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы не облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесіне дейін облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды берген жағдайда соңғының алдындағы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша жеке қаржылық есептіліктің деректеріне сай меншікті капитал мөлшері.

      5. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы не мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесіне дейін облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды берген жағдайда соңғының алдындағы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша жеке қаржылық есептіліктің деректеріне сай жарғылық капитал мөлшері.

      6. Эмитенттің халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) мен қосылған күні көрсетілген, қор биржасының ресми тізіміне қосылған айналымдағы мемлекеттік емес бағалы қағаздары туралы мәліметтер.

      7. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға эмитенттің атынан қол қоюға уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).

      8. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:

      1) облигациялардың түрі;

      2) облигациялардың саны;

      3) номиналды құнын сипаттайтын валюта көрсетілен бір облигацияның номиналды құны;

      4) облигациялар шығарылымының жалпы көлемі;

      5) облигациялар айналысы басталған күн (бар болса);

      6) болжалды өтеу күні;

      7) облигацияларды қамтамасыз ету (қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда);

      8) облигациялардың айналыс мерзімі;

      9) облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

      10) облигациялар бойынша сыйақы төлеу мерзімі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 248 қаулысына
5-қосымша

Күші жойылады деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісін) жасау және ресімдеу қағидаларын, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің) құрылымын, Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13789 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 50 қаулысымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15274 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісін) жасау және рәсімдеу қағидаларын, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің) құрылымын, Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 211 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15979 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. "Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісін) жасау және рәсімдеу қағидаларын, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің) құрылымын, Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 2 маусымдағы № 141 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17231 болып тіркелген, 2018 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады