Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 15.02.2022 № С-14/9 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509 бабының 5 тармағына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы, 19-шы кезекті сессиясының төрағасы |
Б.Ғайса |
"КЕЛІСІЛДІ"
Көкшетау қаласының әкімі |
Е.Маржықпаев |
2018 жылғы "20" наурыз