Көкшетау қаласында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № С-19/10 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 сәуірде № 6523 болып тіркелді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 509 бабының 3-тармағына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкшетау қаласында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелері 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

      2. Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген басқа санаттардағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданатын жақын орналасқан елді мекен Көкшетау қаласы болып айқындалсын.

      3. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Алтыншы шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы,
19-шы кезекті сессиясының
төрағасы
Б.Ғайса

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Көкшетау қаласының әкімі Е.Маржықпаев

      2018 жылғы "20" наурыз


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Көкшетау қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы"
Республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Б.Каримов

      2018 жылғы "20" наурыз

  Көкшетау қалалық мәслихатының
2018 жылғы 20 наурыздағы
№ С-19/10 шешіміне
1 қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 18.08.2022 № С-20/6 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

р/с

Автотұрақтар (паркингтер)

Санаттар

1

Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

1 санат

2

Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

2 санат


  Көкшетау қалалық мәслихатының
2018 жылғы 20 наурыздағы
№ С-19/10 шешіміне
2 қосымша

Көкшетау қаласында автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 18.08.2022 № С-20/6 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

р/с

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Базалық мөлшерлемелерінің ұлғайтуы

1

1 санат

он есеге

2

2 санат

он есеге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады