РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509-бабының 3-тармағына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Степногорск қаласында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелері ұлғайтылсын.
2. Салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын Степногорск қаласы жақын орналасқан елді мекені болып айқындалсын.
3. Степногорск қалалық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 6С-17/4 "Степногорск қаласында автотұрақтар (паркингтер) санатын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5937 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы |
А.Гетманов |
Қалалық мәслихаттың хатшысы |
Ғ.Көпеева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Степногорск қаласының әкімі |
Ә.Күмпекеев |
27.02.2018 ж.
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Степногорск қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы |
Р.Рамазанов |
27.02.2018 ж.
Степногорск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 6С-25/8 шешіміне қосымша |
Степногорск қаласында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту
№ р/р | Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары | Автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемесі | Базалық мөлшерлемесінің ұлғаюы |
1 | Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | 1 санат | 5,79 | он есеге |
2 | Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | 2 санат | 5,79 | он есеге |