Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 16.02.2022 № С 16-6 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Ақкөл ауданы шекарасындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері 10 (он) есеге арттырылсын.
2. "Ақкөл ауданы шекарасындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Ақкөл аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 12 тамыздағы № С 5-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5512 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл аудандық мәслихат сессиясының төрайымы |
Л.Хамхоева |
Ақкөл аудандық мәслихат хатшысы |
Ж.Салыбекова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақкөл ауданының әкімі | Т.Едігенов |
14 ақпан 2018 жыл
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер комитеті Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақкөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекеме басшысының міндетін атқарушы |
Т.Ширазов |
14 ақпан 2018 жыл