Ақкөл ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген бірыңғай салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № С 19-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 сәуірде № 6503 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 қарашадағы № С 61-2 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 04.11.2020 № С 61-2 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 546-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның 6-бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақкөл ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген бірыңғай салық мөлшерлемері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
Л.Хамхоева
      Ақкөл удандық
мәслихаттың хатшысы
Ж.Салыбекова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақкөл ауданының
әкімі
Т.Қ.Едігенов

      12 наурыз 2018 жыл

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Ақкөл ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
Т.М.Ширазов

      12 наурыз 2018 жыл

  Ақкөл аудандық мәслихатының
2018 жылғы 12 наурыздағы
№ С 19-3 шешіміне
қосымша

Ақкөл ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

№ п/п

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Карт

2

5.

Бильярд үстелі

3

6.

Ойын жолы

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады