Байланыс формасы

Ақкөл ауданы бойынша 2019 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 қарашадағы № А-11/375 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 қарашада № 6885 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды;

      3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Е.Әбілқайыроваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауданының
әкімі
Т.Едігенов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      "Ақмола облысы табиғи
ресурстар жәнетабиғатты
пайдалануды реттеу басқармасының
"Ақкөл" орман шаруашылығы
мекемесi" коммуналдық мемлекеттiк
мекемесiнің директоры
Тоқтасин Қ.М.

      "28" 11 2018 жыл

  Ақкөл ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "28" қарашадағы
№ А-11/375 қаулысына
1-қосымша

Ақкөл ауданы бойынша 2019 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Ақмола облысы білім басқармасының "Ақкөл ауданы Ақкөл қаласы № 10 агротехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

76

1,3

2

Ақмола облысы білім басқармасының "Ақкөл қаласы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 1 балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

129

0,8

 
  Ақкөл ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "28" қарашадағы
№ А-11/375 қаулысына
2-қосымша

Ақкөл ауданы бойынша 2019 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Ақкөл ауданы әкімдігінің жанындағы "Ақкөл-Горкомхоз" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

90

1,1

2

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Ақкөл орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

368

0,3

3

"Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Ақкөл" орман шаруашылығы мекемесi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (келісім бойынша)

49

2

 
  Ақкөл ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "28" қарашадағы
№ А-11/375 қаулысына
3-қосымша

Ақкөл ауданы бойынша 2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Ақкөл ауданы әкімдігінің жанындағы "Ақкөл-Горкомхоз" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

90

1,1

2

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Ақкөл орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

368

0,3

3

"Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Ақкөл" орман шаруашылығы мекемесi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (келісім бойынша)

49

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады