РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509-бабының 3-тармағына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атбасар ауданында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелері 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
2. Салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын жақын орналасқан Атбасар қаласы елді мекені болып айқындалсын.
3. Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/7 "Атбасар ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және он еседен артық болмайтын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салықтың базалық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5852 тіркелген, 2017 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Безверхова Н.А. |
Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы |
Борұмбаев Б.А. |
"Келісілді"
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Атбасар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Б.Ж.Үсембаев |
21 ақпан 2018 жыл
2018 жылғы 21 ақпандағы № 6С 18/6 Атбасар аудандық мәслихатының шешіміне 1 қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№ р/с | Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері | Санаттары |
1. | Жабық түрдегi автотұрақтар (паркингтер) | 1 санат |
2. | Ашық түрдегi автотұрақтар (паркингтер) | 2 санат |
2018 жылғы 21 ақпандағы № 6С 18/6 Атбасар аудандық мәслихатының шешіміне 2 қосымша |
Атбасар ауданында автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелері
№ р/с | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары | Автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелері | Базалық мөлшерлемелердің ұлғаюы |
1. | 1 санат | 5,02 | он есеге |
2. | 2 санат | 5,02 | он есеге |