РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астрахан аудандық мәслихатының "Астрахан ауданының елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы" 2016 жылғы 24 қарашадағы № 6С-11-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5643 тіркелген, 2017 жылғы 10 қаңтарда аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:
""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "жоғарылату", "(төмендету)", "жоғарылатылсын", "(төмендетілсін)", "төмендету" сөздері "арттыру", "(азайту)", "арттырылсын", "(азайтылсын)", "азайту" сөздеріне ауыстырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан аудандық мәслихаты сессиясының төрайымы |
В.Путинцева |
Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы |
М.Қожахмет |
"КЕЛІСІЛДІ"
Астрахан ауданының әкімі |
Н.Сейілов |
09.02.2018 ж.