Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 21.05.2020 № 6С-58/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 546 бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұланды ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кезекті 23 – сессияның төрағасы |
Б.Қажақанов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ш.Құсайынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бұланды ауданының әкімі | Ж.Нұркенов |
14 мамыр 2018 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Бұланды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республиқалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
А.Есполов |
14 мамыр 2018 жыл
Бұланды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 мамырдағы № 6С-23/6 шешіміне қосымша |
Бұланды ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 26.06.2018 № 6С-25/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Р/с № | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштерде) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 12 |
2 | Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 18 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 4 |
4 | Ойын жолы | 83 |
5 | Карт | 12 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |
7 | Бұланды ауданында орналасқан уəкілетті ұйымның айырбастау пункті | 10 |