Бұланды ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 мамырдағы № 6С-23/7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 мамырда № 6631 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509 бабының 3-тармағына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бұланды ауданында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелері 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

      2. Салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын жақын орналасқан елді мекен Макинск қаласы болып айқындалсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті 23 – сессияның
төрағасы
Б.Қажақанов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ш.Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бұланды ауданының
әкімі
Ж.Нұркенов

      14 мамыр 2018 жыл


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Бұланды ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республиқалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А.Есполов

      14 мамыр 2018 жыл

  Бұланды аудандық
мәслихатының
2018 жылғы 14 мамырдағы
№ 6С-23/7 шешіміне
1 қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

№ р/с

Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері

Санаттары

1.

Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

1 санат

2.

Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

2 санат

 
  Бұланды аудандық
мәслихатының
2018 жылғы 14 мамырдағы
№ 6С-23/7 шешіміне
2 қосымша

Бұланды ауданында автотұрақтар (паркингтер) орналаскан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелері

№ р/с

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелері

Базалық мөлшерлемелердің ұлғаюы

1.

1 санат

5,02

он есеге

2.

2 санат

5,02

он есеге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады